ҚазаҚстан мұсылмандары діни басҚармасы АллАғА мАдАқ (таңдаулы діни өлеңдер) алматы, 2010



Pdf көрінісі
бет75/124
Дата13.05.2022
өлшемі2,13 Mb.
#34309
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   124
Ғапділнұр Шөкенұлы,
Ескелді ауданы, Жетісу ауылы.
әЗ ПАЙғАмбАР мҰХАммЕд (с.ғ.с)
Ғаламға астар, жыр болған,
Санаңда сақтар, сыр болған.
Шапағат нұрын таратып,
Аллаға елші, құл болған.
Сабазға тың ой тастаған,
Залымға тісін баспаған.
Фәниді нұрға бөледі,
Мұхаммед әлейһи уәссаләм.
Жүрекке жылы от берген,
Тілекке терең дес берген.
Халықты жікке бөлмеген,
Ғаріпті адал дос көрген.
Данамен мұңдас бір жүрген,
Баламен сырлас сыр білген.
Алланың асыл кәләмін,
Таратып жұртқа сіңірген.
Әлемнің нұрлы шырағы,
Ақылдың көзі пырағы.
Әділеттің ақ жолын,
Тәңірден тілеп сұрады.
Әдетке әбес қырағы,
Сабырмен дұға ұраны.


173
Таңдаулы діни өлеңдер
Халқына сыйлы, сыйымды,
Антында үздік тұрады.
Сөздері самал ескендей,
Сезілер жанға көктемдей.
Демінен жұпар аңқиды,
Ақ жауын жуып өткендей.
Шаттанып шалқып аспады,
Зікірмен, қадам басқаны.
Ұжданның гүлін мәпелеп,
Зұлымның сұғын жасқады.
Үмбетін қолдап-қорғапты,
Көзінен жасын парлатты,
Сүннетің мәңгі жолбасшы,
Пайғамбар атың ардақты.
 


174


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет