ِنْيَبب نِم ُجُرْخَي *ٍقِفاَد ءاَّم نِم َقِلُخ *
َقِلُخ َّمِم ُناَسنِْلإا ِرُظنَيْلَبف﴿
﴾ ِبِئاَرَّبتلاَو ِبْلُّصلا
«Адам өзінің неден жаратылғанына қарасын! Ол
атылған судан (ұрықтан) жаратылды. Ол (су) омыртқа
мен кеудеден шығады» (Тарық, 5-7);
ُهَقَلَخ ٍةَفْطُّن نِم * ُهَقَلَخ ٍءْيَش ِّيَأ ْنِم * ُهَرَفْكَأ اَم ُناَسنِْلإا َلِتُق﴿
﴾ُهَرَشنَأ ءاَش اَذِإ َّمُث* ُهَرَببْبقَأَف ُهَ�اَمَأ َّمُث * ُهَرَّسَي َليِبَّسلا َّمُث *
ُهَرَّدَقَبف
«Адамға өлім келсін! Ол неткен шүкірсіз? Ол (Алла)
оны неден жаратып еді? Ол оны тамшыдан жаратып,
мөлшерледі. Сосын оның жолын жеңілдетті. Сосын оны
өлтіріп, қабірге орналастырды. Сосын Ол оны қалаған
кезінде қайта тірілтеді» (Ғабаса, 17-22);
ُمُكَل َلَعَجَو ًائْيَش َنوُمَلْعَب� َل ْمُكِ�اَهَّمُأ ِنوُطُب نِّم مُكَجَرْخَأ ُهّللاَو﴿
﴾َنوُرُكْشَ� ْمُكَّلَعَل َةَدِئْفَلاَو َراَصْبَلاَو َعْمَّسْلا
«Алла ештеңе білмейтін кездеріңде сендерді
аналарыңның құрсақтарынан шығарып, сендерге құлақ,
көз, жүрек берді. Бәлкім, шүкір етерсіңдер» (Нахыл, 78);
َّمُث ًةَّوُبق ٍفْعَض ِدْعَبب نِم َلَعَج َّمُث ٍفْعَض نِّم مُكَقَلَخ يِذَّلا ُهَّللا﴿
﴾ُريِدَقْلا ُميِلَعْلا َوُهَو ُءاَشَي اَم ُقُلْخَي ًةَبْيَشَو ًافْعَض ٍةَّوُبق ِدْعَبب نِم َلَعَج
«Алла сендерді әлсіздіктен жаратты. Сосын
әлсіздіктен соң күш-қуат береді, сосын күш-қуаттан соң
әлсіздік пен қартаю жасады. Ол қалағанын жаратады,
расында Ол бәрін білуші әрі құдіретті» (Рум, 54).
﴾ ٍقَبَط نَع ًاقَبَط َّنُبَكْرَبتَل﴿
«Сендер бір кезеңнен екінші кезеңге өтесіңдер».
(Иншиқақ, 19).
76
77
ІІІ БӨЛІМ
НӘРЕСТЕ ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕННЕН
КЕЙІНГІ КЕЗЕҢ
Туылған нәрестемен сүйіншілеу
Асыл дініміз туылған нәрестеге байланысты
орындалатын амалдарды нақтылап берген. Алла Тағала
Құран Кәрімде былай дейді:
Айта кететін бір жайт – мұсылмандық салттар әлдебір
ырымға, адамға қатысты пайда болмаған, керісінше,
пайғамбарлардан жалғасып келе жатқан игі дәстүрлер. Бұл
дәстүрлердің түп-тамырында Жаратушы Хақ Тағаланың
берген нығметіне шүкіршілік ету, Оның жаратушылық
сипатын, ал пенде өзінің пендешілік дәрменсіздігін мойындау
секілді терең имани ұстанымдар жатыр. Енді бала тәрбиесіне
қатысты дәстүрлерді тізбектеп өтейік. Соның бірі нәресте
алғаш туылған сәтте жүзеге асатын амалдар. Мысалы,
дінімізде нәресте туылған кезде сүйіншілеп қуандыру,
құттықтау айту дәстүрі бар. Құран Кәрімде Алла Тағала
Ибраһим пайғамбардың қиссасы туралы былай дейді:
اَمَف ٌمَلاَس َلاَق ًامَلاَس ْاوُلاَق ىَرْشبُبْلاِب َميِهاَرْببِإ اَنُلُسُر ْتءاَج ْدَقَلَو﴿
ْمُهَرِكَن ِهْيَلِإ ُلِصَ� َل ْمُهَبيِدْيَأ ىَأَر اَّمَلَبف * ٍذيِنَح ٍلْجِعِب ءاَج نَأ َثِبَل
ُهُ�َأَرْماَو* ٍطوُل ِمْوَبق ىَلِإ اَنْلِسْرُأ اَّنِإ ْفَخَ� َل ْاوُلاَق ًةَفيِخ ْمُهْبنِم َسَجْوَأَو
﴾َبوُقْعَبي َقاَحْسِإ ءاَرَو نِمَو َقاَحْسِإِب اَهاَنْرَّشَبَبف ْتَكِحَضَف ٌةَمِئآَق
«Расында елшілеріміз (періштелер) Ибраһимге
сүйінші сәлем берді. Ибраһим олардың сәлемін алып,
дереу үйтілген бұзау алып әкелді. * Олардың оған (асқа)
қол тигізбегенін көрген сәтте (Ибраһим) іш жиып, көңліне
қорқыныш ұялады. Олар: «Қорықпа! Расында біз Лұт
қауымына жіберілдік», – деді. * Оның түрегеп тұрған
әйелі күліп жіберді. Біз оны Ысқақпен және Ысқақтың
артынан Жақыппен қуандырған едік» (Һуд, 69-71).
َكُرِّشَبُبي َهّللا َّنَأ ِباَرْحِمْلا يِف يِّلَصُي ٌمِئاَق َوُهَو ُةَكِئلآَمْلا ُهْ�َداَنَبف﴿
﴾ىبَيْحَيِب
Зәкәрия туралы былай деген: « Ол михрабта намаз
оқып тұрған сәтте оған періштелер: «Расында Алла сені
Жақиямен қуандырады», – деп дауыстады» (Әли Имран, 39).
﴾ًاّيِمَس ُلْبَبق نِم ُهَّل لَعْجَن ْمَل ىَيْحَي ُهُمْسا ٍم َلاُغِب َكُرِّشَبُبن اَّنِإ اَّيِرَكَز اَي﴿
«Уа, Зәкәрия! Расында сені Жақия атты бір ұлмен
қуантамыз. Біз бұрын мұндай ат қоймаған едік» (Мариям, 7).
Пайғамбар (с.а.с.) дүниеге келген кезде Суәйба күң
қожайыны әрі Пайғамбардың (с.а.с.) әкесінің бауыры, яғни
көкесі Әбу Ләһәбті сүйіншіледі. Осы хабарды жеткізген
кезде Әбу Ләһәб Суәйбаны күңдіктен босатып, азат етті.
Бұхари риуаят еткен бір хадисте осы бір жақсы ісі үшін
78
79
әрбір дүйсенбі күні Әбу Ләһәбтің азабы сәл жеңілдетілетіні
айтылған. Жалпы осы хадис қазақ халқында қалыптасқан
қуанышты хабар жеткізушіге сүйіншілік сый беру дәстүрінің
шариғатпен құпталынатындығына дәлел бола алады.
Нәрестеге айтылатын тілек-бата
ُهَّرِب َتْقِزُرَو ُهَدْشُر َغِلُبَو َبِهاَوْلا َتْرَكَشَو ِبوُهْوَمْلا ِف َكَل ُللها َكَراَب
Ибн Аббас (р.а.) айтқан дұға: «Бәәракаллаһу ләкә фил-
мауһууби уа шәкәртәл-уааһибә уа булиға рушдәһу, уа рузиқтә
бирраһу».
Мағынасы: «Алла саған берген тарту-сыйының
берекесін берсін, Сый берушіге шүкірлік қылғын, нәресте
өссін, жақсылығын көруге нәсіп етсін!».
Ғасырлар бойы ұлтымыздың санасына сіңген
мұсылмандық салт бойынша туылған нәрестеге төмендегідей
бата-тілектер айтылатыны белгілі.
«Бауы берік болсын! Еліне елеулі, халқына қалаулы
азамат болып өссін! Алла берекесін берсін!».
Нәрестенің бауы берік болсын!
Ата-анасына серік болсын!
Азамат боп ер жетсін!
Ақсақал боп төрлетсін!
Азамат болсын көрікті!
Ғұмыры ұзын, берік-ті!
Қолғанаты көп болып,
Артынан ерте берсін серікті!
Азамат болсын ардақты!
Мінезі болсын салмақты!
Өнері болсын жан-жақты!
Осы айтқанның бәрі келіп,
Алла берсін зор бақты!
Әмин!
Нәрестенің құлағына азан айту
Нәресте туылған соң оң құлағына азанды, сол құлағына
қаматты айту мұстахаб – жағымды амалға жатады. Әбу
Дәуіт пен Термези риуаят еткен хадисте Әбу Рафиғ Фатима
Хасанды босанған кезінде Пайғамбар (с.а.с.) оның құлағына
азан айтқандығын көргендігін жеткізген. Әл-Байһақи мен
Ибн әс-Сунни Хасан ибн Әлиден Пайғамбар (с.а.с.) «Кімнің
баласы туылғанда оның құлағына азан айтып, сол
құлағына қамат айтса, ол нәрестеге умму сибиян әсер
етпейді», – деген. «Умму сибиян» – сәбилерді ауру ететін
жел немесе жынның әсері.
ُللها ىَّلَص ِللها َلوُسَر ُتْيَأَر :َلاَق ِه�ِبَأ ْنَع ٍعِ�اَر بَأ ِنْب ِللها ِدْ�َي�ُع ْنَع
.ِة َلَّصلاِب ُةَمِطاَ� ُهْ�َدَلَو َينِح ٍّيِلَع ِنْب ِنَسَْلا ِنُذُأ ف َنَّذَأ َمَّلَسَو ِهْ�َلَع
Убайдулла ибн Әбу Рафиғ өзінің әкесінен мынаны
жеткізді: «Алланың елшісі (с.а.с.) қызы Фатима Әлиұлы
Хасанды туған кезде Хасанның құлағына намазға азан
айтқандай азан айтқан».
Азан айтудың мәні мен сыры туралы талқылау. Азан
айтудың мәні мен сыры туралы Ибн әл-Қайим Тухфат әл-
Мәулуд атты еңбегінде былай дейді: «Мұның өзі адамның
дүниеге келген кездегі ең бірінші еститін нәрсесі Раббының
80
81
ұлылығын паш ететін азан даусы, Ислам дініне кіруге куәлік
– шәһадат сөзі болу керектігін білдіреді. Бұл – адам дүниеден
көшерде құлағына таухид сөзі ( «Лә иләһә иллаллаһ»)
айтылатыны – талқин қылынатыны секілді дүние есігін
жаңа ашқан нәрестенің құлағына Исламның басты рәмізін
құю болып табылады. Оның құлағына кірген азан сөздерінің
жүрегіне жетіп, әсер етуі де ғажап емес.
Нәрестеге азан айтудың тағы бір сыры – азан сөздерінен
шайтанның ат-тонын ала қашатыны. Өйткені ол нәрестені
туылғанша бақылайды.
ِدوُلْوَمْلا ُحاَ�ِص« :َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ِللها ُلوُسَر َلاَق َةَرْييَرُه ِبَأ ْنَع
.ٌمِلْسُم ُهاَوَر .»ِناَطْ�َّشلا َنِم ُهُغْزَين ُعَقَيي َينِح
Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте Алланың елшісі
(с.а.с.): «Нәрестенің туылған кездегі дауысы шайтанның
әзәзілдігінен», – деген.
Ал әрбір пенденің жанында болатын қосақ-шайтаны
(«қарин») нәресте туылып, оған алғаш келген сәттен-ақ
азанның даусын естіп құты қашып, жеңіледі.
Азан айтудың тағы бір сыры – ол нәрестені Аллаға,
Оған ғибадат етуге, Оның діні – Исламға шақыру. Азғырушы
шайтанның хақиқи сенімнің өңін айналдырып, бұзуынан
бұрын Алла Тағаланың барша адамзаттың әу бастағы
жаратылысына енгізген ақиқат діні Ислам болатын».
Азан сөзі
Аллаһу әкбар! Аллаһу әкбар!
Аллаһу әкбар! Аллаһу әкбар!
Әшһәду әл-лә иләһә иллаллаһ!
Әшһәду әл-лә иләһә иллаллаһ!
Әшһәду әннә Мухаммадар-Расулуллаһ!
Әшһәду әннә Мухаммадар-Расулуллаһ!
Хаййа аләс-салә!
Хаййа аләс-салә!
Хаййа аләл-фәләх!
Хаййа аләл-фәләх!
Аллаһу әкбар! Аллаһу әкбар!
Лә иләһә иллаллаһ!
Қамат сөзі
Аллаһу әкбар! Аллаһу әкбар!
Аллаһу әкбар! Аллаһу әкбар!
Әшһәду әл-лә иләһә иллаллаһ!
Әшһәду әл-лә иләһә иллаллаһ!
Әшһәду әннә Мухаммадар-Расулуллаһ!
Әшһәду әннә Мухаммадар-Расулуллаһ!
Хаййа аләс-салә!
Хаййа аләс-салә!
Хаййа аләл-фәләх!
Хаййа аләл-фәләх!
Қад қаматис-сала!
Қад қаматис-сала!
Аллаһу әкбар! Аллаһу әкбар!
Лә иләһә иллаллаһ!
Тахник – баланың таңдайын тәтті
нәрсемен сүрту
82
83
Тахник сөзі құрманы шайнап, сонымен нәрестенің
таңдайын сүрту дегенді білдіреді. Шайналынған құрманы
саусақтың үстіне қойып, нәрестенің аузына салып, таңдайына
жағып, уқалайды. Егер құрма табылмаса басқа да тәтті
нәрсені қолдануға болады.
Таңдай уқалаудағы мақсат жаңа туған нәрестенің ауыз
бұлшық еттерін нығайтып, емшек емуге дайындау болуы
мүмкін. Бұл амалды тақуа, ізгі адамдарға тапсырған дұрыс.
Тахник амалына мына хадистер дәлел бола алады. Бұхари
мен Мүслімнің Сахих кітаптарындағы бір риуаятта Әбу Мұса
әл-Ашғари өзінің ұлы туылғанда оны Пайғамбарға (с.а.с.)
апарады. Сонда Алланың елшісі (с.а.с.) оның атын Ибраһим
деп қойып, бір құрмамен таңдайын уқалап, береке тілеп дұға
қылады.
Сондай-ақ, сол қос Сахих кітаптарында Әнес ибн
Мәліктен жеткен хадисте Пайғамбар (с.а.с.) Әбу Талханың
ұлы туылғанда бірнеше құрманы шайнап, сосын оны
нәрестенің аузына салып, таңдайын уқалаған. Содан кейін
баланың атын Абдулла деп қойған.
Баланың шашын алу
Мұсылмандық салт бойынша нәресте туылғаннан біраз
уақыт өткен соң шашын алып, сол шаштың салмағындай
күміс мөлшерінде садақа беру керек. Бұл амалдың екі түрлі
пайдасы бар. Біріншісі – денсаулық пайдасы, яғни шаш
алу нәрестенің құйқасының, жалпы ағзасының күшеюіне
әсер етеді. Екіншісі, әлеуметтік пайдасы, оның шашының
салмағындай садақа беру мұсылман қоғамындағы әлеуметтік
ынтымақты нығайтады. Нәрестенің шашын алуға мынадай
хадистер дәлел бола алады.
Имам Мәлік өзінің әл-Муатта атты кітабында Жағыпар
ибн Мұхаммедтен таратқан риуаятында Пайғамбар (с.а.с.)
қызы Фатиманың (р.а.) ұлдары Хасан мен Хүсейін, қыздары
Зейнеп пен Умму Күлсімдер туылғанда олардың шашын
алып, сол шаштың салмағындай садақа бергендігі туралы
айтылған.
Ал Ибн Ысқақтың Мұхаммед ибн Әли ибн әл-Хүсейіннен
жеткізген хадисінде Алланың елшісі (с.а.с.) қызы Фатима
Хасанды босанған кезінде: «Уа, Фатима! Оның шашын
алып, сол шаштың салмағындай күміспен садақа бер», –
деп бұйырған.
Шаш алу мәселесінде шаштың бір бөлігін алып,
бір бөлігін қалдыру, кекіл, тұлым қою сияқты мәселелер
туындайды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) шашты ала-құла алуға
қатаң тыйым салған. Бұхари мен Мүслім риуаят еткен
хадисте: «Алланың елшісі (с.а.с.) шаштың бір бөлігін алып,
бір бөлігін қалдыруға тыйым салды», – делінеді.
Қазақ халқында қалыптасқан салт бойынша нәрестеге
байланысты әдет-ғұрыптардың көпшілігі біраз уақыт өткен
соң, кейде қырық күннен кейін жасалатындығы белгілі.
Баланың шашы да сол кезде алынады. Бұлай істеуге
климаттық, тұрмыстық ерекшеліктер себеп болған болуы
керек.
Ақиқа немесе шілдехана
Ақиқа – нәресте туылғанда Алла Тағаланың ұрпақ
берушілік нығметіне шүкірлік ретінде сойылатын құрбандық
түрі. Ақиқа сөзі «туылған нәрестенің шашы» деген
мағынаны білдіреді. Уақыты өте келе бұл сөз нәрестенің
шашы алынғанда сойылатын құрбандық малға айтылатын
84
85
болды. Ақиқа сөзі «мойынсұнбау», «ата-ананың тілін
алмау», «қарсылық таныту» деген мағынаны білдіретін аққа
етістігімен түбірлес. Осыған байланысты Пайғамбар (с.а.с.)
өзінің бір хадисінде бұл сөзді ұнатпайтындығын айтқан.
ُّبِحُأ ل« :َلاَقَي� ِةَق�ِقَعْلا ِنَع َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ِللها ُلوُسَر َلِئُس
ْنَأ َّبَحَأَ� ٌدَلَو ُهَل َدِلُو ْنَم« :َلاَقَو َمْسِلا َهِرَك اََّنِإ ُهَّنَأَكَو ،»َقوُقُعلا
.ِأَّطَوُمْلا ِف ٍسَنَأ ُنْب ُكِلاَم ُهاَوَر .»ْلَعْفَي�ْلَي� ِهِدَلَو ْنَع َكَسْنَيي
Алланың елшісіне (с.а.с.) ақиқа туралы сұрақ қойыл-
ғанда: «Мен «ақиқаны» (яғни, «мойынсұнбаушылықты»)
ұнатпаймын», – деді. Ол (с.а.с.) бұл сөзді ұнатпағандай
болды. Сосын: «Кімнің баласы туылып, баласы үшін
құрбан шалғысы келсе, шалсын», – деді. (Мәлік ибн Әнес
әл-Муатта кітабында риуаят еткен).
Ақиқа құрбандығы бала туылған соң жетінші күні
сойылады.
Үкімі. Ақиқа құрбандығы туралы шариғат ғалымдары
екі түрлі пікірде. Оған себеп кейбір риуаяттардың бір-
бірлеріне керағарлығы.
1. Ханафи мазһабының ғұламалары ақиқа мұстахаб
емес, таза мүбах іс, орындау-орындамау әр адамның өз еркі
деген пәтуа берген. Олардың айтуынша ақиқа шалу амалы
Құрбан айты кезінде құрбандық шалу туралы үкім түскеннен
кейін жойылған. Айша анамыздан (р.а.) жеткен риуаятта:
«Құрбан айты кезіндегі құрбан шалу амалы өзінен бұрынғы
құрбан шалу түрлерін түгелімен жойды», – делінген.
ُّبِحُأ ل« :َلاَقَي� ِةَق�ِقَعْلا ِنَع َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ِللها ُلوُسَر َلِئُس
.ِأَّطَوُمْلا ُباَتِك ْنِم .»َقوُقُعلا
Алланың елшісіне (с.а.с.) ақиқа туралы сұрақ
қойылғанда: «Мен «ақиқаны» ұнатпаймын», – деген. (Әл-
Муатта кітабында риуаят етілген).
2. Ханафи мазһабынан басқа шариғат мазһабтарының
ғалымдары туылған нәрестеге ақиқа шалу сүннет амалы
деген пәтуа берген.
ِهِتَق�ِقَعِب ٌنَهَي�ْرُم ٍم َلُغ ُّلُك« :َلاَق َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص َِّبَّنلا َّنَأ َةَرُْس ْنَع
ِنَنُّسلا ُباَحْصَأ – ُةَسْمَلا ُهاَوَر .»ُهُسْأَر ُقَلُْيَو ِهِعِباَس َمْوَيي ُهْنَع ُحَبْذُ�
.ُدَْحَأ ُماَمِلاَو
Сумрадан жеткен риуаятта Пайғамбар (с.а.с.) былай
деген: «Әрбір бала өзінің ақиқасына тәуелді: оның атынан
жетінші күні сойылып, оның (баланың) шашы алынады».
(Сүнән кітаптарының авторлары мен имам Ахмет риуаят
еткен).
نَسَلا ِنَع َّقَع َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ِللها َلوُسَر َّنَأ ٍساَّ�َع ِنْبا ِنَع
ِْينَشْ�َكِب يِئاَسَّنلا ُظْفَلَو يِئاَسَّنلاَو دُواَد وُبَأ ُهاَوَر .اًشْ�َك اًشْ�َك ْينَسُلاَو
.ِْينَشْ�َك
Ибн Аббастан (р.а.) жеткізілген риуаятта Алланың елшісі
(с.а.с.) немерелері Хасан мен Хүсейіннің аттарынан бір бір
86
87
қошқардан сойғаны айтылады. (Әбу Дәуіт пен Нәсәи риуаят
еткен. Нәсәидің риуаятында «екі қошқардан» делінген).
،ِناَتَئِ�اَكَتُم ِناَ�اَش ِم َلُغلا ِنَع« :َلاَق َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ِّيِبَّنلا ِنَع
.ُّيِذِمْرِّييتلا ُهاَوَر .»ٌةاَش ِةَيِراَْلجا ِنَعَو
Пайғамбар (с.а.с.): «Ұл бала үшін екі қой, қыз бала үшін
бір қой сойылсын», – деген. (Термези риуаяты).
Ақиқа малы сойылған жағдайда құрбан малынікі секілді
оның етінен жеп, садақаға да таратылады.
Ақиқа малын союдың мақсатын, үкімін және пайдаларын
атақты ғұлама Ибн Қайым әл-Жаузия Тухфат әл-Маудуд би
ахкам әл-маулуд атты кітабында былайша баяндаған:
«Кейбір ғұламалар бала туылған жағдайда тіпті қарыз
алып болса да ақиқа шалуға шешім қабылдаған. Өйткені
ақиқа сою – сүннетті тірілтумен тең. Сонымен бірге ақиқа
дүниеге жаңа келген нәрестенің өміріндегі ең алғашқы
құрбандық. Бұл құрбандық және сол құрбандықтан дәм
татқан адамдардың тілек-дұғалары да нәресте үшін өте
пайдалы. Сондай-ақ, хадисте айтылғандай, ақиқа нәрестенің
садақасына тәуелділігін жойып, жолын ашады. Басқаша
айтқанда ақиқа – туылған бала үшін Алла Тағаланың Исмаил
үшін түсірген көк қошқары секілді қарымта құрбандық. Яғни
бұл құрбандық Алла Тағаланың қалауымен туылған баланың
аман-сау, ғұмырлы, шайтанның азғыруынан аулақ болуына
сеп болуы ықтимал.
Шариғат ғалымдары ақиқаны сойған кезде «Бисмилләһ,
бұл пәленше ұлы пәленшенің ақиқасы» деп ниеттеніп
бауыздау керек дескен. Мұнда құрбандық шалғандағыдай
садақа жасап, етін тарату мұстахаб. Ақиқа шалуда осындай
үлкен қуаныш, нығмет үшін Алла Тағалаға шүкіршілік
етіп, алғыс ретінде садақа қылып, адамдарды тамақтандыру
мағынасы бар. Перзентті болу үйленудегі ең басты мақсат.
Үйленуді той жасап атап өту қандай лайықты әрі міндетті іс
болса, үйленудегі басты мақсатқа жеткенде, яғни перзентті
болу нығметіне жеткенде оны атап өту одан да гөрі
лайықтырақ.
Екінші жағынан мұндай той, мереке Ислам рәміздерінің
бірін жаңғырту, өткізу, Алланың елшісі (с.а.с.) айтып өткен
Қиямет күні оның (с.а.с.) даңқын көтеретін көптікті –
үмбетінің санының көбейгенін атап өту болып табылады.
Ер баланың атынан сойылатын малдың екі қошқар болуы
оның Алла Тағаланың ерді әйелден артық жаратуының, мұра
бөлісі, кек алудағы және куәлік берудегі артықшылығын
көрсетеді. Ал, екі қойдың бірдей немесе кейбір риуаяттарда
айтылғандай теңдес, ұқсас болуы керек делінуінің себебі
шалынатын екі қой да құрбандық, нығметке қарымта,
яки екеуі бір қой сияқты болатындықтан ол екеуінің бір-
бірлерімен жас жағынан және дене тұрқы жағынан да ұқсас
болғаны жөн. Егер құбандық бір қоймен ғана атқарылатын
болса оның денесі бүтін, түрлі кемшіліктен сау мал болғаны
талап етілетіні белгілі. Ал, енді екеу шалынатын болғанда
екеуінің бірінің бірінен артық-кем болуы ықтимал. Олай
болғанда бірін-бірі толықтырып тұрғандай болады. Осындай
күдікті сейілту үшін қос қошқардың да теңдес болуы талап
етілді.
Мұнда ақиқаның айып-кемшіліктерден ада болуы
міндетті екендігіне байланысты ескерту бар. Сондай-ақ,
Пайғамбар (с.а.с.) айтып өткен нәрестенің ақиқасына тәуелді
88
89
болып байланып тұратындығы туралы да түсінік бар. Бұл
тәуелділікке ғалымдар түрліше түсінік берген. Атаа және
имам Ахмет сияқты ғалымдар мұны баланың ата-анасына
беретін шапағаты осы ақиқаның берілуіне байланысты деп
түсіндірген. Алайда бұл таласты пікір. Өйткені бір пенденің
шапағат иесі болу-болмауы бір Алла Тағаланың қолында.
Пайғамбардың (с.а.с.) өзі өз туыстарына Алланың алдында
оларға ешқандай көмек қыла алмайтындығын ескерткен.
Дұрысы былай. Алла Тағала бұл ақиқа құрбандығын
туылған сәбидің ана құрсағынан дүниеге келген сәттегі
шайтанның оған салатын азғыруынан азат ету ретінде
жасаған. Сол себепті ақиқаның мағынасы туылған нәрестені
шайтанның азабынан, тәуелді етуінен, азғырындысынан
құтқару, оның ақыреттегі мүддесі үшін шайтанға тосқауыл
жасау болып саналады. Лағынетке лайықты шайтанның
жаратылыстың әуелгі кезеңінде Раббы тағалаға Адам
ұрпақтарын тура жолдан тайдырып, өзіне бағынышты
ететіндігі туралы ант-су ішкені белгілі. Сондықтан да ол
адамзат баласының дүниеге келуін алдын ала аңдып, туылған
сәттен өзінің ырқына көндіріп бағынышты етуді, өзінің
тобына кіргізуді қалайды. Бала туған сәтте осы тәуелділікке
тап болып, оның бұғауын шешу үшін Алла Тағала осы ақиқа
рәсімін енгізген десе болғандай.
ْاوُقيِرَأَ� ِهِتَق�ِقَعِب ٌنَهَي�ْرُم ُملُغلا« :َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ُِّبَّنلا َلاَق اَذَهِلَ�
.»ىَذَلا ُهْنَع ْاوُط�ِمَأَو َمَّدلا ُهْنَع
Сондықтан Пайғамбар (с.а.с.): «Туылған бала ақиқасына
тәуелді, сондықтан да оның атынан қан ағызып, оның
алдындағы кедергіні жойыңдар», – деген. Бәрін білуші бір
Алла!».
Қыз баланың құрметтілігі
Әйел хұқығы дінімізде әлдеқашан – мың жарым жылға
жуық уақыт бұрын қорғалынып, сақталынуына шариғат
кепіліне алған.
ىَراَوَبتَبي
*
ٌميِظَك َوُهَو ًاّدَوْسُم ُهُهْجَو َّلَظ ىَثنُلاِب ْمُهُدَحَأ َرِّشُب اَذِإَو﴿
ِباَرُّبتلا يِف ُهُّسُدَي ْمَأ ٍنوُه ىَلَع ُهُكِسْمُيَأ ِهِب َرِّشُب اَم ِءوُس نِم ِمْوَقْلا َنِم
﴾َنوُمُكْحَي اَم ءاَس َلَأ
«Егер олардың біреуі қызбен сүйіншіленсе, беті қап-
қара болып, ашуланады. Өзі сүйіншіленген хабардың
салдарынан елден жасырынады. Нәрестені қорлыққа
шыдап ұстай ма, әлде, топыраққа көме ме? Олар неткен
жаман үкім береді?!» (Нахл, 58, 59).
Алла Тағала бұл аятта надандық дәуіріндегі арабтардың
сорақы қылықтарын аяусыз түрде шенеп, сынап тұр.
Олардың надандықтары мен соқыр сенімдері шектен шығып,
тіпті, туылған қыздарын өлтіруге дейін барды. Шайтан
оларға сол істі дұрыс деп көрсетті. Анығында бұл – Алланың
жаратылысына айқын түрде қарсы шығу. Перзенттің ұл не
қыз болуы бір Жаратушының ғана қолындағы нәрсе.
ُللها ىَّلَص ِّيِبَّنلا ِنَع ُهْنَع ُللها َيِضَر َةَ�ْعُش ِنْب َةَيِغُلما ىَس�ِع ِبَأ ْنَعَو
90
91
اًعْينَمَو ِتاَهَّمُلا َقوُقُع ْمُكْ�َلَع َمَّرَح َلاَعَي� َللها َّنِإ« :َلاَق مَّلَسَو ِهْ�َلَع
.» ِلا
َ
لما َةَعاَضِإَو ِلاَؤُّسلا َةَرْيثَكَو َلاَقَو َل�ِق ْمُكَل َهَّرَكَو ِتاَنَي�لا َدْأَوَو ِتاَهَو
.ِهْ�َلَع ٌقَفَّيتُم
Әбу Иса әл-Муғира ибн Шуғбадан (р.а.) жеткен хадисте
Пайғамбар (с.а.с.): «Шындығында Алла Тағала сендерге
ата-анаға бағынбауды, «жоқ» пен «берді», қыздарды көмуді
харам қылды және «анау айтты-мынау айттыны», көп
сұрақ қоюды және босқа мал шашуды мәкруһ (жағымсыз
іс) қылды», – деген. (Бірауызды сахих хадис. «Жоқ» пен
«бер» – зекет сияқты берілуі міндетті нәрсені шығармау және
өзіне тиесілі емес нәрсені сұрай беру. «Анау айтты – мынау
айтты» – негізсіз әңгімелер, өсек-аяң).
ِْينَيتَييِراَج َلاَع ْنَم« : مَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ِللها ُلوُسَر َلاَق َلاَق ٍكِلاَم ِنْب ِسَنَأ ْنَع
.ٌمِلْسُم ُهاَوَر . ِهْ�َعَي�ْصِإ َّمَضَو ،»اَذَكَه َوُهَو اَنَأ ِةَماَ�ِقلا َمْوَيي َءاَج اَغُلْي�َي� َّتَح
Әнес ибн Мәліктен (р.а.) Алланың елшісі (с.а.с.):
«Кімде-кім екі қыз тәрбиелеп өсірсе, Қиямет күні мені мен
ол мынадай боламыз», – деп екі саусағын қосқан. (Мүслім
риуаят еткен).
يِدْنِع ْد ِجَأ ْمَلَي� ِنُلَأْسَ� اََل ِناَتَنْيبا اَهَعَمَو ٌةَأَرْما ْتَءاَج ْتَلاَق َةَشِئاَع ْنَع
َْلَو اَهْي�َيتَنْيبا َْينَيب اَهْيتَّقَشَ� اَهْي�َذَخَأَ� اَهاَّيِإ اَهُيتْ�َطْعَأَ� ٍةَدِحاَو ٍةَرَْت َرْي�َغ اًئْ�َش
ىَلَع ِللها ُلوُسَر َلَخَدَ� اَهاَتَنْيباَو َيِه ْتَجَرَخَ� ْتَماَق َُّث اًئْ�َش اَهْينِم ْلُكْأَ�
:َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ِللها ُلوُسَر َلاَقَي� اَهَيثيِدَح ُهُتْيثَّدَحَ� َكِلَذ ِةَئ�ِفَ�
َنِم اًرْيتِس ُهَل َّنُك َّنِهْ�ََلِإ َنَسْحَأَ� ٍءْيَشِب ِتاَنَي�لا ِهِذَه ْنِم َيِلُتْيبا ِنَم«
.ِدَنْسُمْلا ِف ُدَْحَأ َو ِكَراَ�ُمْلا ُنْبا ُهاَوَر .»ِراَّنلا
Айша (р.а.) былай дейді: «Маған қасында екі қызы
бар бір әйел садақа сұрап келді. Мен оған беретін бір түйір
құрмадан басқа ештеңе таппадым да, соны ұсындым. Ол оны
(бір түйір құрманы) алды да, қыздарына бөліп берді. Ал, өзі
одан татып та алмады. Сосын ол орнынан тұрып, қыздарын
ертіп шығып кетті. Аздан кейін Алланың елшісі (с.а.с.) кірді.
Мен оған әйелдің оқиғасын айттым. Сонда Алланың елшісі
(с.а.с.): «Кімде-кім осындай қыздармен сынаққа ұшырап,
оларға жақсы қараса, олар оған тозақтан перде болады»,
– деді». (Ибн Мүбәрак және Ахмад риуаят еткен).
ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ِللها ُلوُسَر َلاَق َلاَق ُهْنَع ُللها َيِضَر ِّييِرْدُْلا ٍد�ِعَس ِبَأ ْنَع
ْوَأ ِناَتْنِب ْوَأ ٍتاَوَخَأ ُث َلَيث ْوَأ ٍتاَنَيب ُث َلَيث ٍدَحَِل ُنوُكَي ل« : َمَّلَسَو
.»َةَّنَْلجا َلَخَد لِإ َّنِهْ�َلِإ ُنِسُْيَو َّنِه�ِ� َللها يِقَّتَ�َي� ِناَتْخُأ
Әбу Сағид әл-Худриден (р.а.) Алланың елшісі (с.а.с.):
«Кімнің үш қызы не үш апа-қарындасы немесе екі қызы
не екі апа-қарындасы болып, оларға (қарым-қатынасында)
Алладан қорқып, жақсылық қылса жәннатқа кіреді», –
деген.
َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ِللها َلوُسَر ُتْعَِس ُلوُقَيي ِّيِنَهُْلجا ٍرِماَع ِنْب َةَ�ْقُع ْنَع
92
93
َّنُهاَقَسَو َّنُهَمَعْطَأَ� َّنِهْ�َلَع َرَي�َصَ� ٍتاَنَيب ُثلَث ُهَل ْتَناَك ْنَم« :ُلوُقَيي
ِف ُدَْحَأ ُماَمِلا ُهاَوَر .»ِراَّنلا َنِم اًباَجِح ُهَل َّنُك ِهِ�َّدِج ْنِم َّنُهاَسَكَو
.ِهِدَنْسُم
Уқба ибн Амир әл-Жуһәни (р.а.) былай деген: «Мен
Алланың елшісінің (с.а.с.): «Кімнің үш қызы болып, оларға
сабыр етіп, еңбектеніп, оларды тамақтандырып, ішкізіп,
киіндірсе, олар оған тозақтан перде болады», – дегенін
естідім». (Имам Ахмет Муснәдінде риуаят еткен).
Достарыңызбен бөлісу: |