Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы



бет20/45
Дата04.05.2023
өлшемі357,75 Kb.
#89960
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   45
Байланысты:
?àçà?ñòàí àóìà?ûíäà?û òàñ ?àñûðûíà ?àòûñòû àðõåîëîãèÿëû? åñêåðòê

Моғолстан атауы моңғол деген сөздің түркішепарсыша атауы болып табылады.
1415 ғғ. Моғолстан құрамына Түркістан, оңтүстік-шығыс Қазақстан және Орта Азияның кейбір аумақтары кірді. Оған кіретін тайпалар: дұғлаттарқаңлыларкерейттерарғындарбарластар кірді. Орталығы — Алмалық қаласы.
Бұрынғы Шағатай ұлысының жерін толық билеуді көздеген Тоғылық Темір Мәуереннахрды Шыңғыс әулеті Денішмендінің атынан билеп отырған Қазағанның көзін құртуды, сол арқылы бұл өңірді Моғолстанға қосып алуды ойлады. Сөйтіп, ол 1358 ж. Қазаған әмірді өлтіртті. Бір жылдан кейін Қазағанның мұрагері Абдолла да қаза болды. Осыдан кейін Мәуереннахр тәуелсіз ұлыстарға бөлінді. Оны пайдалану үшін Тоғлық Темір жанталасты.
Ал Осы кезде Ақсақ Темір өзінің шағын әскерімен Кеш қаласының әміріне қызмет етіп жүрді. Тоғылық әскерлері Кешті алады. Темір Тоғылық Темірге қызметке кіреді.
1361 ж. Мәуереннахрға екінші рет шабуылға аттанып, оны бағындырған Тоғылық темір баласы Ілияс қожаны оған билеуші етіп қалдырды. Бұл жолы ол Темірді Кеш қаласының бастығы етіп тағайындады.
1362 ж. Тоғылық Темір қаза тауып, Моғолстанда билік Ілияс қожаға көшкенде Мәуереннахрға билеуші болып Қазағанның немересі Хұсайн тағайындалды. Ақсақ Темір онымен бірге Моғолстанға қарсы шығып, Мәуереннахрды өздерінің қол астына біріктіруге кірісті. Ақсақ Темір мен Хұсайн Моғолстан әскерлерін талқандады.
Енді Хұсайн мен Ақсақ Темір арасында билік үшін күрес басталды. Осындай шайқастардың бірінде Темір Балқықаласында Хұсайнды өлтіріп, Мәуереннахрға ие болды.
14 ғ. ортасына қарай Шағатай ұлысы ыдырап, Шағатай ұлысының шығыс бөлігі – Оңтүстік-шығыс Қазақстан мен Қырғызстан аумағында Моғолстан мемлекеті құрылады. Ал ұлыстың келесі бөлігі – Мауараннахрдың батысында Әмір Темір мемлекеті құрылған. Моғолстан аталу себебі, Шығыс деректерінде «моңғол» сөзіндегі «н» әрпі түсіп қалып, «моғол» немесе «моғолстан» сөзі қалыптасып кеткен.
Мемлекетті кезінде Шағатай ханға адал қызмет еткен дулат тайпасының әмірі Поладшы басқарған. Әмір Поладшы бастаған дулат ақсүйектері Поладшының хан болуға құқығы болмағандықтан, өздерін таңдайтын, Шағатай ұрпағы Дува ханның немересі, он алты жасар Тоғылық-Темірді 1348 жылы Моғолстан ханы етіп сайлайды. Ал негізгі саяси билік осы Әмір Поладшының қолында болған. Әмір Поладшы Моғолстанды Мауараннахрдан біржола бөліп алып, тәуелсіз, жеке хандық құруға бар күшін салды. Дулат тайпасы шонжарларының жаңа құрылған бұл өкіметте беделдері бұрынғыдан да күшейген. Жалпы, дулаттардың беделі Шағатай ханның кезінен белгілі. Атақшы тарихшы Мұхаммед Хайдардың жазуы бойынша, Шағатай хан өз мемлекетін үлестерге бөлгенде, өзіне адал қызмет еткен дулат әмірі Поладшыға Маңлай-Сүбе жерін берген. Маңлай-Сүбе Шығыс Түркістаннан Ферғанаға дейінгі кең-байтақ жерді алып жатқан. Осы аумақта Шағатай кезінен бері өз биліктерін жүргізіп келген дулат тайпасының өкілдері Моғолстан хандығының құрылуына да белсене араласқан.
«Тарих-и Рашиди» еңбегінде былай деп көрсетілген: «… қазіргі Моғолстан деп аталатын аумақтың ұзындығы мен көлденеңі 7-8 айшылық жол. Шығыс шеті (Моғолстанның) қалмақтардың жерімен шектеседі және Барыскөл, Емел және Ертісті өзіне қосады. Солтүстігінде оның шекарасы Көкшетеңіз (Балқаш), Түркістанмен және Ташкентпен шектеседі, оңтүстігінде Ферғана уәлаятымен, Қашғар, Ақсу, Шалыш және Тұрфанмен шектеседі». Моғол мемлекетіне қазақстанның Оңтүстік және Жетісу аймақтары жа кірген.
Моғол хандығының тағына негізінен Шығыс тұқымдары мен моңғол ақсүйектері отырған. Әрине, моңғол шапқыншылығы кезінде келген арлат, чорас, калучи сияқты тайпалар алғашқы кезінде өздерінің басымдылығын көрсеткенмен, уақыт өткен сайын жергілікті түркі тілдес тайпалар басымдылық алып, моңғолдарды өздеріне сіңіре бастаған. Ал қалғандары Шығыс Түркістанға, ұйғырларға қоныс аударып, соларға араласып, өздерінің моңғол атынан мүлдем айырылған.
Жоғарыда көрсетілгендей, Жетісу аймағы Моғолстанның солтүстік-шығыс жағын алып жатты. Ал бұл аймақтағы түркі тілдес үйсін, қаңлы тайпаларының біздің дәуірімізге дейінгі III – II ғасырлардан өмір сүріп келе жатқандығын білесіңдер. Одан кейін V-VI ғасырларда да бұл аймаққа түркі тілдес тайпалар келіп қоныстанды. Сондықтан да орта ғасырдан дамыған кезінде құрылған Моғолстанның негізгі халқы түркі тілдес тайпалар: дулат, қаңлы, үйсін, арғын, баарын, барлас, бұлғашы, т.б. ертеден осы өңірде өмір сүрген тайпалар еді. Бұлардың қатарында осы жергілікті халықтармен араласып, түркіленіп кеткен моңғол тайпалары да болды. Мемлекеттің ұлттық құрамы онда қазіргі қазақ халқының негізін құрап отырған ру-тайпалардың басым болғанын, сөйтіп бұл мемлекеттің қазақ халқының мемлекеттілігінің бастауында тұрған елдердің бірі екендігін көрсетеді.
32 сұрақ
16ғаяғында Әмір Темір Моғолстан жеріне бас көтертпей, дүркін-дүркін жорықтар жасайды. Алғашқы жорығы 1371-1372 жылдары болған. Бұл жорықта Алмалық қаласынадейін жетеді, бірақ қалаға кірмейді. Жол бойындағы елдімекендерді тонап, халықтың мал-мүлкін талан-таражғаұшыратып, көптеген тұтқын алып қайтады. Екінші жорықта1375-1377 жылдары оңтүстік Қазақстан арқылы жүріп, жетісудің Шарын өзеніне дейін жетеді. Моғол ұлысыныңбасшысы Қамар ад-динмен шайқасып, оны жеңеді. Қамарад-дин Шығыс Түркістанға, Үш Тұрфанға қарай қашыпқұтылады. Әмір Темір Моғолстанға 1380-1390 жылдары да бірнеше рет жорық жасаған. Бұл жолғы жорықтыңжойқындығы соншалықты, Әмір Темір өзінің балаларыныңқолындағы әскерлермен қосқанда 120 мың адаммен атанған.
Әмір Темір 1371-1372 жылдары Моғолстанға әскераттандырады. Олар Моғолстанның шығыстағықалаларының бірі Алмалықтың жанына дейін жетіп, керейіттері талқандап, қайтып оралады. Нақ осы жылыТемірдің өзі де Моғолстанның жері Ыстықкөл өңіріндегіСегізағашқа дейін барлаушылық жорық жасап, көптегентұтқын алып, қыруар олжа түсіріп қайтады. Бұл жорықмоғол жерінің ішкі аудандарына келешекте жасалатынжорықтардың бағдарламасы болған еді.
Әмір Темір Моғолстанға 1371 жылдан 1390 жылға дейін он шақты рет жорық жасаған. Оның алғашқылары 1371-1377 жылдары Сайрам, Талас арқылы жүрген. Жетісудің ішкіаудандарына өтіп, Іле өзеніне дейін жеткен. Әмір Темір 1376 жылы көктемде моғолстанның атақты колбасшысы Қамарад-динді талқандау үшін 30 мың адамдық әскераттандырады. Оны кыпшақ әмірі Сасы-Бұға басқарған. Алайда Сасы-Бұға басқа әмірлермен астыртып келіседі де, Әмір Темірдің Хорезмге кеткенін пайдаланып, оған қарсыбүлік шығарады. Сасы-Бұға Ақ Орданың ханы Ұрұс пен Моғолстанның билеушісі Қамар ад-диннен көмек сұрайды. Бұл хабарды естіген Әмір Темір Мауараннахрға тез оралып, Қамар ад-динді Атбасы маңында (Қырғыз жері) қуып жетіп, талқандайды. Бұдан кейін де моғол әмірінің темірге қарсыкүресінен ешбір нәтиже шықпаған. Ол 1377 жылы қаратауетегінде және Ыстықкөлге баратын жолдағы Бұғымшатқалында екі рет Әмір темір әскерлерінен күйрейжеңілген.
Ақ Орда мен Моғолстан билеушілері өздерінің ӘмірТемірге жеке-дара қарсы тұра алмайтындарын біліп, 1380 жылдың аяғында одақ құруға әрекет жасайды. Алайда бұлодақтан да еш нәтиже шықпаған. Өйткені одақтың құрылыпжатқанын білген Әмір Темір 1384-1391 жылдардыңаралығында алтын Ордаға және моғол жеріне бірнеше ретжорықтар жасаған. Моғолстанды біржолата қаратып алуүшін оның түкпір-түкпіріне 120 мың әскер аттандырады. Осы жорықтарды Темір әскерлері көп олжа түсіріп, қора-қора қой, үйір-үйір жылқы, топ-тобымен қолға түскентұтқындарды мауараннахрға жіберіп отырған. 1390 жылдардағы жорықтардан кейін Моғолстан Темірге толықтәуелдікке түсті.
33 сұрақ
Әбілкайыр хандығынын курылуы, онын этникалык курамымен жераумағы.
Aк Орданын ыдырауы нәтижесінде XV ғ. 20-шы жылдарыОрталык жәнеСoлTYCтік Kазакстан.жepінде жеpriлікті py-тaйna билеушілерінің колдауымен Жошы улы Шибаннын(Сабан, Шайбан) урпағы Әбілкайыр жана мемлекеттіккурылымнын, негізін калайды. 1428 ж. Батыс Сібіpдегі Tұpaтты мекенде ол xан жарияланады. Ханды сайлаусалтанатына сұлтан, оғлан, батыр, ру-тайпа басыларыменкатар ислам дін басыларыда катынасады. Ал Әбілкайырдыколдаушылардын арасында кыят,манғыт, чинбай, жан, табғұт, дурмән, кущы, утарчи, найман, екреш-найман, тубай, таймас, чат, хытай, барак, уйғыр, карлык, кенегес, уйсін,конырат, курлауыт, ичкі, ичкі-манғыт, тумен жэнебаска ру-тайпалардын өкілдері болады. Баскаша айтканда, Әбілкайыр хандығының этникалык құрамы Ак, Орданын, белгілі дәрежеде Ноғай Ордасынын курамына да жакынболды. Міне осы тілі, шаруашылык турі, турмыс-салтыжағынан туыс тайпалар одағын дерек көздеpi XIV ғ. 60-шы жылдарынан жинакы атпен "өзбек" деп атады. Бул кезде олхалык, аты (этноним) емес, тексаяси мағынадағы сөз еді.
Әбілкайыр улысы батысында Жайыктан, шығысындаБалкашка,Oнтустігінде Арал тенізі мен Сырдариянынтеменгі ағысынан,солтустігінде Тобыл мен Ертістін орта сағасына дейінгі аpалыкты камтыды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет