Табыскер адам содан соң не істейді? Ол ең алдымен, ай сайын, апта
сайын, күн сайын қажетті қаражатты табу үшін күнделікті
істейтін
міндеттерін анықтап алады. Ол өзінің қаржылық мақсаттарына жету үшін
қойылған міндеттемелермен, күн сайын таңертең төсектен тұрысымен-ақ,
жұмыс істей бастайды. Табыскер адамдар бір апта,
бір жыл өткеннен кейін
қорытынды жасайды және өздерінің мақсаттарынан асып түскендерін
байқайды. Олар тіпті, жоспарланғаннан да артық жасағанына көз жеткізіп
жатады. Таныстары: «Достым, өткен жылы шынымен де сенің жолың болды»
дегенді айтады. Дегенмен, жолы болу деген сөз — бұл жерге
келіңкіремейді. Неге?
Елестетіп көріңізші, мен сізге өте қымбат автокөлік сыйға тарттым. Еш
жерінде
ақауы жоқ, кілтін, жол картасын бердім, дәл қай жерге бару
керектігін айттым, тіпті, мүмкін пайдалы техникалық қолдау да көрсетермін.
Сосын тұрып: «Сол жаққа бар да, сыйлығыңды ал» дедім. Әрине, сіз көлікке
отырасыз да, GPS жүйесінің көмегімен барасыз,
сосын келісілген жерден
сыйлығыңызды аласыз. Мұны ешкім де жолы болғандық деп айтпайды.
Солай емес пе? Себебі, сіздің істегеніңіз тек жоспарланған әрекетті орындау
ғана.
Достарыңызбен бөлісу: