Қазақи салт-дәСТҮрлер мақсат: Ұлттық салт-дәСТҮр туралы түсінік беру, Ұлттық мақтаныш сезімін ояту



бет2/4
Дата18.10.2023
өлшемі9,98 Mb.
#118069
1   2   3   4

Title of your presentation.


05 | Жарыс қазан
06 | Байғазы беру

Берейін бата асыңа, Амандық берсін басыңа. Бөденедей жорғалап, Қыдыр келсін қасыңа, Бар екем деп тасыма, Жоқ екем деп жасыма. Еңбек етсең ерінбей, Дәулет келер қасыңа. Көре алмаған дұшпанның, Жуа бітсін жолына. Бақытың жетсін төтелеп, Дүние малды жетелеп, Аузыма түскен батаның Жатырмын бәрін түгендеп! Көтердік міне білекті, Ақтардым түгел тілекті, Мынау тұрған балаңыз, Батыр болсын жүректі.

Асты «Бісміллә!» деп бастайтын қазақ тамақтанып болған соң, оны батамен қайыратын әдетінен әлі күнге дейін жаңылған жоқ. Мұны ас қайыру деп атаймыз. Ас қайыру тілек, батамен айтылады. Оны қара сөзбен де, өлеңмен де, тақпақтап та жеткізуге болады.

Ас қайыру

Title of your presentation.

Келін түсіргеннен кейін тойға келгендер тарқап, үй иелері оңаша қалған кезде жақындар келін қолынан шай ішуге жиналады.

Келгендерге келін қолынан әзірленген дастарқан жайылып, келін шай құяды.

  • Бұл дәстүрдің екі мағынасы бар. Біріншіден, келіннің үй шаруасына, дастарқан берекесіне ыңғайын байқау. Жас келін мұндайда кесені сылдырлатпай, баппен шай құя отырып, өзін танытады, шеберлігін, ыңғайын байқатады. Екіншіден, келін қолынан ене шалқып, ата шалқайып отырып қызыл күрең шай ішу - бір үлкен жетістік, қуаныш. "Біздің бала ержетіп, келін түсірді, ата-ене атандық, қолымыз ұзарды", - деп мақтанады, өзгелер алдында бедел, мәртебеге ие болады.
  • Келін болып түсіп, ата-ене алдында шай құйып отырған жалғыз қызын көріп, бір құдағи: Шай құйып қызым сызылды-ай, Көңілім қатты бұзылды-ай, Құдағи отыр қайқиып, Құдам отыр шалқиып- деп көзіне жас алған екен.
  • Сөйтіп, келін түсіру тойының аяғы оның қолынан шай ішумен аяқталып, жас адам осы үйдің өз адамының бірі қатарында өмірге араласып кетеді.

Келін қолынан шай ішу

Title of your presentation.

Халқымыздың дәстүрінде бұрын екі жас құда түсу жолымен, яғни әке таңдауы мен келісімі арқылы қосылған. Дегенмен кейбір жігіттер өзінің сүйген қызын алып қашу арқылы қосылған кездері де болған. Кейде оның арты үлкен жесір дауына айналған, өйткені ол кезде басы бос қыз бола бермеген. Олар ерте айттырылатын. Тарихтан белгілі болғандай, Қалқаман Мамырды, Кебек Еңлікті алып қашып қосылған. Әрине, оның арты қайғыға ұласқаны белгілі. Абайдың інісі, Құнанбайдың оқыған ұлы Халиолла Өскенбаев (1849-1870) өзінің сүйген қызын алып қашқан, бірақ қатал заман шешімі оларды қайта айырып жіберді. Қыз алып қашудың да түрлері көп. Мысалы, бірін-бірі сүйген жігіт пен қыз қашып кетіп қосылады. Ал кейбір жігіттер қыздың келісіміне қарамастан, зорлықпен алып қашады. Соңғыларының жарасып кететіндері де, кейін дәм-тұздары жараспайтындары да бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет