Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы


XVII ғ. және XVIII ғ. басындағы Қазақ хандығы



бет35/78
Дата13.05.2023
өлшемі0,81 Mb.
#92831
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   78
XVII ғ. және XVIII ғ. басындағы Қазақ хандығы.

Тарихи зерттеулерде Тәукенің хандықтағы билікке келу жылының талас тудыратын мәселе екені белгілі Тәукенің хан жариялануын екінші бағытындағы талдау, оның 1653-1654 жылдардағы хандыққтағы билікке ие болғандығы тарихи оқиғаларды салыстырмалы-сараптау арқылы нақты тұжырым жасау. Тәуке ханның 1678-80 жылдарға дейінгі жазба деректерде есімнің ұштаспауы немесе осы жылдар аралығында Қазақ хандығы жағдайы туралы өзге халықтардың деректерінде кездеспеуінің себебі:
Қазақ хандығының сыртқы саясатындағы тұрақтылығы;
Көрші орналасқан мемлекеттердің өз ішіндегі саяси өзгерістердің әсері болды.
Қазақ хандығы Тәуке тұсында сыртқы жағдайдың бірсыпыра тұрақтанып, нығаюымен белгілі. Тәуке хан билігі күшейген кезден бастап сыртқы саясат көрші елдермен бейбіт түрде байланыс жасай отырып, экономикалық қарым-қатынас та орната білді.
Тәуке хан ойрат жасақтарының үздіксіз шабуылын тыю мақсатында Жоңғар ордасымен бейбіт қарым-қатынас орнату үшін ұдайы елшілер жіберіп тұрды. Соның бірі-1703 жылы 25 сәуірде Цебан-Рабданның текестегі ордасына қазақ елшілігі бейбіт қарым-қатынас ортануға келгендігін сол кезде Жоңғар еліндегі орыс мемлекетінің елшісі П.Гордеевке тілмашына хабарлады [15, 65 б.]. Елшілік қандай нәтижеге жеткендігін білдіретін мәліметтер ешқандай құжаттарда кездеспейді. Бірақ,осыдан кейін екі ел арасында ірі қақтығыстар бола қойған жоқ. Оның бір себебі, Жоңғар мемлекетіндегі ішкі қайшылықтардан болса, ал екіншіден қазақ жасағынын тарапынан берілген қатты соқылардың әсерінен болуы мүмкін.
1709 жылдары басталған ойрат феодалдарының жаңа шабуылы, Тәуке ханның қазақ билеушілерінің басын қосып 1710 жылы Қарақұм маңында үш жүздің өкілдерінен құрылтай өткізуге итермеледі.



  1. XVII ғ. екінші жартысындағы қазақ-жонғар қатынастарының сипаттамасы.

XVII-XVIII ғасырдың басындағы қазақ жонғар қатынастары. 
Жоңғар шапқыншылығы, жоңғар-қазақ соғыстары (Отан соғысы деп те аталады) – Қазақ хандығы құрылған кезден бастап, 18 ғасырдың 50-жылдарына дейін оның аумағына ойраттардың бірде өршелене, бірде беті қайта жасаған шапқыншылықтары. Қазақ халқы ойраттарды алғашқыда қалмақтар, кейін жоңғарлар деп атаған (қ. Жоңғар хандығы). 15 ғасырдың 50-жылдары ойраттардың қалмақ тайпасының билеушісі Үз-Темір тайшы өздерімен іргелес жатқан қазақ даласына шабуыл ұйымдастырады. Дешті Қыпшаққа баса-көктеп кіріп, Ақ Орданы ойрандады. Сыр бойына жетіп, қазақ ұлыстарын оңтүстік-шығысқа қарай ығыстырып, Түркістанды, Ташкентті басып алды. 15 ғасырдың 70-жылдары ойраттар шабуылдары жиілей түсті. Қазақ ханы Таһир (Тайыр) ойраттардың жолына кедергі жасау мақсатында Жетісуда ірі Жатан бекінісін салдырды. 16 ғасырдың екінші жартысында Ақназар хан тұсында қазақ әскері ойраттарға қарсы тойтарыс беріп, үлкен жеңістерге қол жеткізді. Тәуекел хан билік еткен тұста да қазақ жасақтары жау әскеріне қарсы күйрете соққы берген. Ойраттар Сырдария бойындағы сауда орталықтарын басып алғысы келді. Бұлай жорамалдауға ағылшын көпесі әрі саяхатшысы Дженкинсонның келтірген мәліметтері негіз бола алады. Ол 1557 жылы Орта Азиядан Қытайға өтпекші болғанда, оған қазақтар мен ойраттардың Ташкент қаласы үшін жүргізген соғысы кедергі жасаған. 17 ғасырдың 80-жылдарында Тәуке жоңғарлардың қолында қалған баласын қайтаруды талап етті. Баласымен бірге еріп келген 500-ге жуық жоңғар жауынгерлері Тәуке ханның шешімімен өлтірілгеннен кейін қазақ-жоңғар қатынасы одан әрі шиеленісе түсті. 1708 жылы жоңғарлардың жаңа шабуылы басталды. Бұл шапқыншылық Қазақ хандығының оңтүстік аудандарына айтарлықтай нұқсан келтірді. 1710 – 11 жылдары Жоңғар шапқыншылығы қазақтар мен оларға одақтас қарақалпақтарды Ташкентке қарай ығысуға мәжбүр етті. 1726 жылы Жоңғар шапқыншылығы қазақтар мен оған көршілес жатқан Орта Азия халықтарының шаруаларына ауыр зардаптарын тигізді. 1726 жылыБолат хан үш жүздің хандары (Жолбарыс, Сәмеке, Әбілқайыр), билері мен батырларының, сұлтандарының басын қосып, Ордабасыда өткен жиында Әбілқайыр хан бас қолбасшылыққа тағайындалып, жауға қарсы жаңа стратег. шабуыл ұйымдастыру келісілді (қ. Ордабасы). Әскери күшін біріктірген үш жүз жасақтары 1728 жылдан бастап жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресте түбірлі бетбұрыс жасаған Итішпес көлінің маңындағы ауыр шайқасқа даярлана бастады (қ. Аңырақай шайқасы). Аңырақай шайқасы (1729 ж., кей деректерде 1730 ж.) — біріккен қазақ қолының жоңғар басқыншылығына қарсы жүз жылдық азаттық соғысында бетбұрыс жасаған ең ірі жеңісі. Қазақтардың жеңіліп, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаға» душар болуының бірнеше себебі бар. Біріншіден, қазақ жүздері ыдырап, Қазақ хандығының басшылығында ауызбірлік қалмады. Екіншіден, жоңғарлар бұл шабуылға өте тыңғылықты әрі мұқият әзірленген еді. Оның үстіне, шабуылдың басталатын уақыты Қазақ ауылдарының бір-бірінен алыс, қыстаудан көктеуге көшіп шығар абыр-сабыр кез болатын. Үшіншіден, 1723 жылы қазақтар қатты жұтқа ұшыраған-ды. Жорыққа мінетін жөні түзу ат жетіспеді. Төртіншіден, аймақта қалыптасқан осындай гео-саяси жағдайды қалмақтар дұрыс әрі мұқият ескере білді. Қытаймен бейбіт келісім жасасты. Таяуда ғана аяқталған орыс-швед соғысынан кейін әлі ес жиып үлгере алмаған Ресейдің күрделі жағдайы да еске алынды. Бесіншіден, шабуылдың күтпеген жерден, түтқиылдан жасалу факторы да қазақтарға қолайсыз әсер етті. Ақыр соңында, алтыншыдан, жоңғарларжақсы қаруланған болатын, әрі соғыс қимылдарын қалай жүргізудің мол тәжірибесіне де қанық еді. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның» қазақ қоғамына тигізген зардабы орасан зор болды. Далалықтардың көші-қон бағдарламаларының быт-шыты шықты. Қазақтар шұрайлы мал жайылымдарынан айырылды. Жетісудағы және Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы бір кезде гүлденіп тұратын жасыл жазиралар енді қараусыз қаңырап бос жатты. Көршілес мемлекеттермен сауда-саттық байланысы да уақытша үзіліп қалды.Бірақ ең ауыр азапты қайғы-қасірет туған-туыстар мен жақын жандардың қазасы болды. Шәкәрім Құдайбердіұлының келтірген деректері бойынша, қазақтардың үштен екі бөлігі қырғынға үшыраған. Енді бір бөлігі құлдыққа сатылып кеткен. Халық ашаршылыққа душар болды. Өлмей аман қалу үшін қайыңның сөлін ішкен. «Қайың сауған» деген сөз содан қалған. Тірі қалғандар басқыншыларға шектен тыс ауыр алым-салық төлеп тұрған. Қазақ хандығының халқы елдің әр түрлі алыс аймақтарына, тіпті шекаралас жатқан шет мемлекеттерге де тарап, босып кетті. Қазақтардың батысқа қарай жаппай ағылуы қарақалпақтармен, түрікмендермен, өзбектермен, башқұрттармен және қалмақтармен жерге таласқан дау-дамайларға алып барды. Қазақтардың Орал Қазақтарымен де, Батыс Сібірден орыстармен де өзара қарым-қатынастарын шиеленістіріп жіберді. Міне, мұның бәрі әбден әлсіреп, қожыраған Қазақ хандығын Ресей империясының оңай олжа ретінде отарлап алуымен аяқталды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет