Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оразағА Қатысты 200 СҰРАҚ Нұр-Сұлтан 2022


Сұрақ: Зекетті не үшін рамазан айында берген абзал?



Pdf көрінісі
бет53/60
Дата16.04.2023
өлшемі0,55 Mb.
#83293
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   60
Сұрақ:
Зекетті не үшін рамазан айында берген абзал?
Жауап: 
Рамазан айына қатысты хадисте: «Адам бала- 
сының барлық игі істерінің сауабы артады. Әрбір жақ- 
сылыққа он еседен жеті жүз есеге дейін сауап жазылады»
– делінген. Демек өзге айларға қарағанда бұл ай сауаптар 
еселеніп жазылатын игілікке толы ай болғандықтан, Ислам 
ғалымдары осы айда берген абзал деген тұжырымдама 
жасаған. Әрі зекетті берген уақытын ай күнтізбесіне сай 
оңай есептеуі үшін рамазан айы зекет бергенге өте қолайлы 
ай. Десе де, зекет парызын өтеу үшін белгілі бір ай немесе 
күн бекіту міндетті емес. Ең бастысы, зекет парыз болу үшін 
нисап мөлшеріндегі байлығына бір жыл толған болуы керек. 
Алайда бір жыл толмаса да алдын ала беруіне рұқсат.
Сұрақ:
Зекет және пітір садақаны өзінің мұқтаж 
бауырларына, туған-туыстарына берсе бола ма? 
Жауап: 
Жалпы зекет пен пітір садақаны өзінің ата-
анасына, ата-әжесіне, балаларына, немерелеріне және 
жұбайына бере алмайды. Мұқтаж болған бауырларына, 
туған-туыстарына беруіне болады. Тіпті ең әуелі 
бауырларына, туыстарына берсе екі есе сауап алады. 
Хадисте: «Кедейлерге берілген садақа – бір садақа. Ал 
туысқандарға берілген садақа – екі садақа. Біріншісі садақа 
болса, екіншісі туысқанға жасаған жақсылық», – делінген.
Сұрақ:__Шариғат_бойынша_кімдер_зекет_беруге_тиісті_Жауап'>Зекет


72
Сұрақ:
Шариғат бойынша кімдер зекет беруге тиісті?
Жауап: 
Зекет парыз болу үшін мұсылман болуы, балиғат 
жасына жетуі, ақыл-есінің дұрыс болуы, байлығы шариғат 
белгілеген нисап мөлшеріне жетуі және байлығы қолында 
бір жыл сақталған болуы керек.
Сұрақ:
Зекет қандай байлықтан беріледі? 
Жауап: 
Зекет үш түрлі мал-мүліктен беріледі.
Бірінші: 
Алтын, күміс, ақша, сауда тауарлары және басқа да құнды 
заттар. Екінші: Төрт түлік малдан: түйе, сиыр, қой, ешкі. 
Үшінші: Егіндік және жеміс-жидектерден зекет беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет