Байланысты: УМКД -Мектепке дейінгі педагогика готовый
Дәрістің қысқаша мазмұны: Еңбек тәрбиесінің негіздері
Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек тәрбиесінің негізгі міндеті сәбилік шақтан бастап оларды қарапайым еңбек дағдыларына баулу және балалардын, еңбекке дұрыс кезқарасын қалыптастыру. Еңбек тәрбиесі қоғам мүддесі үшін еңбек ететін жан-жақты дамыған адам даярлау мақсатында бағытталады. Қүнделікті тәрбиеде саяси-идеялық, адамгершілік, еңбек тәрбиелерін қисынды бірлікте жүргізе отырып, тәрбиенің езге салаларын да іске асыру міндеті қойылады Адамның адам болып қалыптасуының құралы — ең-бек. Еңбектің нәтижесі әрбір адамға, оның еңбекке саалы, шығармашылық көзқарасына байланысты. Олай болса бугінгі таңдағы қоғам қажеттілігі — жас ұрпақ-тың бойында еңбекке ынталандыруды тәрбиелеу, бола-шақ еңбек жолын дұрыс таңдауға баулу. Баланың же-ке басының еңбекке бейім болып есуі оны еңбек тәр-биесіне баулуға тікелей байланысты. Мектепке дейінгі жас — негізінен ойын кезеңі бол-ғандықтан, еңбектің бала емірінен алатын орны тым аз. Әдетте еңбек әрекетінің қарапайым элементтері кө-рініс тауып, бірте-бірте еңбек ойыннан бәлініп, айрық-ша сипатқа ие болады.
Еңбек балалардың жауапкершілік сезімін тәрбие-леумен қатар анализаторларын (көру, есту, түйсіну, се-зіну, иіс, дәм) дамытуға мэнді ықпал етеді.
Қазіргі физиология ғылымы еңбек әрекетінде бала ағзасы дамуының ішкі механизмін аша келіп, бала-ның денесі мен психологиясының дамуьшдағы бірлікті негіздейді. Бүлшықет қимылының бала денесі мен ақыл-ойының дамуына, тынысы мен жүрек жүмысына ықпал ететіндігі дәлелденген.
Орталық жүйке жүйесі сыртқы ортаның ықпалы мен әсерін қабылдай отырып, денедегі барлық ткань-дер мен клеткалардың жұмысқа қосылуын реттейді. Тіпті қарапайым еңбек процесінің өзінде бұлшықет пен орталық жүйке жүйесі қатысып, дене және ақыл-ой әрекетінін, өзара байланысын қамтамасыз етеді.
Еңбек бұлшықет пен барлық дене мүшелерініқ қызметін күшейтеді, бүкіл дененің еңбекке қабілетін арттырады, жүйке жүйесін дамытады. Енбек процесі баланын. анализаторларын жаттықтырып қана коймай-ды, сонымен қатар ми қызметінің дамуына үлкен әсер етеді, «бүлшықет сезімін» де дамытады.
Дене күші мен ақыл-ой жұмсауды қажет ететін кез келген еңбек процесі баланьщ ырықты зейінін, бақы-лампаздығын, тапқырлығын дамытады. Үш жасқа де-йінгі бала еңбекке физиологиялық, психологиялық про-цесімен байланысады, онын, білімге ынталануына, акыл-ойының, тілінің дамуына мүмкіндік тудырады.
Тәрбиеші ұйымдастырған еңбек әрекетінде үлкен-дердін. сөзі, өнегесі еңбекпен үштастырылып, ол бала-ның білімі мен іскерлігінің терең, дәл, дұрыс болуына ықпал етеді. Ересек адамдар балаларға еңбектің мәнін түсіндіріп, іс-әрекетке бағыттайды, көрсетеді, үйретеді, ақыл-кеңес беріп көмектеседі. Ғылыми зерттеулердің, нәтижесі бұл шақтағы баланың жүйке жүйесінің икем-ді, оның әдеті мен дағдысын тәрбиелеудің ен қолайлы кезеңі болып табылатынын, дәл осы кезде шартты бай-ланыстар жүйесінің тез құрылатындығын дәлелдейді. Еңбек барысында тапсырылған жұмыстың қажетть лігін, мәнділігін тусіну баланың еңбекке қызығушылы-ғын дамытып, еңбегінің нәтижесінен рухани нәр алу, қанағаттану, жауапкершілік сезімін тудырады. Ал мәнін түсінбеген еңбек оларды кызықтырмайды. Сөйтіп, сәбилік және мектепке дейінгі шақтағы ең-бек барысында баланы жан-жақты дамытудың, еңбек-ке деген дұрыс көзқарасын қалыптастырудың негізі қаланады.