Қазақcтан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


Адамгершілік тәрбиесінің әдістері



бет52/143
Дата07.01.2022
өлшемі1,36 Mb.
#20545
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   143
Адамгершілік тәрбиесінің әдістері:

Мектеп жасына дейінгі балалардың даму ерекшелгін ескере отырып, мектепке дейінгі педагогика төмен-дегі әдістерді белгіледі:

1) тәрбиеші мен ата-ананьщ үлгісі, күнделікті өмірден үлгі мысалдар келтіру;

2) балаларға жақсы мінез-кұлық пен адамгершілік ережелерін үйрету, соған сай балалардын іс-әрекеттерін ұйымдастыру;

3) сендіру, түсіндіру;

4) мадақтау, кінәлау, айыптау, жазалау;

5) бағалау.

Үлгі ету — адамгершілік тәрбиесінің негізгі әдісГ. Тәрбиеші мен ата-ананың үлгісі адамгершілікке тәрбиелеудің әдісі ретінде басқа әдістермен бірлікте елеу-лі роль атқарады.

Үлгінің тәрбиелік күші баланың еліктегіштігіне негізделеді. Әсіресе мектеп жасына дейінгі балаларға үлгі ерекше сенімді ықпал етеді, өйткені олар өзін қоршаған құбылыстарға, адамдардың іс-әрекетіне сын кезбен қарауды білмейді. Адамгершілікке тәрбиелеудің тиімді әдісі ретінде үлгі етуді колдана білу бала ойы-ның нактылығы мен көрнекілігіне сүйенеді. Үлгіге елік-теу балалардың белсенді іс-әрекетін тудырады, ал іс-әрекет — адамгершілік, тәртіп нормаларын меңгерудік негізі,

Балалар көбінесе ата-анасы мен тәрбиешілеріне, жақсы көретін, кұрметтейтін адамдарға, бір-біріне еліктейді. тәрбиеші оларды саналы еліктеуге бағытта-уы тиіс. Мысалы, дәрі еккенде жылаған Арманды Үсен жұбатып, көзінің жасын сүртті. Оны көрген тәрбиеші: «Үсен қандай мейірімді бала!» — деді. Оны естіген ба-лалардың бәрі де сәбилерді жұбатуға кірісті. Тәрбиеші оларды мадақтап: «Біздің балалар осындай, сәбилерге қамқорлық жасайды»,— деді. Осыдан соң балалар «Мен Бақыттың бәтеңкесін байлап бердім», «Мен Жеңісті ойнаттым», тағы басқа да істегендерін тәрбиешіге келіп айтып отырды.

Ересек адамдардын, үлгілі өмірін мысглға келтірудіқ де тәрбиелік ықпалы зор. Балалар үшін адамдардын, қарым-қатынасы, Отанға сүйіспеншілігі, еңбегі, тұрмысы және басқалардың бәрі сенімді тәрбие әдісі болып табылады. Әрине, балалар мейірімділік пен қамқорлықты мақтау алу үшін емес, жүрегінің әмірімен істейтіндей етіп тәрбиелеген абзал.

Балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде сөзбен түсіндіру, сендіру, үйрету қажет. Тәрбиеші балаларға жағымды, жағымсыз қасиеттерді түсіндіріп, жаман іс-әрекеттерге қарсы тұра білу қабілетін тәрбиелейді.

Түсіндіру арқылы балалардын, тәртібіне қойылатын талаптарды, олардың қажеттігінің себебін, оны орындаудын, жолдарын үғындырады.

Балаларға түсіндіру, үйрету тікелей нүсқау беру түрінде өтеді. Мысалы: «Ойыншықты сындыруға бол-майды, себебі ойнайтын ойыншық болмай қалады», «Серуенге шыққанда кішкентайлар адасып қалмау үшін, жыламауы үшін қамқорлық жасау керек», «Үлкендерді сыйлау адамгершілік қасиет», т. б. Кейде түсіндіру әңгіме түрінде де өтеді. Әқгімені балаларға танысөмір фактілерінен бастап, дерексіз түсініктерге, қорытынды-ларға, жалпылауларға жетелеу керек. Балаларға бірден көптеген моральдық әрекет жайлы сөз қозғау, мо-раль тақырыбына мол есиет айтып, әңгімелеу зиянды.

Сендіру әдісі — баланың санасына, сезіміне, еркіне мақсат көздей отырып әсер ету арқылы жағымды әдет-терге, моральдық қасиеттерге баулиды. Сендіру — түсіндіру, үйрету, кеңес беру, әңгімелесу, үлгіні пайдалану сияқты әдістермен бірлікте жүргізілгенде ғана пайдалы болады. Сөзбен түсіндіруді жаттығу әдісімен жалғастыру қажет. Жаттығу әдісі балалардын. меңгер-ген адамгершілік жөніндегі білімі мен көрген-білген үлгісінің күнделікті тәртіп нормасына айналуына мүм-кіндік жасайды. Ол үшін жағымды әрекетті бірнеше рет қайталап, жаттыққан жен. Тәрбиеші әр түрлі себептер тауып, жақсы әдеттерге жаттығуды өзі үйымдастырады. Кімге қамқорлық жасау, көмектесу керек екенін айтып, қолайлы жағдай тудырады. Үлкендерге жол беру, есіктен алдымен кішкентай-ларды шығару және сол сияқтыларды жүйелі қайта-лау, жаттығу процесінде бірте-бірте әдетке айналады. Моральдық тәрбиені жннақтау жуйелі үш кезеңнен тұрады: 1) ненің жақсы, ненің жаман әдет екені жайлы түсінікті меңгеру; 2) оларды күнделікті мінез-қүлқын-„да, тәртібінде бекіту; 3) жақсылыққа талпыну қабіле-тін дамыту. Н. Г. Чернышевский: «Жақсы нәрселер істеуге талпынудың өзі — адамды адамгершілікке тәрбиелеудің жемісі, адам тек өзінің қимылдарының әрекетін сезе бастаған күннен бастап жүргізілген тәрбиенің қажеттігі, міне осындай» ,— деген болатын.Адамгершілікке тәрбиелеуде баланың іс-әрекетін мақұлдау немесе кінәлау әдістері де қолданылады. Басқалардың жақсы іс-әрекетін мақүлдау баланың мінез-құлық тәртібіне қойылатын талаптарды терең меңгеруге үйретеді, мұнда педагогиканың «адамға барынша талап қою және оны барынша құрметтеу»сияқты жалпы принципіне сүйенеді.Мінеу мен сынау балалардың нашар іс-әрекетіне берілген баға болып табылады да, баланы нашар іс-әрекеттен тартынуға, өзін-өзі тежеуге үйретеді.

Мақұлдау баланың жақсы іс істесем деген тілегін тудырады, бірақ бул тілек күйінде ғана қалып қоймай, баланың іс-әрекетіне, мінез-кұлық тәртібіне ауысуын дамтамасыз ету, керек. Мақүлдау әдісінің қарапайым түрі — іс-әрекет дүрыстығын қолдау. Мақүлдауда тәрбиеші балаға сенім білдіру арқылы оның мүмкіндігін анықтайды. Мақүлдау мақтау арқылы көрініс тауып, жолдасының дүрыс іс-әрекетіне басқаларды да тартуға мумкіндік тудырады. Мақүлдау жеке сипатта да, үжымдық сипатта да қолданылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет