Мектепке дайындық – мектептегі жүйелі және ұйымдасқан түрдегі оқуға көшуін қамтамасыз ететін мектеп жасына дейінгі ересек баланың морфофизиологиялық және психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы.
Мектепке психологиялық дайындық – мектепке ойдағыдай оқуды қамтамасыз ететін психологиялық қасиеттердің кешені. Оған зияткерлік (ойлау, қабылдай білу, есте сақтау сияқты танымдық қасиеттердің белгілі бір даму деңгейі); жеке тұлға ретіндегі (сана-сезім, күш -жігер мен жүріс-тұрыс); коммуникативтік (қарым-қатынас жасай білу дағдыларының белгілі бір даму деңгейі, үлкендермен және құрбыларымен қарым-қатынас орната білу) дайындық сияқты компоненттер кіреді.