Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оразағА Қатысты 200 СҰРАҚ Нұр-Сұлтан 2022


садақасы берілген малды берекеттендіріп, арттырады»



Pdf көрінісі
бет56/60
Дата16.04.2023
өлшемі0,55 Mb.
#83293
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60
садақасы берілген малды берекеттендіріп, арттырады», – 
десе, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі 
болсын) хадисте: «Садақа мал-дүниені азайтпайды», – 
деген 
(Мүслим)
.
Сұрақ:
Жылқыдан зекет беріледі ме?
Жауап: 
Кейбір фиқһ ғалымдары Пайғамбарымыздың 
(оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Мұсылманға 
құлы мен жылқысынан зекет жоқ» деген хадисіне сүйеніп, 
жылқының барлық түрлері зекеттен босатылған деген 
тұжырым жасаған. Ал Ханафи ғалымдары бұл хадистегі 
жылқыларды міністегі жылқылар деп түсінген. Сондықтан 
Әбу Ханифа «жылқының тұқымын көбейту, сауда-саттық 
үшін өсіру және еркегі мен ұрғашысы аралас болып, өрісте 
жайылса әр жылқыға бір динар немесе құнына сәйкес 1/40 
мөлшерінде зекет беріледі» деген. Демек, егер еркегі мен 
ұрғашысы аралас немесе тек қана ұрғашы жылқылар өрісте 
Зекет


75
жайылып, одан бір жыл өткен болса, оның иесі қаласа
әрбір жылқыға бір динардан береді (динар шамамен
3-3,5 гр алтын), қаласа ортақ құнын есептеп, 2,5 пайыз
зекет береді. Арасында ұрғашысы жоқ, тек еркек жыл- 
қылардан зекет берілмейді. 
Сұрақ:
Үй сатып алу үшін жиналған қаражаттан зекет 
беру міндет пе?
Жауап: 
ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің ХХVI отырысында 
бұл мәселеге мынадай үкім берген:
«Баспана негізгі қа- 
жеттіліктің бірі болғандықтан оған жинап жатқан қара- 
жаттан зекет берілмейді. Қаражат жинаудағы бастапқы 
ниеті үй сатып алу болу керек. Жиналған қаражат сауда 
айналымына түсетін болса және ол нисап мөлшеріне
жетсе, зекет беріледі».
Сұрақ:
Зекет берілетін мүлікке бір жыл толғанын қалай 
есептейді?
Жауап: 
Қолданысымыздағы григориан күнтізбесінде 
бір жылда 365 күн, ал мұсылманша ай күнтізбесінде 354 
күн бар. Шариғатта ораза, қажылық құлшылықтары сияқты 
зекетте де ай күнтізбесі негізге алынады. Зекет берілетін 
мүлікке бір жыл толғанын есептеу үшін, ол мүліктің қашан 
нисаб мөлшеріне толғанын, яғни қай күні немесе қай айда 
85 гр алтынның құнына жеткенін анықтау керек. Сол күннен 
бастап, мұсылманша ай күнтізбесі бойынша бір жыл толып, 
нисап мөлшерінен кемімесе немесе артқан болса, ең соңғы 
мөлшерінің құнынан 1/40 мөлшері немесе 2,5 пайызы зекет 
ретінде беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет