Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы


Ерте темір дәуірі хронологиясы мен археологиялық мәдениет ескерткіштері



бет4/78
Дата13.05.2023
өлшемі0,81 Mb.
#92831
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78
Байланысты:
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ГЭК НОВЫЙ

Ерте темір дәуірі хронологиясы мен археологиялық мәдениет ескерткіштері.

Темір дәуірі – адамзат тарихында қола дәуірін алмастырған, аса маңызды әлеуметтік-экономикалық, саяси, демографиялық, технологиялық өзгерістерді дүниеге әкелген жаңа кезең. Бастаулары темір металын игерумен және оны кеңінен қолданумен сәйкес келетін бұл кезеңді ғылым тарихында «темір дәуірі» деген тұрақты атаумен белгілеуді алғаш рет 19 ғ-дың ортасында К. Томсен ұсынды. Біздің заманымыздан бұрын 1-мыңжылдықтың басынан осы заманға дейінгі кезең арасында темір адамзаттың заттық мәдениетінің негізі болып келді. Қазақстандағы темір дәуірінің басы б.з.д. VIII - б.з. VI ғасырларына жатады. Ал ерте темір дәуірінің хронологиясы: б.з.д. VIII - б.з.д. III ғ. Кейінгі темір дәуірінің хронологиясы: б.з.д. III - б.з VI ғ. Көптеген тайпалар үшін темірді ашу және кеңінен пайдаланудың бастапқы кезеңі б.з.б 8 ғасыр болды. Б.з.б 8-7 ғасырларда көптеген тайпалар үшін темірді ашу және кеңінен пайдалану оларға жаңа өзгерістер болды.Еуразия даласында темір игеру алғашқы қадам жасалған өңірлер Қазақстан мен Сібір өңірлері еді.
Археологиялық мәдени ескерткіштері
Сырдария, Талас, Шу жерлерінен сақтардың ескерткіштері көптеп табылды.Оңтүстік Қазақстандағы сақ тайпаларының ең көне ескерткіштері Түйіскен мен Ұйғарақ. Б.з.б 8-5 ғ Түйіскен мен Ұйғарақ ескерткіштері Арал теңізінің шығыс жағында салынды.Бұл оболарды қазу барысында үш қырлы жебе,ат ауыздық,ер тұрман және т.б бұйымдар табылды.Бұл ескерткіштерді Массагеттер тайпалары қалдырған.Жетісу жеріндегі сақ ескерткіштері Бесшатыр,Берел және Есік . Б.з.б 5-4ғ Бесшптыр обасы Желшалғыр тауының етегінде орналасқан.Бесшатыр қорымында 31 оба жиынтығы баржіне оны патша қорғандары депте атайды . Алматының күншығыс жағындағы Іле Алатауының баурайындағы жазықта 40-тан астам оба орналасқан ескерткіш Есік.Есік обасы б.з.б 5-4ғ салынған және ол жерден алтын киіммен жерленген сақ ханзадасы табылған.Есік обасынан 4000-нан астам бұйымдар және күміс табақша табылған . Ерте темір дәуірінде кездесетін археологиялық ескерткіштер олар обалар. Мысалға Арал төбе,Шілікті, Талды,Тақсай ханшайым обасы және т.б. Ерте темір дәуіріне жататын қалалар – Шірік-Рабат,Чигучен,Бәбіш-Молда.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет