Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштер ерте палеолит бөріқазған мен Шабақты. Орналасуы: Оңт. Қаз., Жамбыл об. Шақпақата мен Арыстанды. Орналасуы: Маңғыстау түбегі мен Қаратауда


жылғы тамыз бүлігі және КСРО-ның ыдырауы



бет18/19
Дата18.05.2023
өлшемі386,49 Kb.
#94114
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
аза стан аума ында ы тас асырыны археологиялы ескерткіштер е

79. 1991 жылғы тамыз бүлігі және КСРО-ның ыдырауы
Тамыз бүлігі (орыс. Августовский путч), кейде Тамыз төңкерісі — Кеңес Одағы Коммунистік партиясының жақтастарының сол кездегі Кеңес Президенті және Коммунистік партияның Бас хатшысы болған Михаил Горбачёвтан ел билігін күшпен тартып алудың сәтсіз әрекеті. Төңкеріс жетекшілері жоғары әскери және азаматтық шенеуніктерден, соның ішінде вице-президент Геннадий Янаевтан тұрды, олар бірге Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комитетті (ГКЧП) құрған. Төңкеріс жасау Горбачёвтың Қырымдағы демалысы кезінде орындалған және сәтсіз аяқталды.
1985 жылы билікке Михаил Горбачев келуімен бірге елде саяси-экономикалық реформалар басталды. Кеңес жүйесін реформалауға тырысу КСРО-ны дағдарысты жағдайға алып келді. Халықтың саяси белсенділігі бірден көтеріліп, ұлттық партиялар мен қозғалыстар пайда болды. Қазақстанда (қ. Желтоқсан көтерілісі), Балтық теңізі жағалауы елдерінде, Кавказ республикаларында халықтың жаппай бас көтерулері болып өтті. Экономика тұралап қалды, шахтерлердің, кеншілердің, мұғалімдер мен студенттердің, дәрігерлердің үкіметтің саясатына қарсы ереуілдері басталды. Кертартпа күштердің 1991 жылы тамызда мемл. төңкеріс жасау әрекеттері сәтсіздікке ұшырады. Кеңес Одағының бұдан әрі өмір сүруі мүмкін болмай қалды. 1991 жылы желтоқсанда Минск қаласында КСРО-ның бастапқы құрылтайшылары болған одақтас республикалар Беларусь, Ресей, Украина басшылары өздерінің КСРО-ны тарататындықтарын жариялады (қ. Беловеж келісімі). Сөйтіп, КСРО өзінің өмір сүруін тоқтатты. 1991 жылы 21 желтоқсанда бұрынғы КСРО республикалары Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан, Украина Алматы қаласында өздерінің Тәуелсіз мемлекеттер Достастығын құратындықтары жөніндегі декларацияға қол қойды.[2]
ТМД-ның кұрылуы жэне оның кұрылымы.
1991 ж. 12 маусымда өткен Ресейдегі тұңғыш президент сайлауында жеңіске жетті. Әйгілі тамыз бүлігін (19 — 21 тамыз, 1991) басуда шешуші рөл атқарып, Кеңес Одағының ыдырауын, оны ұстап тұрған жетекші партия КОКП-ны биліктен аластауды жеделдетті (қ. Тамыз бүлігі). 1991 ж. 8 желтоқсанда өткен Беловеж келісіміне Беларусь, Украина республикалары басшыларымен бірге қол қойып, Кеңес Одағының ыдырауын рәсімдеді (қ. Беловеж келісімі). Тәуелсіз мемлекеттер достастығының, Кеден одағының (қ. Еуроазия экономикалық одағы) негізін қалауға үлес қосты. Ресей президенті қызметін атқарған жылдары бірнеше рет ресми сапармен Қазақстанда болып қайтты. Екі жақты қарым-қатынасты дамытуға сіңірген еңбегі үшін 1998 ж. ол Қазақстанның ең жоғары наградасы “Алтын Қыран” орденімен марапатталды. ы. Ресейде 1996 ж. 3 шілдеде өткен кезекті президент сайлауында қайта сайланды. 2000 ж. 1 қаңтардан бастап президенттіктен өз еркімен кетті КСРО ның ыдырауы және ТМД ның құрылуы. 1991 жылдың желтоқсаны ірі оқиғаларға толы болды.Олардың ең бастысы КСРОның ыдырауы.Желтоқсанның 8 күні Минскіде бас қосқан үш славян мемлекетінің басшылары өзара келісіп,1922 жылғы КСРОны құру туралы шарттың өз күшін жойғаны туралы жариялады. (Беловеж келісімі). Талқыланған негізгі мәселелердің тағы бірі келісімшартты жою, Тәуелсіз Мемлекеттер Достығын құру. Бас қосуда осы мәселелер туралы қағаздарға қол қойылды. Бұл кездесуге Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев та, басқа Ортаазиялық республикалардың басшылары да шақырылмады. Осылайша дүниежүзіндегі аса ірі отаршыл империялардың соңғысы Кеңес Одағы құлады. Соның нәтижесінде Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Латвия, Литва, Молдава, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Украина, Эстония мемлекеттері ғасырлар бойы аңсаған бостандыққа қол жеткізді. 1991 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан, Өзбекстан, Қыргызстан, Туркіменстан, Тәжікстан басшылары Ашхабадта бас қосты. Орта Азия мемлекеттерінің басшылары Минск (Беловеж келесімі) шешімін қолдайтындықтарын білдірді. 1991 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Туркіменстан, РСФСР, Украина, Белорусь, Армения, Молдова Алматыда бас қосты. Оған Грузия бақылаушы есебінде ғана қатысты. 1991 жылы 21 желтоқсанда аталған 11 республиканың басшылары КСРО-ны ыдыратып, ТМД-ны құру туралы келісімге қол қойды.. Елді Путин басқарғалы басты олжасы – отаншылдықтың орасан артқаны. Путин Ресейдің біртұтастығын сақтауды салған беттен қатты қолға алды. Ол 2000 жылғы 26 наурыздағы президент сайлауынан кейін өз қызметіне ресми түрде 7 мамырда кірісті. Іле-шала 13 мамырда Путин жеті федералдық округ құру туралы ұсыныс жасап, ол округтарға өзінің өкілетті өкілдерін тағайындады, сөйтіп өңір басшыларына өзінің ықпалын күшейтті. Араға 10-ақ күн түскенде, 17 мамырда Парламенттің жоғарғы палатасын жасақтаудың жаңа тәртібін енгізді. Оған дейін Федерация Кеңесі губернаторлардан құралатын, губернаторлар әрі орындаушылық, әрі заң шығарушылық құқықтарға ие болатын, енді олар Федерация Кеңесіне өз өкілдерін жіберетін болып белгіленеді. Сол күні Путин Орталық пен федерация субъектілерінің қарым-қатынасына байланысты тағы бір маңызды бастама көтереді, оның мәні негізінен өңірлік лидерлердің орынсыз дабырайтылған ықпалын кемітуге тірелетін. Бұл жолда Путин ештеңеден тайынған жоқ. Тіпті 2004 жылдың күзінде Бесланда болған лаңкестік шараны да өз мақсатына пайдалана білді: бірнеше күннен кейін-ақ Мемлекеттік Думаға губернатор сайлауларынан бас тарту туралы заң жобасын енгіздірді, губернаторлар есін жиып үлгергенше депутаттар заңды қабылдап та жібереді. Путин билікке келісімен-ақ басталған екінші чешен соғысы оның алған беттен қайтпайтынын анық көрсетті. Дубровкадағы Театр орталығында лаңкестер көрермендерді кепілдікке алып, қойылған шартқа келіспей тұрған тұста, тіпті, әлеуетті күштер театр залына улы газ жіберіп, лаңкестермен бірге залда қалған санаулы көрермендерді де амалсыз құрбандыққа шалуға дейін барды. 2005 жылғы 13 қарашада Нальчиктегі бүлікті қанға бөктіріп басу, 2005 жылғы 8 наурызда Аслан Масхадовтың, 2006 жылғы 10 шілдеде Шәміл Басаевтың көзін жою енді Ресей жерінде Буденновск қырғыны сияқты масқара жағдай, Хасавюрт келісімі сияқты шегініс болмайтындығын бүкіл әлемге ашық айттырды. Мемлекеттік Дума тиісті заңға қаза тапқан лаңкестердің денесін жер қойнына тапсыру үшін туған-туысқандарына беруге тыйым салатын түзетулер енгізді. Батыстағылардың адам құқы деп, жариялылық деп, сөз бостандығы деп шу көтергендеріне қарамай, Путин әкімшілігі Кавказдағы соғыс тақырыбын бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетуге, жазуға іс жүзінде тыйым салды. Бұл орайда соғыс жағдайында БАҚ-тардың мүмкіндігі мемлекет тарапынан шектелетіндігі жөніндегі халықаралық құқық нормалары ептілікпен пайдаланылды. Осыдан сегіз жыл бұрын лаңкестер Дағыстанға басып кіріп, Ресейдің әр жеріндегі қалаларда үйлерді жарып жатқан еді. Бүгінде елдің ыдырауы толық тоқтатылды, Солтүстік Кавказдағы соғыс өрті өшірілді, Чешенстан федерацияның толыққанды субъектісіне айналды. Елді әкімшілік-территориялық және саяси орталықтандыру мәселесінің шешілуі Президентке бүкіл билікті біржолата бергізді әрі оның жауапкершілік жүгін де күрт арттырды. Федерациялық Ресейдің бұл жолдан бас тартуы унитарлық Қазақстанның жағдайында ел тағдырына эксперимент жасауға тіпті де болмайтынын анық ұғындырып берді.
Путин елді басқарған алғашқы жылдардың өзінде билікті меншіктеуге тыйым салынды, билік олигархтар қолынан алынды, сөйтіп, халықтың мемлекетке сенімі қалпына келтірілді. Путин ақпараттық империялардың олигархтарға тәуелділігі жағдайында ешқандай да мемлекеттік идея көңілдегідей жүзеге асырылмайтынын әуел бастан-ақ айқын ұғынады. Ол істі Ельциннің тұсында қолға алмауының өзінен Путиннің ақылы мен айласы, арыны мен абайлағыштығы қатар жүретін сұңғыла саясаткерлігін көреміз. Ельцинді екінші рет таққа отырғызуға барын аямаған Борис Березовскиймен бетпе-бет келу Борис Николаевичке қарсы шығудай қабылданар еді. Чешенстандағы террорға қарсы операцияларды көрсетуге байланысты қойылған шектеулерді бұзған, Путиннің өзінің қадірін кетіруге арналған хабарлар дайындаған арналардың иелері – В.Гусинский мен Б.Березовский бірінен кейін бірі шетелге қашуға мәжбүр болады. Қалың қалталылардың саясатқа сұғынуы қандайлық қатер екенін анық білетін Путин келесі соққысын ЮКОС-тың иесі М.Ходорковскийге бағыттады. Ресей сарапшыларының жазуына қарағанда, Ходорковский 2003-2004 жылдардағы сайлау науқаны кезінде Думаға өтетін партияларды қаржыландыра бастаған. Қалай дегенде де, Путин өз оппоненттерін материалдық ресурстардан айырудың құқықтық тетіктерін дәл таба біледі. Ондаған миллиард долларлық жеке байлығы бар Гусинскийдің де, Березовскийдің де, Ходорковскийдің де табиғи монополияларындағы қисапсыз қаржының қайнар көзі жекешелендірудегі жөнсіздік екенін дәлелдеп, Ходорковскийді қамауға алып, артынша ЮКОС-ты қайта жекешелендіру Кремльдің ақшалы алпауыттармен айқасындағы айтулы жеңісіне айналды. Путин оларды еврей ұлтының өкілдері ретінде қудаламай, заңды белден басып байыған тойымсыздар ретінде қудалайды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет