Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының



жүктеу 2.8 Kb.

бет11/15
Дата22.12.2016
өлшемі2.8 Kb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

«Сол  күні  (Қиямет  күні)  Аллаға  таза  жүрекпен 
қайтқан  жаннан  басқаларға  мал-мүлік  те,  балалар  да 
ешқандай пайда бермейді» (Шұғара, 88, 89).
  َلَو ِهِدَلَو نَع ٌدِلاَو يِزْجَي  َّل ًامْوَبي اْوَشْخاَو ْمُكَّبَر اوُقَّب�ا ُساَّنلا اَهُّبيَأ اَي﴿
 ُةاَيَحْلا ُمُكَّنَّرُغَب�  َلاَبف ٌّقَح ِهَّللا َدْعَو َّنِإ ًائْيَش ِهِدِلاَو نَع ٍزاَج َوُه ٌدوُلْوَم
﴾ُروُرَغْلا ِهَّللاِب مُكَّنَّرُغَبي  َلَو اَيْبنُّدلا
«Уа,  адамдар!  Раббыларыңнан  қорқыңдар  және 
әке  балаға  еш  көмек  бере  алмайтын,  бала  да  әкесіне 
көмек  бере  алмайтын  күннен  жасқаныңдар.  Расында 
Алланың  уәдесі  хақ.  Сондықтан  да  сендерді  дүние 
тіршілігі  елітпесін  әрі  Аллаға  қарсы  ешқандай  азғыру 

156
157
да елітпесін» (Лұқман, 33).
﴾َرِباَقَمْلا ُمُ�ْرُز ىَّتَح  *ُرُبثاَكَّتلا ُمُكاَهْلَأ﴿
«Сендерді көптік еліктірді. Қашан қабірлерді зиярат 
еткендеріңше» (Тәкәсур, 1, 2).
 ٍئِرْما ِّلُكِل * ِهيِنَبَو ِهِتَبِحاَصَو * ِهيِبَأَو ِهِّمُأَو * ِهيِخَأ ْنِم ُءْرَمْلا ُّرِفَي َمْوَبي﴿
﴾ِهيِنْغُبي ٌنْأَش ٍذِئَمْوَبي ْمُهْبنِّم
«Ол күні адам өзінің бауырынан қашады. Анасынан 
да,  әкесінен  де.  Әйелінен  де,  балаларынан  да.  Ол  күні 
әрбір адамның өзіне тиісті ісі болады» (Абаса, 34-38).
 ُهَّللاَو ْمُكَنْبيَبب ُلِصْفَبي ِةَماَيِقْلا َمْوَبي ْمُكُد َلْوَأ  َلَو ْمُكُماَحْرَأ ْمُكَعَفنَ� نَل﴿
﴾ٌريِصَب َنوُلَمْعَب� اَمِب
«Қиямет күні сендердің туыстарың да, балаларың да 
пайда бермейді. Алла араларыңды ашады. Алла сендердің 
не істеп жатқандарыңды көреді» (Мумтахана, 3).
 ْمُكُ�َريِشَعَو ْمُكُجاَوْزَأَو ْمُكُناَوْخِإَو ْمُكُؤآَنْببَأَو ْمُكُؤاَبآ َناَك ْنِإ ْلُق﴿
 اَهَبنْوَضْرَب� ُنِكاَسَمَو اَهَداَسَك َنْوَشْخَ� ٌةَراَجِ�َو اَهوُمُتْبفَرَبتْبقا ٌلاَوْمَأَو
 َيِ�ْأَي ىَّتَح ْاوُصَّبَرَبتَبف ِهِليِبَس يِف ٍداَهِجَو ِهِلوُسَرَو ِهّللا َنِّم مُكْيَلِإ َّبَحَأ
﴾َنيِقِساَفْلا َمْوَقْلا يِدْهَبي َل ُهّللاَو ِهِرْمَأِب ُهّللا
«(Уа,  Мұхаммед!  Оларға  былай  деп)  айт:  «Егер 
сендердің әкелерің, ұлдарың, ағайындарың, жұбайларың, 
жанұяларың,  ие  болған  малдарың,  тұрып  қалуынан 
қорыққан  сауда-саттықтарың,  разылық  танытқан 
үйлерің Алладан, Оның елшісінен және Оның жолындағы 
күрестен  сүйкімдірек  болса,  онда  Алланың  Өз  әмірімен 
келгенінше  күтіңдер!  Алла  пасық  қауымдарды  еш 
туралыққа бастамайды» (Тәубе, 24);
 ِهَّللا ِرْكِذ نَع ْمُكُد َلْوَأ  َلَو ْمُكُلاَوْمَأ ْمُكِهْلُب�  َل اوُنَمآ َنيِذَّلا اَهُّبيَأ اَي﴿
﴾َنوُرِساَخْلا ُمُه َكِئَلْوُأَف َكِلَذ ْلَعْفَبي نَمَو
«Ей, иман келтіргендер! Малдарың да, балаларың да 
сендерді Алланы зікір етуден елітпесін! Кімде-кім солай 
етсе, солар нағыз зиянға ұшыраушылар» (Мунафиқун, 9).
 ْمُهوُرَذْحاَف ْمُكَّل ًاّوُدَع ْمُكِد َلْوَأَو ْمُكِجاَوْزَأ ْنِم َّنِإ اوُنَمآ َنيِذَّلا اَهُّبيَأ اَي﴿
 ْمُكُلاَوْمَأ اَمَّنِإ * ٌميِحَّر ٌروُفَغ َهَّللا َّنِإَف اوُرِفْغَب�َو اوُحَفْصَ�َو اوُفْعَب� نِإَو
 ﴾ٌميِظَع ٌرْجَأ ُهَدنِع ُهَّللاَو ٌةَنْبتِف ْمُكُد َلْوَأَو
«Уа,  иман  келтіргендер!  Шындығында,  сендердің 
жұбайларыңнан және балаларыңнан өздеріңе дұшпандар 
бар,  солардан  сақтаныңдар!  Егер  сендер  оларға  ғафу 
қылып,  кеңпейілдік  танытсаңдар,    кешірім  етсеңдер, 
расында, Алла аса кешірімді әрі аса рахымды. Расында 
малдарың, жандарың бір сынақ. Ал, Алланың алдында 
зор сый бар» (Тағабун, 14, 15).
Екі бақшаның иесі туралы хикая

158
159
Ертеде  Бәни  Исраил  қауымында  Алла  Тағала  мол 
ризық  беріп  байытқан  ағайынды  екі  жігіт  болатын.  Оларға 
әкелерінен мұраға мол байлық қалған еді. Олардың біріншісі 
кедей-кепшіктерге көп қарасып, оларға жақсы қарым-қатынас 
жасайтын.  Сондықтан  да  таршылық  тауқыметін  тартқан 
жарлы-жақыбайлар  оның  жанынан  шықпайтын.  Жомарт 
байдың үйіне келіп, садақа сұраушылардың сабы үзілмейтін. 
Бақ-дәулетті  Жаратқанның  жомарттығы  деп  түсінген  жаны 
жайсаң  бай  жігіт  кедей-кепшікке  Алла  жолында  садақа 
беруді сүйікті әдетіне айналдырды. Садақа беруден байлығы 
мен  несібесінің  ортайып  қалмайтынына,  керісінше,  ырыс 
пен  береке  келетіндігіне  көзі  жетті.  Садақа,  көмек  сұрап 
келген мұқтаждардың меселін қайтармады. Өзінің тарыққан 
адамдардың  жандарын  жадыратып,  көздеріне  қуаныш 
ұялауына  себеп  болғанына  қатты  разы  болып,  Раббысына 
шүкірлік  етті.  Ризық-несібесін  молайтып,  артықшылық 
берген Аллаға мақтау-мадақ айтып, асып-таспай қанағатпен 
күн кешті. 
Ал,  ағайынды  жігіттердің  екіншісі  Қатрус  бауырына 
керісінше тіршілік етті. Ол байлығының бір бөлігін игілікке 
жұмсаудан,  Алла  жолындағы  қайырлы  іс  істеуден  мүлде 
бас тартты. Қайыр сұрап келген аш-жалаңаш жарлылардың 
жағдайына жүрегі еш жібімеді. Садақа сұрап келгендерге де 
селт етпеді. Міскін-мұтаждарды маңына да жуытпады. Алла 
Тағала оның ризығын кеңейтіп, екі жүзім бақшасын берген 
болатын. Екі бақша жыл сайын мол жеміс беріп тұрды. Бұл 
бақшаларды қоршай өскен биік құрма ағаштары, ал олардың 
ортасында жайқала өскен егін бар болатын. 
Қатрус  осындай  қараса  көз  тоймайтын  бақшалардың 
иесі  болатын.  Сондай-ақ,  үйінде  өрімдей  ұл-қыздары  да 
бар-ды.  Ол  әркімге  беріле  бермейтін  осындай  нығметтер 
үшін Аллаға шүкір етуге тиіс еді. Бірақ Қатрус олай етпеді. 
Мол  байлыққа  ие  болған  оның  басы  айналып,  мас  болды. 
Адамдардың  арасында  шалқақтап,  тәкаппарланып,  талтаң 
басып  жүретінді  шығарды.  Байлықтың  Алла  Тағаланың 
сыйы  әрі  сынағы  екендігін  мүлде  есінен  шығарып,  шүкір 
етуді қойды. 
Бірде  оған  туысқан  бауыры  келе  қалды.  Екеуі  оның 
құлпырған жүзім бағының ішінде жүріп әңгімелесті. Жүзім 
сабақтары мол жемістен иіліп салбырап тұрды. Бауырымен 
әңгімелесіп  келе  жатып  айналадағы  бағының  көркемдігіне 
масаттанған  Қатрус  оған:  «Көрдің  бе?!  Менің  бағым 
сенікінен  үлкен  әрі  бала-шағам  да  көп!»  –  деп  қарқылдап 
күлді.  Бауырынан  мұндай  астамшылықты  күтпеген  оның 
көңілі түсіп қалса да сабырлылық сақтап, жанашырлықпен: 
«Уа, Қатрус! Мұның не асылық сөз? Бұл нығметтің Алланың 
саған берген сыйы әрі сынағы екендігін есіңнен шығардың 
ба?  Ендеше  Алланың  берген  артықшылығына  асып-тасып, 
масаттанғанның  орнына  бақшаңа  кіргенде  шүкірлік  етіп: 
«Машалла! Лә қууата иллә биллә!» (Бұл Алланың қалағаны! 
Алладан басқа күш-қуат жоқ!) десең болмай ма? Егер менің 
бақшам  мен  бала-шағам  сенікінен  аз  болса,  оны  сенікінен 
артық  етуге  Раббымның  күші  де,  қуаты  да  жетеді.  Немесе 
бақшаңа  бір  пәле  жіберіп,  сені  айтақырға  қалдыруға  да 
құдыретті. Одан кейін ештеңе де істей алмай, сорлап қалуың 
мүмкін. Сондықтан да бұлай асып-тасуыңның жөні жоқ», – 
деп насихат айтты.
Бірақ  Қатрус  бауырының  сөзін  түсінгісі  де  келмеді. 
Басын  кекжитіп,  жан-жағындағы  әдемі  көрініске  қарады. 

160
161
Мына үлкен бақша, жайқалған егін, биік-биік ағаштар – бәрі 
де  өзінікі.  Бауыры  әлгі  сөздерді  осы  мол  байлықты,  аста-
төк игілікті бұдан қызғанып, іштарлықпен айтып тұрғандай 
көрінді.  Мал-мүлкінің  молдығына  мастанған  ол:  «Менің 
ойымша  бұл  бақша  ешқашан  да  құрымайды.  Мұның  бәрі 
менің  иелігім!  Мен  үшін  Қиямет  те  болмайтын  сияқты. 
Қайдан  білесің,  тіпті,  о  дүниелік  болып,  Раббыма  қайтқан 
соң бұдан да үлкен ырысқа кенеліп, пейіштік болармын?» – 
деп өзеурей түсті.
Қатрустың  мына  сөзін  естіген  бауыры  оның  әбден 
адасқанын  ұқты,  өткінші  дүниенің  қызығына  түсіп,  тура 
жолдан  тайқып  бара  жатқанын  түсінді.  Сондықтан  да  оны 
бұрыс бағытынан қайтаруға тырысты. 
–  Сен  не  деп  тұрсың,  бауырым?  Сені  топырақтан 
жаратып, адамға айналдырған, байлыққа кенелтіп, нығметіне 
бөлеген Иең – Аллаға қарсы шыққаның ба, бұл? – деді. – Егер 
сен  байлықты  Алланың  бергенін  мойындамай,  оған  қарсы 
шығар болсаң да, мен Одан басқа құдайдың жоқ екендігіне 
және барлық ризық пен несібенің Соның қолында екендігіне 
анық  куәлік  бере  аламын.  Алла  қалағанына  байлық  беріп, 
қалағанын кедей етеді. Өзіңнің малыңнан менің малымның 
аз  екендігін  айтып  мақтанба!  Алла  қаласа  малымды  да, 
жанымды да көбейтіп, өзімді жәннаттық етер. Ол жәннаттың 
бақшасы  дүние  бақшасынан  әлдеқайда  артық.  Бауырым, 
Қартус! Шектен шығып, асып-таспа! Асылық сөзің үшін Алла 
Тағаланың бақшаңа бір бәле жіберіп, жоқ қылып жіберуінен 
сақтан!
Бірақ бауырының бұл сөзін тыңдауға Қатрустың мүлде 
құлқы жоқ еді. Бойын мақтаныш пен есірік кернеген ол теріс 
бұрылып кете барды.
Сол  күні  кеш  түсіп,  қараңғылық  басып,  бүкіл  ауыл 
ұйқыға  кеткен  уақытта  Қатрустың  бақшасына  Құдайдың 
зауалы төнді. Аяқ астынан ауылдың шетінен құйын көтеріліп, 
Қатрустың  бақшасына  бағыт  алды.  Гүл  жайнаған  миуалы 
бақтың ішіндегі құрма ағаштарын тамырымен қоса жұлып, 
жайқалған егіндік пен жүзімдікті тып-типыл етті. Ақырында 
Қатрустың  кең  алқапты  қамтыған  құтты  бақшасы  әп-сәтте 
қираған үйінділерге айналып шыға келді.
Таңертең ұйқысынан тұрған Қатрус күнделікті әдетінше 
үйінен  шығып  жан-жағына  қарағанда  гүл  жайнаған  бағын 
көре  алмады.  Оның  орнындағы  ойранды  көріп  есінен  тана 
жаздады. Мақтанып жүрген мүлкінің бір түнде жоқ болғанын 
көріп,  сілейді  де  қалды.  Содан  кейін  барып  бір  апаттың 
болғанын  түсінді.  Өзінің  кешегі  асылық  сөздеріне  өкініп, 
қос  жұдырығымен  басын  тоқпақтай  берді.  Асылық  жасап, 
шектен  шыққанына  күйініп,  дәрменсіздіктен  не  қыларын 
білмей отыра кетті.
Раббысының нығметін мойындамай, асып-тасқан надан 
бай Қатрус өзінің терістігін осылайша кеш түсініп: «Сорым-
ау!  Раббыма  серік  қоспай,  шүкірлік  етсемші?!»  –  деп 
ойбайлаумен болды. Оны Алланың алапатынан құтқаратын 
ешбір  жан  болмады.  Раббының  қалауымен  мол  байлықтың 
иесі  бір  түнде  тақыр  кедейге  айналып  шыға  келді.  Оған 
байлығы  үшін  сыйлап,  құрмет  тұтқан  дос-жарандары  да, 
саны көп ұл-қыздары да еш көмек бере алмады.
Даңқ  пен  абыройдан  бір  сәтте  айрылған  сорлы  пенде 
сән-салтанатты  тіршіліктің  көзден  бір-ақ  ұшқанын  білді. 
Сосын  бауырының  насихат  сөздерін  есіне  түсірді.  Оның 
тілін  алмағынына  өкініп:  «Мен  тақыр  кедейге  айналдым! 
Балаларымның  көптігі  де  еш  пайда  бермеді.  Асылық  сөз 

162
163
сөйлеп,  Алланың  ашу-ызасына  қалдым.  Уа,  Раббым!  Уа, 
Рахымдылардың рахымдысы! Енді өзіңнен басқа құтқарушы 
жоқ», – деп қайғырумен болды.
Қиссаның Құран Кәрімдегі нұсқасы
Алла  Тағала  былай  деген:  «(Уа,  Мұхаммед!)  Сен 
оларға екі адамның мысалын баян ет. Олардың біреуіне 
Біз  екі  жүзім  бағын  беріп,  оларды  құрма  ағаштарымен 
қоршап, арасына егін жасаған едік. Екі бақ та жемістерін 
беріп, екеуі де еш кемімеді. Олардың араларынан бұлақ 
ағыздық. Оның жемістері бар еді. Ол өзінің жолдасымен 
сөйлесіп  отырып:  «Менің  байлығым  сенікінен  көбірек 
әрі топ (бала-шаға) жағынан да үстеммін», – деді. Ол өзіне 
залымдық  жасаған  түрінде  бағына  кірді  де:  «Бұларды 
жоқ болады деп ешқашан да ойламаймын», – деді. «Әрі 
Қияметтің болатындығын да ойламаймын. Егер Раббыма 
қайтарылсам,  әрине  бұдан  да  жақсы  орын  табармын». 
Жолдасы оған: «Өзіңді топырақтан, содан соң бір тамшы 
судан жаратып, одан кейін адам қылғанға қарсы келесің 
бе?» – (деді). «Бірақ Ол Алла менің Раббым, оған ешкімді 
де серік қоспаймын». «Бағыңа кірген сәтте «Бұл Алланың 
қалауы,  Алладан  басқа  еш  күш-қуат  жоқ»  демедің  бе? 
Тіпті мені мал мен бала жөнінен өзіңнен кем көрсең де». 
«Раббым маған сенің бағыңнан да қайырлы нәрсе беріп, 
ал оған (бағыңа) аспаннан апат жіберіп, жылтыр тақырға 
айналдыруы  мүмкін».  «Немесе  оның  (бағыңның)  суы 
тартылып, оны әсте таба алмай қаларсың». Ол жемістері 
жойылып,  ол  сабақтары  кермесіне  құлаған  (жүзім) 
бағына (жасаған еңбегіне)  өкініп алақандарын бір-біріне 
соқты да: «Әттеген-ай! Раббыма ешкімді серік қылмасам 
етті!» – деді. Оған Алладан өзге жәрдем қыларлық ешкім 
де болмады әрі ол өз-өзіне де жәрдемдесе алмады» (Кәһф 
сүресі, 32-43-аяттар).
Шетінеген бала – шапағатшы
Алла Тағала былай деді:
  ِسُفنلاَو  ِلاَوَمَلا َنِّم ٍصْقَبنَو ِعوُجْلاَو ْفوَخْلا َنِّم ٍءْيَشِب ْمُكَّنَوُلْببَنَلَو﴿
 ِهّلِل اَّنِإ ْاوُلاَق ٌةَبيِصُّم مُهْبتَبباَصَأ اَذِإ َنيِذَّلا * َنيِرِباَّصلا ِرِّشَبَو  ِتاَرَمَّثلاَو
  َكِئبَلوُأَو ٌةَمْحَرَو ْمِهِّبَّر نِّم ٌتاَوَلَص ْمِهْيَلَع َكِئبَلوُأ * َنوعِجاَر ِهْيَلِإ ابَّنِإَو
 
﴾َنوُدَتْهُمْلا ُمُه
«Шындығында  Біз  сендерді  аздаған  қорқынышпен 
және  аштықпен,  мал-мүлікті,  жандарды  (жақындарды, 
балаларды),  өнімдерді  кемітумен  сөзсіз  сынаймыз.  Олай 
болса  сабырлыларды  (жұмақпен)  қуандыр.  Оларға  бір 
тауқымет  жетсе  «Шын  мәнінде  біз  Алланыкіміз  әрі  біз 
Оған  қайтушымыз»  деседі.  Міне,  соларға  Раббылары 
тарапынан  бір  жарылқау  һәм  мейірім  болады.  Міне, 
солар – тура жолдағылар» (Бақара, 155-157).
  ِلوُسَر ْنِم َتْعَِس َةَرْييَرُه  ِبَِل ُتْلُقَي�  ِل ِناَنْيبا َّفَوَي� َلاَق َناَّسَح  ِبَأ ْنَع
 ،اَناَ�ْوَم ْنَع اَنُسُفْينَأ ِهِب ُبَّ�َطُ� ُهاَنْيثَّدََت اًثيِدَح َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ِللها
 ِهْيَوَيبَأ َلاَق ْوَأ ُهاَبَأ ْمُهُدَحَأ ىَّقَلَيتَيي ِةَّنَْلجا ُص�ِماَعَد ْمُهُراَغِص ْمَعَين« :َلاَق
 ىِهاَنَيتَيي لَ� اَذَه َكِبْوَيث ِةَفْينِصِب اَنَأ ٌذِخآ اَمَك ِهِدَي ْوَأ ِهِبْوَيث ِةَ�ِحاَنِب ُذُخْأَ�َي�

164
165
.ٌمِلْسُم ُهاَوَر  ».َةَّنَْلجا ُهاَبَأَو ُللها ُهَلِخْدُي  َّتَح
Әбу  Хасан  былай  дейді:  «Екі  ұлым  қайтыс  болғанда 
мен Әбу Һурайраға: «Сіз Алланың елшісінің (с.а.с.) хадисін 
естідіңіз. Өлгендеріміз туралы көңіл жұбатарлық бір хадис 
айтыңыз», – дедім. Сонда ол: «Иә, олардың кішкентайлары 
–  жәннаттың  кішкентай  тұрғындары.  Олардың  бірі 
әкесін  немесе  әке-шешесін  кездестіріп,  мына  менің  қазір 
сенің  киіміңнің  етегінен  ұстап  тұрғаным  секілді  оның 
киімінің етегінен немесе қолынан ұстап қашан Алла оны 
және әкесін жәннатқа кіргізгенше жетектеп жүреді», – 
деді».
 ُهَل َلاَقَي� ،ُهَل ٌنْبا ُهَعَمَو َِّبَّنلا  ِتْأَي َناَك  ًلُجَر َّنَأ ِه�ِبَأ ْنَع َةَّرُيق ِنْب َةَيِواَعُم
 َكَّ�َحَأ ،ِللها َلوُسَر اَي :َلاَقَي� ، »ُهُّ�ُِتَأ« :َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ُِّبَّنلا
 ُنْبا َلَعَي� اَم« :َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص َلاَقَي� ُِّبَّنلا ُهَدَقَفَي� ،ُهُّ�ِحُأ اَمَك ُللها
 َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ُِّبَّنلا َلاَقَي� ،َتاَم ،ِللها َلوُسَر اَي :اوُلاَق ، »؟ٍن َلُي�
  َكُرِظَتْنَيي ُهَ�ْدَجَو  َّلِإ ِةَّنَلجا  ِباَوْيبَأ ْنِم اًباَب  ِتْأَ�  َل ْنَأ ُّبُِت اَمَأ« :ِه�ِبَِل
 ىَّلَص َلاَق ، ؟اَنِّيلُكِل ْوَأ ِللها َلوُسَر اَي ،ًةَّصاَخ ُهَلَأ :ٌلُجَر َلاَقَي� ،»؟ِهْ�َلَع
.»ْمُكِّيلُكِل ْلَب« :َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها
Мағауия  ибн  Қуррадан,  ол  өзінің  әкесінен  мынадай 
риуаят  жеткізеді:  «Пайғамбарға  (с.а.с.)  қасына  баласын 
ертіп  бір  кісі  келіп  жүретін.  Пайғамбар  (с.а.с.)  оған:  «Сен 
оны (яғни, ұлыңды) жақсы көресің бе?» – деп сұрады. Ол: 
«Уа, Расулалла! Алла оны жақсы көретінімдей Сізді де маған 
сондай  жақсы  көрсетсін»,  –  деді.  Арада  біраз  уақыт  өткен 
соң  Пайғамбар  (с.а.с.)  әлгі  баланы  көре  алмай  қалды  да: 
«Уа,  Пәленнің  ұлына  не  болды?»  –  деп  сұрады.  Адамдар: 
«Уа,  Расулалла!  Ол  (бала)  қайтыс  болды»,  –  десті.  Сонда 
Пайғамбар  (с.а.с.)  ол  баланың  әкесінен:  «Сен  жәннат 
қақпаларының қайсысынан кірсең де оның (ұлыңның) сені 
алдыңнан күтіп тұрғанын қаламайсың ба?» – деді. Сонда 
бір  кісі:  «Уа,  Расулалла!  Бұл  тек  осы  кісіге  қатысты  (сый) 
ма, әлде бәрімізге де ме?»  – деп сұрады. Пайғамбар (с.а.с.): 
«Бәлки, бәріңе», – деді». 
 ُهَل َناَك ْنَم« :ُلوُقَيي َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ِللها َلوُسَر ُتْعَِس َلاَق ٍساَّ�َع ِنْبا ْنَع
 يِّيمُأَو َتْنَأ  ِبَأِب :اَهْينَع ُللها َيِضَر ُةَشِئاَع ْتَلاَقَي� ،»َةَّنَلجا َلَخَد  ِتَّمُأ ْنِم ِناَطْرَي�
 ْنُكَي َْل ْنَمَ� :ْتَلاَق ،»َةَقَّي�َوُم اَي ،ٌطْرَي� ُهَل َناَك ْنَمَو« :َلاَقَي� ،ٌطْرَي� ُهَل َناَك ْنَمَ�
.»يِلْثِِب اوُباَصُي َْل  ِتَّمُأ ٌطْرَي� اَنَأَ�» :َلاَق ،َكِتَّمُأ  ِف ٌطْرَي� ُهَل
Ибн Аббас (р.а.) былай дейді: «Мен Алланың елшісінің 
(с.а.с.):  «Үмбетімнен  кімнің  екі  сәбиі  шетінеген  болса 
ол  жәннатқа  кіреді»,  –  дегенін  естідім.  Сонда  Айша 
(р.а.):  «Ата-анам  жолыңда  құрбан  болсын,  кімнің  бір  сәбиі 
шетінеген  болса  ше?»  –  деп  сұрады.  Пайғамбар  (с.а.с.): 
«Кімнің  бір  сәбиі  шетінесе  де  солай,  бақытты  әйел»,  – 
деді. Айша (р.а.): «Ал кімнің шетінеген сәбиі болмаса ше?» 
– деп сұрады. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): «Үмбеттімнің мен 
сияқты  бәлеге  ұшырамағандарының  (яғни,  сәбиі  қайтыс 

166
167
болмағандарының) шапағатшысы менмін», – деді».
 ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ِللها َلوُسَر َّنَأ ِّييِرْدُلا ٍد�ِعَس  ِبَأ ْنَع ِْينَح�ِحَّصلا  ِفَو
 اوُناَك  َّلِإ ِدَلَولا َنِم ٌةَثلَث اََل ُتوَُي ٌةَأَرْما َّنُكْنِم اَم« :ِءاَسِّينلِل َلاَق َمَّلَسَو
.»ِناَنْيثاَو« :َلاَقَي� ،»؟ِناَنْيثاَو« :ٌةَأَرْما  ِتَلاَقَي� ،»ِراَّنلا َنِم اًباَجِح اََل
Сахих  кітаптарында  Әбу  Сағид  әл-Худриден  жеткен 
риуаятта  Алланың  елшісі  (с.а.с.)  әйелдерге:  «Сендердің 
іштеріңде  кімнің  үш  сәбиі  қайтыс  болса,  олар  оған 
тозақтан  перде  болады»,  –  деді.  Сонда  бір  әйел  тұрып: 
«Ал, екеу болса ше?» – деп сұрады. Пайғамбар (с.а.с.): «Екеу 
болса да солай»,– деді.
 ُللها ىَّلَص ِللها ُلوُسَر َلاَق َلاَق ٍسَنَأ  ِثيِدَح ْنِم ِّييِراَخُ�لا ِح�ِحَص  ِفَو
 اوُغُلْي�َيي َْل ِدَلَولا َنِم ٌةَثلَث ُهَل ُتوَُي ٌمِلْسُم ِساَّنلا َنِم اَم« :َمَّلَسَو ِهْ�َلَع
.»ْمُهاَّيِإ ِهِتَْحَر ِلْضَفِب َةَّنَلجا ُللها ُهَلَخْدَأ  َّلِإ َثْنِلا
Бұхаридің Сахихында Әнес жеткізген хадисте Алланың 
елшісі  (с.а.с.):  «Адамдардың  арасында  қандай  да  бір 
мұсылманның  балиғатқа  жетпеген  үш  баласы  қайтыс 
болса,  Алла  соларға  (балаларға)  деген  рахымымен  оны 
жәннатқа кіргізеді», – деген.
 اَذِإ« :َلاَق َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ِللها َلوُسَر َّنَأ ِّييِرَعْشَلا ىَسوُم بَأ ْنَع
 ،ْمَعَين :َنوُلوُقَي�َي� ؟يِدْ�َع َدَلَو ْمُتْضَ�َيق :ِهِتَكِئلَمِل ُللها َلاَق ِدْ�َعلا ُدَلَو َتاَم
 ؟يِدْ�َع َلاَق اَذاَم :ُلوُقَي�َي� ،ْمَعَين :َنوُلوُقَي�َي� ؟ِهِداَؤُي� َةَرَْث ْمُتْضَ�َيق :ُلوُقَي�َي�
 ُهوَُّسَو ِةَّنَلجا ف اًتْ�َيب يِدْ�َعِل اوُنْيبِا :ُللها ُلوُقَي�َي� ،َعَجْرَيتْساَو َكَدَِح :َنوُلوُقَي�َي�
.ُّيِذِمْرِّييتلا ُهاَوَر .»ِدْمَلا َتْ�َيب
Әбу Муса әл-Ашғариден Алланың елшісі (с.а.с.) былай 
деген:  «Пенденің  баласы  қайтыс  болғанда  Алла  Өзінің 
періштелеріне:  «Пендемнің  баласын  алдыңдар  ма?»  – 
дейді.  Олар:  «Иә»,  –  деседі.  Алла:  «Жүрегінің  жемісін 
жұлып алдыңдар ма?» – дейді. Олар: «Иә», – деседі. Алла: 
«Менің  пендем  не  деді?»  –  дейді.  Періштелер:  «Ол  Сені 
мадақтады және «Иннә лилләһ уа иннә иләйһи ражиъуун» 
(«Біз  Алланікіміз  және  Оған  қайтамыз»)  деп  айтты», 
–  дейді.  Сонда  Алла:  «Ол  пендеме  жәннаттан  бір  үй 
салыңдар және оны әл-Хамд (мадақ) үйі деп атаңдар», – 
деп бұйырады». (Термези риуаяты).
Жалпы  нәрестенің  ерте  қайтыс  болуы  көптеген 
адамдардың  басында  болған  жайт.  Тіпті  ардақты 
Пайғамбарымыз  Мұхаммедтің  (с.а.с.)  өзінің  ұлдары  ерте 
қайтыс болған.
 ىَّلَص ِللها  ِلوُسَر َعَم اَنْلَخَد :َلاَق ُهْنَع ُللها َيِضَر ٍكِلاَم ِنْب ِسَنَأ ْنَع
 ِم َلَّسلا ِهْ�َلَع َم�ِهاَرْيبِِل اًرْيئِظ َناَكَو ِْينَقلا  ِفْ�َس بَأ ىَلَع َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها
 ِهْ�َلَع اَنْلَخَد َُّث ُهََّشَو ُهَلَّي�َقَي� َم�ِهاَرْيبِإ َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ِللها ُلوُسَر َذَخَأَ�
 ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ِللها  ِلوُسَر اَنْي�َع ْتَلَعَجَ� ِهِسْفَينِب ُدوَُي ُم�ِهاَرْيبِإَو َكِلَذ َدْعَيب

168
169
  َتْنَأَو« :ُهْنَع ُللها َيِضَر ٍفْوَع ِنْب ِنَْحَّرلا ُدْ�َع ُهَل َلاَقَي� ِناَ�ِرْذَ� َمَّلَسَو
 ىَرْخُأِب اَهَعَي�ْي�َأ َُّث ،»ٌةَْحَر اَهَّينِإ ، ٍفْوَع َنْب اَي« :َلاَقَي� ،»؟ِللها َلوُسَر اَي
  َلوُقَين لَو ُنَزَْي ُبْلَقلاَو ُعَمْدَ� َْينَعلا َّنِإ« :َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص َلاَقَي�
.ُّيِراَخُ�لا ُهاَوَر .»َنوُنوُزْحَمَل ،ُم�ِهاَرْيبِإ اَي َكِقاَرِفِب اَّنِإَو اَنُّيبَر ىَضْرَيي اَم لِإ
Әнес  ибн  Мәлік  (р.а.)  былай  дейді:  «Бірде  Алланың 
елшісімен  (с.а.с.)  бірге  Әбу  Сәйф  әл-Қайынның  үйіне 
кірдік.  Ол  Пайғамбардың  (с.а.с.)  ұлы  Ибраһимді  бағушы 
еді. Алланың елшісі (с.а.с.) Ибраһимді көтеріп алып, сүйіп, 
иіскеді. Содан кейін біраз уақыт өткен соң қайта бардық. Ол 
кезде Ибраһим жанталасып жатыр екен. Алланың елшісінің 
(с.а.с.) көздерінен жас тама бастады. Абдуррахман ибн Ауф 
(р.а.): «Уа, Расулалла! Сіз де жылайсыз ба?» – деді. Сонда 
ол  (с.а.с.):  «Уа,  Ауфтың  ұлы!  Шынында  бұл  –  мейірім 
жасы», – деді. Сосын келесі жолы барғанда Алланың елшісі 
(с.а.с.):  «Шынында  көз  жылайды,  жүрек  қайғырады. 
Алайда  Раббымызды  разы  қылатын  сөзден  басқа 
ештеңе  айтпаймыз.  Расында  сенен  айрылғанымызға  біз 
қайғылымыз, уа, Ибраһим», – деді». (Бұхари риуаяты).
Әнес  былай  әңгімелейді:  «Әбу  Талханың  ұлы  қатты 
ауырып  қайтыс  болады.  Бұл  уақытта  ол  басқа  жерде 
жүргендіктен  сәбиінің  жағдайынан  бейхабар  қалады. 
Әбу  Талха  үйіне  оралғанда  әйелі  бір  затты  орап,  үйдің  бір 
бұрышына салып қояды. Күйеуі: «Сәбидің жағдайы қалай?» 
–  деп  сұрайды.  Әйелі:  «Жаны  жай  тауып,  жақсы  демалып 
жатыр»,  –  дейді.  Сосын  күйеуіне  кешкі  асын  ұсынады. 
Таңертең ерте тұрып, ғұсыл алып, тысқа шығып бара жатқан 
кезде  әйелі  Әбу  Талхаға  сәбилерінің  қайтыс  болғандығын 
жеткізеді.  Әбу  Талха  мешітке  барып  таң  намазын  оқыған 
соң  Пайғамбарға  (с.а.с.)  болған  жай  туралы  айтады.  Сонда 
Пайғамбар  (с.а.с.):  «Бәлкім,  осы  түн  сендерге  берекелі 
болған шығар», – дейді. Расында да солай болады. Әбу Талха 
он бала сүйеді. Барлығы да Құран оқитын». (Бұхари риуаяты).

1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал