Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оразағА Қатысты 200 СҰРАҚ Нұр-Сұлтан 2022


«Зекет және Қайырымдылық» қорына немесе банк



Pdf көрінісі
бет55/60
Дата16.04.2023
өлшемі0,55 Mb.
#83293
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60
«Зекет және Қайырымдылық» қорына немесе банк 
қосымшалары арқылы өз мешіттерінің есеп шоттарына 
«зекет» батырмасын таңдау арқылы аудара алады. 
Мешіттер арқылы зекет қаражаттары Құранда көрсетілген 
8 топтың біріне яғни, мұқтаж отбасыларға үлестіріледі.
Сұрақ:
Қарызға берілген ақшаны зекет ретінде есептеп 
беруге бола ма?
Жауап: 
Ханафи мәзһабы ғұламаларының тұжырымда- 
масында, қарызға берілген ақшаны уақыт өте келе зекет 
ретінде есептеу парызды мойыннан түсірмейді. Өйткені, 
зекет малы сол мезетте берген адамның меншігінде болуы 
және зекет ниетімен берілуі шарт. Мұны кейбір Ханафи 
ғалымдары: «Қарыз – зат емес, ол қарыз берген кісінің 
ақысы. Ақылар зекет ретінде берілмейді», – деп түсіндірген. 
Зекетті мұқтажға беретін кезде «зекет ниетімен» табыстау 
керек. Ал, қарыз зекет ретінде берілмейді.
Зекет


74
Сұрақ:
Қарызы бар адам садақа беруіне бола ма?
Жауап: 
Алған қарызды қайтару – уәжіп. Ал садақаның 
үкімі – мұстахаб. Хадисте: «Жағдайы бола тұра қарызды 
өтемей созып жүру – зұлымдық», – деп ескертілген (әл-
Мустадрак). Сол себепті, қарызы бар адам әуелі бе- 
решегінен құтылуды ойлағаны абзал. Дегенмен берген 
садақасы қарызын өтеуге кедергі келтірмесе яки қары- 
зын өтейтін уақытта берешегінен құтыла алатындығына 
сенімді болса, қажеттілігінен тыс дүниеден шама-шар- 
қынша садақа беруіне болады.
Сұрақ:
Зекет беру дүниені азайтады ма?
Жауап: 
Шайтан адамды «зекет берсең, дүниең азайып 
қалады» деп қорқытып, азғырады. Негізі, зекет дүниені 
кемітпейді, керісінше көбейтеді. Құранда «Бақара» сү- 
ресінің 276-аятында: 
«Алла өсімнің берекетін жояды, ал 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет