Қазақcтан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



бет56/143
Дата07.01.2022
өлшемі1,36 Mb.
#20545
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   143
Балабақшадағы еңбек тэрбиесінің міндеттері:

1) балаларды үлкендердің еңбегімен таныстыру және оған құрметпен карау сезімін ояту; 2) қарапайым ен-бек дағдыларына баулу;

3) еңбекке қызығушылығын, дербестігін тәрбиелеу;

4) көпшілік үшін еңбек ете білу-ге баулу, қоғамдық бағытта еңбектенуді үйрету.

Балабақшадағы еңбек тәрбиесінің міндеттері мен талаптарына сәйкес еңбектің төмендегі түрлері ұйым-дастырылады:

Тұрмыстық-шаруашылық еңбек және өзіне-өзі қызмет ету, кезекшілік.

Бүлардың бәрі баланың күш жұмсап, еңбектенуін талап етеді. Осы іс-әрекетке жаттығу баланың бүлшық еті мен жүйкесінің дамуына, бұлшықет қимылдары-ның үйлесуіне, белгілі бір дағдынкң қалыптасуына мүмкіндік тудырады. Сәбилік кезеңнен бастап өзіне-өзі қызмет етуге (өздігінен киіну, шешіну, төсегін жи-нау) үйрету, дағдыландыру дербестікке, тазалық пен реттілікті қажетсінуге, мәдени-гигиеналық талаптарды саналы орындауға баулиды.

Еңбектің бүл түрлері сәбилер, естиярлар, ересектер, мектепке даярлық топтарында жүргізіледі.

Балаларды үй шаруасы еңбегіне,тұрмыстық еңбекке қатыстыру. Балабақшада балалардың түрмыстық-шаруашылық еңбегін ұйымдастыру белгілі бір формада өтеді. Ол әр түрлі жас шамасы топтарындағы балалар еңбегінің мазмұны мен мөлшерін анықтайды. Әуелі жеке тап-сырмалар орындаудан басталып, кейіннен шағын топ-тармен орындалатын жүмыстар жүктеледі. 4—5 жас-тағы балаларға күнделікті асханадағы кезекшілік тап-сырылса, ересек, мектепке даярлық топтарында ол күрделене түсіп, кезекшіліктің барлық түріне өтеді. Ол баланың қоғамдық сипаттағы дағдысын, тапқырлығын, ерік-жігерін жетілдіріп, өз тобы үшін еңбек етуді, қам-қорлық жасауды үйретеді.

Табиғат аясында (бақшада, бақта, гүлзарда) еңбек ету — табиғат мүйісіндегі өсімдіктер мен жануарларды күту, гүл, жеміс, көкөніс өсіру, мал бағу нәтижесікөрінетін еңбек. Бүл сәбилер тобынан басталады, көбіне таза ауада өтеді де, баланың денсаулығын нығайтады.

Қол еңбегі (құрастыру, жапсыру, мусіндеу, қа-ғазбен, ағашпен, матамен, пластилинмен, т. б. мате-риалдармен жұмыс істеу) балалардың қажеттілігі мен қызығушылығына байланысты және сонысымен баға-лы. Бул еңбек ойынға қажетті зат жасау, жақын адам-дарына сыйлық дайындау сияқты мақсаттар кояды, Мақсаттың айқындылығы бала еңбегін мәнді де мазмұнды, қуанышты етіп, балада шаттык, толку сезі-мін тудырады. Еңбектің бұл түрі енжар балалардьщ белсенділігін арттырып, балалардың татулығын артты-рады. «Қүрылыс» салу, күрастыру ойындары жоспар-лы іс істеудің алғашқы элементтерін уйретеді. Максат-ты еңбек етуге, қиыншылықты жеңуге баулиды, ой тапқырлығын үштайды, техникалық, шығармашылық ойлауын дамытады, әдет пен дағдыны жүйелі түрде үйренуді талап етеді. Бүл процесс материалдың сапа-сын тануға, онымен жұмыс істеуге, еңбекті ұйымдасты-руға, тазалықты қатаң сақтауға, қарапайым еңбек құ-ралдарын пайдалана білуге үйретіп, практикалық іс-керлікті игеруге мүмкіндік жасайды. Сөйтіп балаларды психологиялық жағынан мектептегі еңбекке даяр-лайды.

Табиғаттағы күнделікті жүйелі еңбек балаларды өзара біріктіреді, жалпы қызығушылығын, жауапкер-шілік сезімін дамытады, дағдысын қалыптастырады, білімділігі артып, бақылампаздығы мен ақыл-ой аясы кеңиді. Бала ағзасы дүрыс өсуі үшін еңбектің шамасьг, ұзақтығы, баланың жеке ерекшелігіне сай болғаны дү-рыс. Оның психикасының дамуын, шаршауын, еңбек пен демалыстың ауысып келуін қадағалаған жөн.

Баланы еңбекке тәрбиелеу үшін төмендегі шарттар орындалуы қажет: а) еңбек процесінің жүйелілігі жә-не сыртқы жағдайдың, қоршаған ортаның реттілігі, жүйелі болуы. Еңбек әрекетінің бір түрлі жағдайда, бір мезгілде қайталануы балалардың мінез-кұлқын үйым-дастырып, берік дағды қалыптасуына мүмкіндік туды-рады:

б) тәрбиешінің жеке басының үлгісі топта жалпы еңбек ету ахуалын тудырып, ыңғайлы жағдай жасай-ды. Тәрбиеші баланың еліктегіштік қабілетін ескере отырып, оған еңбекке жақсы көзқарастың, еңбек суй-гіштіктің, жинақылықтың, ұйымшылдықтың үлгісів керсете білуі қажет; в) тұрақты, берік еңбек дағдысын қалыптастыру үшін ересек адамдар тарапынан бала еңбегіне басшы-лық еткен және талап қоя білген жөн.

3.Балабақшаның әр түрлі топтарындағы балалар еңбегінің мазмұны, ұйымдастырылуы және басқару әдістемесі. Сәбилер тобындағы балалардың еңбек әрекеті —күнделікті тұрмыстағы еңбек. Ол екі бөлімнен тұрады:

1) өзіне-өзі қызмет ету;



2) балалар ұжымынық мүддесі мен қажетін қанағаттандыратын қоғамдық мәні бар еңбек (кезекшілік, сабаққа дайындалу, топ бөлмесі мен учаскені тазалау, т. б.). Балалардың беті-қолын жууьқ құрғатып сүртуі, гигиеналық дағдылары мен дербесті-гін тәрбиелеуі, бастаған ісін аяқтауы — осының бәрі оларды белгілі бір еңбекке даярлайды. Еңбектің бүл қарапайым түрлері күнделікті қажеттіліктен туады. Тәрбиеші балалардын, дамып, жетіліп келе жатқан са-насына, әр қилы іс-әрекетке қызығушылығына сүйене отырып, өзін-өзі күту дағдыларын қалыптастырады. Бұл кезендегі балалар дағдысынын. қалыптасуында шартты байланыстардьщ құрылуына мүмкіндік туды-ратын жағдайлардың (күн тәртібі, сыртқы ортадағьЕ реттілік) барлығын қатаң сақтау қажет. Өзіне-өзі қыз-мет ету үнемі бір жағдайда, бір мезгілде, белгілі бір-жерде, өзінің орындығы мен шкафының жанында, қат-ты дауыстар мен өзге кісілердің көзінен тыс, жайбара-қат жағдайда өтуі керек. Осы әрекеттеріне де жиі-жиіі ойын элементтері еніп отырады. Балабақшада бала-лардың еңбегі негізінен үш түрлі формада үйымдасты-рылады: тапсырма беру, кезекшілік, бірігіп істейтін еңбек. Тапсырма балаларға жас ерекшелігіне сай бері-леді (жеке, топпен, шағын топпен, т. б.). Тапсырма ұзақ не қысқа мерзімді, қарапайым және күрделі бо-лады. «Балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарла-масындағы» (қасықты алып кел, кітапшаны орнына кой, гүлді суар, балыққа жем сал, құсқа су бер, т. б.) жеке тапсырмалар беріледі. Тапсырмаларды дұрыс орындаудан балалар бақылауды үйренеді, қарапайым білім алады, сол туралы түсінігі молаяды. Тәрбиеші мен күтушінің күнделікті жұмысын балалардың бақы-лауы олардың еңбек етсем, көмектессем деген ішкі ниетін тудырады, көтеріңкі көңіл күйін, сергек қалпын сақтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет