Қазақстанның балды өсімдіктері (тұқымдасы, морфологиялық сипаттамасы, ареал, экология, химиялық құрамы,қолданылуы). Қазақстанда табиғи аймақтар: орманды, далалық, шөлейт және шөл, ал шығыстағы және оңтүстік шығыстағы биік тау сілемдері тағы бір аймақ-биіктік аймағын құрайды. Жердің теңіз бетінен биіктеуіне байланысты өсімдік белдеулері де ауысып отырады. Табиғи аймақтар алуан түрлі балды өсімдіктердің түрлеріне бай. Балды өсімдіктер – гүлінен бал арасы шірне, тозаң жинайтын жабықтұқымды өсімдіктер тобы. Өсімдік гүліндегі шырын шығаратын алуан түрлі бездер өсімдіктердің гүлінде, кейде тостағанша және күлте жапырақшаларында орналасады. Ал ондай бездер өсімдіктің сабағында, жапырақ сағақтарында, бөбешік жапырақтарында және гүлжапырақтарында сирек кездеседі. Бір гүлден бөлінетін бал мөлшері өсімдік түріне қарай әр түрлі болады. Мыс., тропикте өсетін Coryanthes туысына жататын орхидея 30 г, жөке ағашы 0,15 – 7,45 мг, таңқурай 14 мг, түйежоңышқа 0,16 мг бал түзеді. Кейбір өсімдіктер (терек, шие, т.б.) шайыр тәрізді зат бөледі, одан аралар бал ара желімін (прополис) түзеді. Гүлінің шірнесі мол әрі оны бал арасы оңай алатын 200-ден астам түрінің омарта ш-нда маңызы зор.
1)Бақбақ (лат. Taraxacum) – астралылар тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанда 59 түрі бар, оның 23-і сирек кездесетін эндемик өсімдіктер болып саналады. Ең көп тарағандары: дәрілік бақбағы (T. offіcіnale), көксағыз бақбағы (T. kok-saghyz). Олар шалғынды, көгалды жерлерде, жол жиегінде, тау бөктерлерінде өседі. Биіктігі 4 — 30 см-дей, сабағы қуыс, жапырақсыз, тықыр, сүтті шырынды болады. Жапырақтары қауырсын пішіндес, жиегі тегіс, тамыр мойнына айнала шоғырланады. Гүлдері қос жынысты, сары түсті, тостағанша дөңгеленіп сабақ ұшында орналасады. Сәуір — мамыр айларында гүлдейді, мамыр — маусымда жеміс береді. Жемісі — дәнек, ол желмен тарайды. Бақбақтың тамыры мен сабағы дәрілік мақсатқа қолданылады, сондай-ақ, мал азығына, тағамға пайдаланылады.Бақбақтың жапырақтарында каротиноидтық заттар. С және В2 витаминдері бар, ал тез сіңетін кальций, фосфор, темір, магний, марганец тұздарының көптеген жапырықты көкөніс- тердегінен көбіне асып түседі. Жапырақтарынан және гүл сабақшаларынан қант ― инозит табылған. Тамырлары мен жапырақтарындағы сүтсымақта шырыш және ащы зат ― глико- зид тараксацин бар. Тамырларында крахмалдың орнына, әсіресе күзде, 25% дейін инулин жиналады. Жапырақтарындағы ашқылтым дәмінен құтылу үшін жапырақтарды әбден ағарғанға дейін сабанмен бүркейді, немесе жапырақтың кесінділерін 30 мин тұзды суда ұстайды, аш- қылтым дәмі қайтқанда және қуырғанда кетеді. Тағамға, әсіресе көктем кезінде, маринадталған гүл сабақшаларын да пайдаланады, ал қуырған тамырларын кофе орнына ішеді. Емдік мақсатқа жапырақтары мен тамырларының сөлін тәбет ашатын,асқортуды жақсартатын және қан тазартатын дәрі ретінде пайдаланады. Бақбақтан істелген тағам бауырды жақсартады және зат алмасуды дұрыстайды деген ұйғарым бар. Әр түрлі халықтың медицинасында тамыр мен құрғақ шөптің қайнатпасын асқазанның әр түрлі ауруларына, өт айдайтын,іш босататын, қақырық түсіретін дәрі ретінде, сондай-ақ май толық сіңбегенде қолданады.Атеросклерозды, анемияны емдеуге де болады.Тамырдан істелген ұнтақтар әр түрлі тері ауруларына және пигмент дақтарын кетіруге пайдаланады.
2)Көк гүлкекіре (лат. Centaurea cyanus) астралылар тұқымдасының гүлкекіре туысына жататын арам шөп. Зембілге жиналған гүлдерінің шетіндегілері үлкендеу, көгілдір түсті (өте сирек болса да ақ және қызғылт түстілері де кездеседі) келеді. Көккекіренің біржылдығы да, екіжылдығы да, болады. Биіктігі-30-60 см. Бұтақты болып өседі.Бұл республикамыздың Орал, Ақтөбе, Қостанай, Семей және Шығыс Қазақстан облыстарында кең таралған. Қай жерде кездессе де шашыранды және сирек өседі.Дәрі мақсатында бүкіл жер үстіндегі бөлігі мен гүлдері пайдаланылады.Көккекіре гүлдерінде - бояулы заттар, цианин глюкозиттері, ащы глюкозидтер, ценаурин, немесе кницин, цикорин глюкозиді, минералды тұздар болады.
Көккекіре гүлдерін несеп жүргізетін, қызба ауруларыен сырқаттанғандардығ қызуын төмен түсіретін дәрі ретінде оның гүл желектерінен тұнба жасап ішеді. Несеп-жыныс органдарының қабынып ауруларына көккекіре желегін ырғай тамырына, жүгері қауызына, қайың бүрлеріне, ошаған шөбіне қосып пайдаланады. С.С. Сахобиддиновтың деректері бойынша (1948) кекіре жапырақтарынан жасалған тұнбаны безгек ауруына қарсы ішеді, ал тамырдан жасалған препаратын шеменге қарсы пайдаланады.