«Қазақстан биоресурстары» пәнінен емтихан сұрақтары А



бет41/69
Дата22.05.2022
өлшемі200,65 Kb.
#35318
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   69

Малазықтық тамыржемістілер - күзгі-қысқы мерзімде шырынды диетикалық және дәруменді мал азығын дайындауға өсіріледі. Мал азығының рационына тамыржемістілерді қосудан қатты және концентратталған жемдердің қоректілігі (сіңімділігі) жақсарады, малдардың сүттілігі артады, тез қоңданады және олардың ауруға шалдығуы азаяды.Малазықтық тамыржемістілер - күзгі-қысқы мерзімде шырынды диетикалық және дәруменді мал азығын дайындауға өсіріледі. Мал азығының рационына тамыржемістілерді қосудан қатты және концентратталған жемдердің қоректілігі (сіңімділігі) жақсарады, малдардың сүттілігі артады, тез қоңданады және олардың ауруға шалдығуы азаяды.Бұл топқа жататын дақылдардан біздің елімізде қант қызылшасы, малазықтық сәбіз,шалқант.б жатады. Аз тараған, дәстүрлі емес малазықтық өсімдіктерге -жерсіндірілген,табиғи флорадан енгізілген немесе ертеде бұл аймақта өсірілмеген мәдени дақылдар жатады, қазіргі уақытта олар аз өсіріледі

Мал азығын құрамындағы су мөлшеріне байланысты жіктеу:Мал азығын құрамындағы су мөлшеріне байланысты жіктеу:

1. Шырынды мал азығы (көк балауса және жасыл балауса мал азығы,сүрлем, тамыржемістілер). 2. Ірі мал азығы (пішен, сабан, пішендеме). 3. Құрама жем азығы (астық, құрама жем және т.б.). 4. Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы өнімдерінің қалдықтары (кебек, күнжара, сүйек ұны т.б.).

Шырынды мал азығыЖасыл балауса мал азығына жайылымдық мал азығы, себілетін көпжылдық және біржылдық шөптер, малазықтық қырыққабат т.б. жатады. Бұл мал азықтары міндетті түрде барлық малдың рационына кіру керек, өйткені жас көк шөп құрамында барлық минералды тұздар, дәрумендер бар, одан соң ол жақсы қорытылады Жасыл балауса – өте арзан мал азығы. Табиғи малазықтық жерлерде малды жаю әдісі дұрыс ұйымдастырылған жағдайда ең арзан ет өнімін береді. Көптеген аймақтарда пішен, сабан, топан мал азығының рационының негізі, ал қыс кезеңінде барлық малға жем-шөп болып табылады.

Ірі мал азығыПішен оның қоректілігі өсімдіктердің ботаникалық құрамына, шөптердің жиналу мерзіміне, кептіру және сақтау әдісіне байланысты. Гүлдену кезеңінде жиналған бұршақ және астық тұқымдас шөптерден жасалған пішен өте құнарлы болып саналады. Сіңімді протеин мөлшері бойынша жоңышқа пішені кебекке жақындайды, онымен азықтандырғанда рационнан құрама жем азығын қысқартуға немесе мүлдем алып тастауға болады. Әр түрлі шөптерден дайындаған пішен құнарсыз деп саналады, өйткені құрамында құнарлы шөптер арасында улы және зиянкес өсімдіктер болады. Құнарсыз ірі азық мал азығына қияқөлең және елекшөптен дайындаған пішен жатады. Малдар оларды нашар жейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет