Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының



Pdf көрінісі
бет7/15
Дата22.12.2016
өлшемі1,8 Mb.
#53
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15

Емізу мәселесі
Дүниеге  келген  жас  сәбиді  анасы  уызына  тойдыруы 
керек.    Мұны  бүкіл  ғалымдар  мақұлдаған.  Баласын  толық 
емізгісі  келген  ана  екі  жыл  емізеді.  Алла  Тағала  Құранда 
былай дейді: 
 َّمِتُي نَأ َداَرَأ ْنَمِل ِنْيَلِماَك ِنْيَلْوَح َّنُهَدَلْوَأ َنْعِضْرُبي ُتاَدِلاَوْلاَو﴿
 ُفَّلَكُ� َل  ِفوُرْعَمْلاِب َّنُهُب�َوْسِكَو َّنُهُبقْزِر ُهَل ِدوُلْوَمْلا ىَلعَو َةَعاَضَّرلا
 ىَلَعَو ِهِدَلَوِب ُهَّل ٌدوُلْوَم َلَو اَهِدَلَوِب ٌةَدِلاَو َّرآَضُ� َل اَهَعْسُو َّلِإ ٌسْفَبن
 َلاَف ٍرُواَشَ�َو اَمُهْبنِّم ٍضاَرَب� نَع ًلاَصِف اَداَرَأ ْنِإَف َكِلَذ ُلْثِم  ِثِراَوْلا
 ْمُكْيَلَع َحاَنُج َلاَف ْمُكَدَلْوَأ ْاوُعِضْرَبتْسَ� نَأ ْمُّ�دَرَأ ْنِإَو اَمِهْيَلَع َحاَنُج
 اَمِب َهّللا َّنَأ ْاوُمَلْعاَو َهّللا ْاوُقَّب�اَو  ِفوُرْعَمْلاِب مُتْيَب�آ اَّم مُتْمَّلَس اَذِإ
﴾ٌريِصَب َنوُلَمْعَب�
«Аналар балаларын егер толық емізгісі келсе толық 
екі  жыл  емізсін.  Ал  баласы  туылған  (яғни,  әкесі)  әділ 
түрде ананың ризығы мен киімін қамтамасыз етуі тиіс. 
Әр  адамға  өзінің  мүмкіндігінен  тыс  нәрсе  жүктелмейді. 
Сондықтан  да  ана  баласы  үшін  зиян  шекпесін,  сондай-
ақ  туылған  баласы  үшін  әке  де  зиян  тартпасын. 
Мирасқордың (яғни, баланың) міндеті де сол сияқты. Ал, 
егер  өз  разылықтарымен  және  өзара  кеңесіп,  баланы 
емізуден шығарғылары келсе, ешқандай күнә жоқ. Егер 
де  сүт  ана  жалдағыларың  келсе,  белгілі  ақысын  беру 
шартымен мұнда да еш күнә жоқ. Алладан қорқыңдар. 
Шынында,  Алла  Тағала  істеген  нәрселеріңді  көруші» 
(Бақара сүресі, 233).
Бұл  аяттан  төмендегідей  үкімдер  шығады.  Емізудің 
толық мерзімі – екі жыл. Бұл егер қажет еткен жағдайдағы 
баланың  хұқығы.  Егер  анасы  мен  әкесі  келісіп,  кеңесіп, 
нәрестені  екі  жылға  жетпей  емізуден  шығарғысы  келсе  әрі 
одан сәбиге ешқандай зиян келмейтін болса шығаруларына 
болады.  Қазіргі  жас  келіншектер  дене  мүсінін  сақтаймын, 
ұйқыдан қалдырады деп сәбилерін емізуден ерте шығарады. 
Бұл дұрыс емес. 
Ана омырауынан сүт еміп, уызына тою баланың құқы. 
Егер де анасы емізуден бас тартса, Алланың алдында күнәһар 
деп саналып, о дүниеде бұған жауап береді. Алайда қазылық 
емізуден бас тартқан ананы мәжбүрлей алмайды. Бірақ кейбір 
жағдайлар  туындаса  ана  баланы  емізуге  мәжбүрленеді,  ол 
жағдайлар төмендегідей:

94
95
1.  Емшектегі  сәби  өз  анасының  омырауынан  басқа 
әйелдікін ембесе. Мұндай жағдайда баланы аман алып қалу 
үшін анасы емізуге міндеттеледі. 
2.  Анасынан  басқа  емізетін  жан  табылмаса.  Бұл 
жағдайда да анаға емізу міндет.
3. Тек анасымен жалғыз қалған немесе әкесінің бөгде 
әйелді  сүт  ана  ретінде  ақыға  жалдауға  күші  жетпеген 
жағдайда да анасының емізуі керек.
Аталған  жағдайлар  тумаса  емізуден  бас  тартқан  ана 
мәжбүрленбейді.  Әке  ақыға  сүт  ана  жалдауы  керек.  Анасы 
мәжбүрленіп емізсе, әкесі оған сүт ақысын бермейді. Себебі 
ол  онсыз  да  әйелдің  нәпақасын  тауып  беріп  отыр,  емізгені 
үшін  бөлек  ақы  төлеуге  мінлетті  емес.  Ал,  бірақ  баланың 
анасымен ажырасқан болса немесе талақтың мерзімін күтіп 
жатса, мұндай жағдайда анаға емізгені үшін ақы береді. Бұл 
жайында Алла Тағала былай дейді: 
    ﴾َّنُهَروُجُأ َّنُهوُ�آَف ْمُكَل َنْعَضْرَأ ْنِإَف﴿ 
«Егер де балаларыңды емізіп беретін болса, оларға 
ақыларын беріңдер» (Талақ сүресі, 6).
Ақыға  емізуге  келіскен  бөгде  әйелмен  сәби  арасында 
туыстық  туып,  әйелдің  балалары  емген  баланың  сүт 
бауырлары ретінде есептелетін болады. 
Сүндетке отырғызу
Сахих  хадистер  жинақтарында  Әбу  Һурайрадан 
мынадай хадис риуаят етілген.
 :ٌسَْخ ُةَرْطِفلا« :َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ِللها ُلوُسَر َلاَق َلاَق َةَرْييَرُه  ِبَأ ْنَع
.» ِطْب ِلا ُفْتَينَو ِرِ�اَظَلا ُم�ِلْقَي�َو  ِبِراَّشلا ُّصَقَو ُداَدْحِتْس ِلاَو ُناَتِلا
Алланың  елшісі  (с.а.с.)  былай  деген:  «Бес  нәрсе 
фитрадан  (әуелгі  жаратылыстағы  әдеттерден).  Олар: 
сүндетке  отыру,  денедегі  түктерді  алу,  мұртты  басу, 
тырнақтарды алу, қолтықтың түгін жұлу».
Осы хадисте сүндетке отыру бірінші тұр. Яғни, сүндетке 
отыру  адамзат  жаратылысындағы  туабітті  сипаттардың  ең 
біріншісі. Бұл сипаттар Ибраһим пайғамбардан (а.с.) бері келе 
жатқан таза ханифи діннің рәміздері. Осы тазалық әдеттерін 
сақтауды  Ибраһим  пайғамбарға  Алла  Тағала  бұйырған. 
Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.а.с.) хадистерінде Ибраһим 
пайғамбардың  (а.с.)  сексен  жасында  Алланың  әмірімен 
сүндетке  отырғаны  айтылады.  Бұл  оған  Раббы  тарапынан 
бұйырылған ауыр сынақтардың бірі еді.
Үкімі.  Шариғат  ғұламалары  сүндетке  отырудың  үкімі 
туралы түрлі көзқараста. Төрт мазһаб имамдарының үшеуі, 
яғни  Мәлік,  Шафиғи,  Ахметтер  сүндетке  отыру  амалын 
әрбір ер мұсылманға уәжіп, міндетті іс деп есептейді. Имам 
Мәлік, тіпті, сүндетке отырғызылмаған адамның имамдыққа 
шығуына  да  болмайды,  әрі  ондай  адамның  куәгерлігі  де 
қабыл алынбайды деген қатал тұжырым жасаған. 
Ал,  Имам  Ағзам  Әбу  Ханифа  сүндетке  отыру 
Пайғамбардың (с.а.с.) сүннеті деген үкімге тоқталған. 
Уақыты.  Сүндетке  отырғызу  бала  балиғат  жасына 

96
97
жеткенде міндеттелінеді. Өйткені осы уақытта балаға намаз 
да парыз болады. 
Бұхаридің  Сахихында  Сағид  ибн  Жубәйірден  жеткен 
риуаятта  адамдар  Ибн  Аббастан  (р.а.)  Пайғамбар  (с.а.с.) 
қайтыс  болғанда  оның  қанша  жаста  болғандығы  туралы 
сұрағанда:  «Мен  ол  кезде  сүндетке  отырғызылған  едім», 
–  деп  жауап  берген.  Зерттеуші-ғалымдардың  есептеуінше 
Алланың  елшісі  (с.а.с.)  дүние  салғанда  Ибн  Аббас  он  үш 
жаста болған. Кейбір риуаяттарда Ибн Аббастың ол кезде он, 
ал кейбір риуаяттарда он бес жаста болғандығы баяндалады.
Қыз баланың құлағын тесу
Шариғат  ғалымдарының  пікірінше  әшекей  тағу  үшін 
қыз  баланың  құлағын  тесуге  болады.  Пайғамбар  (с.а.с.) 
бір  хадисінде  құлақтарына  әшекей  таққан  әйелдер  туралы 
айтып өткен. Жалпы, хадистерде қыз баланың құлағын тесу 
туралы айқын үкім жоқ болғанымен Алланың елшісі (с.а.с.) 
әйелдердің  құлақтарына  сырға  тағатынын  көріп,  білген. 
Бірақ тыйым салмаған.
Ал, ұл баланың құлағын тесу мәкрүһ, ұнамсыз іс. Қыз 
баланың  құлағын  тесу  оның  мүддесі  үшін,  ал  ұл  баланың 
құлағын тесудің ешбір мәні жоқ.
Нәрестені бесікке бөлеу
Нәрестені  бесікке  бөлеу  бұйыратын  нақты  аят-
хадистер жоқ. Бұл ұлттық әдет-ғұрыпқа жататын дүние. Десе 
де, арабтарда да бесік болғанын Пайғамбар (с.а.с.) «Білімді 
бесіктен табытқа дейін іздеңдер» деген хадисінен аңғаруға 
болады. Жалпы бесіктің пайдалы жақтары көп. Он тоғызыншы 
ғасырда Алаш даласына келген орыс саяхатшылары көшпелі 
өмір  салтын  ұстанған  сол  кездегі  қазақ  халқының  бесігі 
туралы былайша баяндайды:
«..Қазақтың  бесігінің  төмендегідей  кәміл  артықшы-
лықтары бар:
1. Ықшамдылық, мысалы, қазақ әйелі салт атқа мініп, ерге 
отырғанда  бесікті  ер-тоқымның  алдыңғы  қасында  жатқан 
бірнеше бүктелген көрпеге немесе көпшікке тіреп, алдында 
ұстайды; ондай бесіктегі бала тіпті анасын салт жүріп келе 
жатқанда да еме береді.
2. Зәрдің ағуы жақсы ойластырылған, соның арқасында қазақ 
балалары  астына  жібермейді,  зәрге  тән  иіс  шығармайды 
және  ең  бастысы,  отырықшы  тұрғындардың  емшектегі 
балаларында  соншалық  жиі  зардап  шектіретін  қызарып 
бөрткен жара есекжемдері болмайды.
   ...Сәби бір жыл, ал кей кездері одан да ұзақ құндақталып, 
бесікте жатады».
Қазіргі  бала  тәрбиесімен  айналысатын  тәжірибелі 
апалардың айтуынша нәресте үшін бесіктің мынадай басқа 
да пайдалары бар:
1.  Бесікте  жатқан  бала  жақсы  алаңсыз  ұйықтап,  демалады. 
Керісінше, жерде жатқан бала аунақшып, орнынан қозғалып, 
аяқасты болып, басқа затқа тиіп, мазасыздануы ықтимал.
2.  Бесіктің  бір  пайдасы  –  тазалық.  Бала  дәретін  арнайы 
орнатылған шүмек арқылы түбекке жібереді.
3.  Бесікте  жақсы  бөленген  баланың  денсаулығына  жақсы 
әсер етіп, денесі, белі, аяқ-қолы түзу болып қалыптасады.
4. Қыста жылы жатуына себеп болып, суықтан аман сақтайды 
және т.б. пайдалары көп».

98
99
ІV БӨЛІМ 
БАЛА ТӘРБИЕСІ
 ْمُهوُرَذْحاَف ْمُكَّل ًاّوُدَع ْمُكِد َلْوَأَو ْمُكِجاَوْزَأ ْنِم َّنِإ اوُنَمآ َنيِذَّلا اَهُّبيَأ اَي﴿
 ْمُكُلاَوْمَأ اَمَّنِإ * ٌميِحَّر ٌروُفَغ َهَّللا َّنِإَف اوُرِفْغَب�َو اوُحَفْصَ�َو اوُفْعَب� نِإَو
 ﴾ٌميِظَع ٌرْجَأ ُهَدنِع ُهَّللاَو ٌةَنْبتِف ْمُكُد َلْوَأَو
«Уа,  иман  келтіргендер!  Шындығында,  сендердің 
жұбайларыңнан 
және 
балаларыңнан 
өздеріңе 
дұшпандары  бар,  солардан  сақтаныңдар!  Егер  сендер 
оларға ғафу қылып, кеңпейілдік танытсаңдар,  кешірім 
етсеңдер, расында, Алла аса кешірімді әрі аса рахымды. 
Расында малдарың, жандарың – бір сынақ. Ал, Алланың 
алдында зор сый бар» (Тағабун, 14, 15).
 ُساَّنلا اَهُدوُقَو ًاراَن ْمُكيِلْهَأَو ْمُكَسُفنَأ اوُق اوُنَمآ َنيِذَّلا اَهُّبيَأ اَي ﴿
 ﴾ ُةَراَجِحْلاَو
«Уа, 
иман 
келтіргендер! 
Өздеріңді 
және 
отбасыларыңды отыны адамдар мен тастар болған оттан 
(тозақтан) құтқарыңдар» (Тахрим, 6).
 ﴾ٌميِظَع ٌرْجَأ ُهَدنِع َهّللا َّنَأَو ٌةَنْبتِف ْمُكُدَلْوَأَو ْمُكُلاَوْمَأ اَمَّنَأ ْاوُمَلْعاَو﴿  
«Біліңдер!  Шындығында  мал-мүліктерің  және 
балаларың  сынақ,  ал  Алланың  алдында  –  үлкен  сый» 
(Әнфал, 28).
  َلاَق َرَمُع ِنْبا ِنَع ٍعِ�اَن  ِثيِدَح ْنِم ِهِح�ِحَص  ِف ُّيِراَخُ�لا ىَوَر ْدَقَو
 ْنَع ٌلوُؤْسَم ْمُكُّلُكَو ٍعاَر ْمُكُّلُك« :َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ِللها ُلوُسَر َلاَق
 ىَلَع ٍعاَر ُلُجَّرلاَو ،ِهِتَّ�ِعَر ْنَع ٌلوُؤْسَم َوُهَو ِساَّنلا ىَلَع ٍعاَر ُيِمَْلاَ� ،ِهِتَّ�ِعَر
 ٌةَلوُؤْسَم َيِهَو ِهِدَلَوَو اَهِلْعَيب ِتْ�َيب ىَلَع ٌةَ�ِعاَر ِلُجَّرلا ُةَأَرْماَو ،ِهِتْ�َيب ِلْهَأ
 ْمُكُّلُكَ�  َلَأ ،ُهْنَع ٌلوُؤْسَم َوُهَو ِهِدِّي�َس  ِلاَم ىَلَع ٍعاَر ِلُجَّرلا ُدْ�َعَو ،ْمُهْينَع
.»ِهِتَّ�ِعَر ْنَع ٌلوُؤْسَم ْمُكُّلُكَو ٍعاَر
Бұхари  өзінің  Сахихында  Ибн  Омардан  Алланың 
елшісінің  (с.а.с.)  былай  дегенін  риуаят  еткен:  «Сендердің 
бәрің  де  бақташысыңдар,  бәрің  де  өз  отарларыңа 
жауапкерсіңдер.  Әмірші  адамдарға  бақташы,  ол  сол 
отарына  жауапкер,  ер  кісі  өз  отбасына  бақташы, 
сол  отарына  жауапкер,  ал  әйел  күйеуінің  үйіне  және 
баласына  бақташы  әрі  соларға  жауапкер,  кісінің  құлы 
(қызметкері)  қожайынының  малына  бақташы  әрі  соған 
жауапкер. Әлбетте, бәрің де бақташысыңдар әрі бәрің де 
өз отарларыңа жауапкерсіңдер».
 ُهَل ُعَ�ْرُيتَل َدْ�َعلا َّنِإ« :َلاَق َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ِّيِبَّنلا ِنَع َةَرْييَرُه  ِبَأ ْنَع
 ْنِم َكَل َكِدَلَو ِراَفْغِتْسِاِب :ُلوُقَي�َي� ؟اَذَه  ِل َّنَأ ِّيبَر ْيَأ ُلوُقَي�َي� ،ُةَجَرَّدلا

100
101
.» َكِدْعَيب
Әбу  Һурайрадан  (р.а.)  жеткен  риуаятта  Пайғамбар 
(с.а.с.) былай деген: «Бір (қайтыс болған) пенденің дәрежесі 
көтеріледі.  Сонда  ол:  «Уа,  Раббым!  Бұл  маған  қайдан 
келді?»  –  дейді.  Сонда  (Раббысы):  «Бұл  сенің  артыңдағы 
балаңның саған истиғфар (кешірім) тілеуінен», – дейді».
Балаларды  сүйіспеншілікпен  тәрбиелеп,  махаббат 
нұрын жаудыру әр ата-ананың міндеті. Бұл тұрғыдағы үлкен 
идеалымыз  –  Пайғамбарымыз  (с.а.с.).  Ол  бірде  балаларын 
еміреніп  сүймейтінін  айтқан  бәдәуиге:    «Алла  Тағала 
жүрегіңдегі мейіріміңді алып қойған болса, мен не істейін 
енді?» – деп реніш білдірген. Себебі мейірімділікпен өскен 
бала  да  мейірімді  болады.  Мейірімділік  жүректі  жібітіп, 
жұмсақтығын  жоғалтпауын  қамтамасыз  етсе,  қатыгездік 
пен  салқындық,  керісінше,  жүректі  қатайтады.  Тағы  бір 
хадисінде Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген: «Кімнің қыз 
баласы  болып,  оған  жақсы  тәрбие  берсе,  жетерліктей 
ішіп-жегізсе, Алла Тағаланың берген нығметінен молынан 
берсе, ол қыз оған береке кіргізеді әрі тозақтан құтқарып, 
жәннатқа кіруге себепкер болады». (Табарани риуаяты).
Тәрбиенің басты ұстындары
Жанұя құрумен бірге ата-аналардың ұрпақ тәрбиесіндегі 
жауапкершіліктері де аса зор. Балалық шақ және жасөспірімдік 
кезең  адам  өміріндегі  сенім,  мінез-құлық,  ахлақ  сияқты 
басты  ұстанымдардың  қалыптасатын  кезеңі.  Адамның 
тұлғалық  жағынан  қалыптасуы  отбасынан  бастау  алады. 
Жанұя тұлғаның шынығып, қалыптасатын шеберхана десе де 
болады. Тұлғалық қасиеттер жанұя жағдайында бірте-бірте 
қаланады.  Содан  кейін  осы  қалыптасқан  қасиеттер,  әдетте, 
ешқандай өзгерістерге ұшырамайды да, мызғымас тұлғалық 
тұтастыққа айналады. 
Сәбиге  туған  кезден  бастап  жақсы  тәрбие  беру  керек. 
Оның  тыныш,  мамыражай  жағдайда  өскені  жөн.  Оған 
қатты дауыс көрсетіп ұрсуға, жекуге, қорқытуға болмайды. 
Сондай-ақ  айқай-шу,  төбелес,  сияқты  жағымсыз  көріністер 
көрсетілмеуі тиіс. Мұндай әрекеттер баланың жүйкесіне теріс 
әсер етіп, оның ақыл-есінің кемуіне әкеп соғуы ықтимал.
Бала тәрбиесі ата-ананың өздерін-өздері тәрбиелеулерінен 
басталады.  Өйткені  балаға  бір  нәрсені  айтып,  үйреткенмен 
оны  алайда  ата-ананың  өздері  орындамайтын  болса,  бұдан 
балаға  еш  тәрбие  жоқ.  Жалпы,  ахлақты  оқытпайды,  оны 
үлкендерден,  жақын  адамдардан  алады.  Өзін-өзі  тәрбиелей 
алмайтын  адам  басқа  адамды  тәрбиелей  алмайды.  Тіпті, 
ондай әрекет жағдайды ушықтырып жіберуі мүмкін.
Кейде  арнайы  педагогикалық-тәрбиелік  дайындықтан 
өтпесе  де  кейбір  жанұяларда  тәрбиеленген  балалар  өте 
тәрбиелі  әрі  білімді  болып  шығып  жатады.  Балаларының 
сондай дәрежеге қалай жеткендігін олардың ата-аналарынан 
сұраудың  қажеті  де  жоқ.  Сондай  үйлерге  қонаққа  барғанда 
оны  өзіңіз-ақ  аңғарасыз.  Әкесі  –  ықыласты  әрі  діні  берік 
азамат,  ал  анасы  –  өте  жұмсақ  әрі  жанашыр  әйел  екендігі 
көрінеді.  Мұндай  үйлердің  ізгілік  пен  жақсы  амалдың 
ордасы екендігі байқалады. Ондай жанұяда жалғандық пен 
жасандылық болмайды. Үлкен-кіші демей бірін-бірі сыйлап, 
құрмет  тұтады,  бір-бірін  тыңдайды.  Мұндай  отбасында 
тәрбиеленген  бала  туралы  «Ұяда  не  көрсе,  ұшқанда  соны 
іледі», «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» дейді 
қазақ. 

102
103
Қазіргі заманда кейбір ата-аналар баласының жағымсыз 
қылықтары  мен  жүріс-тұрыстары  туралы  шағымданып 
психологтардан  ақыл-кеңес  сұрап  жатады.  Алайда  көп 
жағдайда  сондай  келеңсіздіктердің  себебі  өздерінде 
екенін  түсінбейді.  Өйткені  олардың  өздері  де  сондай  түрлі 
қателіктерге  ұрынып,  жүйке  жүйелері  бұзылған  жандар. 
Өздерінің  сол  қате-кемшіліктерін  түсінбегендіктен  де  олар 
сәбилерінің неліктен сондай болып шыққанына кейін қайран 
қалады.
 ُّلُك« :َلاَق َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ِّيِبَّنلا ِنَع ُهْنَع ُللها َيِضَر َةَرْييَرُه  ِبَأ ْنَع
 
ِلَثَمَك ِهِناَسِّيجَُي ْوَأ ِهِناَرِّيصَنُيي ْوَأ ِهِناَدِّيوَهُيي ُهاَوَيبَأَ� ِةَرْطِفْلا ىَلَع ُدَلوُي ٍدوُلْوَم
.ُّيِراَخُ�لا ُهاَوَر .»ُءاَعْدَج اَه�ِ� ىَرَي� ْلَه ُةَم�ِهَ�ْلا ُجِتْنُي� ِةَم�ِهَ�ْلا
Пайғамбар  (с.а.с.)  былай  деген:  «Әрбір  туылған  сәби 
фитрада  («әуелгі  таза  болмыста»  –  яғни,  еш  нәрседен 
бейхабар  пәк  болып)  туылады.  Сосын  оны  әке-шешесі  не 
яһуди қылады, не христиан қылады, не отқа табынушы 
қылады.  Бұл  хайуанның  хайуан  туғаны  іспеттес.  Сен 
содан (туған төлден егер оның енесі мұрны кесілген пұшық 
болса)  пұшықтықты  көресің  бе?».  (Әбу  һурайрадан  (р.а.) 
Бұхари риуаяты).
Сондықтан  да  ата-ананың  дұрыс  үлгі  бола  алуы  –  игі 
ұрпақ тәрбиелеп шығарудың басты талабы. 
Сәбидің  дамуындағы  ең  маңызды  кезең  оның 
өмірінің  алғашқы  онжылдығы  болып  саналады.  Педагог-
психологтардың  айтуларынша  баланың  ақылдылық, 
интеллектуалдық қабілетінің 80 пайызы алғашқы жеті-сегіз 
жылда  ашылып,  жетіледі.  Сондай-ақ,  адамдық  тұлғасының  
жан-жақты  және  үйлесімді  қалыптасуы  да  осы  кезеңде 
жүреді. 
Қандай  да  бір  жемістің  піскендегі  пішінінің  қандай 
болатындығын  алғашқы  кезеңінде  байқауға  болады.  Сәби 
да сол сияқты. Ол өзінің талабы мен сезімдерін жылаумен, 
күлумен  білдіреді.  Сәбидің  бойында  талай  тілектер  мен 
сезімдер: ізгілік пен зұлымдық, үрей мен үміт, сүйіспеншілік 
пен  жеккөрушілік,  шынайылық  пен  арманшылдық,  жеке 
тұлғалық  және  көпшілдік,  белсенділік  және  салғырттық 
сияқты  қасиеттердің  ұрықтары  болады.  Ата-аналардың 
ықпалы оның осы қасиеттерінің кейбірін көбейтіп, кейбірін 
азайтады.
Әсіресе,  алғашқы  екі  жылдағы  тәрбиенің  маңызы 
өте  зор.  Себебі  бұл  сенімділік,  шынайылық  сезімдерінің 
іргетасы  қаланатын  кезеңі.  Сондықтан  да  осы  кезеңде 
нәрестеге  тұрақты  әрі  үйлесімді  сүйіспеншілікпен,  үлкен 
мейірім-шапағатпен қарау керек. Мәселе нәрестені кім бағып 
жатқанында  емес,  сүйіспеншіліктің  тұрақты  болуында. 
Тәжірибелер  көрсеткеніндей,  тез  ауысып,  өзгеріп  тұратын 
орталарда  өскен  балалардың  бойында  уақыт  өте  келе 
қоршаған ортаға деген сенімсіздік, бұйығылық пайда болады. 
Мысалы,  Филиппин  елінде  жүргізілген  тәжірибелерде 
балалық  шағында  сүйіспеншілік  пен  ыстық  ықыластың 
құшағында  болған  балалар  есейген  кезінде  аса  сабырлы, 
байыпты  әрі  ұстамды  болып  қалыптасқан.  Сондықтан  да 
санасыздау болып көрінетін алғашқы сәбилік кезеңнің шын 
мәнінде  баланың  санасының  қалыптасуындағы  рөлінің 
ерекше екендігін ескеру керек.
Сонымен, бала тәрбиесінің басты ұстындарын былайша 

104
105
бөлуге болады:
1. Жаңа туылған нәрестеге мейлінше сүйіспеншілікпен, 
мейірім-шапағатпен,  ыстық  ықыласпен  қарау  керек. 
Алғашқы  кезеңде  мұның  барлығын  оның  анасы  береді. 
Алайда мейірімнің өзі мөлшерімен берілуі тиіс. Шектен тыс 
өбектеу,  еркелету  нәрестенің  өзімшіл  болып  өсуіне  әкеліп 
соқтырады. 
2. Өзін-өзі ұстай білу, сабырлылық сезімін қалыптастыру. 
Қалауын  орындату  талабы  нәрестенің  бойында   алғашқы 
кезеңнің  өзінде-ақ  пайда  болады.  Бірақ  оның  ырқына  көне 
беруге болмайды. Анасы оның еріксіз дәрет жіберіп қоюына, 
жылауына,  қайта-қайта  тамақ  сұрауына  шектеу  қойып, 
ұстамдылық қалыптастыруы тиіс. Өсе келе оған әңгімелесу 
мен  үлкендермен  қарым-қатынаста  ұстамды,  әдепті  болуға 
үйрету  керек.  Бала  өзінің  қалауының  шектелуінің  нақты, 
шынайы негізінен хабардар болуы қажет. 
Әсіресе,  балаға  жалған  сөйлемеген  жөн.  Қандай 
жағдайда  да  ата-ананың  баласына  өтірік  айтпауы  қажет. 
Бұл  туралы  мынадай  хадис  бар.  Абдулла  ибн  Амир  былай 
дейді: «Бір күні үйімізде Алланың елшісі (с.а.с.) отырғанда 
анам: «Бері кел, бірдеңе беремін», – деп мені шақырып алды. 
Сонда Алланың елшісі (с.а.с.): «Оған не бермекші едің?» – 
деп сұрады. Анам: «Бір түйір құрма бермекші едім», – деді. 
Сонда Алланың елшісі (с.а.с.): «Егер ештеңе бермегеніңде 
саған бір өтірік жазылар еді», – деді. (Әбу Дәуіт риуаяты).
3.  Ата-ананың  жақсы  үлгі  болуы.  Алғашқы  кезеңде 
нәресте айналасындағы адамдарға еліктейді. Ал 5-7 жастан 
бастап  жаман  мен  жақсыны  ұғына  бастайды.  Осы  уақытта 
оған жақсы достар керек. «Ұлың өссе ұлы жақсымен көрші 
бол, қызың өссе қызы жақсымен көрші бол» деп қазақ тегін 
айтпаған.
4.  Жақсы  білім  беру.  Жалпы  бала  тәрбисінде  ислам 
дінінің қайнар бұлақтары – Құран мен пайғамбардың (с.а.с.) 
сүннетіне сүйену керек. Осы негіз бойынша Жаратушының 
алдында жанұя үшін әкенің жауапкершілігі үлкен екендігін 
айта кеткен жөн. 
Алланың елшісі (с.а.с.) былай деп өсиет еткен: «Адам 
өлгенде  оның  үш  нәрсесінен  –  тоқтаусыз  садақасы 
(мысалы,  құдық,  көпір,  медресе)  немесе  пайда  келтіретін 
білімі (таратқан білімі) немесе артынан дұға қылатын игі 
жақсы баласынан басқа барлық амалы тоқтайды».
Егер  ата-ана  нағыз  шынайы  мұсылман  етіп  тәрбиелей 
алса, олардың баласы Қияметте жәннат қақпасының алдында 
отырып:  «Әке-шешем  кірмесе  мен  де  кірмеймін»,  –  деп 
отырады. Ізгі ұрпақ тәрбиелегені үшін ата-анаға осы дүниеде 
де,  ақыретте  де  үлкен  құрмет,  шексіз  қошемет  бар.  Бірде 
қажылық  кезінде  бір  әйел  Пайғамбарға  (с.а.с.)  қолындағы 
нәрестесін  көтеріп:  «Мынаған  да  қажылық  жазыла  ма?»  – 
деп  сұрайды.  Сонда  Алланың  елшісі  (с.а.с.)  оған:  «Иә,  ол 
үшін саған да үлкен сауап бар», – деп жауап берген.
Жалпы баланың тәрбиесіне әсер ететін төрт фактор бар:
1.  Отбасы.
2.  Сыртқы орта («көше»).
3.  Мектеп.
4.  Қоғам және жалпы қоғамдық мәдениет.
Демек, бала тәрбиесі ата-ананың, мектептің, қала берді, 
жалпы  мұсылман  қоғамының  ортақ  ісі.  Жаратушы  Хақ 
Тағала мұсылмандардың ізгі істе әрдайым тізе қосып, біріге 
қимылдауына үндейді.

106
107
﴾ِناَوْدُعْلاَو ِمْثِلإا ىَلَع ْاوُنَواَعَب� َلَو ىَوْقَّبتلاَو ِّربْلا ىَلَع ْاوُنَواَعَب�َو﴿
«Ізгілік  пен  тақуалықта  ынтамақтасыңдар,  күнә 
мен дұшпандықта ынтымақтаспаңдар» (Мәида, 2).
Жақсы мен жаманды, әдепсіздік пен әдептілікті айыратын 
халге жеткен жас бала ата-анасының жатын бөлмесіне рұқсат 
сұрап кіруі керек. Бұл туралы Алла тағала былай бұйырады:
 َنيِذَّلاَو ْمُكُناَمْيَأ ْتَكَلَم َنيِذَّلا ُمُكنِذْأَتْسَيِل اوُنَمآ َنيِذَّلا اَهُّبيَأ اَي﴿
 َنيِحَو ِرْجَفْلا ِة َلاَص ِلْبَبق نِم  ٍتاَّرَم َث َلاَبث ْمُكنِم َمُلُحْلا اوُغُلْببَبي ْمَل
  ٍتاَرْوَع ُث َلاَبث ءاَشِعْلا ِة َلاَص ِدْعَبب نِمَو ِةَريِهَّظلا َنِّم مُكَباَيِث َنوُعَضَ�

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет