َنيِبِّيَّطلِل ُتاَبِّيَّطلاَو ِتاَثيِبَخْلِل َنوُثيِبَخْلاَو َنيِثيِبَخْلِل ُتاَثيِبَخْلا﴿
ٌقْزِرَو ٌةَرِفْغَّم مُهَل َنوُلوُقَبي اَّمِم َنوُؤَّرَببُم َكِئَلْوُأ ِتاَبِّيَّطلِل َنوُبِّيَّطلاَو
﴾
ٌميِرَك
«Сұрқия әйелдер сұрқия еркектерге, сұрқия еркектер
сұрқия әйелдерге, ізгі әйелдер ізгі ерлерге, ізгі ерлер ізгі
әйелдерге. Олар (жалақорлар) айтқан нәрселерден пәк.
Оларға жарылқау мен ардақты үлес бар» (Нұр, 26), –
деген.
Осы бір ең нақұрыс қылмыс имани шарттарға да қайшы
келеді.
:َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ِللها ُلوُسَر َلاَق َلاَق ُهْنَع ُللها َيِضَر َةَرْييَرُه ِبَأ ْنَع
َوُهَو ُبَرْشَي َينِح َرْمَْلا ُبَرْشَي لَو ٌنِمْؤُم َوُهَو نْزَيي َينِح ناَّزلا نْزَيي ل«
.»ٌنِمْؤُم َوُهَو ًةَ�ْهَين ُبِهَتْنَيي لَو ٌنِمْؤُم َوُهَو ُقِرْسَي َينِح ُقِرْسَي لَو ٌنِمْؤُم
Әбу Һурайра жеткізген риуаятта Пайғамбарымыз (с.а.с.)
былай деген: «Зинақор зина жасағанда мүмін емес, арақ
ішіп жатқан кезде мүмін емес, ұрлық істеп жатқанда
мүмін емес, адамды тонап жатқанда мүмін емес».
Тағы бір хадисінде Алланың елшісі (с.а.с.) Миғраж
оқиғасында көрген көріністерінің ішінде зинақор ерлер мен
әйелдердің жалаңаш күйлерінде үлкен тандыр пеші сияқты
пештегі жалындаған отта өртеліп жатқанын айтқан.
Симак ибн Харбтың Абдуррахман ибн Абдулла ибн
Масғудтан, ал ол өзінің әкесінен мынадай риуаят жеткізген:
«Бір ауылда зина мен риба жайылса, Алла Тағала ол ауылды
жоюға пәрмен береді».
Ибн Әбу Дуния Әнес ибн Мәліктен мынадай риуаят
жеткізген: «Бірде ол қасында бір кісі бар Айша анаға (р.а.)
барады. Сонда қасындағы кісі: «Уа, мұсылмандардың анасы!
Зілзәлә туралы айтыңызшы», – дейді. Сонда Айша: «Адамдар
зинақорлыққа рұқсат беріп, арақ ішіп, аспаптарда ойнағанда,
Алла Тағала жерге: «Сілкін! Егер олар райларынан қайтып,
тәубе етсе тоқтат, әйтпесе, оларды құртқанша сілкін», – деп
бұйырады», – дейді. Сонда әлгі кісі: «Уа, мұсылмандардың
анасы! Бұл олардың жазасы ма?» – деп сұрады. Сонда Айша:
«Әрине. Бұл – иман келтіргендер үшін уағыз әрі рахымшылық,
кәпірлер үшін қорқыту, ескерту», – деген».
ْنِم ُهُتْعَِس اًثيِدَح ْمُكَّنَيثِّيدَحَُل :َلاَق ُهْنَع ُللها َيِضَر ٍسَنَأ ْنَع َةَداَتَيق ْنَع
18
19
ُتْعَِس ،يِْيَغ ٌدَحَأ ِهِب ْمُكُثِّيدَُي ل َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ِللها ِلوُسَر
ْنَأ ِةَعاَّسلا ِطاَرْشَأ ْنِم َّنِإ« :ُلوُقَيي َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ِللها ُلوُسَر
ُلاَجِّيرلا َّلِقَيَو ِرْمَلا َبْرُش َرُيثْكَيَو اَنِّيزلا َرُيثْكَيَو ُلْهَلجا َرُيثْكَيَو ُمْلِعلا َعَ�ْرُيي
.ُّيِراَخُ�لا ُهاَوَر .»ُدِحاَولا ُمِّي�َقلا ٍةَأَرْما َينِسْمَِل َنوُكَي تَح ُءاَسِّينلا َرُيثْكَيَو
Қатададан жеткен риуаятта Әнес сахаба (р.а.) былай
дейді: «Мен сендерге Алланың елшісінің (с.а.с.) аузынан
естіген, менен басқа ешкім білмейтін бір хадисті айтып
берейін. Алланың елшісінің (с.а.с.) былай дегенін естідім:
«Ақырзаманның белгілері: білімнің жоғалып, надандықтың
көбеюі, зинақорлықтың жайылуы, арақ ішудің көбеюі,
ерлердің азайып, әйелдердің көбейіп, ақырында әрбір елу
әйелге бір-ақ еркек болуы». (Бұхари риуаяты).
Үйлендіру – ата-ананың борышы
Ондаған жылдар бойы құдайсыздар билік құрған
материалистік идеологияның көлеңкесінде болып келген
қазақ қоғамында мұсылмандық таным мен нанымға, әдет-
ғұрыпқа мүлде сәйкес келмейтін керағар, кертартпа әдеттер
пайда болды. Солардың бірі – өмірлік жар таңдау атты
маңызды мәселенің ешбір тәжірибесіз, балаң да албырт
жігіттер мен ештеңеден қаперсіз қыздардың өздеріне
қалдырылып, осы жауапкершілікті ата-аналардың мүлде
сезінбеуі деуге болады. Бұл мәселеде ата-аналардың басым
бөлігі «жастар өздері білер, өздері шешер», немесе «өзі
ұнатқанын алсын, ұнатқанына шықсын» деген пікірді
ұстанады. Мұның арты кейбір кездері орны толмас өкініш
тудырып жататыны жасырын емес. Ал шынтуайтына келсек,
шариғат заңы бойынша ұлына лайықты келін, қызына
лайықты жар тауып беріп үйлендіру – ата-ананың бала
алдындағы борыштарының бірі.
ْنَم« :ِللها ُلوُسَر َلاَق َلاَق ٍساَّ�َع ِنْباَو ٍد�ِعَس ِبَأ ْنَع ُّيِقَهْي�َي�لا ىَوَر
ُهْجِّيوَزُيي َْلَو َغِلُب ْنِإَ� ُهْجِّيوَزُي�ْلَي� َغِلُب اَذِإَ� ،ُهَبَدَأَو ُهَْسا ِنِسْحُ�ْلَي� ٌدَلَو ُهَل َدِلُو
.»ِه�ِبَأ ىَلَع ُهُْثِإ اََّنِإَ� اًْثِإ َباَصَأَ�
Имам Байһақидың сахабалар Әбу Сағид әл-Худри (р.а.)
мен Ибн Аббастан (р.а.) жеткізген бір риуаятында Алланың
елшісі (с.а.с.): «Кімнің баласы туылса оған жақсы ат
қойсын, жақсы тәрбие берсін, балиғат жасына жеткенде
үйлендірсін. Егер балиғат жасына жеткенінде оны
үйлендірмей, ол күнәға ұрынып қалса, оның күнәсы әкесіне
жазылады», – деген.
Пайғамбар (с.а.с.) басқа бір хадисінде былай дейді:
«Балалардың әке-шешесіндегі ақысы үшеу:
1.Туылғаннан кейін жақсы есім беру.
2.Балиғат жасына келгенде Алланың Кітабын үйрету.
3.Үйлену шағына жеткеннен кейін үйлендіру».
Жақсы жар таңдау
Алланың осы дүниедегі нығметтерінің ең қайырлысы
– жақсы жар. Мұны Пайғамбардың (с.а.с.) төмендегі хадис
шәрифтері айғақтайды.
ىَوْقَي� َدْعَيب ُنِمْؤُمْلا َداَفَيتْسا اَم« :َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ِللها ُلوُسَر َلاَق
20
21
،ُهْ�َّرَس اَهْي�َلِإ َرَظَن ْنِإَو ،ُهْتَعاَطَأ اَهَرَمَأ ْنِإ ،ٍةَِلاَص ٍةَجْوَز ْنِم ُهَل اًرْي�َخ ِللها
ُهاَوَر .»ِهِلاَمَو اَهِسْفَين ِف ُهْتَظِفَح اَهْينَع َباَغ ْنِإَو ،ُهْ�َّرَيبَأ اَهْي�َلَع َمَسْقَأ ْنِإَو
.هَجاَم ُنْبا
«Мүміннің Аллаға тақуалық қылуынан кейінгі ең
үлкен тапқан пайдасы – ізгі жұбайы. Егер ері оған бұйырса
– мойынсұнады, қараса – қуантады, ол үшін ант етсе –
антын орындайды, егер ері сыртта болса, өзінің жаны
(ар-ожданын) мен оның малын сақтайды». (Ибн Мәже
риуаяты).
ُةَأْرَمْلا اَهِعاَتَم ُرْي�َخَو ٌعاَتَم اَ�ْينُّدلا« :َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ِللها ُلوُسَر َلاَق
.ٌمِلْسُم ُهاَوَر .»ُةَِلاَّصلا
«Дүние – қызықтау, ондағы қызықтардың ең
қайырлысы – ізгі әйел». (Мүслім риуаяты).
: َلاَق َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ِّيِبَّنلا ِنَع ُهْنَع ُللها َيِضَر َةَرْييَرُه ِبَأ ْنَع
ِتاَذِب ْرَفْظاَ� ،اَهِنيِدِلَو اَِلاََجَو اَهِ�َسَِلَو اَِلاَمِل ٍعَبْرَِل ُةَأْرَمْلا ُحَكْنُي�«
.ُّيِراَخُ�لا ُهاَوَر .»َكاَدَي ْتَبِرَ� ِنيِّيدلا
Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «Бір әйелге төрт
нәрсесі үшін үйленеді: мал-дүниесі, тектілігі, әдемілігі
және имандылығы үшін. Діні барға қол жеткіз, қолың
топырақ болғыр». (Бұхари риуаяты).
: َلاَق َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ِّيِبَّنلا ِنَع ِّييِرْدُلا ٍد�ِعَس ِبَأ ْنَع ُّيِثْ�َّللا ىَوَر
ُءاَنْسَلا ُةَأْرَلما :َلاَق ؟ِنَمِّيدلا ُءاَرْضَخ اَمَو :َل�ِق ،»ِنَمِّيدلا َءاَرْضَخَو ْمُكاَّيِإ«
.»ِءوُّسلا ِتَ�ْنَم ِف
Әл-Ләйсидің Әбу Сағид әл-Худриден жеткізген
риуаятында Пайғамбар (с.а.с.): «Қи-көңнің көгалынан сақ
болыңдар!» – деп ескерткен. Бір адам: «Қи-көңнің көгалы
деген немене?» – деп сұрайды. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): «Ол
– нашар ортада өскен әдемі әйел», – деп жауап береді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) басқа бір хадисінде былай деген:
«Әйелдерге тек әдемілігіне қарап үйленбеңдер. Әдемілігі
тәрбиесіздікке апарып соғуы мүмкін. Тек байлықтарына
қарап та үйленбеңдер. Өйткені байлығы шектен
шығуына себеп болуы ықтимал. Әйелдерге имандылығына
қарап үйленіңдер. Өйткені киімі ескі болса да иманды күң
артық» (Әбу Дәуіт).
Жоғарыдағы хадистердегі ойды түйіндеп, қорыта
айтқанда үйленетін қыздың төмендегі сипаттарына ерекше
мән бермек керек.
1. Діндарлығы мен имандылығы. Мұндағы дін дегеніміз,
әрине, Ислам діні. Өйткені Алла Тағаланың алдындағы
хақиқи шынайы дін біреу, ол – Ислам діні. Ал, қалған
дінсымақтар мен наным-сенімдер Алланың дініне жатпайды.
Құран Кәрімде Хақ Тағала былай дейді:
﴾ُمَلاْسِلإا ِهّللا َدنِع َنيِّدلا َّنِإ﴿
«Шындығында Алланың алдындағы дін – Ислам!» (Әли
22
23
Имран, 19);
﴾ْاوَدَتْها ِدَقَبف ْاوُمَلْسَأ ْنِإَف﴿
«Егер олар мұсылман болса, тура жол тапқан болар еді»
(Әли Имран, 20);
َنِم ِةَرِخلا يِف َوُهَو ُهْنِم َلَبْقُبي نَلَبف ًانيِد ِمَلاْسِلإا َرْبيَغ ِغَتْبَبي نَمَو﴿
﴾
َنيِرِساَخْلا
«Кім Исламнан басқа дін іздесе, онысы ешқашан
да қабыл болмайды әрі ол ақыретте опық жеушілерден
болады» (Әли Имран, 85).
Дінді білу, иманына беріктік, діндарлық Құдай Тағаланың
пенделерінен ең жақсы көретін сипаттары. Осындай сипаттар
арқылы ғана әрбір пенде екі дүниенің игілігіне ие бола
алады. Дінін біліп, Жаратушысын танып, Онымен намазы,
зікірі арқылы байланысын нығайтқан жан мен діннен
бейхабар, күнделікті күйбең тірліктен артылмайтын кеткен,
Жаратушысын аз еске алатын жан әсте тең болмайды.
وُجْرَبيَو َةَرِخ ْلا ُرَذْحَي ًامِئاَقَو ًادِجاَس ِلْيَّللا ءاَنآ ٌتِناَق َوُه ْنَّمَأ﴿
اَمَّنِإ َنوُمَلْعَبي َل َنيِذَّلاَو َنوُمَلْعَبي َنيِذَّلا يِوَتْسَي ْلَه ْلُق ِهِّبَر َةَمْحَر
﴾ ِباَبْلَْلا اوُلْوُأ ُرَّكَذَتَبي
«Әлде түні бойы (намазда) сәждеде жатып, тік
тұрып, ақыреттен сақтанып, Раббысының рахымынан
үміт ететін жан сенбейтін жанмен тең бе? (Сен оларға)
«Білетіндер мен білмейтіндер тең бе?!» – деп айт.
Шындығында, ақылы барлар үгіт алады» (Зүмәр, 9).
ل يِذَّلاَو ُهَّبَر ُرُكْذَي يِذَّلا ُلَثَم« :َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ِللها ُلوُسَر َلاَق
.ِناَخْ�َّشلا ُهاَوَر .» ِتِّي�َلماَو ِّييَلا َلْثِم ُهَّبَر ُرُكْذَي
Алланың елшісі (с.а.с.) былай деген: «Раббысын еске
алып жүретін мен еске алып жүрмейтіннің мысалы тірі
мен өлінің мысалындай». (Бұхари мен Мүслім риуаят еткен).
Сондықтан да діндар мен дініне селқос қарайтын
жандар тең болмайды. Үйленудегі, жар таңдаудағы алғашқы
шарттардың бірі осындай. Алла Тағала Құран Кәрімде былай
бұйырған:
ٍةَكِرْشُّم نِّم ٌرْبيَخ ٌةَنِمْؤُّم ٌةَمَلَو َّنِمْؤُبي ىَّتَح ِتاَكِرْشُمْلا ْاوُحِكْنَب� َلَو﴿
ٌرْبيَخ ٌنِمْؤُّم ٌدْبَعَلَو ْاوُنِمْؤُبي ىَّتَح َنيِكِرِشُمْلا ْاوُحِكنُ� َلَو ْمُكْتَبَجْعَأ ْوَلَو
ىَلِإ َوُعْدَي ُهّللاَو ِراَّنلا ىَلِإ َنوُعْدَي َكِئبَلْوُأ ْمُكَبَجْعَأ ْوَلَو ٍكِرْشُّم نِّم
﴾ َنوُرَّكَذَتَبي ْمُهَّلَعَل ِساَّنلِل ِهِ�اَيآ ُنِّيَببُبيَو ِهِنْذِإِب ِةَرِفْغَمْلاَو ِةَّنَجْلا
«Мүшрік әйелдерге қашан олар иман келтірмейінше
үйленбеңдер. Тіпті, ол сендерге ұнаса да, расында, мүшрік
әйелден иман келтірген күң артық. Мүшрік ерлерді
де қашан олар иман келтірмейінше (иман келтірген
әйелдерге) үйлендірмеңдер. Тіпті, ол сендерге ұнаса да,
расында, мүшрік ерден иман келтірген құл артық. Олар
(мүшріктер) тозаққа шақырады, ал Алла Өз рұқсатымен
жәннатқа, кешірімге шақырады. Ол Өзінің белгілерін,
24
25
бәлкім, үгіт алар деп адамдарға баян етеді» (Бақара, 221).
2. Пәктігі.
ىَّلَص ِللها ُلوُسَر َلاَق َلاَق ِهِّيدَج ْنَع ِه�ِبَأ ْنَع ِّييِراَصْنَلا َةَدِعاَس ِنْب ِنَع
اًماَحْرَأ ُقَتْينَأَو اًهاَوْي�َأ ُبَذْعَأ َّنُهَّينِإَ� ِراَكْبَلاِب ْمُكْ�َلَع« :َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها
.هَجاَم ُنْبا ُهاَوَر .»ِيِسَ�ْلاِب ىَضْرَأَو
Бұл жайында Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Үйленерде пәк
қыздарды таңдаңдар. Өйткені олардың сөйлеген сөздері
жағымды, ерін қуантады әрі азға қанағат етеді», – деген.
(Ибн Мәже риуаяты). Яғни, шариғат қыздың пәктігіне қатты
мән береді.
َتْلَزَين ْوَل َتْيَأَرَأ ،ِللها َلوُسَر اَي :ُتْلُيق ْتَلاَق اَهْينَع ُللها َيِضَر َةَشِئاَع ْنَع
اَهِّيييَأ ف اَهْينِم ْلَكْؤُيي َْل اًرَجَش َتْدَجَوَو اَهْينِم َلَكَأ ْدَق ٌةَرَجَش ِه�ِ�َو اًيِداَو
ُللها َلوُسَر َّنَأ نْعَي� ،»اَهْينِم ْعَ�ْرَيي َْل تَّلا ف« :َلاَق ؟َكَيِعَب ُعَ�ْرَي� َتْنُك
.ُّيِراَخُ�لا ُهاَوَر . اَهَرْي�َغ اًرْكِب ْجَّوَزَيتَيي َْل َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص
Айша анамыз (р.а.) өзінің Пайғамбар (с.а.с.) басқа
жұбайларынан артықтығын мысал етіп Пайғамбарға (с.а.с.):
«Уа, Расулалла! Егер желінген ағаш пен желінбеген ағашы
бар аңғарға түссеңіз, түйеңізді қайсысына жаяр едіңіз?» – деп
сұрайды. Пайғамбар (с.а.с.): «Еш желінбегеніне», – дейді.
Сонда Айша анамыз (р.а.): «Міне, сол – менмін», – дейді.
Алланың елшісі (с.а.с.) сахабасы Жәбір үйленгенде неге
қыз алмағанын сұраған.
3. Көп құрсақ көтеретін жұбайдың артықшылығы
ُرُمْأَي َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ِللها ُلوُسَر َناَك َلاَق ُهْنَع ُهَّللا َيِضَر ٍسَنَأ ْنَع
َدوُلَولا َدوُدَولا اوُجَّوَزَي�« :ُلوُقَييَو اًديِدَش اً�ْهَين ِلُّتَ�َّتلا ِنَع ىَهْينَييَو ِةَءاَ�ْلاِب
.ٍِتاَح وُبَأَو ُدَْحَأ ُماَم ِلا ُهاَوَر .»ِةَماَ�ِقلا َمْوَيي َءاَ�ِ�ْنَلا ُمُكِب ٌرِثاَكُم ِّينِإَ�
Әнес ибн Мәліктен (р.а.) жеткізілген риуаятта Алланың
елшісі (с.а.с.) былай деген: «Сүйкімді әрі көп бала туатын
әйелге үйленіңдер! Қиямет күні пайғамбарларға сендердің
сандарыңның көптігімен мақтанайын». (Ахмет риуаяты).
4. Тәрбиелі, өнегелі отбасынан шығуы. «Шешеге қарап
қызын ал» дегендей, қыздың тәрбиесі отбасына байланысты.
Сол себепті қыздың мінез-құлқын білу үшін оның отбасына
қараған дұрыс.
5. Басқа жұрттан алу. Жарды туыс, жақын емес, алыстан,
басқа елден, рудан таңдау қажет. Бұл баланың денсаулығының
мықты әрі сымбатты болып тууына себеп болады. Пайғамбар
(с.а.с.) өзінің хадистерінде жақындар мен туыстық байланысы
барлардың қосылуларынан сақтандырған. Өйткені туыстық
байланыстары бар жұбайлардан туылған бала әлжуаз,
денсаулығы нашар болып туады. Пайғамбар (с.а.с.) былай
дейді:
َدَلَولا َّنِإَ� َةَباَرُقلا ْاوُحِكْنُي� َل« :َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ِللها ُلوُسَر َلاَق
.»ًايِواَض ُقَلُْي
«Туыстарды некелестірмеңдер, шындығында (олардан
26
27
туылған) бала әлсіз, қабілеті нашар болып туылады»;
.»ْاوُّوَضُ� َلَو ْاوُبَِتْغِا« :َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ِللها ُلوُسَر َلاَق
«Алыстан алыңдар, (ұрпақтарыңды) әлсіретпеңдер».
Қызды теңіне қосу
:َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ِللها ُلوُسَر َلاَق َلاَق ُهْنَع ُللها َيِضَر َةَرْييَرُه ِبَأ ْنَع
ٌةَنْيتِ� ْنُكَ� ْاوُلَعْفَي� لِإ ُهوُجِّيوَزَي� ُهَقُلُخَو ُهَنيِد َنْوَضْرَي� ْنَم ْمُكْ�َلِإ َبَطَخ اَذِإ«
.ُّيِذِمْرِّييتلا ُهاَوَر .»ٌضيِرَع ٌداَسَ�َو ِضْرَلا ف
Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте Алланың елшісі
(с.а.с.) былай дейді: «Сендерге діні мен мінез-құлқына
разы болатын біреу құда түсіп келсе, оны үйлендіріңдер.
Әйтпесе жер бетінде сынақ болып, үлкен бұзықтық
орнайды» (Термези риуаяты).
Хатим әл-Асам деген ғалым былай деген: «Асыққан –
шайтанның ісі. Тек бес жағдайда асығу – келген қонаққа
ас беруде, мәйітті аттандыруда, балиғатқа толған қыз
баланы ұзатуда, қарызды қайтаруда, істелінген күнәға
тәубе жасауда асығу – Пайғамбардың (с.а.с.) сүннетінен».
Түп негізі мұсылмандықтан туындайтын ежелгі қазақ
дәстүрі бойынша да бой жетіп тұрған қызды дер кезінде
теңіне қосатын болған. Бойжеткенді кәмелетке жеткен
шағында теңіне қоспаса кейін оң жақта отырып қалып, екінші
әйелдікке беруге мәжбүр болудан қорыққан. Сондықтан да
«Тұзды көп сақтама – су болар, қызды көп сақтама – күң
болар» деген сөз қалған.
Алғашқы толқын мұсылмандары қызына лайықты
жар таңдауда ең бірінші оның тақуалығына қараған. Оған
мынадай мысал бар. Сахабалардан кейін өмірге келген
мұсылмандардың алғашқы толқыны – тәбиғин-ізбасарлар
тобының көрнекті өкілі, ғұлама Сағид ибн әл-Мусәйәбтің
қызын сол кездегі мұсылман мемлекетінің халифасы
Абдулмәлік ибн Маруанның ұлы тақ мұрагері Уалидке
айттырғанда оған бермейді. Арада біраз уақыт өткен соң
қызын өзінің Әбу Уада деген кедей шәкіртіне қосады.
Үзеңгілес жолдастары Сағидтан әміршінің ұлына бермеген
қызын пақыр шәкіртке беруінің сырын таңдана сұрағанда ол:
«Қызым – мойнымдағы аманатым. Мен оның мүддесі үшін
солай істедім», – деп жауап береді. «Сонда оның мүддесі
қандай еді?» – деп сұрағанда, ол: «Сол Умайя әулетінің
сарайына кіргенде қызымның жағдайы не болар еді деп
ойлайсыңдар? Онда үлде мен бүлдеге оранып, биік тақта
отырар еді.. Жан-жағында қызметшілер мен малайлар, күңдер
мен кәнизактар оған тік тұрып қызмет етіп тұрар еді.. Кейін
күйеуі әкесінің орнын басқанда халифаның жұбайы болып
шыға келер еді.. Сонда ол өзінің ұлық әміршінің жұбайы
екендігін ұғынар еді.. Қалай ойлайсыңдар, сол уақытта оның
діні қайда қалады?!».
Жақсы жар туралы қисса
Ибраһим пайғамбардың әйелі Ажарды ұлы Исмаилмен
бірге Мекке маңына апарып тастағаннан бері біраз жылдар
өтеді. Исмаил көшпелі араб тайпаларының ортасында ер
жетеді. Жігіттік шаққа жеткенде үйленеді.
Бірде Исмаил үйде жоқта алыстан әкесі Ибраһим келеді.
28
29
Келінінен ұлын сұрайды. Ол: «Ризық іздеп кеткен», – дейді.
Сосын Ибраһим одан тұрмыс жағдайлары, тіршіліктері
туралы сұрайды. Исмаилдың әйелі: «Несін сұрайсыз?
Жағдайымыз қиын, тұрмыстың тауқыметін тартудай-ақ
тартып жатырмыз», – деп шағымданады. Сонда Ибраһим
келінімен қош айтысып: «Исмаилға сәлем айт! Мына есігінің
босағасын ауыстырсын», – деп жүріп кетеді. Кешке қарай
Исмаил үйіне келеді. «Үйге біреу келді ме?» – деп сұрайды
ол әйелінен. Әйелі: «Иә. Бір шал келді. Аны-мұны сұрады.
Тұрмысымыз туралы сұрады. Мен жағдайымыздың мәз емес
екендігін айттым», – деп баяндайды. «Ал ол маған сәлем
айтпады ма?» – деп сұрайды Исмаил. «Иә, айтпақшы, саған
мына есігінің босағасын өзгертсін деп сәлем айтты», – дейді
әйелі. Сонда Исмаил: «Е, ол менің әкем еді ғой. Ол маған
сенен ажырассын деп тапсырыпты. Сен оған ұнамапсың.
Бар, еліңе жетіп ал!» – деп әйелімен ажырасады.
Арада біраз уақыт өтеді. Исмаил басқа бір әйелге
үйленеді. Бірде тағы да ұлы үйде жоқта әкесі Ибраһим
келеді. Келсе үйде келіні ғана отыр екен. Ибраһим одан
баласының қайда екендігін сұрайды. Әйелі: «Ол ризық іздеп
кеткен», – дейді. Сосын атасы келінінен хал-жағдайларын
сұрайды. Сонда келіні: «Әлхамдулилләһ – Құдайға шүкір,
жақсымыз», – дейді. Ибраһим: «Жейтін тамақтарың бар ма?»
– деп сұрайды. Келіні: «Бар тамағымыз – ет», – дейді. «Ішетін
сусындарың не?» – деп сұрайды атасы. Келіні: «Сусынымыз
– қара су», – деп жауап береді. Сонда Ибраһим: «Алла сол
ет мен судың берекесін берсін!» – деп бата береді. Сосын:
«Исмаилға сәлем айт! Мына босағасын берік ұстасын», –
дейді де жүріп кетеді. Кешке қарай түзден Исмаил оралады.
Ол әйелінен: «Үйге біреу келді ме?» – деп сұрайды. Әйелі:
«Иә, жылы жүзді бір қария келді. Ол сен туралы, тұрмысымыз
туралы сұрады. Мен Құдайға шүкір деп жауап бердім», –
дейді. «Маған ешқандай сәлем айтпады ма?» – деп сұрайды
Исмаил әйелінен. «Иә, мына есігінің босағасын берік ұстасын
деп сәлем айтты», – дейді әйелі. Сонда Исмаил: «Ол – менің
әкем. Оның айтқан босағасы – сен. Сені жақсы ұста дегені.
Яғни, сен оның көңілінен шығыпсың», – деген екен.
Көп әйел алу туралы
َّلَأ ْمُتْفِخ ْنِإَو﴿ َلاَعَي� ِهِلْوَيق ْنَع اَهْينَع ُللها َيِضَر َلَأَس ُهَّنَأ َةَوْرُع ْنَع
َثَلاُثَو ىَنْبثَم ءاَسِّنلا َنِّم مُكَل َباَط اَم ْاوُحِكناَف ىَماَتَيْلا يِف ْاوُطِسْقُب�
َكِلَذ ْمُكُناَمْيَأ ْتَكَلَم اَم ْوَأ ًةَدِحاَوَبف ْاوُلِدْعَب� َّلَأ ْمُتْفِخ ْنِإَف َعاَبُرَو
اَهِّيي�ِلَو ِرْجَح ِف ُنوُكَ� ُةَم�ِتَ�لا ، ِتْخُأ َنْب اَي « :ْتَلاَق ﴾ْاوُلوُعَب� َّلَأ ىَنْدَأ
اوُهُينَي� اَهِقاَدَص ِةَّنُس ْنِم َنْدَأِب اَهَجَّوَزَيتَيي ْنَأ ُديِرُي اَِلاََجَو اَِلاَم ِف ُبَغْرَي�َي�
ْنَم ِحاَكِنِب اوُرِمُأَو َقاَدَّصلا اوُلِمْكُ�َي� َّنَُل اوُطِسْقُيي ْنَأ َّلِإ َّنُهوُحِكْنُيي ْنَأ
.ُّيِراَخُ�لا ُهاَوَر .»ِءاَسِّينلا َنِم َّنُهاَوِس
Уруа (р.а.) «Егер жетімдерге әділдік ете
алмауларыңнан қорықсаңдар өздеріңе жақсы көрінген
әйелдерден екеуіне, үшеуіне, төртеуіне үйленіңдер. Ал,
егер әділдік жасай алмаудан қорықсаңдар, біреуін немесе
Достарыңызбен бөлісу: |