Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының



жүктеу 2.8 Kb.

бет14/15
Дата22.12.2016
өлшемі2.8 Kb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Б
Бағдат – Ирақ елінің астанасы, атақты білім ордасы. Негізі 
парсы сөзі «Құдайдың сыйы» деген мағына береді.
Бадиғуззаман – «өз заманының кемеңгері, ерекше тұлғасы».
Байғази – Бай + Қазы (Сот).
Баймұрат – Бай + Мұрат.
Баймұхаммед – Бай+Мұхаммед.
Байназар – Бай+Назар.
Байсұлтан – Бай + Сұлтан.
Барат – «тазару», шағбан айындағы қасиетті түннің аты.
Бахруддин –  «діннің теңізі».
Баһауддин – «діннің көркемі».
Баян – «айқын, анық».
Бәдруддин – «діннің толғанайы».
Бәдір – «толғанай».
Бәкір – «ертерек туған, бірінші туған; тайлақ».
Бәшір – «қуанышты хабар жеткізуші, сүйіншілеуші».
Бекмұхаммед – Бек+ Мұхаммед.
Бексұлтан – Бек+Сұлтан.
Берекет – «береке, құт».
Бұрхануддин – «діннің айқын дәлелі, ғалымы».
Бұрхан – «айқын дәлел».
Біләл – «айықтырушы, сауықтырушы».

202
203
Ғ
Ғаббас – Аббас.
Ғабдулла – Абдулла.
Ғабит – «құлшылық қылушы, тақуадар».
Ғази – «жауынгер; жеңімпаз».
Ғазиз – Азиз.
Ғали – Әли; «қымбат, қадірлі».
Ғалым – «ғалым, білімдар».
Ғани – «бай, бақуатты».
Ғұбайдолла – Убайдулла.
Д
Дамир – «ар, ождан».
Даниял – көне иврит тілінде «Құдайдың сыйы», пайғамбар 
аты.
Дәлел – «дәлел, айғақ; жол бастаушы».
Дәулет – «байлық; билік; ел, мемлекет».
Дәурен – «кезең; айналым».
Дәуір – «уақыт, кезең; шеңбер».
Дәуіт – көне иврит тілінде «сүюші, сүйікті», пайғамбар аты.
Досмұхаммед – Дос+Мұхаммед.
Дінислам – Дін+Ислам.
Дінмұхаммед – Дін+Мұхаммед.
Е
Ерәлі – Ер + Әли.
Ерғазы – Ер + Қазы (сот).
Ермұхаммед – Ер + Мұхаммед.
Ерсұлтан – Ер + Сұлтан.
Ескендір  –  көне  грек  тілінде  «Александр»  –  «жеңімпаз», 
Зұлқарнайын патшаның аты.
Есмұхаммед – Ес+Мұхаммед.
Ж
Жақия (Яхия) – көне иврит тілінде «өмір сүрер, өміршең» деген 
мағынаны  білдіреді.  Құран  Кәрімде  аталған  пайғамбардың 
аты, Зәкәрия пайғамбардың (а.с.) ұлы. 
Жақып  (Яъқуб)  –  көне  иврит  тілінде  «ізбен  жүруші, 
ілесуші» деген мағынаны білдіреді. Құран Кәрімде аталған 
пайғамбардың аты, Жүсіп пайғамбардың (а.с.) әкесі. 
Жұма – «жұма күні туылған».
Жұмағазы – «Жұма + Қазы (сот)».
Жұмағали – «Жұма + Әли».
Жүніс  (Юнус)  –    көне  иврит  тілінде  «көгершін»  деген 
мағынаны білдіреді. Құран Кәрімде аталған пайғамбардың аты.
Жүсіп (Юсуф) – көне иврит тілінде «үстеме, қосымша» деген 
мағынаны білдіреді. Құран Кәрімде аталған пайғамбардың аты.
З
Заман – «уақыт, заман, дәуір».
Зәкәрия  –  көне  иврит  тілінде  «құдайды  еске  алу»  деген 
мағынаны білдіреді. Пайғамбардың аты, Жақия пайғамбардың 
(а.с.) әкесі.
Зәки – «зерек, ақылды».
Зәкір – «еске алушы, зікір етуші (Алланы)».
Зейнуддин – «діннің әшекейі».
Зейнулла – «Алланың әшекейі».
Зейтун – «зәйтүн ағашы».
Зейд – «үстеме, көбею», Пайғамбардың (с.а.с.) сахабасының аты.
Зияуддин  (Дия ад-Дин) – «діннің сәулесі, жарығы».

204
205
Зубайр – «кішкене темір», Пайғамбардың (с.а.с.) 
сахабасының аты.
Зул-кифл – «тапсырма, кепілдік иесі», Құран Кәрімде аталған 
пайғамбардың аты.
Зун-нун – «балық иесі», Жүніс пайғамбардың (а.с.) лақабы, 
атақты тақуа кісінің аты. 
Зұлқарнайын  (Зул-Қарнайн)  –  «қосмүйізді»,  әділетті 
қолбасшы Ескендірдің Құран Кәрімде аталған лақабы.
Зұлпықар (Зул-фақар) – «омыртқалы», Әлидің (р.а.) 
қылышының аты.
И
Ибадулла – «Алланың құлдары», көпше түр, жекешесі 
Абдулла.
Ибраһим – көне иврит тіліндегі сөз. Құран Кәрімде аталған 
пайғамбар есімі.
Идрис – «ынталы». Құран Кәрімде аталған пайғамбар есімі.
Иззатулла – «Алланың даңқы, құдіреті».
Икрам – «жомарттық, құрмет, сый».
Илияс  –  көне  иврит  тіліндегі  «Құдайдың  құдіреті».  Құран 
Кәрімде аталған пайғамбар есімі.
Илһам – «аян, медет».
Имадуддин – «діннің тірегі».
Имамали – Имам+Әли
Иманали – Иман+Әли
Имран  –  «өмір,  құт-береке»,  Құран  Кәрімде  аталған 
пайғамбарлардың атасы.
Инаят – «қамқорлық, мейірім, Алланың қамқорлығы».
Ирфан – «білім, таным; қадірлеу».
Иршад – «нұсқау, тура жолға бастау».
Иса – көне иврит тілінде «Құдайдың сыйы». Құран Кәрімде 
аталған пайғамбар есімі.
Исамуддин – «діннің қорғаушысы; тұтқасы, тазалығы».
Искандар – Ескендір.
Ислам – «Аллаға мойынсұну, берілу; дін».
Исмаил  –  көне  иврит  тілінде  «Құдайдың  естуі».  Құран 
Кәрімде аталған пайғамбар есімі, Ибраһим пайғамбардың ұлы.
Исмат – «тазалық, пәктік».
Исраил – көне иврит тілінде «Құдайдың құлы».
Исхақ – көне иврит тілінде «күлу». Құран Кәрімде аталған 
пайғамбар есімі, Ибраһим пайғамбардың ұлы.
Ихсан – «ізгілік, игілік».
Ихтияр – «таңдау, таңдамалы».
К
Камалуддин – «діннің кемелдігі».
Карамат – «жомартық; керемет; құрметтілік».
Кәдір – Қадір.
Кәрім – «жомарт, ізгі».
Қ
Қабдол – Абдулла.
Қабдулла – Абдулла.
Қабдырахым – Абдуррахим.
Қабыл – «қабыл болу; қабыл алушы; жарамды».
Қадір – «күшті; қабілетті; қадірлі».
Қази – «қазы, шариғат соты».
Қали – Әли.
Қамар – «ай».
Қари – «оқушы; Құран оқушы».

206
207
Қасим – «бөлуші; көркем жүзді»; Пайғамбардың (с.а.с.) 
ұлының есімі.
Қаһарман – «жеңімпаз».
Қуат – «күш-құдірет».
Құдыс  –  «киелі,  таза»;  Ислам  әлеміндегі  үшінші  қасиетті 
қала Иерусалим қаласының мұсылманша аты.
Құл-Мұхаммед – Құл+Мұхаммед.
Құрбан – «құрбандық; Құрбан шалу айында туылған».
Құтыб – «кемеңгер тұлға».
Қыдыр,  Қызыр  –  Хидр  –  Құран  Кәрімде  әңгімеленген  ізгі 
пенденің есімі; «жасыл, көгеріс». 
Қыдырәлі – Қыдыр+Әли.
Л
Латиф – «жұмсақ, мейірімді».
Лейс – «арыстан».
Лұқман – Құран Кәрімде әңгімеленген ізгі пенденің есімі
Лутфи – «жұмсақ, жағымды, мейірімді».
Лутфулла – «Алланың жұмсақтығы, мейірімі».
М
Мағауия – «кішкене түлкі, түлкішек».
Мадияр – «Имам Мәдінің досы».
Мақсат – «мұрат, алға қойылған мақсат».
Мақсұм,  Мағсұм,  Мағзұм  –  «күнәсіз,  кемшіліксіз; 
қорғалынған, қамқорлыққа алынған».
Манар – «нұрлы; маяк».
Мансұр – «жеңімпаз».
Маруан – «суландырушы».
Масғұт – «бақытқа бөленген, бақытты».
Махамбет – Мұхаммед.
Махмұт – «мақтаулы, мақталынған».
Мәди, Мәһди, Мәді – «тура жолда болушы».
Мәделі – Мәди+Әли.
Мәжит – «даңқты, құрметті, абыройлы».
Мәлік – «патша, әмірші, ие».
Мәмет – Мұхаммед.
Мәшһүр – «атақты, белгілі».
Мәулен  –  мәуләнә  –  «мырзамыз»,  Пайғамбарға  (с.а.с.), 
ғұламаларға айтылатын сөзден шыққан.
Мекебай – «Мекке + бай».
Мирас – «мұра, мұрагер».
Мұғаз – «сақталған, қорғалған».
Мұзафар – «жеңімпаз, жеңуші».
Мұқағали – Мұхаммед+Әли.
Мұқан – Мұхаммед.
Мұқтар – «таңдаулы».
Мұрат – «қалаған нәрсе, мұрат-мақсат».
Мұхаммед – «аса мақтаулы, мақтауға лайық».
Мұхаммед Әли – Мұхаммед+Әли.
Мұхаммед Әмин –  Мұхаммед+Әмин.
Мұхаммеджан – Мұхаммед+Жан.
Мұхаммед Мәһди– Мұхаммед +Мәһди
Мұхаммед Нұр– Мұхаммед +Нұр
Мұхаммед Садық– Мұхаммед +Садық
Мұхаммед Салих– Мұхаммед +Салих
Мұхаммед Хасан– Мұхаммед +Хасан
Мұхаммед Фатих– Мұхаммед +Фатих
Мұхаммедияр–  Мұхаммед+Жар  –  «Мұхаммедтің  досы, 
сүйіктісі».

208
209
Мұхиддин  –  «дінді  тірілтуші,  жаңғыртушы,  қалпына 
келтіруші».
Мұхит – «мұхит, теңіз».
Мұртаза  –  «Алланың  разылығына  жеткен»,  Әли  ибн 
Әбутәліптің сипатты лақабы.
Мұса  –  көне  иврит  тіліндегі  сөз,  Құран  Кәрімде  аталған 
пайғамбар есімі.
Мұстақим – «тура, ашық; сенімді».
Мұстафа  –  «таңдалынған,  таңдаулы»,  Мұхаммед 
пайғамбардың сипатты есімдерінің бірі.
Мүслім – «мұсылман; бойсұнушы».
Н
Нағи – арабша «нақи» – «саф таза».
Нағым – жәннаттың аты.
Нақып – «басшы, көсем».
Насруддин  –  «Насируддин»  –  «діннің  көмекшісі, 
қорғаушысы». 
Насрулла – «Алланың жеңісі».
Насыр – «жеңімпаз».
Нәдір – «сирек, дара, бірегей».
Нәжмуддин – «діннің жұлдызы».
Нәзір  –  «назир»  –  «ескертуші»,  Пайғамбардың  (с.а.с.)  бір 
сипаты.
Несіпбек – «насиб» – несібе
Низамуддин – «дінді тәртіпке келтіруші».
Нұғман – «бақытты, бай-қуатты». 
Нұр Мұхаммед – Нұр+Мұхаммед.
Нұрахмет – Нұр+Ахмет.
Нұрәлі – Нұр+Әли
Нұрбек – Нұр+Бек.
Нұрғазы – Нұр+Ғази.
Нұрғали – Нұр+Әли.
Нұриддин – «діннің нұры».
Нұрсұлтан – Нұр+Сұлтан.
Нұх – көне иврит тілінде «қуаныш, жұбаныш»; Құран Кәрімде 
аталған пайғамбар есімі.
Нығмет – «нығмет, несібе, ризық».
О
Омар – «өмір сүретін, өмірі ұзақ»; Мұхаммед пайғамбардың 
(с.а.с.) ең жақын сахабасының есімі.
Ормамбет – Мұхаммед.
Осман  –  «түзетуші»;  Мұхаммед  пайғамбардың  (с.а.с.)  ең 
жақын сахабасының есімі.
Оспан – Осман.
Ө
Өкіл  – «өкіл, жауапкер».
Өмір – «ғұмыр, жас».
Өмірәлі – Өмір+Әли.
П
Пазыл – Фазыл.
Пайзрахман – Файзрахман.
Парасат  –  арабша  «фарасат»  –  көрегендік,  зерделілік, 
қырағылық, тапқырлық.
Пахреддин – Фахреддин.

210
211
Р
Ражаб  –  мұсылман  күнтізбесіндегі  ай  аты;  ражаб  айында 
туылған.
Рази – «разы, қанағаттанушы».
Раимқұл – «Ар-Рахимнің құлы».
Райымбек – Рахымбек.
Рамазан  –  мұсылман  күнтізбесіндегі  ораза  айының  аты; 
рамазан айында туылған.
Рами – «садақ атушы, атқыш, мерген».
Рафик, Рафиқ – «дос, жолдас, серік».
Рахат – «демалыс, тыныштық».
Рахманберді – «Ар-Рахман+Берді».
Рахманқұл – «Ар-Рахманның құлы».
Рахматулла – «Алланың рахметі-рахымы».
Рахымбек – «рахымды, мейірімді бек».
Рахымжан – «рахымды, мейірімді жан».
Рашид – «жетекші, саналы, зерек».
Рашидаддин – «діннің жетекшісі, зерегі».
Ридуан  –  «разылық,  қанағат,  қуаныш»;  жұмақ  қақпасын 
күзетуші періштенің аты.
Ризабек – Риза – «разылық, келісім» + Бек.
Ризахан – Риза – «разылық, келісім» + Хан.
Ришат, Рашад – «тура жол, шындық».
Рүкнуддин – «діннің тірегі», Бейбарыс сұлтанның лақап аты.
Руми – «румдық»; атақты сопы ғұламасының қатыстық есімі.
Рушди – «тура үгіт».
С 
Сабах  – «таң, ертеңгілік кез; таңертең туылған».
Сабыр – «төзімді, сабырлы».
Сағадат – «бақыт, құт, сәттілік».
Сағит – «бақытты, құтты, сәтті».
Садруддин – «дін басшысы».
Садық – «шыншыл; дос».
Садыр – «әр нәрсенің алды, басшы, басы».
Сақи – «сақи, жомарт».
Сақып – «жолдас, дос; ие, қожайын».
Саламат – «амандық, саулық».
Салауат – «мадақтау, салауат, дұға-тілек».
Салахуддин – «діннің игілігі, қорғаушысы», Қасиетті Құдыс 
қаласын  (Иерусалимді)  крест  жорықшыларынан  азат  еткен 
атақты мұсылман қолбасшысының аты.
Салман – «аман, берекелі». Пайғамбар (с.а.с.) сахабасының 
аты.
Самаддин  (Сәмедин,  Замаддин)  –  арабша  Сәмә  әд-Дин  – 
«діннің биігі».
Сапа – «сапа; сафа – саф тазалық, тұнықтық».
Сапар – «сапар; сафар – мұсылманша ай аты».
Сапаралы – Сапар + Әли.
Саттарқұл  –  «Саттардың  құлы»,  әс-Саттар  –  «күнәні 
жасырушы» – Алла Тағаланың бір сипаты.
Сафа – «саф тазалық, тұнықтық; Меккедегі қасиетті таудың 
аты».
Сафуан – «саф, таза».
Саят – «аң аулау, серуендеу».
Сәбит – «берік, мықты».
Сәдір – Садыр.
Сәйд – «мырза, ие, қожайын».
Сәлім – «аман-сау, бүтін». 
Сәубан – «өкіл, тәрбиеші».

212
213
Сейфуддин – «діннің қылышы, қорғаушысы».
Сейфулла – «Алланың қылышы».
Сейфулмәлік  –  «Әл-Мәликтің,  яғни  Алла  Тағаланың 
қылышы».
Сиражуддин – «діннің шырағы, жарығы».
Субханберді  –  «Субхан»  сөзі  «Субханалла»  –  «Алла  пәк» 
деген дұға сөздің қысқартылған түрі.
Сұлтан – «сұлтан, әмірші».
Сүлеймен – «бейбіт; қорғалынған», пайғамбар есімі.
Сыддық  –  «аса  шыншыл»;  Пайғамбар  (с.а.с.)  сахабасы 
Әбубәкірдің (р.а.) лақап аты. 
Сыздық – Сыддық.
Т
Талап – «талап, тілек, сұрау».
Талғат – «пішін, жүз, дидар; көркемдік, сұлулық». 
Талха – акация, шөл жерде өсетін өсімдік аты.
Тарық – «түнгі қонақ»; Шолпан жұлдызы.
Тауфиқ – «сәттілік, алға басушылық, құт».
Таха  –  Құран  Кәрімнің  жиырмасыншы  сүресінің  аты,  аят. 
Ұғымын бір Алла біледі. 
Тәжуддин – «діннің тәжі».
Тәліп – «ізденуші, талап етуші; үйренуші, студент».
Тәуекел – «тәуекел ету, бүкіл істі Аллаға тапсыру».
Тоқмұхаммед – Тоқ + Мұхаммед.
У
Уақас – «ұрушы; тұзақ; Пайғамбар (с.а.с.) сахабасы Сағыд ибн 
Әбу Уаққастың атының негізінде қысқартылып жасалынған 
есім.
Уәйіс – «бөлтірік»; Уәйіс әл-Қарани – атақты тақуадар.
Уәйіл – «оралушы».
Уәкіл – «өкіл, жауапкер».
Уәли – «дос, жақын (Алла Тағалаға); әулие».
Уәлиуддин – «діннің досы, жанашыры».
Убайдулла – «Алланың кішкентай құлы, пендесі».
Усәма – «арыстан»; Пайғамбар (с.а.с.) сахабасының аты.
Ұ
Ұзайыр – ескі еврей тілінде пайғамбардың аты.
Ұлық-Мұхаммед – Ұлық+Мұхаммед
Ұмар – Омар.
Ү
Үкаша – «өрмек»; Пайғамбар (с.а.с.) сахабасының есімі.
Үмбет – «қауым, үмбет».
Үмбетәлі – «үмбеттің Әлиі».
Үсен – Хүсейін.
Ф
Фазыл – «артықшылық, бекзаттық; ырзық-несібе».
Файзрахман  –  Рахманның  құт-берекесі,  жомарттығы, 
артықшылығы.
Файзулла – Алланың құт-берекесі, жомарттығы, артықшылығы.
Файсал – «шешуші; сот; қылыш».
Фарид – «дара, бірегей».
Фарис – «салт атты, батыр, ноян».
Фарисаддин – «діннің батыры, нояны».
Фаруқ  –  «ақ  пен  қараны  айырушы,  өте  әділ;  Омар  ибн 
Хаттабтың лақап аты».

214
215
Фархад, Фарқад – (Фархад – көне парсыша «зерек»; арабша 
«Фарқад» – жетіқарақшыдағы жұлдыздың аты).
Фархат – «қуаныш, шаттық».
Фатих – «жеңімпаз, ашушы».
Фатхулла, Фетхулла – «Алланың жеңісі».
Фахреддин – «діннің мақтанышы».
Фирдауси  – «фирдаустық», Фирдаус – ең биік жәннат.
Фуад – арабша «жүрек», «ақыл, сезім».
Х
Хабибулла – «Алланың сүйіктісі».
Хайдар – «арыстан».
Хайруддин – «діннің қайырлығы, қайырымдысы».
Хайрулла – «Алланың қайырлығы».
Хаким – данышпан; әмірші, әкім.
Хақберді – Әл-Хаққ + берді.
Хақназар – Әл-Хаққтың назары.
Халил – «дос, сүйікті жолдас».
Халилулла – «Алланың досы, сүйіктісі».
Халим – «жұмсақ, қайырымды».
Халит – «мәңгі, тұрақты».
Халифа – «орынбасар, көмекші».
Хамза – «ащы, өткір дәмді».
Хамит – «мақтаулы».
Ханафи – «Әбу Ханифа мазһабының өкілі».
Ханиф – «шынайы иман келтірген, ізгі пенде».
Хасан – «жақсы, ізгі, көркем», Пайғамбар (с.а.с.) 
немересінің есімі.
Хасболат – хас – «нағыз, шынайы» + «болат».
Хатиб – «шешен, дін насихатшысы».
Хафиз – «сақтаушы; Құранды немесе хадисті жатқа білуші».
Хикмет – «даналық, білім».
Хисамеддин – «діннің қылышы».
Хуснуддин – «діннің көркемдігі, әдемілігі».
Хүсейін – «жақсы, ізгі, көркем», Хасан сөзінің кішірейтілген формасы.
Һ
Һарун – ескі еврей тілінде «таулық, таулы өлке  тұрғыны», 
Құран Кәрімдегі пайғамбар есімі.
Һәди – «туралыққа бастаушы, жолбасшы». 
Һәни – «бақытты, сәтті; қызметкер».
Һибатулла – «Алланың сыйы».
Ш
Шағбан – мұсылман күнтізбесіндегі ай аты; «шағбан айында 
туылған».
Шарапат – «шарапат; құрмет; абырой-даңқ».
Шарафуддин – «діннің шарапаты, даңқы».
Шафиғи – «шапағатшы; шафиғи мазһабының өкілі».
Шәкір – «шүкір етуші, алғыс білдіруші».
Шәмсуддин – «діннің күні, жарығы».
Шәмші – «күн».
Шәміл – «бәрін қамтушы, әмбебап».
Шәриф (Шәріп) – «бекзат, асыл текті». 
Шейхислам – «Исламның шейхы, ғұламасы, қадірлісі».
Шерәлі – «шер» парсыша «арыстан» + Әли.
Шермұрат – Шер+Мұрат.
Шермұхаммед – Шер+ Мұхаммед.
Шұғайып – Құран Кәрімде аталған пайғамбардың есімі.
Шүкір – «шүкір, алғыс».

216
217
Ы
Ыбырайым, Ыбрай – Ибраһим.
Ыдырыс – «ыждағатты, талапты»;  пайғамбар есімі.
Ықсан (Ихсан) – Ихсан.
Ықтияр – Ихтияр.
Ырзабек – Ризабек.
Ырысмамбет – Ырыс + Мұхаммед.
Ысмайл – Исмаил.
І
Ідіріс – Ыдырыс.
Ізмұхаммед – Із+Мұхаммед.
Ілияс – Илияс.
Ісләм – Ислам.
Я
Язид – «Өсер, көбейер».
Ясин  –  Құран  Кәрімдегі  36-сүренің  аты  әрі  сол  сүредегі 
алғашқы аят. Ұғымын бір Алла біледі.
Ясир – «жеңіл, сәтті».
ә) Әйелдер есімдері
А
Адиля – «әділетті».
Ажар – көне иврит тілінде «саяхат»; Ибраһим пайғамбардың 
жұбайының аты.
Азиза – «қымбатты; қадірлі».
Азима – «ұлы, даңқты».
Аида – «оралушы; зиярат етуші». 
Айжамал – Ай+ Жамал – «сұлулық».
Айнұр – Ай+Нұр.
Айша  –  «өмір  сүруші,  өміршең;  берекелі»;  Мұхаммед 
пайғамбардың (с.а.с.) жұбайы, мұсылмандар анасының есімі.
Айя – «белгі; Құран аяты».
Алуа (Халуа) – «тәтті, шекер».
Аманкүл – Аман+Гүл.
Арифа – «білуші, танушы».
Асыл – «текті, бекзат».
Аят – Айя.
Ә
Әлифа –  «дос», «жолдас», «бауырмал»; араб әліпбиінің 
бірінші әрпі.
Әлия – «биік, асқақ».
Әлфия – «бауырмал».
Әмина  –  «сенімді,  адал»;  Мұхаммед  пайғамбардың  (с.а.с.) 
анасының есімі.
Әмира – «әмірші ханым, патшайым».
Әниса – «ханым, бикеш».
Әсел – «бал, тәтті».
Әсима – «қорғаушы; қорғалынған».
Әсма – «ең биік, асқақ».
Б
Батима – Фатима.
Баян – «айқын, анық».
Бәсмала  –  «Бисмиллаһ»  сөзінің  қысқартылған  формасы; 
«алғашқы». 
Бибінұр – Бибі+Нұр.
Бибісара – Бибі+Сара.
Бибіфатима – Бибі+Фатима.

218
219
Г
Гүлайша, Гүлғайша – Гүл+Айша.
Гүлнұр – Гүл+Нұр.
Гүлсім – «Кулсум» –«торсық шекелі».
Гүлфатима – Гүл+Фатима.
Ғ
Ғазиза – Азиза.
Ғайни – «нағыз өзі, асыл».
Ғайша – Айша.
Ғалия – «қымбат, қадірлі».
Ғания – «бай, дәулетті».
Д
Дамира – «ар, ождан».
Динара – «алтын теңге, динар».
Е
Елнұр – Ел+Нұр.
Еңлікнұр – Еңлік+Нұр.
Еркенұр – Ерке+Нұр.
Ж
Жамал – «сұлулық, көркемдік, әдемілік».
Жасмин – «жасмин – хош иісті, ақ гүлді бұтаның аты».
Жәмила – «сұлу, көрікті, әдемі».
Жұмакүл – Жұма+Гүл; «жұма күні туылған».
З
Зағира – «Заһира» – «айқын; жеңімпаз».
Заида – «өсім, үстеме; өсер».
Замира – Дамира.
Зарифа – «бірегей».
Зәбира – «мықты, күшті».
Зәйтуна – «зәйтүн ағашы».
Зәкира – «еске алушы, Алланы зікір етуші».
Зәмила – «құрбы, жолдас қыз».
Зәуре – Зухра.
Зейнеп  –  «толық»;  Мұхаммед  пайғамбардың  (с.а.с.) 
жұбайының және қызының есімі.
Зулфия – «мейірім, рахым, шапағат».
Зухра – «гүл; көркемдік».
Зүбәржат – асыл тас, изумруд, смарагд.
Зылиха (Зулейха) – көне египет тіліндегі сөз, Жүсіп пайғамбарға 
ғашық болған Мысыр қазынашысының әйелінің есімі.
К
Кәбира – «үлкен, ірі».
Кәлима – «сөз; сөйлеуші».
Кәмила – «толық, кемел».
Кәнзия – «қазына, олжа».
Кәрима – «текті, ардақты».
Кәукаб – «жұлдыз, планета».
Кәусар  –  жәннаттағы  Мұхаммед  пайғамбардың  (с.а.с.) 
үмбетіне уәде етілген өзен аты.
Кәфия – «жеткілікті; дәулетті».
Күлсім – «Кулсум» –«торсық шекелі».
Қ
Қамар – «ай».
Қанипа – Ханифа.

220
221
Л
Латифа – «жұмсақ, мейірімді».
Ләззат – «тәтті; рахат».
Ләзиза – «тәтті».
Ләйла – «түн, түнгі».
Ләмия – «жарқын, сәуле шашушы».
Лулу – «інжу».
Лутфия  – «жұмсақ, мейірімді, көркем».
М
Мағрифа – «білім, таным».
Мансура – «жеңімпаз, үстем».
Маржан – «маржан, теңіз асыл тасы».
Мариям, Мария – көне иврит тіліндегі сөз. Иса пайғамбардың 
анасының есімі. Құранда аталған.
Маруа – «шақпақ тас; күшті, мықты».
Махаббат – «махаббат, сүйіспеншілік».
Махбуба – «сүйікті, сүйкімді».
Махфуза – «сақталынған, қорғалынған».
Мәдина – «қала», Мадинат ән-Нәбий («пайғамбар қаласы») 
деген тіркестен алынған. Мұсылмандардың екінші қасиетті 
қаласы.
Мәймуна  –  «құтты,  сәтті,  бақыт  әкелуші»;  Мұхаммед 
пайғамбардың (с.а.с.) жұбайының есімі.
Мәләк – «періште».
Мәлика – «патшайым, әмірші ханым».
Мәнал – «жетістік, қол жеткізілген мақсат, нәрсе».
Мәнна – «сый; рахым; пайда».
Мәрзия  (Мардия)  –  «разылыққа  лайықты;  қуантушы». 
Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с.) қызы Фатиманың сипаты.
Мунира – «нұрлы, нұр төгуші».
Муниса – «жақын, бауырмал».

1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал