Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы



бет21/45
Дата04.05.2023
өлшемі357,75 Kb.
#89960
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   45
Байланысты:
?àçà?ñòàí àóìà?ûíäà?û òàñ ?àñûðûíà ?àòûñòû àðõåîëîãèÿëû? åñêåðòê

34билет
Ноғай ордасы (Маңғыт ұлысы) – Алтын Орда ыдырап, Ақ Орда әлсірегеннен кейінБатыс Қазақстан жеріне іргелес 
пайда болған мемлекеттік бірлестік.
“Ноғай” атауы бұдан кейініректе, алғаш орыс жылнамаларында (1479), кейіншығыс деректерінде (1500) пайдаболған. Бұл атаудың шығу тегі туралыкөптеген зерттеушілер 13 ғ. 2-жартысында Алтын Орда әскерінің қолбасшысы Ноғай иелігіне қараған ұлыс халқы “ноғай”, “ноғайлы” аталғандықтан деп санайды. Тарихи жазба деректергеқарағанда Ноғай ордасының негізін Едіге қалаған. 
Негізгі аумағы Еділ мен Жайық аралығы болғанымен, шығыста Жайықтың солжағасына, солтүстік-шығыста Батыс Сібіройпатына дейін, солтүстік-батыста Қазанға дейін, оңтүстік-батыста АралКаспий теңізіне дейін, кейде Маңғыстау мен Хорезмге дейінгі алқапты қамтыды. Ноғай ордасы алғашында осы бірлестіктің негізін қалаған маңғыттардың атымен “Маңғыт Ордасы” аталған.
Жайық пен Еділ аралығындағы тайпаларбірлестігі Ноғай ұлысына енген маңғыт тайпасының атымен Маңғыт жұрты депаталды. XV ғасырдың бірінші жартысындамаңғыт жұртының (Ноғай Ордасының) қалыптасуы аяқталды. Ноғай Ордасының этникалық құрамы Ақ Орда мен Әбілқайыр хандығындағы сияқты түркі және түркіленген монғол тайпаларынан тұрды. Ноғай Ордасының негізгі тұрғындары маңғыттар тайпасы еді.
Ноғайлар құрған мемлекет «Ноғай Ордасы» деп аталды, Әлгіде келтірілді, бұл атау этносаяси жағынан «ноғай», көпшілік құрамына байланысты«ноғайлар», ал кейініректегі этникалық құрамына орай «ноғайлықтар» депаталады. Жалпы, «ноғай» атауы Жошыханның XIII ғасырда өмір сүрген бесіншіұрпағының атымен байланысты екені, Ноғай билігіне қараған аймақтар Алтын Орданың батысы Днестр мен Днепр өзендерінің аралығын қамтығаны алгідеайтылды.
35 сұрақ
Қазақ хандығының қалыптасу алғышарттары
Қазақ хандығы – Қазақстан аумағында бұрын болғанмемлекеттік құрылымдардың мұрагері, этникалықпроцестермен байланысты әлеуметтік қатынастардыңөзгерістер мен экономикалық даму нәтижесі. 1457 жылдыңкүзінде Әбілқайыр хан Сығанақ түбінде қалмақтарданжеңілгеннен кейін, Керей мен Жәнібек сұлтандар қоластындағы ру-тайпалармен Шу өңіріне келіп қоныстанып, Қазақ хандығының негізін салады. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» кітабында Қазақ хандығыныңқұрылған жері – Шу бойы мен Қозыбасы деп айтылады. 1458 жылдың көктемінде Керейді ақ киізге көтеріп хан сайлайды. Әбілқайыр ханға наразы сұлтандар, әмірлер, ру-тайпа басылары Керей мен Жәнібекке келіп қосылады. Аз уақыттың ішінде халықтың саны 200 мыңнан асып түседі. Қазақ хандығының құрылуы осыған дейін бүкіл Қазақстанаумағында болған әлеуметтік-экономикалық және этносаяси процестердің заңды қорытындысы еді. XV ғасырдыңалпысыншы жылдары Қазақ хандары қарсыластарынтықсыра отырып, Батыс Жетісуға табан тіреді. XVI-XVII ғасырларда Қазақ хандығы нығайып, этникалық аумағыныңнегізгі бөлігін қамтитын шекаралары кеңейе түсті. Орта Азия, Астрахан, Қазан, Сібір хандықтарымен, Ресейментығыз байланыс болды. Қасым хан, Хақназар хан, Тәуекел, Тәуке хандардың есімдері Қазақ мемлекеттілігі дегенатаумен қоса жүреді. Өйткені олардың қазақ жеріннығайтудағы, қазақтардың үстемдігін орнатудағы әрекеттеріорасан зор болатын.

36- сұрақ


«Қазақ» терминінің этникалық, әлеуметтік мәні мен мазмұны
Қазақ сөзінің уақытша саяси-әлеуметтік мәнге ие бол­ғанын, соған сай мазмұнын көрсетіп, «қа­зақ­таш» термині арқылыдәлелдейді. Одан кейін қазақ атауының мәні саяси-этни­калық сипатқа ие болып, оған Керей мен Жәнібек хандардықолдаған ру-тайпаларды жатқызады да, оның дәлеліне«өзбек-қазақ» атауын келтіреді. Ал «қазақ» сөзінің толықэтникалық мәнде қолданыла бастауын Қазақ хандығыныңШығыс Дешті Қыпшақ­та толық жеңіске жетуіменбайланыс­тырады.
Тарихи әдебиетте қазақ сөзінің шығу туралы әртүрлітүсіндірмелері бар. Олардың бірін түрік етістігі “қаз”, “қазу” деген сөздермен байланыстырады. Ал енді бірі бұлсөзді “қаз”, қазу және “ақ” деген сөздердіңэтнимологиясынан құрайды. Енді бір зерттеулер қазақ дегенсөзді манғолдың көсек-терген деген арбаның түрінбілдіретін сөзден шығарады.
Қазақ сөзінің пайда болуы қандай болмасын оның бастапқымағынасы “еркін” “үйсіз”, “кезбе”, “қашқын” дегенболымсыз мәні болған сөзбен байланысты.
Сонымен не саяси мәні, не этникалық мазмұны жоқ “қазақ” сөзі өз халқынан не руынан немесе өз иесінен бөлініпшыққан және көп жағдайды бастан кешіруге мәжбүр, еркінадам дегенді білдірген. Орыс тіліндегі “казак” деген сөзі де осыдан шыққан. Русьте “казактар” деп белгілі бір қызметіжәне тұрақты тұрғын жері жоқ адамдарды, еркінадамдарды, сондай-ақ еркін жалданушы батрактардыайтқан. “Казак” сөзі XIV ғ. аяғ. Русьтің солтүстігіндетіркелген болса да, алайда орыс казактарының бастапқыотанын тарихшылар қыпшақ даласымен араласып жатқан, осы еркіндікке әскери қоғамдық сипат беретін Русьтіңоңтүстік жағын айтады
Басқаша айтсақ, “қазақ” терминінің бастапқы мәні — әлеуметтік бұл жағдай жәй- күйі бір тұлғаның мәртебесі. Сонымен өзінің қылышыменен өзін асырап жүріп, әр жердекезіп жүрген. Ол “қазақ”. Алыс жолға жалғыз қиындыққақарсы жүретін адам. Ол – қазақ.. Бабырдың айтуынша“жаудың үйір жылқысын ерлікпен әкетуші жігіт. Ол да – қазақ.. Белгілі бір уақыт қазақтың өмір салтын ұстаушыадамдар – ол мейлі қажеттілік немесе өз еркімен болса да. Ондай адамдар аз болған жоқ.. Бұған сол кездегі күнделіктітіршілік жағдайы себеп болады. Былайша айтқанда, “Тарихи Рашидидің” авторы Бабырдың айтуынша, солуақыттың түсінігі бойынша әрбір ер адам өзінің жастықкезін бір қатар уақытта жалғыздықта, шөлейтте, тауда, немесе тоғайда, өзінің тұрғылықты жерден бір немесе екіайлық ара қашықтықта құстың етін жеп, аңның терісін киіпөткізуі мақтаныш болып есептелетін.

37 сұрақ


37.Қазақ жүздерінің қалыптасуына этносаяси және шаруашылық факторлардың әсері. 
Қазақ жүздері – ХХ – ХVІ ғасырлар аралығында Қазақстанның әр өңірінде қалыптасқан тайпалар одағы. Қазақ жүздерінің қашан, қандай жағдайларға байланысты шығуы туралы да дәлелденген ортақ пікір жоқ.Бірақ олардың қалыптасуына этносаяси және шаруашылық факторлардың әсері туралы біршама ойлар бар.Қазақ халқы мен оның этникалық аумағының құрылу дәуіріндегі белгілі бір шаруашылық, мәдени үлгі, этносаяси процестер негізінде ірі этноаумақтық тайпалар бірлестігі ─ жүздер этноәлеуметтік организмнің жоғары санаттарының бірі болды. Жүздер халқының негізгі кәсібі Евразия далаларында ерте заманның өзінде-ақ қалыптасқан өзінше бір шаруашылық-мәдени үлгі – көшпелі мал шаруашылығы болды» деп, қазақ жүздерінің қалыптасу уақытын Ш. Уәлихановтың пікірін қолдап Алтын орданың ыдырау кезеңімен байланыстырады. «Жүздік бірлестіктер бұрынғы орталық, яғни ұлыстық басқару жүйесінің жаңа этносаяси ахуал жағдайында, күрделі өзгеріске ұшыраған жаңа әкімшілік үлгілері. Бұл көптеген ру-тайпаларды біріктірген қазақ халқының қалыптасуынан және оның ішкі, сыртқы саяси жағдайға сәйкес туындаған этно-әкімшілік, саяси проблемаларынан еріксіз туындаған мемлекеттік жүйе. Атақты шығыстанушы В.В. Бартольд қазақ жүздерінің қалыптасуын көшпелі шаруашылықтың салдарынан болған құбылыс деп түсіндіреді. Үш жүзге бөлінген бүкіл қазақ халқы ертеден бастап, XX ғасырдың басына дейін негізінен көшпенділікке, не жартылай отырықшылыққа негізделген мал және жер шаруашылығымен айналысумен бірге әр түрлі қолөнер, т. б. үй кәсіптерімен де шұғылданды. Көптеген көрші халықтармен экономикалық, сауда – саттық қатынастар да болды. Бүкіл үш жүз жұртшылығы біртұтас қазақ тілінде сөйледі. Олардың заттай және рухани мәдениетінде де кейбір жергілікті ерекшеліктер болмаса, айтарлықтай өзгешеліктер болған жоқ.
38 сұрақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет