Қазақша нұсқасының мәтінін қалыпқа келтірген Нұрсұлтан Серғазы Алматы — 2018 жыл



Pdf көрінісі
бет4/19
Дата15.09.2022
өлшемі0,71 Mb.
#39215
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
ТАРАУ 
 
Арман. 
 
Алдыңызға ең биік мақсаттар қойыңыз 
 
 
Табыстың бастапқы нүктесі — өмірде өзің үшін нені қалайтыныңды дәл 
анықтап алу, өз қалауыңды нақтылап, оларды барынша дұрыс қалыпқа салып 
алу. Мұны қалай жасауға болады? 
Міндетті түрде армандау қажет. 
Адамды басқалардан бір саты жоғары ететін де — армандай білу. 
Армандау — жақсы мақсаттарды қиялдау, бұл жарқын болашақты аңсау. 
«Менде ақша жоқ, менің таңдаған жолым дұрыс емес, менің басымда 
қиындық көп» деген сөзді айта көрмеңіз. Оның орнына сізде ешқандай 
шектеулер, кедергілер жоқ деп ойлаңыз. Өзіңізге «уақытым көп, ақшам 
жеткілікті, қажет болатын байланыстарым, таныстарым бар, білімім де, 
тәжірибем де жеткілікті» деп елестетіңіз. Тіпті, не 
қаласаң соның бәрі бар деп сезініңіз. Егер сиқырлы таяқшаны сілтеп 
қалғанда қалағаныңыздың бәрі орындалатын болса, нені қалар едіңіз? Сіз 
өзіңіздің болашағыңызды мұрат етуіңізге, армандауыңызға, қиялдауыңызға, 
жоспарлауыңызға болады. Армандарыңызды 
орындалады деп ойлаңыз. 
Сиқырлы таяқшаңызды сілтеуге болатын, өмірдің маңызды төрт саласы 
бар. Бірінші сала — табыстармен байланысты. Мен білетін табысты 
адамдардың бәрінде де әр жылға арналған қаржы жоспары бар, олар бір жыл 
ішінде табатын табыстардың нақты санын біледі. Бұл жоспар мұқият 
жасалғаны сондай, тіпті, қанша адам, айына, аптасына қанша, тіпті, күн 
сайын қанша табыс табатынына дейін көрсетілген. 


Табыскер адам содан соң не істейді? Ол ең алдымен, ай сайын, апта 
сайын, күн сайын қажетті қаражатты табу үшін күнделікті істейтін 
міндеттерін анықтап алады. Ол өзінің қаржылық мақсаттарына жету үшін 
қойылған міндеттемелермен, күн сайын таңертең төсектен тұрысымен-ақ, 
жұмыс істей бастайды. Табыскер адамдар бір апта, бір жыл өткеннен кейін 
қорытынды жасайды және өздерінің мақсаттарынан асып түскендерін 
байқайды. Олар тіпті, жоспарланғаннан да артық жасағанына көз жеткізіп 
жатады. Таныстары: «Достым, өткен жылы шынымен де сенің жолың болды» 
дегенді айтады. Дегенмен, жолы болу деген сөз — бұл жерге 
келіңкіремейді. Неге? 
Елестетіп көріңізші, мен сізге өте қымбат автокөлік сыйға тарттым. Еш 
жерінде ақауы жоқ, кілтін, жол картасын бердім, дәл қай жерге бару 
керектігін айттым, тіпті, мүмкін пайдалы техникалық қолдау да көрсетермін. 
Сосын тұрып: «Сол жаққа бар да, сыйлығыңды ал» дедім. Әрине, сіз көлікке 
отырасыз да, GPS жүйесінің көмегімен барасыз, сосын келісілген жерден 
сыйлығыңызды аласыз. Мұны ешкім де жолы болғандық деп айтпайды. 
Солай емес пе? Себебі, сіздің істегеніңіз тек жоспарланған әрекетті орындау 
ғана. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет