Сандардың компьютерде бейнелеу түрлері
Өңделетін ақпаратты компьютерге орналастырған кезде оның қалай өңделетіндігін және оперативті жадының ұяшығындағы адрестелінуін қадағалап отырудың қажеттігін ескеру керек. Бұл компьютердің разрядты торын ұйымдастыруда нақты талаптарды туғызады. Разрядты тор деп оперативті жадының ұяшығына толық машиналық сөзді орналастыруға қажетті разрядтар санын айтады. Шартты түрде n екілік позицияға арналған разрядты торды квадраттардың тізбегі деп қарастыруға болады. Осындай әрбір квадратты бір ғана екілік сан: 0 немесе 1 жазыла алады, әрбір позиция бір екілік белгіні немесе битті құрайды. Есептегіш машиналарда санды разрядты торға орналастырудың екі түрі бар: Сандарды бекітілген нүкте және жылжымалы нүкте арқылы өрнектеу.
Сандарды бекітілген нүкте арқылы өрнектеу
Сандарды бекітілген нүкте арқылы өрнектегенде екілік жүйе қолданылады. Сандар жарты немесе бүтін сөз ретінде өрнектеледі. Форматтың ұзындығы (разрядтылығы) өрнектелетін сандардың шамасын анықтайды. Бұл сандарда нүкте (бүтін мен бөлшекті бөлетін үтір) санның ең кіші разрядынан кейін бекітілген болып есептеледі, яғни өрнектелетіндер тек бүтін сандар болып келеді, мысалы, 145.0, –7.0. Форматта нүктеден кейінгі нөл жазылмайды, нүкте де көрсетілмейді. Тек ең соңғы байттан кейін нүкте тұрады деп есептеледі. Санның таңбасы нөлінші битте (ең сол жақтағы) көрсетіледі. Оң сан "0" таңбасымен, ал теріс сан "1"-мен белгіленеді. 1.5-суретте бекітілген нүкте арқылы өрнектелген сан форматтары көрсетілген. Бекітілген нүкте арқылы Компьютерлерде жарты және толық машиналық сөзбен жазылған бүтін сандар форматталады.
Жартылай сөз форматында өрнектелетін ең үлкен сан 15 разрядпен (0 - разряд сан таңбасы) жазылады. Оның ондық жүйедегі мәні:
0111...12 = 215 –1 = 3276710
Ал толық машиналық сөз форматында:
0111…12 = 231 – 1 = 2147488364710
Мысалы, –798410 санын жарты сөз форматында өрнектегенде төмендегіше болады: –798410 = – 1F3016 = – 11111001100002
Енді осы санды 16 бит арқылы жазсақ
Достарыңызбен бөлісу: |