Қазақстанның майлы өсімдіктері (тұқымдасы, морфологиялық сипаттамасы, ареал, экология, химиялық құрамы,қолданылуы). Өсімдіктердегі майлардың пайда болуы және жинақталуы организмдердің тіршілігімен тығыз байланысты жүреді. Ол белгілі өсімдік түрінің тұқым қуалаушылық ерекшеліктеріне, онтогенезінің кезеңдеріне және қоршаған ортаға, тіршілік ортасының ерекшеліктеріне байланысты. Тұқымдардың немесе жемістердің пісіп жетілу процесінде майдың мөлшері және оның химиялық құрамы тұрақты емес тұқым немесе жемістің қалыптаса бастағаннан толық піскенше көбейеді. Бұл процесте майлардың сапалық құрамы (қаныққан немесе қанықпаған) азды-көпті тұрақты болады.
Климат факторлары жарық, жылу және ылғал өсімдік мүшелерінде майдың түзілуіне немесе пайда болуына елеулі әсер етеді. Өсімдіктер майлары фармацептикалық практикада:
А) Сұйық майлар 1)Кеуіп қалмайтын зәйтүн (оливка) майы, бадам (миндаль) майы, жер жаңғақ (арахис) майы, үпілмәлік (кастровые) майы, 2) жартылай кебетін – күнбағыс майы, мақта майы, жүгері майы
Қазақстанның мал азықтық өсімдіктер (тұқымдасы, морфологиялық сипаттамасы, ареал, экология, химиялық құрамы,қолданылуы).
Республикамыздағы егін шаруашылығында малазықтық дақылдар 2,7 млн. га. жерде орналасқан, яғни барлық егіс аумағының 16%-ын алып жатыр. Қазақстанда малдар қорада тұратын кезеңде және жазда үстемелеп азықтандыруға алатын мал азығы үшін жыртылатын жерлерде малазықтық дақылдар өсіріледі, оларды негізгі топтарға бөлуге болады: 1. Біржылдық астық тұқымдастар 2. Көпжылдық астық тұқымдастар. 3. Көпжылдық бұршақ тұқымдастар. 4. Біржылдық бұршақ тұқымдастар. 5 . Сүрлем дақылдар 6. Малазықтық тамыржемістілер. 7. Малазықтық бақша дақылдар. 8. Жемазықты дақылдар. Одан басқа аз тараған және дәстүрлі емес малазықтық өсімдіктер тобын көрсетуге болады.Республикамыздағы егін шаруашылығында малазықтық дақылдар 2,7 млн. га. жерде орналасқан, яғни барлық егіс аумағының 16%-ын алып жатыр. Қазақстанда малдар қорада тұратын кезеңде және жазда үстемелеп азықтандыруға алатын мал азығы үшін жыртылатын жерлерде малазықтық дақылдар өсіріледі, оларды негізгі топтарға бөлуге болады: 1. Біржылдық астық тұқымдастар 2. Көпжылдық астық тұқымдастар. 3. Көпжылдық бұршақ тұқымдастар. 4. Біржылдық бұршақ тұқымдастар. 5 . Сүрлем дақылдар 6. Малазықтық тамыржемістілер. 7. Малазықтық бақша дақылдар. 8. Жемазықты дақылдар. Одан басқа аз тараған және дәстүрлі емес малазықтық өсімдіктер тобын көрсетуге болады.