4 тақырып. Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің элементі ретінде құқықтық және адамгершілік сана.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қоғамдық бақылау.
3. Шет елдердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет.
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың феномені болып табылады. Сондықтан бұл параграфта сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың феноменін қарастырамыз.
Қоғамдық сананың әртүрлі нысандары бар, олардың көмегімен адамдар оларды қоршаған табиғатты, қоғам мен өздерін сезінеді. Моральдық (адамгершілік) саяси, құқықтық, эстетикалық, діни сана болып бөлінеді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана» ұғымы қоғамдық сананың барлық нысандарын қамтиды. Бұл интегративті ұғым, себебі ол өзіне әртүрлі ғылым саласынан ақпаратты сіңіреді, әртүрлі оқу пәндерінде зерделенеді және ол туралы білімді тұжырымдауда зерттелетін құбылысты түсінудің жаңа деңгейіне шығады.
Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қоғамдық сананың өзге де нысандарымен тікелей өзара байланыста болады және қоғамдық санаға тән барлық қасиеттер және сипаттамаларды меңгереді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана – бұл адамдардың сыбайлас жемқорлыққаәлеуметтік зұлымдық ретіндегі қатынасын білдіретін ұғымдар, теориялар, түсініктер мен сезімдердің, көзқарастар мен эмоциялардың жиынтығы. ҚазақстанРеспубликасының«Сыбайласжемқорлыққақарсыіс-қимыл туралы» Заңында мүдделер қақтығысы«жауаптымемлекеттіклауазымды атқаратынадамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың жеке мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық, мұндай жағдайда осы аталған адамдардың жеке мүдделері олардың өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін» деп айқындалады [1].
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың ерекшелігі оның барлық көрінісінде мүдделер қақтығысына жағымсыз, төзбеушілік қатынастың призмасы арқылы өмірлік болмысты көрсетеді, содан кейін жаңғыртады. Ол жалпыға міндетті мінез-құлық нормаларын белгілеуді талап етеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана адамгершілік және адамгершілікке жат қылықты, құқықтық және құқықтық емес, заңды және заңсыздықтың шегін көрсетіп береді. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қамтамасыз ету үшін моральдық-адамгершілік, идеологиялық, құқықтық шараларды талап етеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы санаға нысандандыру, белгілі лікпен кесімділік тән.Сондай-ақморальдық және құқықтық міндеттерді орындауға қатаң бақылау талабы тән.
Сыбайлас жемқорлық қақарсы сананың рөлі оның танымдық, реттеуші, бағалаушылық, болжамдық функцияларында көрінеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың танымдық функциясы (гносеологиялық) әлеуметтік зұлымдық ретінде сыбайлас жемқорлық туралы білімді жинақтау және оның негізінде адами өзара қарым-қатынастар әлемін одан әрі пайымдау мүмкіндігінен тұрады. Реттеуші функциясы. Белгілі бір жағдайларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана құндылықты бағдарлар арқылы қоғамдық қатынастардың реттеушісі болады. Осы реттеудің нәтижесі – сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарға нөлдік төзімділік болады.
Бағалау функциясы өмірлік тәжірибе мен практика негізінде әлеуметтік өмірдің әртүрлі жағы мен құбылыстарына тұлғаның белгілі бір эмоционалдық қатынасынан көрінеді. Моральдық және құқықтық нормалар, моральдық-құқықтық жүйенің басқа элементтері бағалау объектісіне айналады. Бағалау функциясы тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қатынасын айқындайды. Оның көмегімен моральға және этикалық кодекске, құқық пен заңнамаға, құқық қорғау органдарына, азаматтық қоғамға, борышқа, айналасындағылар мен өзінің де сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқына деген қатынас бағаланады.
Болжамдық функция моральдық-құқықтық жүйенің болашақтағы жай-күйін, қоғамдағы адамдардың мінез-құлқын көре білу мүмкіндігінен тұрады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана сияқты рухани мәдениеттің интегративті нысаны болып табылады. Мәдениеттің, сонымен қатар адам санасындай басымдықтары да бар, әлеуметтік деп айқындалатын барлығының қалыптасуы мен дамуында атқаратын рөлі де бар. Ақиқатты игеру тәсілі ретінде мәдениет – жекелеген бағалау, нормалар емес, олардың жиынтығы, сомасы емес, керісінше тұтастық ретінде алынған құндылықты элементтер. Мәдениет сана феномені ретінде тұтастықты білдіреді. Мәдениет – пассивті, қажетсіз, жүзеге аспаған білім, білік, сенімдер емес. Ол өзіндік процесті, ішкі қызметті білдіреді, оның негізінде өзара іс-қимыл, өзара өту және білім, білік-дағдының, тұлғаның құзыретінің, оның сенімінің, ақпараттық, сезімдік және күш-жігер компоненттерінің түйісу жатыр.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет рухани мәдениет жүйесінің маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Адам мәдениет субъектісі ретінде еңбек, саяси, этикалық, эстетикалық, адамгершілік және басқа мәдениеттердіңжанашырыболыптабылады,олөзаратығызбайланысты, ал әртүрлі үйлесімде кірпияз симбиозды қалыптастырады. Мәдениет жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет айрықша функцияларды орындап, қоғамның белгілі бір тұтастығы мен ұйымшылдығын сақтай отырып, ерекше орын алады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет өз мазмұнына мәдениет-тердің барлық қалған түрлерінің элементтерін қамтиды, бұл олардың тұтастығының жалғыз субъектісі ретінде адамның өзінің табиғатымен байланысты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ерекшелігі мәдениеттердің барлық түрлерімен өзара байланыста ғана емес. Оның мазмұны бірінші кезекте құқық пен адамгершілікті қамтиды. Мәдениеттердің барлық түрлері арасындағы диалог олардың арасындағы тығыз байланыстың барын белгілейді, олардың өзара толықтырушы рөлін атап өтіп, күшейтеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра білу қабілеті.
Осындай адамның мазмұны құқықтық мәдениет болып табылатыны маңызды.
Қазіргіәдебиеттесыбайласжемқорлыққақарсымәдениеттіңмазмұны негізінен құқықтық құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті толықтай құқықтық мәдениетке апару дұрыс емес. Құқықтық мәдениет мысалы, адамгершілік, саяси мәдениетпен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің тек бөлігі ғана.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл жаппай сана және оның жекелеген элементтері емес. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – сыбайлас жемқорлықты қабылдамау негізінде жататын осы жүйемен тіпті сәйкес келмейтін құндылықтар жүйесі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – адамгершілік пен азғындық (орынды және орынсыз, мейірімділік пен зұлымдық, пайдалы және пайдасыз), құқықтық және құқықтық емес, ақылды және ақымақтық, тамаша және бейберекет призмасы арқылы адами қатынастар әлеміне көзқарас. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет адамның жоғары мораль-дық, құқықтық, саяси және басқа мәдениеттер негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра білу қабілетін білдіреді. Сыбайлас жемқорлық-қа қарсы мәдениет қазіргі уақытта шынайы қажетті құбылыс мәртебесін иеленеді, оны әлеуметтендіру процесінде қоғамның барлық әрекетке қабілетті мүшелері игеруі тиіс.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында «сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» ұғымы «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі» деп түсініледі. Сондай-ақ ол білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім – тұлғаның адамгершілік, зияткерлік, мәдени тұрғыдан дамуы және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын, тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз процесі». «Ақпараттық және ұйымдастырушылық қызмет бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік маңызды іс-шараларды, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шараларды ұйымдастыру арқылы іске асырылады» [1].
Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мынаны көздейді:
– сыбайлас жемқорлықтың мәні, оның мазмұны, мақсаттары, субъек-тілері, нысандары мен түрлері, іске асыру салалары, қоғам өмірінің барлық саласында көріну ерекшеліктері туралы түсінік;
– моральдық-адамгершілік, этикалық мәдениетті тәрбиелеу; – құқықтық сауаттылық негіздерін қалыптастыру;
– қоғам мүшелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық уәжін ынталандыру;
– мүдделер қақтығысының барлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру.
Осыған байланысты мыналар қажет:
– сыбайлас жемқорлыққа саналы қатынасты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтарға моральдық «иммунитетті» қалыптастыру және осының негізінде сыбайлас жемқорлықты еңсеру бойынша құзыреттерді дамыту;
– Қазақстан азаматтарының мінез-құлқы моделін қалыптастыру, бұл ретте «сыбайлас жемқорлық» сөзінің өзін қабылдамау, адамгершілік тойтарыс, төзбеушілікті туындатуы тиіс;
– құқықтық құндылықтарды жоққа шығару, заң мен тәртіпті құрмет-темеуді білдіретін құқықтық нигилизмді жою (латынша nihil – ештеңе); – құқықтық жаппай оқу арқылы құқықтық білім мен тәрбиені қамтамасыз ету.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» ұғымының мазмұны «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өз өкілеттіктері шегіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет-ті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру және олардың салдарларын жою жөніндегі қызметі» ретінде ашылады. Ал «сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» – «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің алдын алу шаралары жүйесін әзірлеу және енгізу арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды зерделеу, анықтау, шектеу және жою жөніндегі қызметі» [1].
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет нақты әлеуметтік жүйенің тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге бағдарланған, сондықтан оның түбегейлі қасиеті сыбайлас жемқорлықты тұтас, жүйелі – оның барлық адамгершілік, заңдық, экономикалық, саяси, ресурстық, технологиялық, экологиялық, әлеуметтік-психологиялық аспектілерінде, байланыстары мен көріністерінде болжай білу болып табылады. Әлеуметтілік, әлеуметтендіру сияқты адамгершілікті қолдау мемле-кеттің қызметіндегі институттардың, құқықтың, тетіктердің, тәртіптің, рәсімдердің белгілі бір жай-күйін қажет етеді. Бұл мәселеде өркениеттік біртектіліктің ерекше мәні бар. Біздің еліміз үшін бұл көптеген басқа да мемлекеттер үшін де маңызды. Жаңа қазақстандық мемлекетті құру жағдайында тәуелсіз Қазақстанның өзіндік табыс коды, әлеуеті мен құндылықтары бар екенін ұмытпау қажет, оны сыбайлас жемқорлықтың шығу себебін жоя отырып, оған қарсы күресте жандандырған жөн. Қоғам мүшелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті социумдытұрақтандырудыңбастыфакторларыныңбіріболыптабылады, қоғамның кез келген құрылымдық деңгейінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа қарсы күрестің табыстылығын айқындайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеуде заңнаманың сапасы, құқық қолдану нысандары, шарттық міндеттемелерді сақтау, азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғау да маңызды. Моральдық-құқықтық қағидаттарды білу мен ұтымды конформистік сенімдерді үйлестіру – қоғам өміріндегі тәртіптіліктің қуатты факторы. Қорытындыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың, тіпті сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің деңгейі тұлға мен қоғамның сыбайлас жемқорлықтың тұрақсыздандыру күшін сезіну дәрежесіне байланысты екенін белгілеуге болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің міндеті – сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті білім алушы жастардың азаматтық позициясы ретінде бекіту, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға берік иммунитетті нықтау, оларды жария түрде жоққа шығару болып табылады.
2. «Қоғамдық бақылау» ұғымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы құрал ретіндегі негізгі қағидаттары, маңыздылығы мен мазмұны Сыбайлас жемқорлықтың етек алуы елде жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық түрленулердің табыстылығына күмән туғызады. Сыбайласжемқорлыққақарсыіс-қимылбойыншанығайтушараларын ойдағыдай жүргізу қызметі одан әрі жетілдіруді талап ететін сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттылықтың азаматтық қоғам институттарының қолдауынсыз мүмкін емес. Барлық қолжетімді құралдарды қолдана отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша түсіндіру жұмыстарын қамтамасыз етуде мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бірлестіктердің және үкіметтік емес
ұйымдардың күш-жігерін одан әрі үйлестіру ерекше маңызға ие. Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізін қалаушы құжат – БҰҰ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының (2003 жылғы 31 қазан) 13-бабы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте азаматтық қоғамның анағұрлым тиімді құралы ретінде қоғамдық бақылауды кеңейтуді айқындайды [1]. Азаматтық қатысу деп азаматтар мен азаматтық қоғам құрылым-дарының олар тұратын мемлекет пен жергілікті қоғамды басқаруға қатысуы түсініледі. Азаматтық қатысу нысандары азаматтар мен азаматтық қоғам құрылымдарының мемлекеттік органдар шешімдері-нің дайындалуына, қабылдануына және бақылауына қатысуы болуы мүмкін.
Мемлекеттік басқару жүйесінің сыбайлас жемқорлықты кәсіпкерлік құрылым ретінде таратуы жағдайында олар өздерінің қызметін бақылай алмайды, шешім қабылдай алмайды. Тек қана азаматтардың, азаматтық қоғамның мемлекеттік органдар қызметіне белсенді және тұрақты қатысуы өз қызметінде сыбайлас жемқорлық тәжірибесін қолданудан біртіндеп бас тартуға мүмкіндік береді.
«Қоғамдық бақылау» ұғымы ғылыми әдебиетте белсенді пайдала-нылады, нормативтік құқықтық актілерде пайдаланылады. Ғылыми және тәжірибелік қызметте «бақылау» термині өте жиі қолданылады. Ғалымдар оған әртүрлі: құрал, фактор, нысан, элемент, функция, қызмет, жүйе, шарт, реттегіш, кепілгер, құбылыс, институт және әдіс ретінде түсінік береді.
Қоғамдық азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер жүзеге асыратын бақылау мемлекеттік органдардың қызметін бақылауды білдіреді. Қоғамдық қатысу идеясы қоғамдық істерді басқару процесіне басқарушыларды тартуды немесе қосуды болжайды. Қоғамдық бақылау «мемлекеттік билік пен жергілікті басқаруды қоса алғанда, олардың жұмысын оңтайландыру мақсатында қоғамның қоғамдық институттар қызметін бағалау мен есепке алуды жүзеге асыруының» маңызды құралы болып табылады [2].
Жалпы қоғамдық бақылау қоғамның негізгі функцияларының бірін білдіреді, оның субъектілері азаматтар мен олардың бірлестіктері, сондай-ақ негізгі объектілері – мемлекеттік органдар мен олардың лауазымдық тұлғалары болып табылады. Қоғамдық бақылау мемлекеттік органдар мен азаматтардың коммуникациялары саласында жария саясатта азаматтардың тікелей қатысуын, азаматтардың әлеуметтік белсенділігінің нысаны ретінде қатысады. Бұл ретте қоғамдық бақылау проблемаларды анықтауды және оны шешу үшін ресурстар қалыптастыруды талап етеді. Мемлекеттік органдар жұмысын қоғамдық бақылау демократияның базалық элементі болып табылады. Қоғам мемлекетке өкілеттіктер мен ресурстар бере отырып, олардың мақсатты пайдаланылуын бақылау үшін барлық негіздерге ие.
Қоғамдық бақылау – бұл азаматтардың мемлекеттік органдардың өз міндеттерін орындауын, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауын қадағалауы [3].
Осылайша, қоғамдық бақылау – бұл қоғамдық ұйымдар мен бастамалық топтардың азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықты тоқтату және оған жол бермеу мақсатында азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің мекемелер мен мемлекеттік органдарда және жергілікті басқару органдарында, меншіктің әртүрлі нысандарындағы кәсіпорындарда сақталуын қадағалауы.
Қоғамдық бақылаудың негізгі қағидаттары мыналар болып табылады: – қоғамның жетілуі;
– тәуелсіздік;
– адам құқықтарын және заң талаптарын талап етудің қағидаттылығы; – мемлекеттік органдар мен жергілікті басқару органдары қызметінің
жариялығы мен ашықтығы;
– мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сыйластық пен серіктестік қатынастар.
Қоғамдық бақылау:
1) қоғамның барлық мүшелерінің мүдделері мен қажеттіліктерін бірыңғай басқарушы еркіне біріктіретін қоғамды және оның жекелеген институттарын басқару нысандары ретінде болады;
2) әртүрлі әлеуметтік топтар мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету және осы мүдделердің қайшылықтарына жол бермеудің негізгі құралдарын білдіреді;
3) кейінге қалдыратын міндеттерді шешу үшін күш-жігерді үйлестіру мен біріктіру әдісі болып табылады;
4) бұзушыларды анықтауға және қоғамдық талқылаудан бастап құқық бұзушыларға мәжбүрлі сипаттағы шараларды қолдануға әсер етуі мүмкін құқықтық жауапкершілікпен аяқталатын оларды қоғамдық жауапкершілікке тарту тетігін әзірлеуге мүмкіндік беретін әлеуметтік нормаларды орындаудың кепілі ретінде болады;
5) кез келген қоғам мен оның негізгі институттарының бірінің жан жақты ажырамас өкілеттігі болып табылады [4].
Қазіргі заманғы Қазақстанда мемлекеттік органдар қызметін қоғамдық бақылау тетігін дамыту мәселесі аса өзекті болып табылады. Қазіргі уақытта қоғамдық бақылау жүйесін қалыптастыру жүргізілуде, қоғамдық бақылау тетіктерін бекітетін нормативтік құқықтық базаны қалыптастыруға талпыныстар жасалуда.
Республикалық, өңірлік және жергілікті деңгейлерде қазақстандық қоғам мен мемлекет арасында тең құқықты серіктестік тетіктерін әзірлеу қажет. Мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл жасасуының негізгі нысандары мыналар болып табылады:
– мемлекеттік құрылымдар қызметін мемлекеттік бақылау;
– қазақстандық заңнаманы сақтаудың қоғамдық сараптамасы;
– азаматтардың жергілікті мәндегі мәселелерді шешуге қатысуы;
– мамандандырылған кеңесші, консультативтік, үйлестіруші және сараптамалық органдарды құру.
Қоғамдық бақылау жүйесін жалпы қамту, жалпыға жариялау, жариялылық, міндеттілік, нысандардың көп түрлілігі және қоғамдық мүдделерді қорғауға ат салысатын белгілі бір топ өкілдерінің қоғамдық бақылау органдарын заңды деп тануы қағидаттарында құру ұсынылады.
Сыбайлас жемқорлықты қоғамдық бақылау институттары
Сыбайлас жемқорлықты қоғамдық бақылаудың негізгі институттары мыналар болып табылады:
– қоғамның әртүрлі көзқарастарға ие әртүрлі әлеуметтік-мәдени және кәсіби топтарының мүдделерін танытатын саяси партиялар; мемлекеттік биліктің заңнамалық (өкілеттік) сайлауларында осы немесе өзге партия сайлауларының сайланушылары атқарушы биліктің саяси бағыттылығын негіздемелі бақылайды, сондай-ақ олардың сенімін ақтамаған партияларға сенім білдіруден бас тартады;
– ол арқылы еңбек ұжымдары өз мүдделерін таныта алатын кәсіби одақтар;
– мемлекеттік органдарда қоғамның мүдделерін қорғау және таныту үшін құрылатын қоғамдық ұйымдар мен коммерциялық емес сипаттағы бірлестіктер;
– мемлекеттік органдар мен жергілікті басқару органдарының қызметін қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын қоғамдық кеңестер; – сайлауды өткізу барысын бақылауды және қолданыстағы сайлау заңнамасын сақтауды жүзеге асыруға қатысатын бақылаушылар. Сыбайлас жемқорлықты тиімді болдырмауды қамтамасыз ету үшін азаматтық қоғам институттарын (үкіметтік емес ұйымдарды – ҮЕҰ) дамыту және сол арқылы олардың мемлекеттік органдарға әсер етуін күшейту қажет. Қоғамдық ұйымдар мемлекеттік органдардың қызметін анағұрлым ашық, айқын ететін заңдарға өзгеріс енгізе алар еді, мемлекеттік басқарудың көптеген процестерінде қоғамдық, оның ішінде заң шығару процесіне, бюджеттік және сайлау процестеріне қатысуды
болжай алар еді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау үшін шешімді мәселелер сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға және азаматтық құралымдарды дамытуға, осы процеске ҮЕҰ және барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар өкілдерін тартуға ие болады.
Қоғамдық бақылау кезеңдері
1. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымдық тұлғаларының шешімдері мен әрекеттерін жүйелік мониторингілеу. Оны жүзеге асыру үшін бәрінен бұрын, осындай органдар мен адамдар қызметі туралы жеткілікті толық және дұрыс ақпараттың, яғни барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың шешімдері мен әрекеттерінің азаматтар үшін айқындылығы мен ашықтығының болуы қажет.
2. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымдық тұлғаларының шешімдері мен әрекеттерін қоғамдық сараптама. Қоғамдық бақылаудың осы кезеңін іске асырудың мәні мемлекеттік органдар қабылдаған актілер мен құжаттардың талдауын жасауда болады. Қоғамдық сараптама қоғамдық бақылаудың анағұрлым ресурсты қажет ететін кезеңі болып табылады – оны өткізу адами сонымен қатар қаржылық, материалдық ресурстарды тарту мен пайдалануды талап етеді.
3. Қоғамдық сараптаманың нәтижелерін мемлекет пен қоғамға жариялы түрде ұсыну, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттік орган арасында мүдделер теңгерімін қамтамасыз ету [5].
Қоғамдық бақылау жүйесінің жұмыс істеуі мынадай міндетті шарттар болғанда мүмкін болады:
– қоғамдық бірлестіктің еріктілігі; – ақпаратқа қол жетімділік;
– тәуелсіз БАҚ;
– мемлекеттік органдардың демократиялылығы мен ашықтығы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда үш қағидатты іске асыру
маңызды болып табылады: бақылау, есепке алу және ашықтық. Ашықтық пенжариялылықзаңнамалықдеңгейдеқоғамдықбақылаудыңкөмегімен мүмкін болады. Ол құқықтық базаға, жағдайға нәтижелі әсер ету үшін құқықтық базаға ие болады.
Қоғамдық бақылау сыбайлас жемқорлық қатынастардың туындауына ықпал ететін жағдайларды жою мен мүмкіндіктерді болдырмау, сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау және жолын кесу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ету құралы ретінде азаматтар мен олардың автономды бірлестіктері жүзеге асыратын әрекеттердің ілеспелігін қамтиды.
Қоғамдық бақылау жүйесі әрекеттерінің нәтижелері: сыбайлас жемқорлықты төмендету, азаматтардың мемлекеттік органдарға сенімін арттыру, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігін арттыру, қоғамдық және мемлекеттік құрылымдардың әлеуметтік-экономикалық проблемаларды бірлесіп шешуі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық бақылаудың тиімдігі:
– азаматтық қоғам институттары өкілдерінің кәсіби даярлығы мен адалдығы деңгейіне;
– мемлекеттік органдар мен жергілікті басқару органдарының қызметі туралы ақпараттың қол жетімділігін шын мәнісінде қамтамасыз етуге. Яғни, мемлекеттік органдар ұсынатын ақпарат қаншалықты толық және дұрыс болып табылады;
– мемлекеттік органдардың азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарламасын қамтитын өтініштерін қарау бойынша қызметінің тиімділігіне тәуелді болады.
Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау саласындағы қоғамдық бақылау жүйесінің қалыптасуы
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының қазіргі заманғы кезеңінде сыбайлас жемқорлықты ауыздықтау елдің экономикалық және саяси дамуының маңызды стартегиялық бағыттарының бірі болып табылады. Республиканың қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету жеке кәсіпкерлікті дамытуға бөгет болатын, табиғи ресурстарды талан-таражетугеәкелетін,ұлттықэкономикағатиімсізинвестицияларды жүзеге асыратын және т.с.с. сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетусіз мүмкін емес. Осылайша, Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресу үшін қоғамдық, саяси және экономикалық салалардағы барлық стратегиялық міндеттерді шешу қажет.
Қоғамның қолдауынсыз сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар тек қана жартылай әсер береді. Сондықтанда сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың маңызды бағыты тиімді қоғамдық бақылау болып табылады. Тәжірибе көрсеткендей, азаматтардың қоғамдық-саяси белсенділігінің төмендігіне қарамастан Қазақстанда қоғамдық бақылау жүйесінің
қалыптасуы басталды.
Қазақстанда қоғамдық бақылау жүйесін қалыптастыру процесінің маңызды кезеңдері «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (1998 ж.), «Мемлекеттік қызмет туралы» (1999 ж.), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (2015 ж.), «Қоғамдық бақылау туралы» (2015 ж.) заңдарды қабылдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі арнайы мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін құру болды.
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган, сондай-ақ оның аумақтық департаменттері қоғаммен өзара іс-қимыл жасасу, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын; азаматтардың өтініштерін қарау сапасын іс жүзінде бақылау бойынша жұмысты бастады.
Осының арқасында Қазақстанда мемлекеттік аппарат жұмысының, мемлекеттік қызметтер көрсетудің тиімділігі мен айқындылығы артып келеді, бизнеске әкімшілік жүктеме төмендеуде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама жетілдірілуде. Азаматтарға сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлау мүмкіндігін беру үшін әртүрлі нысандағы интернет-қабылдаулар, ресми сайттарда тиісті бөлімдер, шұғыл желілер, сенім телефондары ұйымдастырылған. «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» қабылданды. Бұл маңызды стратегиялық құжатта сыбайлас жемқорлыққа саясат тұжырымдамасы бекітілген және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге ықпал ететін іс-шаралар кешені әзірленді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың маңызды қадамы Құрылымдық реформаларды іске асырудың 2014-2015 жылдарға
арналған жол картасының ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 24 қазандағы 49 № 1012 қаулысымен бекітілуі болды. Осы құжатта таяудағы перспективада бизнесті дамыту үшін тосқауылдарды жою бойынша, сондай-ақ сыбайласжемқорлықтытөмендетубойыншакезеккүттірмейтіншаралар белгіленген.
Жол картасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді күрес жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша мемлекеттер тобына (ГРЕКО) кіруі және Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы конвенцияға және 2020 жылға дейінгі сыбайлас жемқорлық үшін азаматтық құқықтық жауапкершілік туралы конвенцияға қосылуы бойынша, ҚР Үкіметіне 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап халықтың табыстары мен шығыстарын жалпы декларациялауға көшуін көздейтін заң жобасын енгізу бойынша мәселе қарастырылды [6].
Қазіргі уақытта мемлекеттік органдардың қызметін бақылауды жүзеге асыруды реттейтін мынадай үш негіз қалаушы заң қабылданған:
«Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383–V Қазақстан Республикасының Заңы. Осы Заң қоғамдық кеңестердің құқықтық мәртебесін, халық алдында есеп беретін мемлекет қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға, барлық деңгейлердегі мемлекеттік органдардың шешімдер қабылдауына коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың кеңінен қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған қызметін қалыптастыру және ұйымдастыру тәртібін айқындайды [7];
– «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы № 401-V Қазақстан Республикасының Заңы [8]. Заң ақпаратты заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін алу және тарату жөніндегі әркімнің конституциялық құқығын іске асыру нәтижесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді; 2016 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Қазақстан Республикасының Заңы [9]. Бұл құжатта басымды назар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен жолын кесуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдем көрсеткен адам-дардың қауіпсіздігі мен қолсұғылмаушылығының кепілдігін қамтамасыз ету тетігін енгізуге аударылады.
Қазақстан Республикасында сонымен қатар барлық жеке тұлғалар-дың табыстары мен мүлкін декларациялау енгізілуде. 2015 жылғы 18 қарашада Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойды [10]. Заң Мемлекет басшысының «Бес институционалдық реформаларды іске асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындау, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының, Қазақстан Республикасының азаматтары мен тұруға ықтиярхаты бар адамдардың кірістерін және мүлкін жалпыға бірдей декларациялауға көшіру тұжырымдамасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған салалық бағдарлама шеңберінде әзірленді.
Қоғам алдындағы мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың бірі болып табылады.
Қазақстанда мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган жанынан Қоғамдық кеңес құрылды. Оның басым міндеттері мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жетілдіру, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру бөлігіндегі кері байланысты қамтамасыз ету болып табылады. Кеңес құрамында – 12 мүше бар. Оған Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, азаматтық қоғам өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары кіреді.
Қоғамдық кеңестер міндеттерінің қатарына сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған бағдарламалар мен жоспарларды іске асыру, сондай-ақ оларды іске асыру нәтижелерінің талдауымен бірлескен мониторингін жүзеге асыру; сыбайлас жемқорлықпен байланысты қауіптерден азаматтар мен қоғамның құқықтарын, еркіндіктері мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге жәрдемдесу кіреді және т.б.
Жоғарыда көрсетілгендерге сүйене отырып, Қазақстанда қоғамдық бақылау тетіктерін дамытудың негізгі кемшіліктері мыналар болып табылады деген қорытынды шығаруға болады:
1. Азаматтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне төмендеген қызығушылығы. Азаматтық белсенділіктің және қоғамдық бақылаудың жетіспеушілігінің негізгі себебі елдің қоғамдық-саяси өміріне немқұрайлылығы болып табылады. Бұл мұндай қатысу дағдыларды, ақша, уақыт талап ететіндігінен – мұны барлығы, яғни барлық үш ресурстар азаматтарда жоқ немесе олар қоғамдық бақылауға оларды жұмсағысы келмейді.
2.Мемлекеттікоргандарғасенім,ізеттілік,қоғамөмірініңбазалықнегізі бойынша келісім сияқты құндылықтарды біріктіретін айқындылықтың әлсіздігі. Осы әртүрлі көзқарастар негізгі себептерінің бірі көп санды орташа кластың болмауы.
3. Халықта әлеуметтік-экономикалық және саяси процестерді дұрыс түсінудің болмауы, сондай-ақ қоғамдық бақылауды қамту туралы айқын танымдылықтың болмауы.
Қазақстанда қарама қайшы жағдай қалыптасты: бір жағынан қоғамдық бақылау жүйесін қалыптастыру процесі болуда, қоғамдық бақылаудың негіздерін бекітетін нормативтік құқықтық базаны құруға талпыныстар жасалуда, қоғамдық бақылаудың (қоғамдық палатаның) өзіндік институттары қалыптастырылуда; екінші жағынан азаматтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне қызығушылығы жыл сайын төмендеп келеді, қоғамның сұрауы жеткілікті түрде қанағаттандырылмайды.
Нәтижесінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында қоғамдық бақылауды жүзеге асыру үшін жағдай жасасуға қатысты бірқатар мәселелер шешілмей қалып отыр. Осының барлығы қазіргі уақытта Қазақстандағы қоғамдық бақылау жүйесі әлі қалыптасу кезеңінде екендігін куәландырады.
Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық бақылау жүйесін жетілдіру мақсатында мыналарды орындау қажет:
1) «Қоғамдық бақылау туралы» Заңды, оны іске асыруды қамтамасыз ететін заң жобалары топтамасымен бірге қабылдау;
2) сыбайлас жемқорлық фактілері туралы ақпарат берген азаматтарды тиісті қорғауды және соларға сыйақы беруді қамтамасыз ету;
3) қоғамдық пікірді есепке ала отырып, мониторинг жүйесін қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалау;
4) әкімшілік тосқауылдарды жою мақсатында мемлекеттік қызметтерді (оның ішінде электрондық құжат айналымын енгізу жолымен) ұсыну тетігін жетілдіру;
5) азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерінде жазылған мәселелерді шешу үшін; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағыжоспарларменқысқамерзімдікнысаналыбағдарламаларды іске асыру үшін бақылауды күшейту,
6) мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлық себептерін жою бойынша шаралар қабылдамағаны үшін жауапкершілігін арттыру; қоғамдық-мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдардың қызметі туралы азаматтарды, оның ішінде интернет-сайттарда орналастыру арқылы кеңінен ақпараттандыру.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған стратегия Ел Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясында алға қойған мақсаттар мен міндеттерді іс жүзінде іске асыруға бағытталған. «Қазақстан – 2050» Стратегиясының мақсаттарына қол жеткізу сыбайлас жемқорлықпен шүбәсіз күресу кезінде ғана мүмкін болады.
Стратегияда:
– мемлекеттің Қазақстанның Азаматтық Альянсымен және басқа да қоғамдық бірлестіктерімен ынтымақтастығы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа «атымен төзбеушілік» атмосферасын қалыптастыру бойынша азаматтық бастамаларға және оған қарсы іс-қимыл бойынша нақты ұсыныстар әзірлеуге жәрдемдесу;
– Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және басқа да өзін-өзі басқаратын ұйымдармен бірлесіп корпоративтік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шараларды қабылдау қажеттілігі ескерілген. Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық бақылау жүйесін қалыптастыру факторлардың үлкен саны әсер ететін және жан-жақты зерттеуді талап ететін күделі процесс болып табылады.
Қазіргі уақытта дербес институт ретінде қоғамдық бақылауды заңнамалық бекітумен, оның ұғымын, міндеттері мен қағидаттарын айқындаумен қатар нақты мемлекеттік органдардағы қоғамдық бақылау мүмкіндіктерін кеңейту маңызды. Себебі мемлекеттік органдар қызметінің барынша мүмкін ашықтығы кезінде және азаматтар мен олардың бірлестіктерінің тиісті өтініштерін қарауға ерекше назар болған кезде ғана Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық бақылау тиімді болады.
3. Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық мәселесін әрбір мемлекетте, түрлі халықаралық ұйымда кездестіруге болады. Бірақ ол барлық жерде бірдей бола бермейді. Тарихи дәуір және мемлекеттің әлеуметтікэкономикалық даму кезеңіне қарай сыбайлас жемқорлықтың пайда болу мәселелері де әр алуан болып келеді. Кейбір шет елдердің мемлекеттік басқаруында және мемлекеттік қызметінде жемқорлықтың алдын алуға және жоюға бағытталған әкімшілік қалыптың кешендері құрылған. Бірқатар мемлекеттерде шенеуніктердің ар кодексі немесе этикалық кодекстер жиынтығы болып табылатын арнайы заңдар қабылданған. Осыған орай, шетел мемлекеттеріндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жолын кесу шараларына назар аударайық.
Транспаренси Интернешнлдің мәліметтерін негізге ала отырып, сыбайлас жемқорлықтың жер жүзіне таратылу айырмашылықтарын және қазіргі әлемдегі жемқорлықтың деңгейін зерттеу мақсатында, әлем картасындағы сыбайлас жемқорлық туралы ақпаратты бейнелеп көрсетуге тырысайық. Халықаралық тәжірибеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы айтқанда, барлық елдерді шартты түрде төрт санатқа бөлуге болады: 1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті табысты жүргізіп отырған елдер; 2) сыбайлас жемқорлық орташа деңгейдегі елдер; 3) сыбайлас жемқорлықпен өте келелі мәселелері бар елдер; 4) сыбайлас жемқорлық айрықша байқалатын елдер. Әрі қарай осы жүйені негізге аламыз.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті табысты жүргізіп отырған елдерге Дания, Финляндия, Швеция, Жаңа Зеландия, Канада, Нидерланды, Норвегия, Швейцария, Австралия, Сингапур, Люксембург, Ирландия, Германия, Ұлыбритания, Израиль, АҚШ, Австрия, Исландия, Жапонияны жатқызуға болады.
Жоғарыда аталған елдердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ұйымдастырудың кейбір ерекшеліктері - осы елдердің үкіметі сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіп деп қарайды. Сондықтан, сыбайлас жемқорлық сырттан төнген және ішкі қауіп ретінде қабылданып, соған байланысты онымен күрес көлемді және кешенді сипат алады.
Мысалы, Нидерландыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес өзіне мыналарды енгізеді:
- сыбайлас жемқорлыққа бейім тұратын мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда мониторинг жүйесін енгізу және осы жерлерде қызмет ететіндерді қатаң бақылап отыру. Сыбайлас жемқорлықпен күрес
- жүргізетін тұлғаларды лауазымға тағайындау;
- сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жазалау жүйесі – бұл мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істеуге қатаң тыйым салуды және мемлекеттік қызмет ұсынатын барлық әлеуметтік жеңілдіктерінен айыруды көздейді;
- лауазымдық тұлғаның жағымды әрекетін көтермелеу жүйесі – шенеунікке өз қызметін тиімді де адал орындауы үшін материалдық тұрғысынан да, адамгершілік тұрғысынан да жағдай жасау;
- арнайы полиция типіндегі сыбайлас жемқорлықпен күрес
- жөніндегі мемлекеттік қауіпсіздік жүйесі;
Компаративтік талдау бойынша әр мемлекеттің өзінің күресу жолы, әдісі, тәсілі бар. Ал басқа жағынан қарасақ, көптеген мемлекеттердің сарапшылары біркелкі ережелер нормаларын қолдану керек деп ұсыныс жасайды. Тіпті, бүкілұлттық тәртіп әдептілігін қалыптастыру қажет дейді.
Осы орайда, 1995 жылы Ұлыбританияда Нолан Комиссиясы 7 қағида қабылдады:
1. Риясыздық. Лауазымды қызметкерлер қоғамдық мүддені жоғары ескере отырып, бір шешімге келеді;
2. Сатылмастық. Лауазымды қызметкерлердің өздерін басқа бір адамдарға не ұйымдарға қаржылық тәуелсіздікке қоймағаны дұрыс;
3. Әділдік. Жоғары қызметке тағайындау, келісімшарт жасау, марапаттау мәселелері бойынша шешім қабылдағанда лауазымды қызметкерлер үміткердің кәсіби қабілеттерін, іскерлігін ескеруі тиіс;
4. Есептілік. Лауазымды қызметкерлер қоғамның алдында өздерінің істеген ісі, қабылдаған шешімдері бойынша есеп беріп отыруы керек;
5. Ашықтық. Лауазымды қызметкерлердің шешімдері мен істері қоғамға ашық болуы тиіс. Әр шешім дәйектеліп отыруға міндетті.
Арды, абыройды сақтаушылық. Лауазымды қызметкерлер өздерінің мүдделері туралы ашық айтып, егер де осы мүдделері олардың істеген жұмысына қайшылық келтірсе, қоғамның пайдасына әкелетін шешімге келуге тиісті.
Басшылық. Лауазымды қызметкерлер осы аталған қағидаларды қолдана отырып, басшылықты орындап, өзінің дұрыс істерімен, мінезқұлқымен үлгі көрсетіп отыруға міндетті.
Жемқорлыққа қарсы өзгерістерді жүргізетін басқа топ институционалдық деп аталады. Бұл топ жемқорлыққа қарсы мүлде басқа күресті көрсетеді. Олардың ойынша, жаңа әдіс, жаңа жолға бар бағдарламаны жойып тастап, нормативтік іс-әрекеттерін өзгерту керек. Институционалдық жемқорлық өзгерістерге мынадай мысал келтіруге болады: сайлау үрдісіне ашықтық, жариялылық қамтамасыз ету; үкімет жұмысына және орындаушы басшылығына парламенттің бақылауы; сайлау үрдісінде қаржы мәселесіне бақылау жасау; мүлік мәселесін шектеу; мемлекеттік қызметкерлерінің кіріс-табысын, қаржы міндеттерін, шенеуніктердің табысының көтеруін, жылдық қаржы есебін беру, жемқорлыққа қарсы арнайы заң қабылдау, әкімшілік және қылмыстық жазалау тағы басқалар. Сайлаушылардың дауысын сатып алу көптеген мемлекеттерде дәстүрге айналған. Бұл әдіс АҚШ, Ұлыбританияда және басқа Еуропа мемлекеттерінде XIX ғасырда кең таралған. Қазір осындай шаралар шектелсе де, бүгінде осындай заң бұзушылық байқалады. Испания мен Италияның сайлау үрдісінде басқа шаралар қолданады. Ықпалы зор үміткерлерге саяси партиялардың көсемдері «патронаж» деген әдісті пайдаланады. Бұл әдістің маңызы мынада: сайлау кезінде көмектескен адамдарға мемлекеттік органдардан бір пайдалы қызметтерді ұсынады. 1966 жылы Тайландта өткен сайлау сайлаушыларға сыйлықтар тарату негізінде өтті. Сондықтан, көптеген мемлекеттерде сайлауды өткізу барысында ашықтық талап етіледі. Екіншіден, сайлау компаниясын қаржыландыруды бақылауға алып, нормадан жоғары қаржыландыруға тыйым салынады.
Ботсванада сыбайлас жемқорлықтың қарқынды өсуін тежеуге келесі шаралар көмектесті: шенеуніктердің санын қысқартып, олардың жалақысын көтерді және мемлекеттік мекемелердің құрылымы ықшамдалды, әрі сыбайлас жемқорлықтың кез келген түріне дереу санкция салынды.
ОАР-да бүгінгі күні сыбайлас жемқорлық деңгейі көптеген еуропа елдеріне қарағанда төмен. Олар қабылданған жаңа заңдардың көмегімен Үкіметті Парламент алдында есеп беруге міндеттеу арқылы, шенеуніктер мен депутаттарға табыстары және басқа да салық төлейтін мүліктері жөнінде декларация тапсыру және мемлекеттік жүйенің ашықтығын қамтамасыз ететін қадамдарды қабылдау жолымен қол жеткізілді.
Израиль сыбайлас жемқорлықтан жеткілікті түрде ерікті мемлекеттердің бірі болып саналады. Ондағы жемқорлыққа қарсы күрес, Нидерланды елінде қолданылатын шараларға қоса, «мониторинг жүргізудің белгілі қайталануы» жүйесі арқылы жүргізіледі. Израильде шенеуніктер үшін едәуір әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылған және сыбайлас жемқорлық анықталған жағдайда олар қатаң жазаланатындықтан, төмен деңгейлі жемқорлық жоқ дерлік. Оның себебі, бұл елдерде мемлекет көп ғасырлы күрес нәтижесінде құрылған.
Әлемнің көптеген елдеріндегі жемқорлыққа қарсы күрес қағидаларының бірі - Заң алдында барлық азаматтардың теңдігі. Жемқорлық қылмыс жасаған азаматтар өздерінің әлеуметтік жағдайына қарамастан Заң алдында жауапкершілікті бірдей тартады. Қытайда ҚХР Мемлекеттік комитеті сыбайлас жемқорлық үшін жаза туралы Қағиданы 1952 жылы қабылдады. Осы Қағидаға сәйкес, сыбайлас жемқорлық - барлық мемлекеттік органдар, мекемелер, оқу орындары және соларға қарайтын бөлімдердің қызметкерлерінің қоғамдық мүддені жамылып жасаған мемлекет құндылықтарына ие болу, алдау жолымен ұрлау, иемдену, басқа адамдардың құндылықтарын сұғанақтықпен алу, пара алумен анықталады. 1997 жылы 1-қазанда ҚХР-ның жаңа редакциядағы Қылмыстық Кодексі күшіне енді. 1979 жылғы Кодекс толықтырылды - 192 бап болған еді, енді 451 болды. Сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілік туралы нормаларды қылмыстық-құқықтық және қылмыстық істер деп жеке тарау етіп бөлу жеткілікті негізделген. Ол туралы норма жекеменшікке қарсы қылмыс жөніндегі тарауға енгізілген болатын. Жаңа тарау 394 баптан тұрады. Мысалы, пара алғаны үшін мемлекеттік ұйым айыппұлмен жазаланады, тікелей орындаушы мен ұйымның басшысы жағдайдың ауырлығына байланысты – 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады немесе тұтқындалады. Сыбайлас жемқорлық
сыбайлас жемқорлық немесе пара алу кірісінің сомасы 100 мың юаньнен асып кетсе, онда 10 жылға бас бостандығынан айырылады немесе дүние-мүлкі тәркіленеді немесе онсыз өмірлік бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Валюталық қылмыстармен күрес жөнінде Қытайдың тәжірибесі көңіл аудартады, соның барысында бірнеше миллиард доллардың жалған кедендік декларацияларын, жалған шетелдік лицензияларды пайдаланып, банктерден валюта алған фирмалар қатары анықталды, шетелдік келісімдер бойынша жалған аванс төлемдер фактілері және оффшорлық қаржы операциялары көлемінде көптеген заң бұзушылықтар ашылды.
Францияда лауазымдық тұлғалардың қызмет бабын теріс пайдаланғаны үшін жауапкершілігін реттеу саласында 1983 жылғы 13 шілдедегі «Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтары және міндеттері туралы» Заңның және 1992 жылы қабылданып, 1994 жылы қыркүйекте күшіне енген Қылмыстық кодексінің маңызы зор. «Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтары және міндеттері туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік шенеунікке «өзін тек қызметке арнау» міндеті жүктелген, бұл Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы бойынша мемлекеттік қызметкерлердің міндеттеріне ұқсас. Аталған заң мемлекеттік қызметкердің өзіндік абырой кодексі болып табылады. Францияда мемлекеттік қызметкерлерге тексеру және бақылау қол астындағы кәсіпорындардың әрекетіне араласуға тыйым салады. Кейде көрсетілген міндет мемлекеттік қызметтен кеткеннен кейін де, сол шенеуніктің артынан сақталынып қалады. Билікті жеке басы үшін пайдалану жөніндегі нормалар жүйесінде басты орынды, сөзсіз, бұқаралық лауазымдық тұлғалардың белсенді пара беру және сылбыр пара алу парақорлығы үшін қылмыстық жауапкершілік туралы нормалары алады. Параны алғаны, ұсынғаны, парақорлық және парақорлыққа пара беру үшін бірдей жазаланады: 10 жылға түрмеге қамалынады және 1 млн. франк көлемінде айыппұл төлейді. Лауазымдық тұлғаларға лауазымнан босағаннан кейін 5 жылға дейін өзінің капиталымен жұмыс істеуге, жеке кәсіпорындарға кеңес беруге тыйым салады.
Францияның ерекшелігі - соттардың жасаған, Төрелік сот мүшелерінің немесе соттың, не жеке адамдардың шақыруымен келген, екі жақты келістіру үшін сотпен шақырылған сарапшылардың арнаулы парақорлық құрамын бөліп көрсету. Көрсетілген әрекеттер 10 жылға түрмеге жабумен және 1 млн. франк айыппұл төлеумен айыпталады.
Байқағанымыздай, шетел мемлекеттерінде жемқорлыққа қарсы заңнама күресудің барлық құқықтық құралдарын, яғни, қылмыстыққұқықтық қана емес, қолдану жағына қарай және жемқорлықтың алдын алу жағына қарай дамып жатқандығы көрініп тұр. Осы елдердегі сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне талдау жасау, Қазақстан үшін тиімді сыбайлас жемқорлыққа қарсы пайдалы әрі тиімді озық ұлттық стратегияны жасауға көмектеседі. Біріншіден, сыбайлас жемқорлықпен күреске бағытталған мемлекеттің жоғарғы басшысының күшті саяси жігері және соның негізінде құрылған мемлекеттік, экономикалық, әлеуметтік және құқықтық сипаттағы сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясат. Екіншіден, мемлекеттік әкімшілік жүйесінің бәріне азаматтық қоғам жағынан ұйымдастырылған әлеуметтік бақылау және құқық бұзушылардың қылмыс жөнінде іс қозғау мүмкіндігімен қамтамасыз ету. Үшіншіден, билік жүргізуге ие тұлғалардың, мемлекеттік қызметкерлердің қызметінің тазалығы жөніндегі мониторингті жүзеге асыруы, тәуелсіз органдардың алдында қатаң есеп беруі.
Бақылау сұрақтары:
1. «Сыбайлас жемқорлық сана» және «сыбайлас жемқорлық мәдениет» ұғымдарының теориялық мазмұны олардың күнделікті қолданылуына сәйкес келе ме?
2. Қоғамдық бақылаудың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл құралы ретіндегі рөлі қандай?
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық бақылаудың негізгі институттарын атаңыз.
4. Мемлекеттік басқаруды реформалаудың Сингапурлық тәжірибесі.
Достарыңызбен бөлісу: |