Білім беру сапасын арттыру. «Болашақ» бағдарламасы. Болашақ — Қазақстан Республикасы Президентiнiң білім беру, санат жетілдіру мақсатында құрылған халықаралық стипендиялық бағдарлама. 1993 жылғы 5 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев қаулысымен «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды. Бұл бастама дарынды жастарға келешекте өздерінің жинақтаған тәжірибелерін мемлекет игілігіне пайдалану үшін шетелде сапалы білім алуға көмектесу идеясына негізделген. 1994 жылы бір топ қазақстандық студенттер тұңғыш рет шетелдік жоғары оқу орындарына жіберілді. Болашақ бағдарламасы шын мәнінде Қазақстанның болашағына үлкен оң өзгерістер әкелетін бағдарлама бола білді. Тәуелсіз Қазақстанның он мыңдаған азаматтары дамыған, алдыңғы қатарлы елдердің білімін үйренумен қатар қоғамдық озық тәжірбесімен жақын танысып, талдау жасау, салыстыру ұғымдарын жұмыс барысында қолданумен қатар, елдің даму қарқынының артуы мен жандануында мол үлестерін қосып келеді. «Ең үлкен инвестиция білімге салынған қаржы қағидасына сай, бұдан 28 жыл бұрын қолға алынған бағдарлама бүгінде өзінің жақсы нәтижелерін беріп келеді. Қазіргі Қазақстанның басқарушылары арасында көп деген министрлер, әкімдер, ұлттық компанияның топ-менеджерлер Болашақтың түлектері. Болашақ бағдарламасы тәуелсіздік алған Қазақстанның қоғамына үлкен серпіліс пен жаңашылдық алып келді. Шетелде оқуға ниетті жастар қатары артты. Ағылшан тілін білуге деген сұраныс қалыптасты. Елдің түрлі саласындағы даму үдерісі барысында «Болашақ» бағдарламасының түлектерінің үлесінің алдағы жылдарда да жалғаса беретіні айқын байқалады. 103. “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасы, мақсаты және негізгі кезендері. Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы — мәдени, экономикалық және әлеуметтік капитал, жалпы адамзаттық мәдениеттің құрылымдық бөлігі, этнос, қоғам, адам парасатының дамуы мен құрылуының бастауы, тарихи естеліктердің маңызды қоймасын жасау және қорғау бағдарламасы. Ежелгі тарихтың негіздерін бүгінгі күнмен қосатын жолды құрап, уақыттың үзіліссіз байланысын көрсететін қазіргі дау-дамайдағы адамзатқа қажетті көп қырлы қоғамның тарихи тәжірибесін зерттейді. Тарихи-мәдени мұрамен хабардар етіп, тек тарихты ғана емес, сонымен қатар болашақта болатын жағдайды баяндайды. Сондықтан да, Елбасымыз осыдан 15 жыл бұрын, яғни 2003 жылы сәуірде Қазақстан халқына жолдауында арнайы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырған болатын. Елбасының жолдауымен қабылданған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қазіргі Қазақстанның әлемдік өркендеуінің дәлелі. Бағдарламаның жүзеге асуын мәдениет, әдебиет, философия, тарих, этнография, және тіл білімі т. б. бойынша академиялық институттар құрылуынан, бағдарламаның тиімді жоспарларының орындалуынан көреміз. Ұлттық кітапхана елдің жоғары оқу орындарының бірі. Нұрсұлтан Назарбаев «Мәдени мұра» бағдарламасын мемлекеттің мәдениетіне қолдау көрсететін стратегиялық ұлттық жоба деп атаған. 104.