Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштер ерте палеолит бөріқазған мен Шабақты. Орналасуы: Оңт. Қаз., Жамбыл об. Шақпақата мен Арыстанды. Орналасуы: Маңғыстау түбегі мен Қаратауда


КОКП ОК-ның Бас хатшысы М.С. Горбачевтың «қайта құру» саясаты



бет16/19
Дата18.05.2023
өлшемі386,49 Kb.
#94114
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
аза стан аума ында ы тас асырыны археологиялы ескерткіштер е

77. КОКП ОК-ның Бас хатшысы М.С. Горбачевтың «қайта құру» саясаты.


Қазақстандағы «қайта құру» саясаты (1985-1991 жж.).
Дағдарыс алдындағы қоғамның жағдайы
КСРО құрамындағы барлық одақтас республикаларда 1980 жылдан кейін аса күрделі жағдай басталды. Мұндай жағдай елдің әлеуметтік, экономикалық нышандарының жоқтығынан туып еді. 1985 жылы наурыз айында КОКП Орталық комитетінің Бас хатшысы болып М.С.Горбачев сайланды. Қызметінің алғашқы күнінен бастап елдегі дағдарыс жағдайының себептерін ашу үшін батыл шаралар жүргізіп, күн тәртібіне кадр мәселесін қойды. КОКП Орталық комитетінің саяси бюросы мен президиумы жасына келген қарт адамдардан құралды. 1982—1985 жылдарда Л. И. Брежнев, М. А. Суслов және У.Черненко қайтыс болды.[М. С. Горбачев экономикалық реформаны жүргізуді бастау үшін жас кадрларды тарта отырып, өз “командасын” жинады. Партия жөне мемлекет басшылығына көптеген жаңа адамдар келді. 1985 жылы 23 сәуірде КОКП Орталық комитетінің пленумы болды. Пленумда М. С. Горбачев баяндама жасап, социалистік қоғамды дамытудың жаңа міндеттерін белгіледі. Қоғамды түбегейлі өзгерту жөне өлеуметтік экономиканы дамытуды тездетуді тапсырды. Қоғамдағы адамдардың рөлін арттыра отырып, өндірісте төртіпті күшейту, еңбекке ынталандыруды жетілдіру көзделді. Өнеркәсіп салаларының құрылымын жаңарту, инвестициялық жүйені дамыту арқылы экономиканы модернизациялауға көп көңіл бөле отырып, машина жасау өнеркәсібін дамытуды 1,7 есеге арттыру міндеттерін белгіледі.[1].
Саяси саладағы белгілері
1. Басшылықтың өзгерістерді жүзеге асыру қажеттігін түсінуге қабілетсіздігі және дәрменсіздігі.
2. Қоғамдық өмірдің, экономикалық қызметтің, азаматтардың жеке өмірінің бір орталықтан басқарылуы.
3. Партиялық және мемлекеттік функциялардың бірігуі мен төрешілденуі.
4. Заңдылықтың бұзылуы.
5. Жариялылықтың болмауы.
Экономикалық салада дағдарыстың белгілері
- Шаруашылықты жүргізудің шығындық тәсілі.
- Ғылыми-техникалық және технологиялық прогресте артта қалушылық.
- Бақылаусыз басқару аппараты.
- Инфляция.
- Товар зәрулігі.
Әлеуметтік саладағы оның негізгі белгілері
- Халықтың тұрмыс деңгейінің нашарлауы.
- Теңгермешілдік.
- Әлеуметтік әділеттіліктің жиі бұзылуы.
- Күнделікті тіршіліктің бұрмалануы.
- Ұлтаралық қатынастардағы шиеленістер.
- Маскүнемдік, нашақорлық, ұрлық, парақорлық, жезөкшелік және коррупция.
Сонымен, КСРО қоғам дамуының жаңа бетбағытына мұқтаж жағдайда тұрды.
Қайта құру бағыты
Пошта маркасы
1985 жылғы наурызда Н.У.Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП ОК-нің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды. 1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды қайта құру бағыты жарияланды. М.С.Горбачев саясатының ұрандары: жариялылық жеделдету, қайта құру. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. Сонымен партия елде жаңару бағытына бастауға міндет алды. Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. Бұл бағыттың қияли болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғышқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Бұған Мәскеуде В.В.Гришин, Ленинградта Г.В.Романов, Қазақстанда Д.А.Қонаев, Әзірбайджанда Г.Әлиев сияқты басшылар кінәлі деп шешілді. Қайта құру бағыты мемлекетті сол кезде алғышарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай күннен күнге қиындай берді. Қайта құру бағытының қарама-қайшылығы. 1987 жылы қантар айында болып өткен КОКП ОК-нің Пленумында «Қайта құру және партияның кадр саясаты туралы» мәселе талқыланды. Қаулының кемшіліктері: 1. Дағдарыстың нақты себептерін көрсете алмады. 2. Жаппай өзгерістердің символына айналып, сөз жүзінде ғана салтанат құрды. 1987 жылғы маусым Пленумы басқару ісін түбірлі қайта құру мәселеріне арналды. Пленум әзірлеген құжаттар негізінде «Мемлекеттік кәсіпорын туралы заң» қабылданды. Бұл заңда тауар-ақша қатынастарының рөлі айқындалды. Мемлекеттік кәсіпорындар дербес тауар өндірушілер ретінде қарастырылды. Шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістерін меңгеруге көшуге негіз жасалды. Ұзақ мерзімді жоспарлау орнына мемлекеттік тапсырыстар жүйесі енгізілді. Алайда, бұл шаралар іске асырылмады. Қоғамның саяси құрылымдарын жаңартпайынша, шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістері нәтиже бермейтіндігі айқын болды. Халық шаруашылығындағы жағдай ауырлай түсті. Дүкен сөрелерінен күнделікті тұтынатын тауарлар жоғала бастады, азық-түлік түрлері нашарлады. 1988 жылғы маусым айында болған КОКП XIX Бүкілодақтық конфернцияда қоғамның әлеуметтік экономикалық жүйесіне талдау жасалып мынандай шешімдер қабылдады: 1. Саяси жүйеге реформа жүргізбейінше әлеуметік – экономикалық өзгерістер жасау мүмкін еместегін мойындау.
2. Демократияландыру мен жариялылық.
3. Төрешілдікке қарсы күрес.
4. Халықтық реформа жүргізу.
5. Әлеуметтік әділеттік ұстанымдарын жүзеге асыру.
Осыдан кейін қайта құруды жүргізу үшін ең алдымен саяси жүйеге реформа еңгізу керек болды.[2]
Қоғамның саяси және әлеуметтік өміріндегі қайшылықтар мен кемшіліктер.
80-жылдарға қарай халық шаруашылығын жоспарлауындағы және өндіргіш күштерді орналастырудағы әміршіл-әкімшіл жүйенің жіберген кемшіліктері мен қайшылықтарының нәтижесі тоқырау құбылыстарын тұғызды. Республика шикізат көзі ретінде қала берді. Рухани идеологиялық өмірде отарлау жүйесінің толық ықпалында болды. Ғылым мен ағарту саласын қаржыландырудың «қалдықты» ұстанымы сақталды. Ұлттық мәдениет, салт-дәстүрлер, тіл өте ауыр жағдайға тірелді. Тек қана 1954-1986 жылдар аралығында қазақ тілінде білім беретін 600-ге жуық мектеп жабылды. Қазақ тілінің қолдану аясы өте тарылды. Сол кезде билікте отырғандарды тіл тағдыры толғандырмады. Аса маңызды мәселелердің барлығы тек Москвада ғана шешіліп отырды. Республикалар егемендегі сөз жүзінде ғана болды. Қазақстан партия басшысы Д.Қонаев (1912-1993 жж.) өз жұмысында көптеген кемшіліктерге жол берді. Д.Қонаевтің өзіне республика халықтарының арасында табынушылық пайда болды. Оның маңындағылар республикадағы күрделі әлеуметтік-экономикалық, рухани, экологиялық жағдайларға немқұрайды қарады.
77. 80-ші жылдардың ортасында Кеңес Одағы экономикалық, әлеуметтік және саяси терең дағдарыстарға тап болды. Қоғамды барлық жағынан оның экономикалық және рухани негізін, әлеуметтік өмірін, саяси құрылымын жаңарту қажеттілігі туындады. Сонымен қатар Кеңестер Одағының құрамындағы ұлттық республикаларда Мәскеудің озбырлық саясатына қарсы наразылықта өрши түсті. Бұл әсіресе Балтық жағалауында орналасқан Эстония, Латвия және Литва елдерінде анық байқала бастады. Орталықтың жүргізіп отырған «интернационализм» саясатының шын мәнінде ұсақ ұлттарды, олардың тілі мен мәдениетін құртуға бағытталғаны сынға алынды. Кеңес өкіметі қанша жерден демогогиялық ұрандарды жамылсада, орталықтың тек орыс ұлтының қамын ойлайтыны белгілі болды.1985 жылы наурызда К.У.Черненко қайтыс болғаннан кейін, КОКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды. Орталық Комитеттің 1985 жылы сәуірдегі Пленумында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету мәселесіне сәйкес эконмикалық құрылымды ғылыми-техникалық прогресс негізінде қайта құру бағыты жарияланды. Бұл кезең жеті жылға созылды, ол тарихта «қайта құру» кезеңі деп аталды. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның ХХVІІ съезінде мақұлданды. Сонымен партия елді жаңару бағытына бастауға міндет алды. Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. Бұл бағыттың қияли болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғашқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Бұған Мәскеуде В.В.Гришин, Ленинградта Г.В.Романов, Қазақстанда Д.А.Қонаев, Әзірбайжанда Г.Әлиев сияқты басшылар кінәлі деп шешілді. Қайта құру бағыты мемлекетті сол кезде алғышарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай күннен-күнге қиындай берді. «Қайта құру» тұжырымдамасы ұлт мәселесін де одан әрі шиеленістіре түсті. Қазақстанда Одақтың барлық жерлеріндегі сияқты басқару ісінде жағымпаздық, парақорлық, рушылдық, жершілдік және тағы басқа көптеген келеңсіз құбылыстар кеңінен орын алды. Бұл жылдары ұлт саясатында, әлеуметтік-экономикалық және кадр мәселелерінде көптеген ауытқушылыққа жол берілді. Жалпы барлық кеңес қоғамы үшін бұл кезде қоғамдық ойдың мәні өзгеріп, сөз бен істің арасында алшақтық, қайшылық кең өріс алды. Кадр мәселелерін шешу партия комитеттерінің тек бірінші басшыларының айтуымен, солардың таңдауымен жүретін болды. Коммунистік партия ұлтсыздандыру, аз халықтарды мәңгүртке айналдыру, одан кейін орыстандыру саясатын ашық жүргізген еді.
Ал қазақ елі болса тоталитарлық қоғамдағы өзгерістерге үлкен үмітпен қарады. Отаршылық бұғаудан босайтынына сенді. Алайда 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғалары қоғамдық өмірдің барлық жақтарын демократияландыру идеясы сол күйінше қиял болып қалғандығын көрсетті. М.С.Горбачев бастап КОКП ОК жария қылған «қайта құрудың» шеткері өлкелерге, аз ұлттарға арналмағаны белгілі болды.
1986 жылдан бастап Мәскеуде республика басшылығының атына, Қазақстан КП ОК-нің 1-хатшысы Д.А.Қонаевтың жеке басына қарсы сындар айтыла бастады. Бәрі де билік басындағылардың ауыстырылуының қажеттілігін түсінді, алайда бұл демократиялық жолмен іске асады деп күтілді.
1986 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Компартиясының ОК Пленумында Д.А.Қонаев қызметінен босатылды. Қазақстанға жаңа басшылыққа, сол кезде Грузия Компартиясы ОК-нің екінші хатшысы болып істеген Г.В.Колбин тағайындалды. Сонымен, тоталитарлық режимнің ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрімен Қазақстанды кім басқару керектігі туралы мәселе шешілді. Бірақ ол республиканың ұлттық мүддесімен санаспағандықтан бұл шешім батыл қарсылыққа тап болды.
1986 жылы 17 желтоқсан күні таңертең Алматыда жастар бұл қабылданған шешімге қарсы екендігін білдіріп, бейбіт шеруге шықты. екі күнге созылған бұл оқиға тарихқа «1986 жылғы алматыда болған Желтоқсан оқиғасы» деген атпен енді. Студент және жұмысшы қазақ жастары әрбір ұлтты өз көсемі, өз басшысы басқару керек екендігін айтып, пленумның шешімін өзгертуді талап етті. 17-18 желтоқсандағы қайғылы оқиғалардың барысында бірнеше адам қаза тауып, көптеген адамдар жарақат алды. Бейбіт шеруді қуып тарату жөніндегі хабар бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірді, Республиканың көптеген қалаларында жастардың осындай бас көтеруі болды, олар да қатал басып жаншылды. 900-дей адам әкімшілік жазаға тартылып, тек Алматының өзінде 264 адам жоғары оқу орындарынан шығарылды. Оқиғаға қатысқан 319 адам жұмыстан қуылды. 52 адам партиядан және 758 адам комсомол қатарынан шығарылды. 1400-ге жуық адам комсомолдық және партиялық сөгіс алды. Ішкі істер органдарына 1200 адам, транспорттық және медициналық мекемелерден 300-ден астам адам қызметтен шығарылды. 12 жоғары оқу орындарының ректорлары орнынан босатылды. 8500 адам ұсталып, 99 адам сотталды, солардың ішінде Қ.Рысқұлбеков пен М.Әбдіқұлов ату жазасына кесілді.
Желтоқсандағы бас көтеруге тікелей себеп, бұрын республикаға беймәлім партия қызметкері Г.В.Колбиннің Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып тағайындалуы ғана емес еді. Қазақстанда ұлттық, саяси, әлеуметтік және экономикалық түйінді мәселелер қордаланып қалған болатын.
Қазіргі уақытта 1986 жылғы көтеріліске қатысқандардың көпшілігі ақталды. Желтоқсан оқиғасы қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің жаңғыруына әсер етті, қазақ халқының ұлттық ар-намыс туралы түсініктерін күрт өзгертті. 1987 жылдың соңында Мәскеуде М.С.Горбачевтың «қайта құру» саясатының екіжүзділігі, демократия заңдылықтарына қарсы жүргізіліп жатқан істері туралы Борис Елциннің пікірлері орын ала бастады. Осы кезеңде әсіресе КОКП-ның төрешілдік-тоталитарлық дәстүрлері сыналды, сонымен бірге құқықтық реформаларды жүргізу қажеттілігі айтылды. Ресейдің орталық өлкелерінде, Кеңес Одағының батысындағы республикаларда репрессия құрбандарын ақтау өріс алды. Осы үрдіс біртіндеп Қазақстанды да қамти бастады.1987 жылы «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» Заң қабылданды, соған сәйкес мемлекеттік кәсіпорындар шаруашылық есепке көшті, өз шығынын өзі өтеп, өзін-өзі қаржыландыратын болды. Кейбір ірі кәсіпорындарға сыртқы нарыққа шығуға рұқсат етілді. Сол жылы «Жеке еңбек қызметі туралы» Заң қабылданды.ХІХ Бүкілодақтық партия конференциясынан кейін (1988 жылдың жазы) саяси реформалар басталды. Реформа жаңа өкілетті және атқару биліктері жүйесін өмірге әкелді: халық депутаттарының съезі, КСРО президенті, КСРО Жоғарғы Кеңесі. 1990 жылы өткізілген КСРО халық депутаттарының үшінші съезінде КСРО-ның бірінші және ең соңғы президенті болып М.С.Горбачев сайланды. 1988-1991 жж. КСРО-ның сыртқы саясатында да түбегейлі өзгерістер орын алды.Қорыта келгенде, ХХ ғасырдың 70-80 жылдары қоғамдық-саяси өмірдегі және әлеуметтік-экономикалық дамудағы теріс құбылыстар одан әрі өсіп, қоғамдағы қайшылықтар мейілінше шиеленісе түсті. 1985 жылдан басталған қоғамдық-экономикалық өмірді қайта құру, горбачевтік социализмді «жаңарту» әрекеттері ешқандай оң нәтиже бермеді, КСРО-ны төніп келе жатқан терең дағдарыстан құтқара алмады және құтқара да алмайтын еді. Керісінше, кеңестік әкімшіл-әміршіл жүйе тоқырауға ұшырап, қоғамның барлық салаларын қамтыған дағдарыс одан әрі тереңдей түсті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет