Байланысты: аза стан аума ында ы тас асырына атысты археологиялы ескертк
Қожа Ахмет Ясауи – 1093 жылы туылған түркістандықғұлама, әулие. Қожа Ахмет Ясауидің арғы тегі қожаларәулеті. Әкесі – Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұсашейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Мұса шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған. Кейбір деректердеҚожа Ахмет Ясауидың Ибраһим атты ұлы мен ГауhарХошназ (Жауhар Шахназ) атты қызының болғандығыайтылады. Қожа Ахмет Ясауидың ұрпағы негізінен осы қызынан тарайды.
Шыңғысханның негізгі мақсаты батыс елдерін Орта Азия мен иранды Таяу шығыс пен кавказды Шығыс европаны басып алу болды. Батыста Монголдар 1211 жылы алғаш рет Жетісу жеріне келгенімен ұзақ тұрақтай алмады.бұл жылы монгол әскерін Жетісуға Шыңғыс ханның қолбасшыларының бәрі Құбылай бастап келген болатын. 1216 жылыШыңғыс ханөзінің үлкен ұлы Жошыны қыпшақ даласында көшіп қонып жүрген меркіттерді біржолаға талқандауға аттандырды. Жошы Торғайдаласында қыпшақтарға қарсы 60 мың әскерімен жорыққа шыққан хорезмшах Мұхаммедтің қолымен кездесіп қалды. Екі жақкүні бойы шайқасты ал түнде монголдар жаққан оттарын қалдырған күйі кері шегініп кетті.
Монголдардың батысқа қарай жылжуы 1218 жылықайта басталды. Осы жылы қаңлы найман және керей тайпалары жайлаған жетісу жеріне алғашқы соққы берілді.Бұл кезде Жетісуды наймандардың Күшлік ханыбилеп тұрған еді.Оған қарсы Шыңғысхан өзініңтаңдаулы қолбасшыларының бірі жебені жіберді. Монголдар жергілікті халыққа ислам дінін жария түрдеұстауға рұқсат етіп Күшліктің мұсылмандарды қудалауына байланысты халықтың наразылығын тиімді пайдаланды. Сонымен қатар Жетісу халқын өз жағына тартуүшін Шыңғыс ханбұл өлкеде тонаушылық пен қырғынға тиым салды. Көптеген елді мекендер соның ішінде Баласағұн қаласы ұрыссыз берілді. Ал күшлікті монголдар Бадахшанда ұстап өлтірді.
Шығыс Түркістан мен Жетісудыбасып алғаннанкейн монголдарга Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияға жол ашылды. Бұл өңірге басып кіруге «Отырар апаты» деп аталатын оқиға сылтауболды. 1218 жылы жазда Шыңғысханның тапсырмасымен құрамында көпестері мен монгол барлаушылары бар барлыгы 450 адамнан тұратын 500 түйеге теңделген жүгі бар керуен Отырарға аттанды. Отырар билеушісі Қайыр хан көпестері жансыздар деп күдіктеніп оларды өлтіруге бұйырады.керуен тоналады. Бұған шамданған Шыңғысхан оның қарымтасы ретінде хорезмшах Мұхамедтен қайыр ханды ұстап беруді талап етіп елшілерін жібереді.ал хорезмшахтың келген елшілерді өлтіруі соғысқа сылтау болды.
Шыңғысхан Орта Азияны бағындыруға өз вассалдарының жасақтарымен қоса жалпы саны 150 мың адамы бар қалың қол жіберілді. Әскери жорық 1219 жылы қыркүйекте Ертіс жағалауынан басталды. Отырар қаласы қоршауға алынды.
29 сұрақ
Алтын орданың Еуразиясы империясы ретінде құрылуы
1227 ж. Шыңғысхан қайтыс болды. Ол өлгеннен кейін1235 ж. Қарақорымда өткен монғол ақсүйектерініңқұрылтай жиналысы Шығыс Еуропаға жаңа жорықжасауға шешім қабылдады. Монғол әскерлерінШыңғысханның мұрагер немересі, Жошының екінші ұлыБату басқаратын болды. Бату әскері 1236 жылы Камадағыбұлғарларды, мордваларды талқандап, 1237 ж. орысмекендеріне келіп шүйлікті. Рязань, Мәскеу, Владимир түбінде монғол әскерлерімен кескілескен ұрыстар жүрді. 1239 ж. басында монғол әскерлері Еділ өзенінің ту сыртынан орыс жеріне екінші жорыққа аттанды. Қызуұрыстар жүргізе отырып, монғолдар Перяславльқаласын, онан кейін Чернигов қаласын алып, оны өртепкүлге айналдырды. 1240 ж. күзінде Бату Киевтіталқандады, олар Польша, Венгрия, Чехияны және басқада елдерді басып алды. Батудың екпінді жорығыбарысында монғолдар кең байтақ жерге ие болды. Оныңшегі батыста - Днестрге, шығыста - Ертіске, Солтүстікте- Батыс Сібір ойпатына, Оңтүстікте - Солтүстік Кавказғадейін жетті. Бату иеліктерінің құрамына оңтүстік-шығыста Солтүстік Хорезм мен Сырдарияның төменгіжағындағы жерлер енді. Оңтүстік орыс княздіктері де Батуға тәуелді болды. Осындай аса зор мемлекет шығысдеректемелерінде Көк Орда, ал орыс жылнамаларындаАлтын Орда деп аталды. Астанасы алғашындаЕділ бойындағы Сарай Батуда болса, Кейін Сарай Беркегекөшірілді. Алғашында Алтын Орда деген ұғым болмаған. Бұл атау орыс деректерінде тек XVI ғ. аяғында пайдаболған. Өтеміс қажының «Шыңғыснама» шежіресіндебұл туралы аңыз бар. Территориялық аймағы – Шығыс Дешті Қыпшақ яғни Обь пен Ертістің жоғарғы жағынан, Еділ мен Амударияның төменгі бойларына дейінгі жері, Хорезм мен Батыс Сібірдің бір бөлігі, жаңадан жаулапалынған жерлер енді. Бату -1243-1255 жж., Берке -1257-1266 жж., Мөңке-Темір -1266-1280 жж., Төле Мөңке- 1280-1287 жж., Төле-Бұқа -1287-1291 жж., Тоқа-Темір-1291-1312 жж., Өзбек 1312-1342 жж., Жәнібек- 1342-1357 жж., тұсында қуатты кемеліне келіп, билігімейлінше күшейе түсті. Егер Жошы мен Бату Монғолиядағы ұлы ханға белгілі бір дәрежедебағынышты болса, Беркеден бастап Алтын Орда хандарыөздерін тәуелсізбіз деп есептеді. Ол БатысЕуропамен, Мысырмен, Кіші
Азиямен, Үндістанмен, Қытаймен сауда-саттық жүргізді, әр түрлі кәсіпшілікпен айналысып, қолөнерді дамытты. Беркенің кезінде Алтын Орда мен Египет сұлтаныБейбарыс арасында байланыс күшейе түсті. 1262 ж. Бейбарыс Алтын Орда ханы Беркемен өзара достыққарым қатынас орнату үшін өз елшісін жіберді. Мұнанкейін екі ел арасында әскери, сауда, діни, мәденибайланыстар орнады. Берке хан тұсында Алтын Ордағаене бастаған ислам діні кейін Өзбек хан тұсында үстемдінге айналды. 1312ж. Өзбек хан исламды Алтын Орданың мемлекеттік діні деп жариялады. Алтын Орданың гүлденген мезгілі осы Өзбек хан (1312-1342жж.) мен оның баласы Жәнібек ханның (1342-1357жж.) билік еткен тұстары болды. Өзбек хан қалаларда медресе салдырып, мұсылмен дінініңтаралуына септігін тигізді.
30 сұрақ
Ақ Орда - феодалдық мемлекет жылы Дешті Қыпшақ аумағында болған XIII ғасырдың ортасы- XV ғасырдың бірінші үштен бірі. Ақ Орда территориясы Алтын Ордаға тәуелділігі әлсірегендіктен бірте-бірте қалыптасты. Ақ Орда кіреді Шығыс шет Жушы ұлысы (сол қанат), Жетісудан, Жайық өзенінің шығысында және Арал теңізінің солтүстігінде және Сырдариядан басқа қазіргі Қазақстанның кең-байтақ аумағын қамтиды. Ақ Орданы Бату хан мен оның мұрагерлері басқарды. Батудың үлкен інісі Орда-Ежен әкесі Жошы-Көк Орданың Ертістің жоғарғы ағысында Алакөл көлінің маңында орналасқан резиденциясын алды. XIV ғасырдағы Ақ Орданың астанасы. Сығнақ қаласы болды.
Ақ Орданы түркі тілдес тайпалар мекендеген. Бұл аумақта қыпшақтармен қатар наймандар, үйсіндер, қарлықтар, керейттер, қоңыраттар, маңғыттар, арғындар, т.б.
Ақ Орданың бірінші ханы Сасы-Бұқаның сұлтаны болды, ол қайтыс болғаннан кейін оның ұлы Ерзен хан болды. Олармен бірге саяси тарих Ақ Орда Шығыс Дешті Қыпшақ территориясын Алтын Орда билігінен азат ету жолындағы күреспен сипатталады. XIV ғасырдың екінші жартысы мен XV ғасырдың бірінші жартысында. Ақ Орда хандары күшті көршілерімен соғысуға мәжбүр болды.
Моғолстан. 50-жылдардың аяғында. 14 ғасыр Шағатай ұлысы батыс және шығыс бөліктерге бөлініп, тәуелсіз мемлекеттерге айналды. Шығыс бөлігі Моғолстан деп аталды. Моғолстанға Шығыс Түркістанның бір бөлігі кірді. Айта кету керек, Моғолстанның шекарасы тұрақты болған жоқ. Шығыс Түркістан не Тимуридтер мемлекетінің құрамында болды, не қайтадан Моғолстан билеушілерінің қол астына өтті. Мырза Мұхаммед Хайдардың «Тарих-и Рашиди» кітабында Моғолстанның шекарасы былай болған: «Шығыс шеттері қалмақтардың жерімен шектеседі... Солтүстікте оның шекарасы Көкше-Тәңір (Балқаш), Бум және Қаратал бойымен өтеді. ; батыста Моғолстан Түркістан және Ташкентпен шектеседі; оңтүстігінде Ферғана, Қашқар, Ақсу, Чалыш, Тұрфан вилаяттарымен.
Моғолстан экономикасының негізі және халқының негізгі кәсібі көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы және жартылай отырықшы егіншілік болды.
Моғолстан жергілікті түркі және түріктенген моңғол тайпаларының мемлекеттік-саяси бірлестігі болды, олар жергілікті халықпен қосылып, этносаяси қауымдастық – «моғолдар» («моғол») құрады.Оларға дулат, барлас, бұлғағи, т.б. .
Ақ Орда 14 ғасырдың екінші ширегінен бастап Алтын Ордадан біржолата бөліне бастады. 14 ғасырдың екінші жартысынан бастап Алтын Ордада аласапыран төңкеріс басталды. 60-жылдары Сарай қаласында бір жылдың ішінде 4 хан ауысқан. Осы тартысты пайдаланған Ұрұс хан билікті қолына алып, мемлекетті нығайтты. Әмір Темір Тоқтамысты пайдаланып, Ақ Орда мен Алтын Орданы басып алуға тырысады. Ұрұс хан мен баласы Тоқтақия қайтыс болғаннан кейін Әмір Темір Тоқтамысты Ақ Орда тағына отырғызды. 1395 жылы Әмір Темір Тоқтамыстың орнына Ақ Орда тағына Қойыршақ оғланды (Ұрұстың баласы) хан етіп қойды.
Ақ Орда ханы Барақ Сырдария бойындағы қалаларды қайтару үшін әрекеттер жасады. Әбілхайыр Шайбани Ақ Орданың біраз жерін жаулап алып, өз хандығын құрды. Ал Ұрұс хан ұрпақтары 15 ғасырда Ақ Орда жерінде Қазақ мемлекетін құрды.
Ақ Орданың құрылуы.
Алтын Орда саяси дербестік алған бірнеше хандықтарға бөліне бастаған уақытта Қазақстан жерінде Ақ Орда деп аталатын жаңа мемлекет пайда болды. Ақ Орда – Қазақстан аумағында монғолдардан кейінгі құрылған алғашқы мемлекет. Орталығы – Сырдария өзенінің орта ағысы бойына орналасқан Сығанақ қаласы болды.
Жер аумағы.
1242 ж. Батый ханның Еуропаға жасаған 7 жылдық жаулап алу жорықтарына қатысып, монғол күштерінің сол қанатын басқарған Орда Ежен Алтын Орда мемлекетінің шығыс бөлігін Алтай таулары мен Ертіс, Жайық өзендерін, Балқаш көлін, Сырдария алқабы мен Арал теңізінің солтүстігіне дейінгі ұлан байтақ өңірді өз үлесіне алды.
Этникалық құрамы.
Ақ Орданың этникалық негізі бірыңғай еді. Оны құраған халық сол өңірде ежелден тұрып келе жатқан қыпшақтар, қоңырат, арғын, алшын, қаңлы, керей, үйсін, найман тайпалары.
Ішкі-сыртқы саяси жағдайы.
Батыс, Түрік, Түркеш, Қимақ, Қыпшақ дәуірінен басталған қазақ халқының өз алдына халық болып қалыптасуы осы Ақ Орда дәуірінде үздіксіз дамыды. Монғол шапқыншылығы аса ауыр зардаптар әкелгенімен халықтың дамуын тоқтатқан жоқ. Қайта қазақ тайпаларының бытыраңқылығын, өзара қырқысын толассыз қан төгісті жойып, оларды бір мемлекет Ақ Орданың қоластына топтастырды. Ақ Орда 240 жыл өмір сүрді.
XIV ғасырдың екінші жартысы.
Алтын Ордада аласапыран төңкеріс басталады. 60 жж. өзінде мемлекет астанасы Сарайда бір жыл ішінде 4 хан ауысады. Талас-тартысты пайдаланған Ұрұс хан Ақ Орда билігін өз қолына алады.
Ерзен хан тұсында Ақ Орданың қалалық мәдениеті дами түсті. Отырар, Сауран, Жент, Баршыкент сияқты қалаларда мешіт, медреселер салдырып, Сығанақ қаласын Орта Азия мен Шығыс Дешті қыпшақтың арасындағы басты сауда орталығына айналды.
Шаруашылығы.
Сығанақ қаласы тұрғындары жер диқаншылықпен, жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Көшпелі және жартылай көшпелі мал өсіруде Алтай, Ұлытау, Орал тауларының бөктерлері жазғы жайылым ретінде пайдаланылды.
31 сұрақ