Қазақстанның эфир-майлы өсімдіктері (тұқымдасы, морфологиялық сипаттамасы, ареал, экология, химиялық құрамы, қолданылуы).
Қащақстандағы эфир майлы өсімдіктер (химиялық құрам,қолданылуы ,экологиясы)
Эфир майы - ұшпа зат. Химиялық құрамы жағынан бұл әртүрлі қосындылардың күрделі қоспасы. Эфир майы (әсіресе қуаң жағдайда) жапырақтарға (шалфей, жалбыз, тасшөп) жиналады да, оларды қызып кетуден сақтайды; ол жемістерге (зире, кориандр, фенхель, анис), кейде жер астындағы мүшеларде (желгек) кездеседі, онда бәлкім жер астындағы зиянкестерден (дән мен тамырдың өнуі) қорғау қызметін атқаратын болар. Эфир майы өсімдіктерде аз да, көп болып, түрлі мүшелерде кездеседі. Өсімдіктердің жеке түрлерінде эфир майы оның әртүрлі бөлігінде біркелкі жинақталмайды: мөлшері ғана емес, майдың сапасы да әр мүшелерде өзгеріп тұрады (мәселен, кишнецте піскен жеміс майының иісі жапырақ майына қарағанда басқаша болады).
Аскөк-укроп «anethum» Татымды көк біздің дастарханға ерте көктемде организмге көктемгі дем беруші ретінде келіп, оны қысқы витамин тапшылығынан құтқарады, солардың ішіндегі алғашқысы- иісті бақша аскөгі.
Аскөк өсімдігінің барлық бөлігінде эфир майлары (1,5%) хош иіс беріп тұрады, олар көбіне мәуелерде жинақталады (2,8-4%).
Акжелкен-петрушка «Petroselinum Hoffm». Ақжелкен бақалық- екі жылдық өсімдік, жапырақты және тамыр жемісті болып 2-ге бөлінеді. Ақжелкен латынша «петроселинум»-тас балдыркөк, бұл оның Жерорта теңізі маңындағы таулы аудандардан шыққанын білдіреді. Көне Греция мен Египетте ақжелкенді, аскөкті, балдыркөкті әсемдік және дәрілік өсімдіктер ретінде өсірген.
ЗИРЕ-• Зирені хош иісті мәуесі үшін қашаннан
бері өсіреді, онда 3-5% дейін эфир
майлары бар.Зирені тұқымнан өсіреді.
Мәуенің сулы тұндырмасы мен
қайнатпасы атония мен ішек
ауырғанда, метеоризмге (газдың
жиналуы), бала емізетін әйелдердің
сүті азайғанда емдік мақсатқа
қолданылады.
ЖАЛБЫЗ-Жалбыз Құлқайыр тұқымдасына
жататын, биіктігі 15 м жететін,
бұтақсыз жуан тамырлы өсімдік. Жер
үсті бөлігін жұлдыз тәрізді түк
басқандықтан, түсі көкшілденіп
тұрады. Жапырағының сағағы қысқа,
сұрғыштау, шеттері ара тісті, жалпы
формасы жұмыртқа тәрізді.
Жапырағының 2 беті де ұйысқан түкті.
Жапырағы мен гүлінде эфир майлары
болады.
Қазақстан территориясын
да, әсіресе Оңтүстік,
Оңтүстік-Шығыс, Шығыс
аудандарда өте көп
мөлшерде жабайы өсетін
эфир майлы өсімдіктер
бар. Оларды зерттеген
ғалымдар 23 тұқымдастың
ішінен 500-ге жуық түрін
анықтаған.
Достарыңызбен бөлісу: |