Экологияны пән ретінде білім саласына енгізу бүгінгі күннің талабы.
Барлық мекендерде дерлік қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық білім жетілдіруге қажы ысырапсыз пайдаланылады. Аралға, Семейге бөлінген қаржылар қайда кетті? Табиғатты көркейтуге нендей үлес қосты деген сұрақ халықтың көкейінде.
Қоршаған ортаны қорғау туралы әр кезде әр түрлі ұсыныстар болып жатады. Науқанға айналған көгаландыру жұмысы жүйелі түрде жүрмейді. Әрбір елді мекенді, қаланы, көгаландыру мәселесінің өз алдына ғылыми тұжырымдамасы болу қажет. Ірі өнер кәсіпті қалаларда, көбірек игерілген егістік аймақтарда, бау-бақшаларда сол жерлердің топырағының құнарлығын арттыру, суының жеткіліктігін, түсетін өнімнің сапасын анықтау экологиялық тұрғыда негізделуге тиіс. Қаланың микроклиматының өзгеріп, шаң-тозаң, қапырыққа айналуы, асфальттардың еруі, қуаңшылық лебінің енуі молайды. Автокөліктердің көбеуі, улы газдардың таралауы қаланың ауасын ластаумен бірге, халықтың денсаулығына үлкен зиян тигізіп отырғаны жасырын емес.
Мұндай көріністер Қазақстанның барлық қалаларын, елді мекен, ауыл маңдарын қамтып, соңғы ондаған жылдар бойы Үкімет тарапынан бақылаусыз қалғаны шындық. Өтпелі экономиканың дағдарыс кезінде оңтүстіктің өңірлердің ірі қалалары мен елді мекендерінде орын жетіспей, өсіп тұрған ағаштарды кесу орын алды. Бұл жағдай көп ауылдарда әлі де бар. Соның орны бүгін немен толады? Осыларды айта келіп, мен ендігі жерде еліміздің экологиялық ахуалын жақсарту үшін мынадай шараларды жүзеге асыру керек деп білемін.Елді мекендерді көгаландыру бағдарламасы бойынша: қала, елді мекендердің көгаландыру аймағының экологиялық кртасын жасау, көгаландыру аймағының агро-экологиялық ландшафтық ерешеліктерін алдын-ала анықтау; елді мекен, қала іші-сыртындағы кішігірім орман-тоғайды қалпына келтіруді жоспарлау және оның мерзімін белгілеу, ірі қала елді мекендердегі ғимараттарды, құрылыстар салуды экологияландыру және жергілікті жердің табиғи-тарихи ерекшіліктерін есеру, елді мекендерді көгаландыруды «экологиялық соқпақ» моделі арқылы жүзеге асыру керек. Туризм индустриясын дамытуда экологиялық соқпақ басты міндет атқаратыны ескерілуге тиіс.«Экологиялық соқпақ» дегеніміз-табиғат қорғау ісінде экологиялық білім мен тәрбие беруге, оны көпшілік арасында насихаттауға бағытталған, әрі экологиялық ақпаратқа толы, ұйымдасқан және белгіленген маршрут немесе демалыс орын.Экологиялық соқпақта оқу экологиялық білім мен тәрбие беру процесін үйрету ғана емес, жасөспірімдердің еркін түрде ақпаратты қабылдау, табиғи ортада жүріс-тұрыс ережесін сақтау мақсатын көздейді. Табиғат соқпағында экологиялық білім беру және тәрбие беру мәселелері шешілуімен қатар, олардың дұрыс ұйымдастырылуы табиғатты қорғау шараларына жәрдемдесуі.Жарамсыз жерлердің (опустывание) проблемаласы - Қазақстан үшін күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселе. Соңғы 10 жыл ішінде еліміздің орман қоры 10% - ға кеміді. Әсіресе Қызылқүм, Мойынқүм, Сарыесік- Атырау, т.б табиғи жайылымдар қоры экологиялық апатты жағдайда тұр. Алтай ормандары 13 % - ға, ал Алатаудың алма бақтары 24 % - ға кеміген. Ал табиғи жайылымдардың жайы тіпті нашар, яғни 26,6 млн. га деградацияға ұшыраған. Бұл шөлге айналу процесінің жылдам жүріп жатқанын көрсетеді. Сол сияқты су балансының бұзылуы мен өзендердің ластауынан Сырдария, Іле аймақтары өте нашар халге түсті. Арал өңірі тіршіліксіз аймаққа айналуда.Техногенді ластану өте қауіпті жағдайға жетті. Ол шөлге айналуды тездетіп отыр. Техногенді қалдықтар өсімдіктер мен фаунаны сиретіп барады. Қазірдің өзінде республиканың барлық жерінің 80% өсімдіктер мен жануарладың табиғи тіршілік ету ортасы бүлінген немесе жарамсыз.Еліміздің экологиялық ахуалын шешу үшін ғылыми жетістіктерін қолданумен бірге өркениетті елдердегі экологиялық білім беру жүйесіндегі жаңалықтардың, жаңа технологиялық бағдарламалардың тиімді жақтарын пайдалану қажет.Балтық жағалауындағы елдер, Азия мен Еуропаның көптеген мемлекеттері жер жағдайының аздығына қарамастан, көп халықты жутатапай, аз жерді жүйелі түрде қорғап, тиімді пайдаланып отыр. Соған қарай экологиялық ахуалының көрінісі жоғары деңгейде дамыған. Ал біз мол жерді ысырапсыз пайдаланып, табиғатты жұтаңдатып, экологиялық апатты жағдайға жеткіздік.
Табиғат-біздің анамыз. Оны таза ұстау, қорғау, экологиялық орта қалыптастыру біздің еліміз, адам баласының келешегі үшін қажет. Сондықтан экологиялық күрес - өмір үшін күрестің негізі болып табылады.