Қазақcтан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



бет33/143
Дата07.01.2022
өлшемі1,36 Mb.
#20545
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   143
Байланысты:
УМКД -Мектепке дейінгі педагогика готовый

Дәрістің қысқаша мазмұны: Тәрбиеші мектепке дейінгі ұйымның оқу-тәрбие үрдісіндегі негізгі тұлға. Оның қызметі мен міндеттері.

Тәрбиеші – оқу-тәрбие мекемелерінде балалармен тәрбие жұмысын жүргізуші. Мектепке дейінгі қоғамдық тәрбие мекемелерінде, балалар үйлерінде тәрбиеші тағайындалады. Тәрбиеші тәрбиеленушілердің күнделікті оқу-тәрбие жұмысын, демалыс уақытын мақсат көздей отырып, тәрбие талабына сай ұйымдастырады. Тәрбиеші жөнінде ойшыл педагог К.Д. Ушинский: «Тәрбиелеу ісінің қазіргі дәрежесіне сай тәрбиеші, өзін адамдардың кемшіліктерімен және надандығымен күресіп жатқан ұлы организмнің пайдалы мүшесімін деп санайды, адамдардың өткендегі тарихындағы асыл мұраларды жаңа ұрпақтарға жеткізушімін, адамдардың игілікті жоғары істерін сақтаушымын, шындық пен жақсылық үшін күресушілердің өсиетін сақтаушы жаңа ұрпақпын деп есептейді. Ол өзін өткен мен болашақтың арасында тірі, дәнекерлік шындық пен жақсылықтың құдіреті жауынгерімін деп біледі және ол өз ісінің сырт қарағанда қарапайым екендігін, бірақ тарихтың ұлы істерінің бірі екендігін, бұл істен көптеген ұрпақтар нәр алатынын түсінеді» - деп жазған. Тәрбиеші мен мұғалімнің ролі туралы орыстың алдыңғы қатарлы революционер-демократ, философ-материалист, публицист, жазушы, сыншы педагогтары А.И. Герцен, Н.Г. Чернышевский, Н.А. Добролюбов, ұлы жазушылары М.Горький, А.Н. Толостой, В. Маяковский т.б. совет педагогтары, ұлы ғалымдар халық ағарту майданының қызметкерлері құнды пікірлер айтқан. М. Горькийдің пікірінше, балаларды бала тәрбиесіне бейім адам, төзімділікпен, байыптылықпен жұмыс істей білетін адам тәрбиелеуі керек деген. Балалар бақшасы мен яслиінің тәрбиешісі жас ұрпақты жан-жақты дамытып, тәрбие беру, оны өмірге, еңбекке даярлау, бала тәрбиесі жайында отбасына көмектесу, педагогикалық білімді көпшілік халық арасына насихаттау сияқты әрі жауапты, әрі қадірлі қоғамдық міндетті атқарады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет