Қазақcтан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



бет45/143
Дата07.01.2022
өлшемі1,36 Mb.
#20545
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   143
Байланысты:
УМКД -Мектепке дейінгі педагогика готовый

Балалардың ақыл-ойын дамытуда сенсорлық тәрбиенің маңызы.

Сенсор латынның «сезім», «түйсік», «қабылдау», «түйсіктің қабілеті» деген сөздерінен шыққан. Сенсор-лық тәрбие сенсорлық процестерді (түйсік, сезім, қабылдау) мақсат көздей дамыту, жетілдіру. Сенсорлық тәрбие — ақыл-ой тәрбиесінің негізі. Сенсорлық процестер мен таным — ақыл-ой тәрбиесінің алғашқы сатысы. Сенсорлық тәрбиенін, басты міндеттері — ақыл-ой дамуынык негізін салу және эстетикалық тәрбиенің құрамдас бөлігі ретінде көріну. Айналадағы дүниені тану түйсік пен қабылдаудан басталады. Сенсорлық тәрбие дегеніміз түйсік пен қабылдаудың дүрыс бағыт-та тәрбиеленуі.

Сенсорлық тәрбие процесі сезімдік танымнан нағыз танымға, қабылдаудан ойлауға жетуге дайындайды жә-не баланың күнделікті тәжірибедегі іс-әрекетін жетіл-діруде маңызды орын алады. Сенсорлық тәрбие бала-ның көру, есту, иіс, дәм сезімдерін тәрбиелейді.

Сенсорлық тәрбие заттың түрін, көлемін, зат пен заттың арасындағы арақашықтықтың қатынасын, түс-терді ажырату, музыканы түсіну қабілетін, ана тілінің дыбыстық талдауларын жетілдіріп, бұлшықет сезім, ерін у дамытып, қалыптастыруды кездейді. Сенсорлық мәдениет дегеніміз баланың түйсігі мен қабылдауының даму дәрежесі, бұл — таным әрекетінің табысты етуінін алғышарты. Сенсорлық тәрбие 3 жасқа дейін өте-мөте қажет. Бұл — баланың түйсік, қабылдау, түсінік процестерінің қалыптасатын шағы. Баланың сенсорлық процестерінің бұл кезде дамымай қалуы мектеп жасына келгенде үлкен кемшілікке, қателікке әкеліп соғады, себебі оны кейінірек дамыту қиын, кейде тіпті мүмкін емес те болады. Сенсорлық процестердің дамымай қалуы мек-теп жасында баланың даму кенжелігі ретінде көрініс тауып, білім негіздерін меңгеруге кедергі жасайды. Мысалы, егер бала заттың түрін, сәйкестігін, арақа-шықтығын тез және дәл қабылдап, ажырата алмаса, онда география, геометрия, сызу пәндерін меңгеруде кедергілер болады. Ал, баланың фонетикалық естуінің (фонеманы, сөз дыбыстарын есту арқылы қабылдау қабілеті) нашар дамуы сөзді меңгеруіне кедергі жа-сайды.

Баланың карау, бақылау, сипау, таңдау сияқты сенсорлық іс-әрекеті күнделікті мазмұнды ұйымдастырыл-ған белсенді қызметінде калыптасады.

Сенсорлық процестердің дамуы мектепке дейінгі жаста үдемелі сипат алады, сондықтан да ол мектепке дейінгі педагогиканың даму тарихында басты мәселе-лердің бірі болып қарастырылып келеді. Сенсорлық тәрбие мәселесімен Я. А. Қоменский, И. Г. Песталоцци, М. Монтессори, О. Декроли, Ф. Фребель, т. б. айналыо қан.

Баланы дамыту мен тәрбиелеуде сезім тәжірибесі-нің роліне ең алғаш баға берген Я. А. Коменский бол-ған. «Аналар мектебі» еңбегінде сөзбен тәрбиелеуді іс-әрекетпен тәрбиелеуге қарсы қоя отырып, сыртқы дүние құбылыстарын барлық сезім мүшелерінің қаты-суымен қабылдауын есепке алған.

И. Г. Песталоцци «Көріп қабылдау әліппесі» деген еңбегінде баланың сезім тәжірибесіне сүйенеді (санау мен есептеуді меңгерту).

Сенсорлық тәрбие міндеттерін біраз талдаған — Ф. Фребельдің «Сыйлықтар» атты қүралы болды. Ол балаға заттың түрін, түсін, көлемін, т. б. сапаларын қабылдау арқылы танытуды көздеген. Балаға заттың белгілі бір қасиеттерін таза метафизикалық жолмен танытуды мақсат еткен.

X ғасырдық I жартысында М. Монтессоридің мек-тепке дейінгі балалардың сезім тәжірибесін үйымдас-тырудың дидактикалық бірізді жүйесін қүруға әрекет жасаған еңбектері жарық көрді. Оның жүйесінің а^дды-на қойған мақсаты түрлі түсті бояу ерекшеліктерін, форма мен көлемді балалардың ажырата білуін жетіл-Діру еді. Бірақ онын. әдіс-тәсілдері кемтар балаларды тәрбиелеуге ғана ыңғайлы болды да, жалпы ақыл-есі дүрыс дамыған балаларға қолдануға қолайсыз еді.

М. Монтессори жүйелерінің бәрінде нақты заттар-дың әр түрлі қасиеттерін (түрін, дыбысын, түсін) бала- дардың танып, кең түрде шамалай білуін қалыптасты-| рудың орнына олардың сезім мүшелерін заттьщ а асанды қасиеттерін меңгеруге жаттықтырумен ауыстырғаны айқындалды.



Мектепке дейінгі педагогика сенсорлық тәрбие мәселесі бойынша біраз жұмыстар істеді. 1920 жылдары мектепке дейінгі педагогикада сенсорлық тәрбиенің жаңа жүйесіне қажетті теориялық және эксперименттік мәліметтер жоқ еді. Әйтсе де кейінгі жылдары сенсор-лық тәрбиенің мазмұны мен әдістерін жетілдіру мақ-сатында біраз бақылаулар, талпыныстар жасалды. Со-,~ардың ішінде балабақша тәжірибесінде маңызды орын алған Е. И. Тихееваның еңбегі болды. Оның ең-бегі, біріншіден, психологиялық зерттеулердің қоры-тындысына, екіншіден, И. Г. Песталоцци мен К. Д. Ушинскийдід педагогикалық еңбектеріне негізделді. Е. И. Тихеева балаларға заттың түрін, түсін, көлемін меңгеруге қажетті жасанды және табиғи дидактикалық материалдарды талдап берді. Сенсорлық тәр-биенің негізгі әдісі ретінде «серуендерді», «дидактикалық ойындарды» ұсынды.

Е. И. Тихеева сезім органдарын жетілдіруді бала тілінін, дамуымен, үй ішіне «саяхат» жасап, заттар және олардын. қасиеттерімен сезім мүшелері арқылы танысу («қарап көр», «байқап көр», «иіскеп көр»), процесімен байланыстырды.

Баланың, сенсорлық процестерінің дамуына мүмкін-дік тудыратын іс-әрекеттің тиімді түрі — көркем сурет салу, саздан, пластилиннен мүсіндер жасау, салынған суреттерді, өрнектерді қиып желімдеу әрекеттері, пе-дагогикалық басшылықпен ұйымдастырған бірлескен дидактикалық ойындар.

Оқыту процесі де — дүниетаным теориясы.Оқыту — таным әрекетінің ерекше түрі және білім берудің негізгі жолы. Оқытуда баланың таным қабіле-ті дамып, білімді, дағдыны, икемділікті игереді. Педа-гогиканың бір саласы дидактиканың негізгі міндеті — оқыту процесі бағынатын зандылықтарды (гринциптер-ді) анықтау, ол заңдылықтарды мақсатқа сай колданудың жолдарын қарастыру. Дидактика ғылым мен техниканың даму дәрежесін, балалардың жас ерек-шелігін ескере отырып білім мазмұнын, икемділік пен дағдының мөлшерін, көлемін анықтау мәселесімен де шұғылданады.

Дидактика философиямен, социологиямен, логика-мен, физиологиямен, психологиямен, жеке пәндердің, әдістемесімен, кибернетикамен, математикамен, т. б. ғылым салаларымен байланысады. Философияның бір саласы — таным теориясы. Таным теориясы бізді қор-шаған дүниені танып-білудің негізгі завдылықтары мен әдістерін, тәсілдерін, формаларын зерттейді. Ол дүниені тануда үнемі екі түрлі болып келсді: ғылыми және ғылымға жат көзқарас. (Олар әрқашан бір-бірі-мен күресіп отыру жағдайында болады).



Танымның алғашқы баспалдағы — сезім. Сезім тіке-лей шындықты бейнелеп қабылдайды. Қабылдаған заттар мен құбылыстар ми қабығында із қалдырады, бұл іздер бекітіліп, түсініктерге ауысады да сезімнен ойлауға көшеді. Ой — шындықтың сәулесі. Сезімнен: ойлауға өту күбылысты сәулелендіруден, жалқыдан жалпыны қабылдап сәулелендіруге ауысу болып та-былады.

Оқытуда нақты фактілерді ұғынудан санада белгілі бір түсінік қалыптасады, сонымен бірге салыстыруға,. жалпылауға, жеке қасиеттерді бүтінмен байланысты-руға үйретеді. Шындықты танып-білудің қайнар көзі — тәжірибе. Тәжірибеде мақұлданған, бекітілген, анық-талған ғылыми қорытындылар ғана ақиқат болып есептеледі. Оқытудың принципті ерекшелігі — теория мен практиканың бірлігі. Бұл бірлік тәрбиелеу мен: оқыту міндеттерін байланыста шешуді қамтамасыз етеді.

Таным мен оқу процестерін бір деп қарауға бол-майды. Адам таным процесінде объективті дүниенің жаңа фактілерін, жаңа байланыстарын, өзара тәуелді-ліктерін ашады. Оқу процесінде ғылым ашқан білім-дерді меңгереді. Таным өздігінен ізденуді, жалпылау-ды қажет етеді, оқу педагогтің басшылығымен өтеді, ол талдап түсіндіреді.

Оқыту процесі диалектика заңдарына бағынады. (Оған да қарама-қайшылық тән.) Педагогтің мате-риалды нақты беруі мен оны әр баланың меңгеруінің, баланын, үйреншікті түсінігі мен жаңа, қарапайым ғы-льгаи түсінігінін, баланыд білімді игеру мен дамуының арасындағы қайшылықтар оқыту процесіне тән, өйтке-ні қайшылыксыз даму жоқ.

Балабақшада оқыту. Мектеп жасына дейінгі бала-ларды оқыту дегеніміз «Балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасында» көрсетілген мөлшерде қарапайым білім жүйесімен қаруландыру, оқу әдет-дағдыларын қалыптастыру, балалардың танымдық қабілетін жүйелі, жоспарлы, мақсатты түрде дамыту. Оқыту ісі ақыл-ой тәрбиесінде шешуші роль атқарады: Оқыту қарапайым білім балаларға бірізді беріле отырып, байқампаздығын, құштарлығын, тез шешім қабылдау қабілетін, ақыл сапасын, табандылығын дамытуға ықпал етеді. Оқыту тәрбиенің мақсат, міндеттерін іске* асырып, баланың жеке басын жан-жақты қалыптасты-руда елеулі орын алады.

Балабақшада оқыту мектептегі оқытудан мазмұны, ұйымдастыру формасы, әдістері жағынан өзгеше. Ба-лабақша қоғамдық өмір, табиғат, адамдық қатынас-тар, айналадағы заттар, құбылыстар туралы ғылыми негізделген, бірақ қарапайым біліммен қаруландыра-ды. Бұл қарапайым білім болғанымен, баланың әрі қа-рай дамуына ерекше ықпал етіп, мектепте жақсы оқуының негізін қалайды.

Балабақшада оқытудың мазмұнына айналадағы ортамен, заттармен және олардын, өзара байланысымен, | карым-катынасымен, бақыланған к,ұбылыстың себепте-рімен таныстыру енеді. Оқыту білім беріп қана қоймайды, тәрбиелейді. Балабақшада оқытуды ұйым-дастырудың формалары әр түрлі. Мектепке дейінгі оқытудьщ да негізгі формасы — сабақ. Бұл мектептегі сабақтан ұйымдастыруы, құрылымы, типі, ұзақтығы, талап қою дәрежесі жағынан өзгеше.

Мектепке дейінгі оқыту әдістерінде елеулі айырмашылық бар. Бұнда ойын, еңбек элементтері, көрнекілік әдісі кеп орын алады, үйге тапсырма берілмейді, баға қойылмайды. Игерген білімдерін тексеру жаңа білімді хабарлау үстінде іске асады.

Сабақ материалын игеру белсенді әрекет үстінде: заттармен практикалық арекеттер жасауда, әр түрлі 1 ойында, сурет салуда, құрастыруда, жапсыруда, илеу-де, карапайым еңбек үстінде іске асады.

Оқыту екі жақты процесс болғандықтан, тәрбиеші мен баланын, белсенді әрекетін талап етеді, ол сонда ғана нәтихе бсреді. Оқытуда тәрбиеші жаңа білімді хабарлайды, балалардың дұрыс меңгеруін қамтамасыз етеді, олардың таным әрекетін басқарады, белсенді ықпал етеіі. Осылардың бәрік Іске асыру үшін тәрбиешінің өзі сан түрлі іскерлікті: сурет салуды, қурас-тыруды, жапсыруды, мүсіндеуді, ән салуды, ырғақты кимылдарды, т. б. меңгеруі қажет, себебі мектепке де-йінгі оқыту процесі көрнекілікті талап етеді.

Оқытудың нәтижесі баланың білімді, дағдыны игеруінен, жеке басының өзгерісінен, ақыл-ойының дамуы-кан, саналы іс-әрекетінен көрініс табады.

Оқу әрекеті — баланың білімді, дағдыны, білікті, іс-әрекет тәсілдерін игеру жолында тәрбиешінің басшылығымен жасайтын, дербес әрекеті. Оқу әрекетінің негізі — мақсат, міндет қою, міндетті іске асырудың жолдары мен құралдарын таңдап алу, тәрбиешінің нұсқауын тыңдау және ілесіп отыру, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі тексеру. Балалар сабақтын, танымдық мазмұнын, дағдысын, әрекет тәсілдерін меңгеру үшін койылған міндетті қабылдап, тәрбиешіні тыңдап, оған көңіл аудара білуі қажет. Оқу әрекеті ойын әрекетімен қабысып жатқаны жөн.



Сабақтың талаптарын орындау баладан қажетті білгірлікті, тапсырманы іске асырудың құралдары мен жолдарын іздестіруді, жоспар құра білуді қажет етеді. Жұмыс барысында бала қызығушылығын, бастамашы-лығын, ұйымшылдығын, дербестігін, ой белсенділігін көрсетуі керек.

Оқу әрекетінің негізгі талабы — тәрбиешінің нұсқауын тыңдау, өзін-өзі бақылау, яғни өз іс-әрекетін са-лыстыра білу, өз ойын айта білу, пікір алыса білу, іс-әрекетінің нәтижесін бағалай білу қабілеті. Тәрбиеші балалардың ездерін қатыстыра отырып, жасаған жұ-мыстарын талдайды, үлгімен салыстырады, үлгіден сәл ауытқыған жерлерін таба алады, дұрыс бағалайды. Өзін-өзі бақылау баланың мінез-қүлқы мен санасына елеулі өзгерістер енгізеді. Нәтижесінде балада дербес-тік, ұқыптылықпен көңіл қоя білу, тәртіптілік, жинақы-лық пайда болады. Сейтіп, оку әрекеті бірте-бірте қалыптасады. А. П. Усова зерттеу нәтижесінде оқу әреке-ті дамуынын, үш түрлі дәрежесін керсеткен.

Оқу әрекеті дамуының бірінші дәрежесі (ең жоғары даму) — балалар тәрбиешінің айткандарын жақсы тьщ-дайды, оқу жұмыстарында оны басшылыққа алады, тү-сіиіксіз жерлерін сұрайды, жасағандарын бағалайды (өзгелердің де жүмысын дұрыс бағалайды), қажетті нәтижелерге жетеді.

Оқу әрекеті дамуының екінші дәрежесі (әлсіздеу). Айткан нұсқауларды тыңдайды, оларға шартты түрде жүгінеді, өзіндік бақылауы әлсіз, басқа балалардың жұмысына қарап отырып істейді, өзгелерге еліктеуге бейім, нәтижелері шартты.

Оқу әрекеті дамуының үшінші дәрежесі (ете төмен) — нұсқауларды тыңдайды, бірақ естімегенсиді, жұмыс барысында оларды басшылыққа алмаиды, баға-лауға салғырт қарайды, нәтижеге жете алмайды.

Егер балалардың жас ерекшелігін, мүмкіндігін ео керіп, жүмысты дер кезінде бастайтын болса, балалар оқу әрекетін сабақ процесінде жақсы игеретінін зерт-теу жұмысы мен практикалық жұмыстардыц нәтижеле-рі толық дәлелдеп отыр.

Мектепке дейінгі кезеңде сабақ ушін ойьшды бас-шылыққа алу ролі зор. Педагог оқу процесініц таным-дық әрекетін бірте-бірте қалыптастырады, оқуға қызықтырады, білімді, дағдыны қуана игеріп, қанағаттандыратын дәрежеге жеткізуді көздейді.

Сонымен мектепке дейінгі оқытудың негізгі форма-сы — оқу сағаттары болғанмен, мұнда дидактикалық ойындар, ойын тәсілдері, көрнекілік әдістері улкен орын алады. Білімді игеру қимыл, ойын, еңбек, сурет салу, қию, құрастыру, мүсіндеу, жапсыру әрекеттері үстінде жузеге асады. Балабақшада оқыту бағдарла-маға сәйкес іске асырылып, темендегі дидактикалык принциптерге суйенеді.



Дидактикалық принциптер туралы түсінік.Оқыту принциптері дегеніміз тәрбиешінің оқу ісін ұйымдастыруда басшылыққа алатын негізгі қағида-лары.

Оқыту принциптерінде оқу мазмұнына, әдістеріне, формаларына, оқу жоспарларына, бағдарламаларына, оқу құралдарына, оқулықтарға қойылатын талаптар белгіленген.



Дидактикалық принциптерді алғаш қалыптастырған — славянның ұлы педагогі Я. А. Коменский XVII ғасырда жазылған «Үлы дидактика» деген еңбегінде оқытудың түсініктілік, жүйелілік, біртінділік, көрнекілік, белсенділік, т. б. принциптерін үсынған. Кейін орыс педагогикасының негізін қалаған К. Д. Ушинский дидактикалық принциптерді талдаған, XIX ғасырдың II жартысында физиология, психология ғылымының жетістігіне сүйене отырып, дидактикалық принциптерге ғылыми негіз берген. Мектепке дейінгі оқыту процесінің негізін қүрайтын принциптер:

Дамыта отырып оқыту принципі. Оқыту алдында түрған міндеттерді дұрыс шешуі үшін ол дамытушылық. сипатта болуы керек. Оқытудың дамытушылык идеясын ұсынған — психолог Л.С. Выготский.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет