Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының



жүктеу 2.8 Kb.

бет4/15
Дата22.12.2016
өлшемі2.8 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

жалбарыныңдар!  Тілектеріңді  қабылдаймын»  деген 
аятты оқыған. (Әбу Дәуіт, Термези, Ибн Мәже риуаяты).
Алла Тағала себепті де, себепсіз де жаратады
Өмір бойы балаға зар болып, Жаратушы Хақтан перзент 
сұрап,  пұшайман  болған  пенделердің  Алла  Тағаланың 
құдіретінің  шексіз  екендігін  әсте  естен  шығармағандары 
дұрыс.  Ол  қалағанын  жаратады.  Ризық-несібені,  нығметті 
себеппен  де,  себепсіз  де  бере  алады.  Мысалы,  Ол  –  Алла 
Бибі  Мариямға  ұл  сыйлап  –  Иса  пайғамбарды  (а.с.)  әкесіз 
тудырды:
 ُهّللا ِكِلَذَك َلاَق ٌرَشَب يِنْسَسْمَي ْمَلَو ٌدَلَو يِل ُنوُكَي ىَّنَأ ِّبَر ْتَلاَق﴿
 ﴾ُنوُكَيَبف نُك ُهَل ُلوُقَبي اَمَّنِإَف ًارْمَأ ىَضَق اَذِإ ُءاَشَي اَم ُقُلْخَي
«(Мариям) Уа, Раббым! Менде қалайша бала болады, 
маған  ешбір  адам  жолаған  емес»,  –  деді.  Ол  (періште)
«Осылайша  Алла  қалағанын  жаратады.  Егер  бір  іске 
шешім  етсе  «Бол»  дейді  –  бола  қалады»,  –  деді»  (Әли 
Имран, 47). 
Ол  қартайған  шағында  Ибраһим  пайғамбарға  (а.с.) 
бұрын тумаған әйелі Сарадан Ысқақ пен Жақып (а.с.) атты 
ұлдарды көруді нәсіп қылды.
 َقاَحْسِإ ءاَرَو نِمَو َقاَحْسِإِب اَهاَنْرَّشَبَبف ْتَكِحَضَف ٌةَمِئآَق ُهُ�َأَرْماَو﴿
 اَذبَه َّنِإ ًاخْيَش يِلْعَبب اَذبَهَو ٌزوُجَع ْاَنَأَو ُدِلَأَأ ىَتَلْبيَو اَي ْتَلاَق * َبوُقْعَبي
 ُهُ�اَكَرَببَو ِهّللا ُتَمْحَر ِهّللا ِرْمَأ ْنِم َنيِبَجْعَب�َأ ْاوُلاَق * ٌبيِجَع ٌءْيَشَل
﴾ ٌديِجَّم ٌديِمَح ُهَّنِإ  ِتْيَببْلا َلْهَأ ْمُكْيَلَع
«Оның (Ибраһимнің) әйелі тік тұрып күлді. Біз оны 
Ысқақпен және Ысқақтан соң Жақыппен сүйіншіледік. 
Сонда  ол:  «Маған  бәле  келсін!  Сонда  мен  тумақпын 
ба? Өзім – кемпірмін, ал мына күйеуім – шал. Расында 
бұл ғажап іс екен», – деді. Олар (періштелер): «Алланың 
әміріне таңданасың ба? Алланың рахымы мен берекеті 
бослын сендерге, үй иелері! Расында Ол аса мақтаулы әрі 
аса даңқты», – деді» (Һуд, 71-73).
Құдіреті шексіз Жаратушы Хақ Тағала Өзінің қалауымен 
Зәкәрияға (а.с.) бедеу жұбайынан ұлы Жақияны (а.с.) сүюді 
нәсіп етті.
  َكَّنِإ ًةَبِّيَط ًةَّيِّرُذ َكْنُدَّل نِم يِل ْبَه ِّبَر َلاَق ُهَّبَر اَّيِرَكَز اَعَد َكِلاَنُه﴿
 َّنَأ  ِباَرْحِمْلا يِف يِّلَصُي ٌمِئاَق َوُهَو ُةَكِئلآَمْلا ُهْ�َداَنَبف * ءاَعُّدلا ُعيِمَس
 َنِّم ًاّيِبَنَو ًاروُصَحَو ًادِّيَسَو ِهّللا َنِّم ٍةَمِلَكِب ًاقِّدَصُم ىبَيْحَيِب َكُرِّشَبُبي َهّللا
 يِ�َأَرْماَو ُرَببِكْلا َيِنَغَلَبب ْدَقَو ٌمَلاُغ يِل ُنوُكَي َىَّنَأ ِّبَر َلاَق *  َنيِحِلاَّصلا
 ﴾ُءاَشَي اَم ُلَعْفَبي ُهّللا َكِلَذَك َلاَق ٌرِقاَع
«Сонда  Зәкәрия  Раббысына:  «Раббым!  Маған 
Өз  қасыңнан  ізгі  ұрпақ  сыйла!  Расында  Сен  тілекті 

48
49
естушісің!» – деді. Ол михрабта намаз оқып тұрған сәтінде 
оған  періштелер:  «Расында  Алла  сені  Алланың  сөзін 
растаушы, мырза әрі ұстамды, ізгі пайғамбар Жақиямен 
қуандырады», – деп дауыстады. Сонда ол: «Уа, Раббым! 
Менде  қалайша  бала  болады?  Өзімнің  жасым  ұлғайған 
әрі әйелім де бедеу», – деді. Ол (Алла): «Алла қалағанын 
жасайды», – деді» (Әли Имран, 38-40).
Құран Кәрімдегі перзент сұрау үлгілері
Адамзат тарихында ғұмыр көшкен талай игі жақсылар, 
тақуа жандар, әулие-әнбиелер, пайғамбарлардың өздері Алла 
Тағаладан басқаларға үлгі болатын, арттарында тұяқ болатын 
ізгі ұрпақ сұраған. Олардың дұғалары туралы Құран Кәрімде 
былай делінген:
 اَنْلَعْجاَو ٍنُيْعَأ َةَّرُبق اَنِ�اَّيِّرُذَو اَنِجاَوْزَأ ْنِم اَنَل ْبَه اَنَّببَر َنوُلوُقَبي َنيِذَّلاَو﴿
﴾ًاماَمِإ َنيِقَّتُمْلِل
«Олар:  «Раббымыз!  Бізге  жұбайларымыздан, 
ұрпақтарымыздан  көзайымдарын  бер!  Әрі  бізді 
тақуалардың алды қыл!», – дейді» (Фұрқан, 74);
 اَنَكِساَنَم اَنِرَأَو َكَّل ًةَمِلْسُّم ًةَّمُأ اَنِتَّيِّرُذ نِمَو َكَل ِنْيَمِلْسُم اَنْلَعْجاَو اَنَّببَر﴿
   ﴾ ُميِحَّرلا ُباَّوَّبتلا َتنَأ َكَّنِإ اَنْبيَلَع ْبُ�َو
«(Ибраһим айтты) Раббымыз! Бізді Өзіңе бойсұнушы 
қыл  әрі  ұрпақтарымыздан  да  Өзіңе  бойсұнушы  үмбет 
жаса. Бізге құлшылығымыздың салттарын көрсет және 
біздің  тәубемізді  қабыл  ал.  Шындығында  Сен  тәубені 
қабыл алушы һәм аса мейірімдісің» (Бақара, 128); 
 ِّبَر َلاَق * ًاّيِفَخ ءاَدِن ُهَّبَر ىَداَن ْذِإ * اَّيِرَكَز ُهَدْبَع َكِّبَر ِةَمْحَر ُرْكِذ﴿
 ِّبَر َكِئاَعُدِب نُكَأ ْمَلَو ًابْيَش ُسْأَّرلا َلَعَبتْشاَو يِّنِم ُمْظَعْلا َنَهَو يِّنِإ
 يِل  ْبَهَبف ًارِقاَع يِ�َأَرْما  ِتَناَكَو يِئاَرَو نِم َيِلاَوَمْلا ُتْفِخ يِّنِإَو * ًاّيِقَش
 * ًاّيِضَر ِّبَر ُهْلَعْجاَو َبوُقْعَبي  ِلآ ْنِم ُثِرَيَو يِنُثِرَي * ًاّيِلَو َكنُدَّل نِم
﴾ًاّيِمَس ُلْبَبق نِم ُهَّل لَعْجَن ْمَل ىَيْحَي ُهُمْسا ٍم َلاُغِب َكُرِّشَبُبن اَّنِإ اَّيِرَكَز اَي
«Бұл  –  Раббыңның  Өз  құлы  Зәкәрияға  деген 
рахымының естелігі. Ол бірде Раббысына құпия түрде дұға 
қылған еді. Ол: «Раббым! Шынында менің сүйегім қаусап, 
шашым  ағарды.  Бұрын  Өзіңе  деген  дұғамен  бақытсыз 
болмап  едім,  Раббым.  Артымдағы  жақындарымнан 
(мұрагер болмас деп) қорықтым. Өйткені менің жұбайым 
бедеу.  Сондықтан  маған  өз  жаныңнан  мұрагер  бер! 
Маған әрі Жақып әулетіне мұрагер болатындай. Әрі оны, 
Раббым,  разылығыңа  бөлей  гөр!»  –  деді.  Уа,  Зәкәрия! 
Біз сені Жақия деген ұлмен қуантамыз! Біз бұрын оған 
ешкімді аттас қылмап едік!» (Мариям, 2-7);
  َكَّنِإ ًةَبِّيَط ًةَّيِّرُذ َكْنُدَّل نِم يِل ْبَه ِّبَر َلاَق ُهَّبَر اَّيِرَكَز اَعَد َكِلاَنُه﴿
 
﴾ءاَعُّدلا ُعيِمَس

50
51
«Сонда  Зәкәрия  Раббысына:  «Раббым!  Маған 
Өз  қасыңнан  ізгі  ұрпақ  сыйла!  Расында  Сен  тілекті 
естушісің!» – деді» (Әли Имран, 38);
﴾َنيِحِلاَّصلا َنِم يِل ْبَه ِّبَر﴿
«(Ибраһим айтты) «Раббым, маған ізгі ұрпақ сыйла!» 
(Саффат, 100);
﴾ َنيِثِراَوْلا ُرْبيَخ َتنَأَو ًادْرَبف يِنْرَذَ�  َل ِّبَر ُهَّبَر ىَداَن ْذِإ اَّيِرَكَزَو﴿
«Зәкәрияны  есіңе  ал!  Сол  уақытта  ол:  «Раббым! 
Мені жалғыз қалдырма! Расында Сен мирасқорлардың 
ең қайырлысысың», – деген-ді» (Әнбия, 89).
Құран Кәрімдегі әрбір қисса, әңгіме кейінгілерге ғибрат 
әрі үлгі екендігі белгілі. Олай болса аталған ізгі жандар мен 
пайғамбарлардың  дұғалары  бізге  де  үлгі.  Тәңірден  перзент 
тілеуші кез келген мұсылманға осы дұғалармен жалбарынса
иншалла, дұғасы қабыл болар. Ол дұғалар төмендегідей.
 
Аталған аяттардан алынған дұғалар
﴾َنيِحِلاَّصلا َنِم يِل ْبَه ِّبَر﴿
Оқылуы: «Рабби һәб ли минас-саалихин». 
Мағынасы: «Раббым, маған ізгі ұрпақ сыйла!» (Саффат, 100).
 
﴾ءاَعُّدلا ُعيِمَس َكَّنِإ ًةَبِّيَط ًةَّيِّرُذ َكْنُدَّل نِم يِل ْبَه ِّبَر﴿
Оқылуы: «Рабби һәб лии мил-ләдункә зуррийәтән таийбән, 
иннәкә сәмииъуд-дуъәә».
Мағынасы: «Раббым! Маған Өз қасыңнан ізгі ұрпақ сыйла! 
Расында Сен тілекті естушісің!» (Әли Имран, 38).
﴾ َنيِثِراَوْلا ُرْبيَخ َتنَأَو ًادْرَبف يِنْرَذَ�  َل ِّبَر﴿
Оқылуы: «Рабби ләә тәзәрни фәрдән уа әнтә хайрул-уаарисин».
Мағынасы: «Раббым! Мені жалғыз қалдырма! Расында Сен 
мирасқорлардың ең қайырлысысың» (Әнбия, 89).
﴾ًاماَمِإ َنيِقَّتُمْلِل اَنْلَعْجاَو ٍنُيْعَأ َةَّرُبق اَنِ�اَّيِّرُذَو اَنِجاَوْزَأ ْنِم اَنَل ْبَه اَنَّببَر﴿
Оқылуы: «Раббәнә һәб ләнәә мин әзуәджинәә уа зуррийәтинә 
қурратә аъйун, уаджъәлнәә лилмуттәқиинә имамән».
Мағынасы: «Раббымыз! Бізге жұбайларымыздан, ұрпақтары-
мыздан  көзайымдарын  бер!  Әрі  бізді  тақуалардың  алды 
қыл!» (Фұрқан, 74).
Көп балалы болудың артықшылығы
Ислам  дінінде  көп  балалы  болудың  артықшылығы 
нақтылы  түрде  айтылған.  Өйткені  ұрпақтың  көптігі 
мұсылман  үмбетінің  көптігіне  себепші  болады.  Ал,  бұл  өз 
кезегінде  Пайғамбардың  (с.а.с.)  өсиетін  орындау  әрі  оның 
(с.а.с.)  Қиямет  күні  басқа  пайғамбарлар  мен  үмбеттерден 
биік тұруына жәрдем деген сөз, қала берді, Құдай Тағаланың 
разылығына жеткізеді.
 َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ِّيِبَّنلا لِإ ٌلُجَر َءاَج َلاَق ٍراَسَي ِنْب ِلِقْعَم ْنَع 

52
53
 اَهُجَّوَزَي�َأَ�َأ ُدِلَ� ل اَهَّينِإَو  ٍلاََجَو  ٍبَسَح َتاَذ ًةَأَرْما ُتْ�َصَأ نِإ َلاَقَي�
 َدوُدَولا اوُجَّوَزَي�« :َلاَقَي� َةَثِلاَّثلا ُهاَ�َأ َُّث ُهاَهَينَي� ،َةَ�ِناَّثلا ُهاَ�َأ َُّث ، » َل « :َلاَق
.دُواَد وُبَأ ُهاَوَر .»َمَمُلا ُمُكِب ٌرِثاَكُم نِإَ� َدوُلَولا
Мағқил  ибн  Ясардан;  «Бірде  Пайғамбарға  (с.а.с.) 
бір  кісі  келіп:  «Мен  текті  әрі  әдемі  әйел  таптым,  алайда 
бала  таппайды  екен.  Соған  үйленейін  бе?»  –  деп  сұрайды. 
Пайғамбар  (с.а.с.):  «Жоқ»,  –  деп  жауап  береді.  Сосын  әлгі 
кісі  екінші  жолы  келеді,  онда  да  тыйым  салады.  Үшінші 
мәрте  келгенде  Пайғамбар  (с.а.с.):  «Сүйкімді  әрі  көп  бала 
туатын  әйелге  үйленіңдер!  Басқа  үмбеттерге  (Қиямет 
күні) сендердің көптіктеріңмен мақтанатын болайын», – 
деген. (Әбу Дәуіт риуаяты).
Мал-жанның  көптігі  адамзат  баласының  болмысына 
жазылған. Тіпті, пайғамбарлардың өздері де ізгі ұлдарының 
көп болуын қалаған.
 :َدُواَد ُنْب ُناَمْ�َلُس َلاَق :َلاَق َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ِّيِبَّنلا ِنَع َةَرْييَرُه بَأ ْنَع
 
ِل�ِ�َس ف ُدِهاَُي اًسِراَ� ٍةَأَرْما ُّلُك ُلِمَْت ًةَأَرْما َينِعْ�َس ىَلَع َةَلْي�َّللا َّنَ�وُطََل
 اًدِحاَو لِإ اًئْ�َش ْلِمَْت َْلَو ْلُقَيي ْمَلَي� ،ُللها َءاَش ْنِإ :ُهُ�ِحاَص ُهَل َلاَقَي� ،ِللها
 ف اوُدَهاََلج اََلاَق ْوَل :َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ُِّبَّنلا َلاَقَي� ،ِهْ�َّقِش ُدَحَأ اًطِقاَس
.ُّيِراَخُ�لا ُهاَوَر .ُّحَصَأ َوُهَو َينِعْسِ� ِداَنَّزلا بَأ ُنْباَو ُبْ�َعُش َلاَق .ِللها ِل�ِ�َس
Әбу  Һурайрадан  жеткен  риуаятта  Пайғамбар  (с.а.с.) 
былай  деген:  «Бірде  Дәуітұлы  Сүлеймен  (а.с.):  «Бүгін 
түнде жетпіс әйелге кірермін. Әрқайсысы Алла жолында 
күресетін жауынгерге жүкті болсын», – дейді. Сонда оның 
жолдасы: «Алла қаласа», – дейді. Алайда ол (Сүлеймен) оны 
айтпайды. Сонда олардың (әйелдердің) ешқайсысы да бала 
көтермей,  тек  жартыкеш  түсік  тастайды.  Пайғамбар 
(с.а.с.)  былай  дейді:  «Егер  оны  (яғни,  «Алла  қаласа»  деп) 
айтса еді, (олар туылып) барлығы да Алла жолында күресер 
еді». Басқа риуаяттарда тоқсан әйел делінген, сол дұрысырақ. 
(Бұхари таратқан хадис).
Көп перзентті болып және соларға адал жолмен ризық 
іздеу  –  Раббының  разылығына  жеткізетін  іс.  Пайғамбар 
(с.а.с.) былай дейді: «Ғайыпты болжап айтудың күнә екені 
болмаса бес адамның жәннаттық болатыны туралы айтар едім: 
1.  көп балалы пақыр кісі
2.  күйеуі разы болған әйел
3.  жарының  жағдайына  қарап  қалыңмалын  талап 
етпеген әйел; 
4.  әке-шешесі разы болған бала
5.  күнәсіне тәубе жасаған пенде».
Әдетте,  жұбайлардың  көп  балалы  болуларына  кедергі 
келтіретін  жайт  –  балалардың  ризығын  табу  машақаты. 
Шынайы мұсылмандық сенім бойынша ризық беруші – бір 
Алла. Жер бетіндегі әрбір жан иесінің ризығын Жаратушы әу 
баста Өз жауапкершілігіне алған.
 اَهَّرَقَبتْسُم ُمَلْعَبيَو اَهُبقْزِر ِهّللا ىَلَع َّلِإ ِضْرَلا يِف ٍةَّبآَد نِم اَمَو﴿
﴾ٍنيِبُّم  ٍباَتِك يِف ٌّلُك اَهَعَدْوَبتْسُمَو

54
55
«Жер  бетіндегі  қандай  жәндік  болмасын,  оның 
ризығы  Аллаға  тән.  Ол  олардың  болатын  орындарын 
және  сақталатын  орындарын  біледі.  Барлығы  анық 
кітапта (жазылған)» (Һуд, 6).
Қазақтың «Бір қой егіз туса бір жусан артық шығады» 
дегені осыдан алынса керек.
Мұсылмандық қағида – демографиялық түйткілдің 
шешімі
Қазақ  халқы  талай  ғасырлар  бойы  бодандықтың 
тауқыметін  тартты.  Жер  бетінде  басқыншылардан  көп 
теперіш көрген халықтың бірі – қазақ халқы. Әуелі патшалы 
Ресейдің  езгісінен  көз  ашпаған  еліміз  кейінірек  қызыл 
империяның құрсауында қалды. Осы ғасырларда қазақ халқы 
талай қырғынды басынан өткерді. 
Расында да кейбір ақындарымыз айтқандай «мың өліп, 
мың тірілген» ұлтпыз. Патшалы Ресей заманында империяның 
саны жағынан орыстан кейінгі екінші халық болған қазақты 
түрлі  қырғындар,  соғыс,  аштықтар  ұйымдастыру  арқылы 
жоспарлы  түрде  азайту  мақсаты  алға  қойылды.  Ал  қызыл 
империяның  қанішерлігі  одан  асып  түспесе,  кем  түспеді. 
Жиырмасыншы  ғасырдың  алдында  алты  миллион  болған 
қазақ  халқының  ұзын-саны  екінші  дүниежүзілік  соғыстан 
кейін қолдан ұйымдастырылған қырғындардың салдарынан 
екі жарым миллионға бір-ақ сырғып, өз жерінде азшылыққа 
айналды. Құдай Тағаланың қалауымен өз тәуелсіздігіне қол 
жеткізген  халқымыздың  саны  өз  жерінде  алпыс  пайыздан 
енді ғана асып отыр. 
Ұлтымыздың  санын  асырудың  бірден-бір  жолы, 
демографиялық  мәселенің  шешімі  –  діни  құндылықтарға 
қайту. Ислам дінінің қағидаларын қатаң ұстанатын елдерде 
біздегідей  демографиялық  мәселенің  жоқ  екендігі  белгілі. 
Бауырлас  елдердегі  жағдай  керісінше,  яғни  тұрғындар 
санының  шектен  тыс  көбею  мәселесі  күн  тәртібінде  тұр. 
Осы жағдайдың өзі біздің еуропалық өмір салтын ұстанып, 
діни,  ұлттық  құндылықтарымыздан  мүлдем  алыстап 
кеткендігіміздің айқын белгісі. 
Демографиялық мәселенің діни шешімін айтар болсақ, 
олар екеу: біріншісі – ерте үйлену, екіншісі – көп әйел алу. 
Көшпелі қазақ халқының санының күрт өсу себебін зерттеген 
орыс империясының зерттеушілері бұл халық арасында ерте 
үйлену,  көп  әйел  алу  үрдісінің  көптеп  кездесетіні  туралы 
жазған. Сондай зерттеушілердің бірі былай дейді: 
«Қазақтар орыс бастықтарының ұзақ уақыт бойы бойдақ 
болып өмір сүретіндігін түсіне алмайды. Әрбір қазақ, әсіресе, 
әйелдер  жағы  менен  әрдайым:  «Қатының  бар  ма?»  –  деп 
сұрайтын. Менен жағымсыз жауап алғаннан кейін олар: «Ең 
болмағанда  қалыңдықты  айттырған  шығарсың.  Қалыңмал 
төледің бе?» – деп сұрағын жалғастыратын. Оған да жағымсыз 
жауап алғаннан кейін олар басын шайқап: «Қалайша, киімі 
жақсы, мүлкі бар. Патша оған жалақы береді, ал ол бір өзі 
тұрады», – деп таңғалып, түсінбейді.
Әкесі үшін қаражаты жетіп тұрса да, ұлын үйлендірмеуі 
мін болып табылады. Және керісінше, баласын ерте жастан 
атастырғанды  мақтаныш  тұтады.  Ал  байлар  тіпті  балалар 
әлі жас болып, бірінші әйеліне үйленуге үлгермей жүргенде 
олар  оған  екіншісі  айттырады.  Бірінші  әйелімен  5-6  жыл 
бірге өмір сүргеннен кейін екінші атастырған қыз бой жетіп, 
жетілуін  есептеп,  біріншісіне,  мысалы,  баласы  6-10  жас 
болғанда құда түседі, екіншісіне одан да жас қызды баласы 
16-18 жасқа толғанда айттырады.

56
57
25-35 жасында үйленбеген қазақ туралы: «ол – әдепсіз, 
парықсыз,  бос  өмір  сүруде»  деп  ойлайды;  оны  ұры,  кезбе, 
қылмыс  жасап,  шекаралық  не  ордалық  бастықтардың 
қуғынында  жүрген,  бір  сөзбен  айтқанда,  әйел  алып, 
шаруашылық жүргізуге қаражаты да, мүмкіндігі де жоқ адам 
деп топшылайды..». 
Тағы  бірде  қазақ  арасында  кең  тараған  көп  әйел  алу 
үрдісі жайында былай дейді:
«Құранның негіздеріне сай діндар адамға бір мезгілде 4 
әйелден артық әйел алуға болмайды. Кеткен әйелдің орнына 
ол басқа әйел алуына болады, бірақ саны төртеуден аспауы 
керек. Бірақ қаншалықты мүмкін болса, соншалықты күңге 
ие бола алады. Барлық қазаққа бұл ереже таныс, бірақ далаға 
барғанда бес, алты, тіпті одан да көп қазақ әйелі бар байларды 
көрдім». 
Бұдан  кей  кейде  қазақ  байларының  шариғат  сызып 
берген  шеңберден  де  асып  түскендігін  байқаймыз.  Орыс 
зерттеушісі тағы былай дейді:
«Қазақтардың  үйлену  жасы  арнайы  бекітілмеген. 
Шариғат  оқыған  адамдар  қыздар  14  жастан,  жігіттер  16 
жастан  кіші  болмау  керек  дейді..  Балаларын  үйлендіруге 
асықпайтын  ата-ана  қызын  16-18  жасында  күйеуге  беріп, 
ұлын  18-22  жасында  үйлендіреді.  Кедейлер  жағдайға 
байланысты не ерте, не кеш үйлендіреді». 
Орыс  зерттеушілері  қазақтардың  көп  балалы 
болатындығы  туралы  да  жазған.  Мағлұматтар  «Қазақ 
халқының  дәстүрлері  мен  әдет-ғұрыптары»  (жауапты 
редакторы    С.  Әжіғали,  «Арыс»  баспасы,  2005  ж.)  атты 
кітаптан алынды.
«Елу  жылда  ел  жаңа,  жүз  жылда  қазан»  дейді  халық 
нақылы. Аталған мағлұматтардан қазақ халқының ілгеріректе 
шариғат қағидаларымен өмір сүргендігін байқаймыз. Соның 
арқасында  демографиялық,  тағы  басқа  түйткілдердің  тіпті 
орын алмағандығы байқалады. 
Ал  қазіргідей  жаһандану  заманында  діннен,  әдет-
ғұрып,  салт-дәстүр,  ұлттық  ерекшеліктерден  алыстаудың 
салдарынан демографиялық түйткіл алдымыздан шықты. Сөз 
жоқ, бұл мәселенің бір-ақ шешімі бар. Ол – Алланың дініне 
қайту, шариғаттың шарттарына бой ұсыну, сол арқылы ұрпақ 
жалғастығы  туралы  түсінікті  өзгерту.  Сонда  ғана  дүниелік 
һәм ақыреттік түйткілдердің түйіні ағытылары хақ. Өйткені 
бұл шешім – Алла Тағаланың әмірі әрі Пайғамбардың (с.а.с.) 
пәрмені.
Алланың  елшісі  (с.а.с.)  былай  дейді:  «Неке  –  менің 
сүннетім.  Кімде-кім  менің  сүннетіме  амал  етпесе,  ол 
менен емес. Сондықтан да үйленіңдер, мен Қиямет күні 
басқа үмбеттерге сендердің көптіктеріңмен мақтанатын 
болайын»
Бала көтере алмаған әйелдің медициналық 
жолмен көтеруі 
Отау  құрып,  шаңырақ  көтерген  жандардың  арманы 
балалы болу екендігі табиғи заңдылық. Өйткені үйленудегі 
басты  мақсаттың  бірі  –  артта  ізгі  ұрпақ  қалдыру.  Басқа  да 
нығметтер секілді перзентті болу да Алланың сыйы болып 
саналады. 
Алайда  Алла  Тағала  жаратқан  нәрселердің  бәрінің  де 
себеп-салдары  бар.  Сол  себеп-салдарды  зерттеп,  себебін 
ашып,  шарасын  қарастырудың  Алла  Тағаланың  әміріне 
қайшы  келмейтіні  анық.  Сондықтан  да  бедеулігі  себепті 
табиғи  жолмен  сәби  көтере  алмаған  әйелдердің  дәстүрлі 

58
59
медициналық жолмен емделіп, сол арқылы бала көтерулеріне 
болады. Кез келген кеселдің шипасын, одан арылудың жолын 
іздеу  Пайғамбардың  (с.а.с.):  «Әрбір  дерттің  емі  бар»,  – 
деген хадисіне амал ету болып табылады. 
Медициналық  –  суррогаттық  жолмен  туылған  ең 
алғашқы  сәби  1978  жылы  ағылшын  отбасында  дүниеге 
келген. Қазіргі заманғы мұсылман ғалымдарының көзқарасы 
бойынша ерінің ұрығын зайыбының құрсағына салу арқылы 
бала көтеру шариғат заңдылықтарына қайшы келмейді.  
1986  жылы  Иордания  астанасы  Амман  қаласында 
суррогаттық  жолмен  бала  көтеру  тақырыбында  өткен 
жиналыста Ислам елдері Конференциясы жанындағы Ислам 
Хұқығы  Академиясы  бекіткен  қарар  бойынша  мынадай 
жағдайлар шариғат негіздері мен қағидаларына қайшы болып 
табылады:
1. 
Еркектен  алынған  ұрықты  бөтен  әйелдің  аналық 
безімен ұрықтандыру арқылы пайда болған эмбрионды ұрық 
алынған еркектің заңды зайыбының құрсағына салу.
2.  Бөтен  еркектің  ұрығын  қолдану  арқылы  пайда  болған 
эмбрионды әйелдің құрсағына салу. 
3. 
Ерлі-зайыптыдан  алынған  ұрық  пен  аналық  безді 
ұрықтандыру арқылы пайда болған эмбрионды бала көтергісі 
келген басқа бір әйелдің құрсағына салу.
4.  Бөтен еркектің ұрығы мен бөтен әйелдің аналық безін 
ұрықтандырудан  пайда  болған  эмбрионды  бала  көтергісі 
келген үшінші бір әйелдің құрсағына салу.
5.  Еркектің  ұрығы  мен  заңды  әйелінің  аналық  безін 
ұрықтандыру арқылы пайда болған эмбрионды екінші заңды 
зайыбының құрсағына салу.
Ал,  заңды  ерлі-зайыптылардың  бірінің  ұрығымен 
екіншісінің аналық безін ұрықтандыру арқылы пайда болған 
эмбрионды  сол  зайыбының  құрсағына  салу  жолымен  бала 
көтеру  тәсілі  шариғат  негіздері  мен  қағидаларына  қайшы 
келмейді.
Осындай жолмен бала көтеруге рұқсат екендігін бұрынғы 
ғалымдарымыздан Хатиб әш-Ширбинидің  Муғнил-Мухтаж 
атты еңбегінен де көруге болады. Ол былай дейді: «Бір әйел 
ерінің  ұрығын  өз  құрсағына  салу  арқылы  бала  көтерсе,  ол 
бала өз балалары болып саналады, әйел бұл ісі үшін күнәһар 
болмайды». 
Аяқ ауырлаудың алдын алу
Асыл  дініміздің  мұсылмандардың  үйленіп,  көбеюін 
әрдайым  қолдайтынын  жоғарыдағы  аят-хадистерден 
байқадық.  Сонымен  қатар  дінімізде  балалы-шағалы  болу 
ерлі-зайыптылардың  өз  ықтиярларына  берілген.  Яғни, 
жұбайлардың  баланың  болуының  алдын  алуларына  рұқсат 
етілген.  Бұл  жағдай  Пайғамбарымыздың  (с.а.с.)  көзі  тірі 
кезінде де болған. Ол кезде әке ұрығын ана құрсағынан тыс, 
сыртқа  жіберу  тәсілі  қолданылатын.  Бұл  тәсілді  шариғатта 
әл-азл деп атайды. Сондай-ақ, қазіргі заманның медициналық 
тәсілдерін де қолдануға болады. 
Бірақ  бұл  амалдарды  тек  бала  көтермеудің  алдын 
алу  мақсатында  ғана  қолдануға  болады.  Солай  бола  тұра 
Пайғамбар  (с.а.с.)  төмендегі  хадисінде  әл-азл  тәсілін 
арабтардың  надандық  дәуіріндегі  қызды  көму  әдетіне 
теңеген.
 ِنَع ِللها  ِلوُسَر ْنِم اوُلَأَس اًساَنُأ َّنَأ ِةَّيِدَسَلا  ٍبْهَو  ِتْنِب َةَماَذُج ْنَع
 ﴾ ْتَلِئُس ُةَدُؤْوَملا اَذِإَو﴿ َيِهَو ،»ُّيِفَلا ُدْأَولا َكِلَذ« :َلاَقَي�  ِلْزَعلا

60
61
.ٌمِلْسُم ُهاَوَر . 6،ُريِوْكَّتلا
Жузама бинт Уаһб әл-Әсәдияның риуаят етуінше адамдар 
Алланың елшісінен (с.а.с.) әл-азл туралы сұрады. Сонда ол 
(с.а.с.): «Ол – баланы жасырын түрде көму», – деген. Яғни, 
ол  –  Тәкуир  сүресінің  6-аятындағы  «Көмілгендер  туралы 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал