Осы жастағы бала еңбегінің өзіндік ерекшелігі — оның ойынмен тығыз байланыстылығы. Олардың ойы-ны мен еңбегінің арасын ажырату қиын, өйткені ал-ғашқы еңбек әрекетінің қарапайым элементі ойыннан басталады. Еңбекте жаңа заттармен, құбылыстармен кездеседі, оларды танып-біледі, соның нәтижесінде ал-ғашқы қанағаттану сезімі пайда болады. Бұл кезеңде балалар еңбек қуралдарымен дербес жұмыс істей ала-тын болады, олар қайта-қайта істеуден жалықпайды. Осы жастағы балалардың еңбегінде қызығудан гөрі бір процесті қайталау, нәтижеге жетуден гөрі іс-әрекетке талпыну басым келеді. Сондықтан бұл кезеңдегі бала іс-әрекетінің ерекшелігі — мақсатының тұрақсыздығы, басқа нәрсеге көңілінің тез ауып кететіндігі. Тәрбиеші көптеген еңбек дағдыларын үйрету, бекі-ту, дамыту үшін ойынды еңбекпен жалғастырады. Мы-салы, балалар қуыршақпен ойнауда бірқатар еңбек процесін орындайды: қуыршақты киіндіру мен шешін-діру, қуыршақ бұрышын жинау, оның киімдерін жуу, тігу, ыдыстарын жинау, жуу, т. б. жұмыстар үйретеді. Әсіресе ересек топтағы балаларға ойын барысында ке-ректі заттарды жасау кажеттігі туады. Мысалы, «Трамвай» ойынын ойнау ушін балалар тәрбиешінін көмегімен билет орайтын катушка, бағдаршам жасайды. «Пароход» ойынын ойнау үшін жалауша, дүрбі, қүтқарғыш шеңбер дайындайды. Драмалық ойындар ойнау ушін қалған материалдардан ойыншық, үй жи-һаздарын, сахнаға қажетті бутофор жабдыктарын жа-сайды.