«Қазақстан биоресурстары» пәнінен емтихан сұрақтары А


Қазақстанның бояуы бар өсімдіктері (тұқымдасы, морфологиялық сипаттамасы, ареал, экология, химиялық құрамы



бет30/69
Дата22.05.2022
өлшемі200,65 Kb.
#35318
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   69
Байланысты:
толық емес биоресурс (копия)

Қазақстанның бояуы бар өсімдіктері (тұқымдасы, морфологиялық сипаттамасы, ареал, экология, химиялық құрамы, қолданылуы).


Бояғыш өсімдіктер – тамыры, сабағы, жапырағы, гүлі, тұқымы мен ұлпаларында (діңі, қабығы) бояуыш заттар түзілетін өсімдіктер. Б. ө-дің түрі өте көп. Мыс., күнбағыс қабығынан (тек «Гигант» сортынан) мақта бояйтын қоңыр бояу, дәнінің майынан олиф дайындалады, сабағы мен жапырағынан хим. ерітінділердің көмегімен бояу алынып, айна өндірісінде қолданылады. Қоянсүйектің тамыры мен сабағынан алынатын сары бояумен жүн және мақтаны бояйды. Мұндай жүннен кілем, киіз, алаша тоқылады. Жүзгіннің сабағынан қасық, ожау жасайды да, тамырында илік зат – танин болады. Одан қызыл күрең бояу дайындалып, мұнымен тері бояйды. Адыраспанның қауашағынан қызыл күрең бояу дайындалып, онымен мақта, жүн маталарын бояйды. Шыршаның қабығынан дайындалған ерітіндімен тері иленеді де, оның тамырынан дайындалған бояумен тері бояйды, смоласын (қарамайын) қайыққа, телеграф бағаналарына жағады. Еменнің қабығынан дайындалған ерітіндімен иленген тері жұмсақ болады әрі оның бояуы кетпейді. Тал мен қайың қабығынан жүн бояйтын қоңыр бояу, қынадан шаш, тырнақ бояйтын бояу; тарандар тұқымдасына жататын бояулы таран, қазоты, атқұлақ дәнінен мақта бояйтын қызыл күрең бояу дайындалады. Б. ө-ден алынатын бояу, тағамдық, косметик. заттар өндіру жұмысында пайдаланылады. Б. ө-ден жасалған бояулар өте сапалы және қанша жуылса да кетпейді, өңбейді


Қазақстанның витаминді өсімдіктері (тұқымдасы, морфологиялық сипаттамасы, ареал, экология, химиялық құрамы, қолданылуы).

Витаминдік өсімдіктер – құрамында витаминдер болатын өсімдіктер. В. ө. құрамында витаминдермен қатар, олардың провитаминдері де болады. Олар азықпен бірге организмге түскеннен кейін, қажетті витаминге айналады. Мыс., өсімдікте А витамині болмайды. Бірақ кейбір өсімдіктер құрамында болатын А провитамині – каротин организмге түскеннен кейін А витаминіне айналады. Сондай-ақ D провитамині – эргостерин организмге түскеннен кейін D витаминіне айналады. А витамині сәбіз, қымыздық, көк пияз, капуста, қызанақ, өрік, алхоры, итмұрын, беде, жоңышқа, бидайық, т.б. өсімдіктердің құрамында болады. В тобына жататын витаминдер ашытқыда, жеуге жарамды саңырауқұлақтарда, көптеген өсімдіктердің (пияз, капуста, т.б.) жасыл жапырақтарында, астық дақылдарының ұрықтарында болады. С витамині (аскорбин қышқылы) өсімдіктердің барлық түрінің жапырағында, кейбіреуінің жемістерінде (мыс., итмұрын, қарақат), картопта болады. D витаминінің негізгі көзі – стерин өсімдіктердің бәрінде бар. Ол әсіресе саңырауқұлақтарда көп болады. Е витамині (токоферол) көптеген өсімдіктерде бар, әсіресе, астық дақылдарының ұрықтарында көп болады. К витамині (филлохинон), негізінен, бедеде, капустада, сәбізде, асқабақта, Р витамині итмұрында, цитрус жемістерінде, қарақұмықта, т.б. болады. Өнеркәсіпте ВВ және РР витаминдерінің концентраттары негізінен астық дақылдарының ұрықтары мен ашытқыдан алынады. Қазіргі кезде таза витамин препараттары синтездік әдіспен де алынады.


Итмұрын (лат. Rōsa) — раушангүлдер тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын бұта не шырмауық көпжылдық өсімдіктердің тегі.Биіктігі 2 метр. Бұталары тікенекті. Итмұрын жер шарының қоңыржай және субтропикалық аймақтарының барлық жерлерінде өседі. 500-ге жуық түрі бар. Табиғатта таулы-тасты жерлерде, беткейлерде, орманда, су жағалауында өседі. Табиғи түрі Қазақстанның барлық тау бөктерлерінде өседі. Итмұрынның екпе түрлерінің барлығын дерлік раушан (роза) деп атайды. Халық арасында итмұрынның «жабайы раушан» деген атауы кеңінен қолданылады. Итмұрынның гүлі ақ, қызғылт, сары түсті, диаметрі 4-6 см, хош иісті, жай күлтелі және гүлпарлы да түрлері бар. Мамыр, маусым айларында гүлдейді. Жемісі тамыз, қыркүйек айларында піседі. Жемісі сопақша келген жылтыр, түсі қызыл немесе қызғылт-сары болады.Итмұрынның құрамында Менделеев кестесінің жартысы бар деуге болады. Итмұрынның тамыры, жапырағы, жемісі адам ағзасына өте шипалы. Құрамындағы аскорбин қышқылы қарақатқа қарағанда 10 есе, лимонға қарағанда 50 есе артық мөлшерде болады. Медициналық тұрғыдан итмұрынның құндылығын оның құрамында көп мөлшердеболатын С дәрумені арттырады. Сонымен қатар итмұрынның құрамында В, К, Рдәрумендері, тұқымында Е дәрумені, каротин, қант, сондай-ақ, илік, пектинді, бояулық заттар, органикалық қышқылдар, минералды заттар, макро микроэлементтер болады. Медицинада итмұрынды поливитамин ретінде, ағзада дәрумендер жетіспегенде, атеросклерозға қарсы, қан қысымы көбейгенде, қан аздыққа, иммунитетті көтеруге, сынған сүйекті тез бітіретін және бауыр ауруларын емдейтін дәрілік өсімдік ретінде пайдаланады. Итмұрыннан тосап жасайды. Жемісін кептіріп, қыста тұмауға қарсы қайнатып ішеді. Гүлдерін шайға қосып бұқтырып ішеді. Әдемі гүлдерінің арқасында көгалдандыруда кең қолданыста. Бұтағы тікенекті болғандықтан, қоршаудың орнына өсіруге де болады.
Сәбіз (лат. Daucus) – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын екі, бір не көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.Барлық жерде өседі. Азықтық және асханалық сұрыптары бар. Асханалық сұрпы онша ірі емес, тамыр жемісі жұмсақ , қантты. Асханалық сұрыптарының ең таңдаулысы Нантская 4, Витаминная 6, Лосиноостровская ІЗ. Сәбіз республиканың көпшілік облыстарында өсіріледі. Оның егіс көлемі 5 мың гектарға жуық . Гектарынан 120 центнерден өнім алынады. Қазақстанда аудандастырылған негізгі сұрыптары: Бирючекутская 414, Витаминная 6, Консервная, Мирзои сарысы 304, Мирзои қызылы 228, Нантская 4, Шантанэ 2461. Жаңа жиналған сәбіз — құнарлы тағам. Адам организмінде тез арада А витаминіне айналатын каротин құрамы (6—9 мг %), басқа көкөністердегіден көп. Әсіресе балаларға өте пайдалы. Сәбізді ең дұрысы 0 градус С температурада сақтаған жөн. Сәбізді жаңа жиналған күйінде де, кептіріп те, өңдеп те пайдаланады, оны сұйық және қою тағамдарға, соусқа, винегретке т. б. қосадыСәбіз – сабағыныңбойы 1 метрге дейін жететеін, екі жылдық шөп тектес өсімдік. Бірінші жылы жуан тамырынан бірнеше жапырақ шығады, ал екінші жылы сабағы өсіп шығып, гүлдеп, тұқым береді. Сәбізді ботаникалық тұрғыдан аса сипаттаудың қажеті жоқ, себебі ол көпшілік қауымға белгілі мәдени өсімдік. Қазақстанның оңтүстігінде өсіріледі. Дәрілік шикізат ретінде және витаминдік дәрі ретінде өсімдіктің түбір түйнегі мен дәні – тұқымы күз кезінде жинап алынады.Оның тамыр – жемісінің құрамында каротин, В тобындағы витаминдер, крахмал, қант, А витамині, азотты заттар, минералды тұздар, флавноидтар, органикалық қышқылдар бар. Дәндерінің құрамында эфир майлары және флавоиол қосындылары, каротин бар.Сәбіз құрамында қант, ақуыз, пектин заттары, минерал тұздары (калий, натрий, фосфор) және организмге қажетті басқа да заттар бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет