Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының


қол  астыларыңдағы  күңдеріңді  алыңдар.  Міне,  сол



Pdf көрінісі
бет3/15
Дата22.12.2016
өлшемі1,8 Mb.
#53
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

қол  астыларыңдағы  күңдеріңді  алыңдар.  Міне,  сол 
әділетсіздік қылмауларыңа ең жақын» (Ниса, 3) деген аят 
туралы сұрағанда Айша анамыз (р.а.): «Уа, апайымның ұлы! 

30
31
Жетім қыз өзінің қамқоршысының қамқорлығында болады. 
Ол  қамқоршысы  оның  малына  (қалыңмалына),  әдемілігіне 
қызығып  оны  ең  төмен  мәһрмен  тұрмысқа  беріп  жібергісі 
келеді.  Сондықтан  да  (осы  аятта)  оларға  (мұсылмандарға) 
жетім қыздарға әділетсіздік жасап, мәһрлерін толық төлемей 
тұрмысқа  беруге  (немесе  үйленуге)  тыйым  салынды.  Ал, 
олардан басқа әйелдерге үйленуге бұйырылды», – дейді.
 ل : ُتْلُيق ؟َتْجَّوَزَي� ْلَه :ٍساَّ�َع ُنْب ل َلاَق َلاَق ٍْيَي�ُج ِنْب ِد�ِعَس ْنَع
.ُّيِراَخُ�لا ُهاَوَر   .»ًءاَسِن اَهُرَيثْكَأ ِةَّمُلا ِهِذَه َرْي�َخ َّنِإَ� ْجَّوَزَيتَي�« :َلاَق ،
Сағид  ибн  Жубәйір  былай  деген:  «Бірде  Абдулла  ибн 
Аббас менен: «Үйлендің бе?» – деп сұрады. Мен: «Жоқ», – 
деп жауап бердім. Сонда ол: «Үйлен! Расында осы үмбеттің 
ең қайырлылары – көп әйел алғандары», – деді.
Жұбайлық қарым-қатынас әдебі
Әрбір  іс-амалдарымызда  бізге  ерекше  өнеге,  үлгі 
болатын  жан  –  Алланың  елшісі  (с.а.с.).  Жұбайлық  қарым-
қатынаста да ол (с.а.с.) үлкен үлгі болды.
 :َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ِللها ُلوُسَر َلاَق ْتَلاَق اَهْينَع ُللها َيِضَر َةَشِئاَع ْنَع
.ناَّ�ِح ُنْبا ُهاَوَر »يِلْهَِل ْمُكُرْي�َخ اَنَأَو ِهِلْهَِل ْمُكُرْي�َخ ْمُكُرْي�َخ«
Айша анамыз (р.а.) былай деген: «Алланың елшісі (с.а.с.) 
былай  деді:  «Сендердің  ең  жақсыларың  өз  жанұясына 
жақсыларың. Араларыңдағы жанұясына ең жақсыларың  
– менмін» (Ибн Хиббан риуаяты).
Асыл  дінімізде  сүннетке  сай  түрде  үйленіп,  халал 
жолмен  қосылып,  адал  жолмен  бала  сүю  қайырлы  амалға 
жатады. Оған дәлел – төмендегі хадис.
 اوُلاَق َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ِّيِبَّنلا  ِباَحْصَأ ْنِم اًساَن َّنَأ ٍّرَذ بَأ ْنَع
 :ِروُجُلاِب ِروُثُّدلا ُلْهَأ َبَهَذ ،ِللها َلوُسَر اَي :َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ِّيِبَّنلِل
 ْمِِلاَوْمَأ  ِلوُضُفِب َنوُقَّدَصَتَييَو ُموُصَن اَمَك َنوُموُصَيَو يِّيلَصُن اَمَك َنوُّلَصُي
 ٍةَح�ِ�ْسَ� ِّيلُكِب َّنِإ : َنوُقِّيدَصُ� اَم ْمُكَل ُللها َلَعَج ْدَق َسْ�َل َوَأ« : َلاَق
 ُرْمَأَو ٌةَقَدَص ٍةَل�ِلْهَي� ِّيلُكَو ٌةَقَدَص ٍةَد�ِمَْت ِّيلُكَو ٌةَقَدَص ٍةَيِ�ْكَ� ِّيلُكَو ٌةَقَدَص
 ،»ٌةَقَدَص ْمُكِدَحَأ ِعْضِب فَو ٌةَقَدَص ٍرَكْنُم ْنَع ىَِنَو ٌةَقَدَص  ِفوُرْعَمْلاِب
 : َلاَق ٌرْجَأ اَه�ِ� ُهَل ُنوُكَيَو ُهَ�َوْهَش اَنُدَحَأ تْأَيَأ ،ِللها َلوُسَر اَي :اوُلاَق
 اَهَعَضَو اَذِإ َكِلَذَكَ� ٌرْزِو اَه�ِ� ِهْ�َلَع َناَكَأ ٌماَرَح ف اَهَعَضَو ْوَل ْمُتْييَأَرَأ«
.ٌمِلْسُم ُهاَوَر .»ٌرْجَأ ْهَل َناَك  ِل َلَْلا ف
Әбу Зар әл-Ғифариден (р.а.) былай дейді: «Пайғамбарға 
(с.а.с.)  сахабаларының  бір  тобы  келіп:  «Уа,  Расулалла! 
Байлық иелері көп сауапты алып кетті: олар біз сияқты намаз 
оқиды,  біз  сияқты  ораза  тұтады,  сосын  мал-мүліктерінің 
артығынан садақа береді», – дейді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): 
«Алла  сендерге  садақа  шығаратын  нәрселер  жасамап  па 
еді? Шындығында әрбір тәсбих («Субханаллаһ» деп айту) 
– садақа, әрбір тәкбір («Аллаһу әкбар» деп айту) – садақа, 

32
33
әрбір  тәхмид  («Әлхамдулилләһ»  деп  айту)  –  садақа,  әрбір 
тәһлил  («Лә  иләһә  иллаллаһ»  деп  айту)  –  садақа,  жақсы 
іске  үндеу  –  садақа,  жаман  істен  тыю  –  садақа,  тіпті, 
біреулеріңнің  мүшесінде  де  садақа  бар»,  –  деді.  Сонда 
сахабалар: «Уа, Расулалла! Сонда біздің біреуіміз (әйелімен 
қосылып,)  құмарын  қандырса,  соған  да  сауап  бар  ма?»  – 
сұрады. Алланың елшісі (с.а.с.): «Көрмейсіңдер ме, ол оны 
(мүшесін)  харамға  салса,  сол  үшін  оған  күнә  болмай  ма? 
Соған керісінше егер ол онысын халалға салса (яғни, некемен 
қосылса) оған сауап болады», – деді. (Мүслім риуаяты).
Алланың елшісінің (с.а.с.) әрбір ісі бізге үлгі. Ол (с.а.с.) 
сахабаларына  жұбайлық  қатынас  кезінде  оқылатын  дұғаны 
да үйреткен.
 ىَ�َأ اَذِإ ْمُكُدَحَأ َّنَأ ْوَل« :َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ُِّبَّنلا َلاَق ٍساَّ�َع ِنْب ِنَع
 ،اَنَيتْيقَزَر اَم َناَطْ�َّشلا  ِبِّينَجَو َناَطْ�َّشلا اَنْي�ِّينَج َّمُهَّللا ،ِللها ِمْسِب :َلاَق ُهَلْهَأ
 .ُيِذِمْرِّييتلا ُهاَوَر .»ُناَطْ�َّشلا ُهُّرُضَي َْل اًدَلَو اَمُهَينْي�َيب يَضَق ْنِإَ�
Абдулла  ибн  Аббастан  (р.а.)  Пайғамбар  (с.а.с.)  былай 
деген:  «Сендердің  біреулерің  жұбайымен  қосылғанда 
«Бисмилләһ,  Аллаһумма  джәннибнәш-шайтана,  уа 
джәннибиш-шайтана ма разақтәнә» («Алланың атымен! 
Уа, Алла! Бізді шайтаннан аулақ қыл және бізге ризықтағанды 
(яғни, баланы) да шайтаннан аулақ қыла көр!») деп қосылса, 
егер олардың арасында бала нәсіп қылса, оған шайтан еш 
зиян ете алмайды». (Термези риуаяты).
Жалпы Ислам дінінде ер мен әйелдің тәни қатынасына 
тек  некелескеннен  кейін  ғана  рұқсат  етіледі.  Керісінше 
жағдайдағы  тәни  жақындық  заңсыз  қосылу  –  зина  болып 
есептеледі. Бұған жол бермеудің бірден-бір амалы – шариғат 
шартына  сай  түрде  үйлену.  Пайғамбарымыз  (с.а.с.)  бір 
хадисінде  жастарды  үйленуге  шақырады.  Үйлену  арқылы 
олардың  күнәдан  аулақ  болатындарын,  ал  үйленуге  күші 
жетпеген  жағдайда  ораза  тұтуларын,  ар-намыстарын 
осылайша қорғаулары керектігін ескертеді.
Үйленуге байланысты құттықтаулар
ٍْيَخ  ِف اَمُكَنْي�َيب َعََجَو ،َكْ�َلَع َكَراَب َو ،َكَل ُللها َكَراَب
Оқылуы: «Бәәракаллаһу ләкә, уа бәәракә ъәләйкә, уа джәмәъә 
бәйнәкумә фи хайр».
Мағынасы:  «Алла  саған  берекесін  берсін!  Екеуіңді 
жақсылыққа қоссын!».

34
35
ІІ БӨЛІМ 
ҰРПАҚ СҮЮ ҮКІМІ
 
1.  Ұрпақ  сүюге  ұмтылу  –  таза  адами  болмыс.  Алла 
Тағаланың  алғашқы  жаратылыста  адамзаттың  бойына 
дарытқан пендешілік қызығушылық сипаты.
 ِةَرَطْنَقُمْلا ِريِطاَنَقْلاَو َنيِنَبْلاَو ِءاَسِّنلا َنِم  ِتاَوَهَّشلا ُّبُح ِساَّنلِل َنِّيُز﴿
 ُعاَتَم َكِلَذ  ِثْرَحْلاَو ِماَعْبنَلاَو ِةَمَّوَسُمْلا ِلْيَخْلاَو ِةَّضِفْلاَو  ِبَهَّذلا َنِم
 ﴾ ِبآَمْلا ُنْسُح ُهَدْنِع ُهَّللاَو اَيْبنُّدلا ِةاَيَحْلا
«Адамдарға әйелдерден, балалардан, алтын-күмістен 
жиналған  қазыналардан,  керемет  сәйгүліктерден, 
түліктерден және егіндерден келетін қызықтаулар әдемі 
көрсетілді.  Бұлар  –  дүние  тіршілігінің  қызықтары.  Ал 
қайтар орынның ең жақсысы Алланың қасында». (Әли 
Имран, 14).
2. Ұрпақ сүю – Жаратушы Хақ Тағаланың пендесіне 
беретін нығметі. Алла Тағала былай деген:
﴾ِهّللا َنِمَف ٍةَمْعِّبن نِّم مُكِب اَمَو﴿
«Сендердегі қандай да бір нығмет – Алладан» (Нахыл, 53).
 مُكِجاَوْزَأ ْنِّم مُكَل َلَعَجَو ًاجاَوْزَأ ْمُكِسُفنَأ ْنِّم مُكَل َلَعَج ُهّللاَو﴿
 ِهّللا  ِتَمْعِنِبَو َنوُنِمْؤُبي ِلِطاَبْلاِبَفَأ  ِتاَبِّيَّطلا َنِّم مُكَقَزَرَو ًةَدَفَحَو َنيِنَب
﴾ َنوُرُفْكَي ْمُه
«Алла  сендерге  өздеріңнен  жұбайлар  жасады,  сол 
жұбайларыңнан  балалар,  немерелер  берді  һәм  таза 
нәрселермен  ризықтандырды.  Солай  болса  да  олар 
жалғанға сеніп, Алланың нығметін теріске шығара ма?» 
(Нахыл, 72).
 َنُكْسَيِل اَهَجْوَز اَهْبنِم َلَعَجَو ٍةَدِحاَو ٍسْفَّبن نِّم مُكَقَلَخ يِذَّلا َوُه﴿
 اَوَعَّد تَلَقْبثَأ اَّمَلَبف ِهِب ْتَّرَمَف ًافيِفَخ ًلاْمَح ْتَلَمَح اَهاَّشَغَب� اَّمَلَبف اَهْبيَلِإ
 ﴾َنيِرِكاَّشلا َنِم َّنَنوُكَنَّل ًاحِلاَص اَنَبتْيَب�آ ْنِئَل اَمُهَّببَر َهّللا
«Ол сендерді бір жаннан жаратып, оның тыныштық 
табуы үшін оның өзінен жұбайын жасады. Ол жұбайына 
жақындасқанда  жұбайы  жеңіл  түрде  жүкті  болды.  Ал, 
қашан  ол  (жұбайы)  ауырлаған  кезде  екеуі  Раббылары 
–  Аллаға:  «Егер  бізге  ізгі  бала  берсең,  әлбетте,  шүкір 
етушілерден болар едік», – деп жалбарынады» (Ағраф, 189).
3. Ұрпақ беру – бір Алла Тағаланың ғана бұйрығымен 
болатын  жазмыш.  Басқаша  айтқанда,  ұрпақ  сыйлау 
жаратылған  нәрсенің  қолынан  келмейтін,  тек  Құдайға  ғана 
тән қасиет.

36
37
 ًاثاَنِإ ُءاَشَي ْنَمِل ُبَهَبي ُءاَشَي اَم ُقُلْخَي ِضْرَْلاَو  ِتاَواَمَّسلا ُكْلُم ِهَّلِل﴿
 نَم ُلَعْجَيَو ًاثاَنِإَو ًاناَرْكُذ ْمُهُجِّوَزُبي ْوَأ * َروُكُّذلا ُءاَشَي نَمِل ُبَهَبيَو
 ﴾ٌريِدَق ٌميِلَع ُهَّنِإ ًاميِقَع ُءاَشَي
«Көктер  мен  жердің  иелігі  Аллаға  тән.  Қалағанын 
жаратады.  Кімге  қаласа  қыздар,  кімге  қаласа  ұлдар 
береді. Немесе ұлдар мен қыздарды жұп-жұбымен береді. 
Сондай-ақ, қалағанын бедеу қылады. Күдіксіз Ол толық 
білуші әрі аса құдіретті» (Шура, 49, 50);
 ُزيِزَعْلا َوُه َّلِإ َهبَلِإ َل ُءاَشَي َفْيَك ِماَحْرَلا يِف ْمُكُرِّوَصُي يِذَّلا َوُه ﴿
﴾ ُميِكَحْلا
«Ол сондай (Алла) сендерді жатырларда қалауынша 
бейнелейді. Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Аса даңқты әрі 
өте дана» (Әли Имран, 6).
4. Ұрпақ сүю – дүниелік рахат, қызық, көз қуаныш.
 َدنِع ٌرْبيَخ ُتاَحِلاَّصلا ُتاَيِقاَبْلاَو اَيْبنُّدلا ِةاَيَحْلا ُةَنيِز َنوُنَببْلاَو ُلاَمْلا﴿
﴾ًلاَمَأ ٌرْبيَخَو ًاباَوَبث َكِّبَر
«Мал-мүлік  және  балалар  –  дүние  тіршілігінің 
көркемдігі. Ал мәңгілік ізгіліктер – Раббыңның алдында 
сауап пен үміттің ең қайырлысы» (Кәһф, 46).
﴾ًاماَمِإ َنيِقَّتُمْلِل اَنْلَعْجاَو ٍنُيْعَأ َةَّرُبق اَنِ�اَّيِّرُذَو اَنِجاَوْزَأ ْنِم اَنَل ْبَه اَنَّببَر﴿
«Раббымыз!  Бізге  жұбайларымыздан,  ұрпақтары-
мыздан көзайымдарын бер! Әрі бізді тақуалардың алды 
қыл!» (Фұрқан сүресі, 74-аят).
5. Бала – жауапкершілік әрі сынақ.
 ﴾ٌميِظَع ٌرْجَأ ُهَدنِع َهّللا َّنَأَو ٌةَنْبتِف ْمُكُدَلْوَأَو ْمُكُلاَوْمَأ اَمَّنَأ ْاوُمَلْعاَو﴿
«Біліңдер!  Шындығында  мал-мүліктерің  және 
балаларың бір сынақ, ал Алланың алдында – үлкен сый 
бар» (Әнфал, 28).
6.  Мұсылман  нәрестенің  дүниеге  келуімен  үмбеттің 
саны  көбейеді,  Пайғамбар  (с.а.с.)  қуанады.  Алланың 
елшісі (с.а.с.) былай деген: «Сүйкімді әрі көп бала туатын 
әйелге үйленіңдер! Қиямет күні пайғамбарларға сендердің 
сандарыңның көптігімен мақтанатын болайын». (Ахмет 
риуаяты).
7.  Жаратқаннан  жақсы  ұрпақ  сұрау,  балалы  болу  – 
пайғамбарлардың сүннеті.
﴾َنيِحِلاَّصلا َنِم يِل ْبَه ِّبَر﴿
«(Ибраһим айтты) «Раббым, маған ізгі ұрпақ сыйла!» 
(Саффат, 100).
  َكَّنِإ ًةَبِّيَط ًةَّيِّرُذ َكْنُدَّل نِم يِل ْبَه ِّبَر َلاَق ُهَّبَر اَّيِرَكَز اَعَد َكِلاَنُه﴿

38
39
 
﴾ءاَعُّدلا ُعيِمَس
«Сонда  Зәкәрия  Раббысына:  «Раббым!  Маған 
Өз  қасыңнан  ізгі  ұрпақ  сыйла!  Расында  Сен  тілекті 
естушісің!» – деді» (Әли Имран, 38).
﴾ًةَّيِّرُذَو ًاجاَوْزَأ ْمُهَل اَنْلَعَجَو َكِلْبَبق نِّم ًلاُسُر اَنْلَسْرَأ ْدَقَلَو﴿
«(Уа,  Мұхаммед!)  Сенен  бұрын  да  пайғамбарлар 
жібергенбіз  әрі  оларға  да  жұбайлар  мен  ұрпақтар 
бергенбіз» (Рағыд, 38).
Соңғы  пайғамбар,  сүйікті  пайғамбарымыз,  адамзаттың 
асылы  Мұхаммед  (с.а.с.)  үмбетіне  айтқан  өсиетінде 
былай  дейді:  «Неке  –  менің  сүннетім.  Кімде-кім  менің 
сүннетіме  амал  етпесе,  ол  менен  емес.  Сондықтан  да 
үйленіңдер, мен Қиямет күні басқа үмбеттерге сендердің 
көптіктеріңмен мақтанатын боламын». (Ахмет риуаяты). 
Барлық  пайғамбарлардың  дерлік  балалары  болды.  Сүйікті 
Пайғамбарымызға (с.а.с.)  да Алла үш ұл, төрт қыз сыйлады.
8.  Ізгі  ұрпақ  –  пенденің  артында  қалдыратын 
жақсылығы,  амалының  жалғасы.  Алланың  елшісі 
(с.а.с.) былай деген: «Адам өлгенде оның үш нәрсесінен – 
тоқтаусыз садақасы (мысалы, құдық, көпір, медресе) немесе 
пайда келтіретін білімі (таратқан білімі) немесе артынан 
дұға қылатын игі жақсы баласынан басқа барлық амалы 
тоқтайды».
9.  Ізгі  ұрпақпен  ата-ананың  абыройы  асады.  Әбу 
Һурайрадан  (р.а.)  жеткен  риуаятта  Пайғамбарымыз  (с.а.с.) 
былай  деген:  «Бір  (қайтыс  болған)  пенденің  дәрежесі 
көтеріледі.  Сонда  ол:  «Уа,  Раббым!  Бұл  маған  қайдан 
келді?»  –  дейді.  Сонда  (Раббысы):  «Бұл  сенің  артыңдағы 
балаңның саған истиғфар (кешірім) тілеуінен», – дейді».
10.  Жастай  шетінеген  нәресте  –  шапағатшы.  Ибн 
Аббас  (р.а.)  былай  дейді:  «Мен  Алланың  елшісінің  (с.а.с.): 
«Үмбетімнен кімнің екі сәбиі шетінеген болса ол жәннатқа 
кіреді»,  –  дегенін  естідім.  Сонда  Айша  (р.а.):  «Ата-анам 
жолыңда  құрбан  болсын,  кімнің  бір  сәбиі  шетінеген  болса 
ше?»  –  деп  сұрады.  Пайғамбар  (с.а.с.):  «Кімнің  бір  сәбиі 
шетінесе де солай, бақытты әйел», – деді.
Балалы болу – Жаратқанның бұйрығы 
Ұрпақ  беру  –  бір  Алланың  қолындағы  іс,  жазмыш. 
Жаратушы қалаған пендесіне ұл, қалағанына қыз береді. Енді 
біреулерге егіз береді. Ал біреулерді ұрпақ сүюден мақұрым 
қалдырады. 
 ًاثاَنِإ ُءاَشَي ْنَمِل ُبَهَبي ُءاَشَي اَم ُقُلْخَي ِضْرَْلاَو  ِتاَواَمَّسلا ُكْلُم ِهَّلِل﴿
 نَم ُلَعْجَيَو ًاثاَنِإَو ًاناَرْكُذ ْمُهُجِّوَزُبي ْوَأ *  َروُكُّذلا ُءاَشَي نَمِل ُبَهَبيَو
 ﴾ٌريِدَق ٌميِلَع ُهَّنِإ ًاميِقَع ُءاَشَي
«Көктер  мен  жердің  иелігі  Аллаға  тән.  Қалағанын 
жаратады.  Кімге  қаласа  қыздар,  кімге  қаласа  ұлдар 
береді. Немесе ұлдар мен қыздарды жұп-жұбымен береді. 
Сондай-ақ қалағанын бедеу қылады. Күдіксіз Ол толық 

40
41
білуші әрі аса құдіретті» (Шура, 49, 50).
Мұсылмандық  таным  бойынша  бір  Жаратқанның 
ғана  қолынан  келетін  нәрсені  адамнан,  тіріден  не  өліден 
сұрауға  болмайды.  Әулие-әнбиелердің  қабірлеріне,  бақсы-
балгерлерге барудан тек зияннан басқа пайда жоқ. Мұндай 
іс-әрекеттер Алла Тағаланың ашу-ызасын тудырады. Өйткені 
Алланың  қолындағы  нәрсені  өзгеден  сұрау  –  Жаратушыға 
серік қосқанмен пара-пар. Жаратушы Хақ Тағала пенделерінің 
Өзінен  емес,  еш  пайда  бермейтін  бәзбір  жаратылыстардан 
сұрауына  қатты  наразы  болады.  Бұрынғы  ата-бабаларымыз 
өз жырларында нақ осы күнәдан сақтандырып: «Бірінші тілек 
тілеңіз бір Аллаға жазбасқа» деп өсиет етіп кеткен. Ендеше 
ондай әрекеттердің Құдайдың қаһарына ұшырататын бұзық 
қылық, мұсылмандықтан шығаратын айқын күпірлік екендігі 
хақ. Алла Тағала Құран Кәрімде былай дейді:  
 ٍرْيَخِب َكْسَسْمَي نِإَو َوُه َّلِإ ُهَل َفِشاَك َلاَف ٍّرُضِب ُهّللا َكْسَسْمَي نِإَو﴿
﴾ٌريُدَق ٍءْيَش ِّلُك ىَلَع َوُهَبف
«Алла егер саған бір зиян келтірсе, сонда оны Өзінен 
басқа  ешбір  айықтырушы  жоқ.  Ал,  саған  бір  игілік 
тигізсе, Оның әр нәрсеге толық күші жетуші» (Әнғам, 17); 
  َكَّنِإَف َتْلَعَبف نِإَف َكُّرُضَي َلَو َكُعَفنَي َل اَم ِهّللا ِنوُد نِم ُعْدَ� َلَو﴿
 َوُه َّلِإ ُهَل َفِشاَك َلاَف ٍّرُضِب ُهّللا َكْسَسْمَي نِإَو * َنيِمِلاَّظلا َنِّم ًاذِإ
 َوُهَو ِهِداَبِع ْنِم ُءاَشَي نَم ِهِب ُبيِصُي ِهِلْضَفِل َّدآَر َلاَف ٍرْيَخِب َكْدِرُي نِإَو
﴾ُميِحَّرلا ُروُفَغْلا
«Және  де  Алладан  өзге  саған  пайда,  зиян  келтіре 
алмайтын  нәрселерге  жалбарынба.  Егер  оны  істесең, 
онда күдіксіз сен залымдардан боласың. Егер Алла саған 
бір зиян жеткізсе, сонда оны Алладан басқа айықтырушы 
жоқ. Ал, егер саған бір жақсылық қаласа, оның кеңшілігін 
тойтарушы жоқ. Ол оны құлдарынан қалағанына береді. 
Ол өте Жарылқаушы, ерекше Мейірімді» (Жүніс, 106, 107); 
 ْاوُبيِجَتْسَيْلَبف ْمُهوُعْداَف ْمُكُلاَثْمَأ ٌداَبِع ِهّللا ِنوُد نِم َنوُعْدَ� َنيِذَّلا َّنِإ﴿
﴾َنيِقِداَص ْمُتنُك نِإ ْمُكَل
«Расында,  Алладан  өзге  шоқынғандарың  өздерің 
сияқты  құлдар.  Егер  шын  айтсаңдар,  қане  оларды 
шақырыңдар, сендерге жауап берсін» (Ағраф, 194), 
 ْمُهَسُفنَأ  لَو  ْمُكَرْصَن  َنوُعيِطَتْسَي  َل  ِهِنوُد  نِم  َنوُعْدَ�  َنيِذَّلاَو﴿
﴾َنوُرُصْنَبي
«Сендердің  Алладан  өзге  шоқынғандарың  сендерге 
де  жәрдем  ете  алмайды  әрі  өздеріне  де  жәрдем  ете 
алмайды» (Ағраф, 197);
 ِنوُد نِم َنوُعْدَ� َنيِذَّلا َّنِإ ُهَل اوُعِمَتْساَف ٌلَثَم َبِرُض ُساَّنلا اَهُّبيَأ اَي﴿
  َّل ًائْيَش ُباَبُّذلا ُمُهْببُلْسَي نِإَو ُهَل اوُعَمَتْجا ِوَلَو ًاباَبُذ اوُقُلْخَي نَل ِهَّللا
 ِهِرْدَق َّقَح َهَّللا اوُرَدَق اَم * ُبوُلْطَمْلاَو ُبِلاَّطلا َفُعَض ُهْنِم ُهوُذِقنَتْسَي

42
43
﴾ٌزيِزَع ٌّيِوَقَل َهَّللا َّنِإ
«Ей, адам баласы! Бір мысал келтірілді. Енді соған 
құлақ салыңдар. Сендердің Алладан өзге табынғандарың 
барлығы  жиылса  да  әсте  бір  шыбын  жарата  алмайды. 
Сондай-ақ,  егер  шыбын  олардың  бір  нәрсесін  алып 
қашса,  одан  оны  құтқара  алмайды.  Өйткені  іздеуші  де, 
ізделген  де  нашар.  Олар  Алланың  қадірін  біліп,  шын 
мәнінде  бағалай  алмады.  Алла  аса  күшті,  өте  үстем» 
(Хаж, 73, 74); 
 نِم َنوُكِلْمَياَم ِهِنوُد نِم َنوُعْدَ� َنيِذَّلاَو ُكْلُمْلا ُهَل ْمُكُّبَر ُهَّللا ُمُكِلَذ﴿
 اوُباَجَتْسا اَم اوُعِمَس ْوَلَو ْمُكءاَعُد اوُعَمْسَي  َل ْمُهوُعْدَ� نِإ* ٍريِمْطِق
﴾ٍريِبَخ ُلْثِم َكُئِّبَنُبي  َلَو ْمُكِكْرِشِب َنوُرُفْكَي ِةَماَيِقْلا َمْوَبيَو ْمُكَل
«Сол  –  Алла.  Барлық  иелік  соған  тән.  Одан  өзге 
табынғандарың  бір  ұрық  қабығына  да  ие  емес.  Егер 
оларға жалбарынсаңдар дауыстарыңды естімейді. Естісе 
де сендерге жауап қайтара алмайды. Сондай-ақ, қиямет 
күні  олар  сендердің  ортақ  қосқандарыңнан  танады. 
Толық хабар беруші Алладай саған ешкім түсіндірмейді» 
(Фатыр, 13, 14); 
 ِموَي ىَلِإ ُهَل ُبيِجَتْسَي  َّل نَم ِهَّللا ِنوُد نِم وُعْدَي نَّمِم ُّلَضَأ ْنَمَو﴿
 ْمُهَل اوُناَك ُساَّنلا َرِشُح اَذِإَو * َنوُلِفاَغ ْمِهِئاَعُد نَع ْمُهَو ِةَماَيِقْلا
﴾َنيِرِفاَك ْمِهِ�َداَبِعِب اوُناَكَو ءاَدْعَأ
«Алладан  өзге  Қияметке  дейін  өзіне  жауап  бере 
алмайтын  біреуге  табынғаннан  залым  кім  бар?  Әрине, 
табынғандары  олардың  жалбарынуынан  хабарсыз. 
Адамдар жиналған кезде оларға табынғандары дұшпан 
болып, олардың өздеріне құлшылық қылғандықтарына 
қарсы шығады» (Ахқаф, 5, 6).
Алладан басқадан жәрдем сұрап, ғибадат дұғасын жасау 
немесе Жаратушыдан өзгенің күші жетпейтін нәрсені сұрау – 
мүшріктік амал, яғни Алла Тағалаға көпе-көрнеу серік қосу. 
Бұл туралы Алла Тағала Құран Кәрімде былайша ескерткен: 
 نَمَو ُءاَشَي نَمِل َكِلَذ َنوُد اَم ُرِفْغَبيَو ِهِب َكَرْشُي نَأ ُرِفْغَبي َل َهّللا َّنِإ﴿
﴾ ًاديِعَب ًلَلاَض َّلَض ْدَقَبف ِهّللاِب  ْكِرْشُي
«Негізінен Алла Өзіне ортақ қосуды жарылқамайды 
(кешірмейді). Одан басқа кімді қаласа, жарылқайды. Ал, 
кім  Аллаға  ортақ  қосса,  расында  ол  қатты  адасады» 
(Ниса, 116); 
﴾َنيِبَّذَعُمْلا َنِم َنوُكَتَبف َرَخآ ًاهَلِإ ِهَّللا َعَم ُعْدَ�  َلاَبف﴿
«Алламен бірге тәңір шақырма. Онда сен де азапқа 
ұшыраушылардан боласың» (Шұғара, 213); 
﴾َنوُلَمْعَبي ْاوُناَك اَّم مُهْبنَع َطِبَحَل ْاوُكَرْشَأ ْوَلَو﴿
«Егер  олар  ортақ  қосса  еді,  әрине  олардың  істеген 

44
45
амалдары жойылып кетер еді» (Әнғам, 88).
Алла Тағалаға дұға қылу, қалаған тілекті сұрау қандай 
да  бір  делдалдың,  ортақтың  еш  қажеттігінің  жоқ  екендігі 
туралы қасиетті аяттарда айқын баяндалған. Жалпы, Құран 
Кәрімдегі аяттарда Пайғамбарымызға (с.а.с.) адамдар қойған 
сұрақтарына  «Уа,  Мұхаммед!  Сен  оларға  былай  де»  деп 
жауап  беріліп  келеді  де,  Алла  Тағаланың  Өзі  туралы,  оған 
ғибадат, дұға қылу жайында сұрақ болғанда былай деп айт 
деген сөз айтылмайды. Ол аят төмендегідей.
 ِناَعَد اَذِإ ِعاَّدلا َةَوْعَد ُبيِجُأ ٌبيِرَق يِّنِإَف يِّنَع يِداَبِع َكَلَأَس اَذِإَو﴿
﴾َنوُدُشْرَبي ْمُهَّلَعَل يِب ْاوُنِمْؤُبيْلَو يِل ْاوُبيِجَتْسَيْلَبف
Алла  Тағала:  «Егер  құлдарым  Мен  туралы  сенен 
сұраса,  Мен  өте  жақынмын.  Қашан  Менен  тілесе, 
тілеушінің тілегін қабыл етемін. Ендеше олар да әмірімді 
қабыл  етсін.  Және  Маған  сенсін.  Әрине,  тура  жол 
тапқан  болар  еді»  (Бақара,  186).  Яғни,  «егер  пенделерім 
мен туралы сұраса, уа, Мұхаммед, оларға былай де» немесе 
«пәленді,  түгенді  не  өлі  пенделерді  араға  делдал,  уасила 
етіп алсын» деген сияқты мағына жоқ. Алла Тағала серіктен 
пәк. Керісінше, «Қашан Менен тілесе, тілеушінің тілегін 
қабыл етемін» деп тұр. 
Алланың елшісі (с.а.с.) өзінің шарапатты хадистерінде 
қажетті бір Алладан сұрау керектігін баса айтқан. Дұға, медет 
тілеудің жай-жапсарын тайға таңба басқандай түсіндіріп өткен.
 ،اًمْوَيي َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ِللها ِلوُسَر َفْلَخ ُتْنُك َلاَق ٍساَّ�َع ِنْب ِنَع
 َللها ِظَفْحِا ،َكُظَفَْي َللها ِظَفْحِا ٍتاَمِلَك َكُمِّيلَعُأ نِإ ،َم َلُغ اَي« :َلاَقَي�
 
َّنَأ ْمَلْعاَو ،ِللهاِب ْنِعَتْساَ� َتْنَعَيتْسا اَذِإَو ،َللها ِلَأْساَ� َتْلَأَس اَذِإ ،َكَهاَِت ُهْدَِت
 ُهَ�َتَك ْدَق ٍءْيَشِب لِإ َكوُعَفْينَيي َْل ٍءْيَشِب َكوُعَفْينَيي ْنَأ ىَلَع ْتَعَمَتْجا ِوَل َةَّمُْلا
 ُهَ�َتَك ْدَق ٍءْيَشِب لِإ َكوُّرُضَي َْل ٍءْيَشِب َكوُّرُضَي ْنَأ ىَلَع ْاوُعَمَتْجا ِوَلَو َكَل ُللها
 .ُيِذِمْرِّييتلا ُهاَوَر .»ُفُحُّصلا ِتَّفَجَو ُم َلْيقَلا ِتَعِ�ُر ،َكْ�َلَع ُللها
Абдуллаһ ибн Аббас (р.а.) былай деді: «Пайғамбардың 
(с.а.с.) артында келе жатқанда Ол (с.а.с.) маған: «Ей, балақай! 
Мен саған мына сөздерді үйретемін: Алланы сақта, сонда 
Ол  сені  сақтайды.  Алланы  сақта,  сонда  оны  алдыңнан 
табасың. Бірдеңе сұрасаң, Алладан сұра. Жәрдем тілесең, 
Алладан  тіле.  Бүкіл  халық  жиналып  саған  бір  пайда 
келтірмек  болса,  тек  Алла  жазған  нәрсені  ғана  келтіре 
алатындығын  және  олар  саған  бір  зиян  келтірмекке 
жиылса  да  тек  Алланың  жазғанын  ғана  келтіре 
алатындығын  білгейсің.  Қаламдар  көтерілді,  парақтар 
кеуіп  кетті  (яғни,  тағдыр  тақтасына  бәрі  жазылды)»,  – 
деді. (Термези риуаяты).
 َّنِإ« :َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ِللها ُلوُسَر َلاَق َلاَق ٍيِشَب ِنْب ِناَمْعُّينلا ِنَع
 ُنْبا ُهاَوَر .» ْمُكَل ْبِجَتْسَأ  ِنوُعْدا ُمُكُّبَر َلاَقَو َأَرَيق َُّث ُةَداَ�ِعلا َوُه َءاَعُّدلا
.ةَجاَم
Нұғман  ибн  Бәширдің  (р.а.)  айтынша  Пайғамбар 
(с.а.с.):  «Дұға  –  ғибадат»,  –  деп,  «Раббыларың:  «Маған 

46
47

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет