Аталған салт – әр азаматтың, елдің, тектіліктің, сөзде тұру және келісімнің, бірліктің беріктіктің үлкен жолы. Бұл жол құдалықта, серт пен уәдеде, елшілікте, ел арасындағы маңызы үлкен шараларда жасалады. Сонымен бірге баталасу хан, ақсақалдар, билер алдында, аруақ орнында жасалып, қол алысып орындалатын ғұрып және ол ұзақ мерзімге, тіпті мәңгілікке жалғасады. Баталасыпты деген сөз – ел ішінде маңызы өте зор іс. Арғын Аманжолдан Әлімбет, Бейімбет, Шақшақ (атақты батыр Жәнібек тарханның атасы) туады. Шақшақ қайтыс болғанда (XVII ғасыр) оның жас әйелі Сомалтынды жақын қайнысы Әйдеркеге қосады. Осы Сомалтынның Шақшақтан туған жас баласы Есназар мен Әйдеркеден туған Жылқайдар екеуі енелес. Екі бала бірге өсіп, ер жеткеннен кейін елдің басты адамдары жиналып: «Сомалтын қасиетті, өнегелі ана болды. Бұдан былай одан туған Есназар мен Жылқайдар балалары бір ананың баласы болғандықтан, қанша ата өтсе де, бір-бірінен қыз алыспасын, өмір бойы туыс болып саналсын», - деп, қол жайып, аруақ атын айтып, баталасыпты. Міне, сол бата арада 400 жылдай уақыт өтіп, арасы 12 атаға толса да, әлі бұзылған жоқ. Баталасу – қасиетті ұғым. Оны бұзу – қазақ арасында өте жаман іс. «Бата бұзған» деген – қарғыспен тең, өте ауыр сөз
Баталасу
Title of your presentation.
Қажы бардым, сақалды басым мынау,
Бата бұзған не сұмдық, сен сөйтті деп.
(С. Торайғыров)
Жарыс қазан– екіқабат әйелдің қиналмай босануы үшін жасалатын ырым
Ол үшін әдейі сақтап жүрген сүр етті асады. Осы ет піскенше әйел де жарыса тез босанады деген сенім қалыптасқан.
Ай-күні жеткен жүкті әйел қатты толғатып, толғақ жилей бастағанда, сол ауылдағы пысық әйел отқа, ошаққа жарыс қазан асады да, қуырдақ қуыра бастайды. Жарыс қазан асудағы себеп қазанмен бірге толғақ жилейді, тамақтан бұрын бала туылады деп ырымдағаны. Егер әйел босана алмай одан ары қиналса, жарыс қазан асып отырған әйел қолына қара пышақты алып «қара қазан бұрын пісі мі, қара қатын бұрын туа ма?» деп, қолындағы пышақты қазанға жанып-жанып зіркілдейді. Қазақ мұны «жарыс қазан» деп атайды.