Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оразағА Қатысты 200 СҰРАҚ Нұр-Сұлтан 2022


Сұрақ: Үйде сақтаулы тұрған алтын бұйымдардан зекет



Pdf көрінісі
бет54/60
Дата16.04.2023
өлшемі0,55 Mb.
#83293
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   60
Сұрақ:
Үйде сақтаулы тұрған алтын бұйымдардан зекет 
беріле ме?
Жауап: 
Сақтаулы тұрған
 алтын бұйымдар таза алтын яки 
құрамында алтын мөлшері көп бұйым болса, сонымен бірге 
нисап мөлшеріне яғни, 85 гр жетсе, әрі бір жыл бойы қолда 
сақталған болса, жыл аяғында мейлі сауда айналымында 
болсын-болмасын оның 2,5 пайызы зекет ретінде мұқтаж 
жандарға берілуі тиіс.
Сұрақ:
Қандай заттардан зекет берілмейді?
Жауап: 
Күнделікті тіршілікте қолданылатын негізгі 
қажеттілікке жататын заттардан зекет берілмейді. Олар:
1. Баспанасы, үй жиһаздары мен пайдаланатын құралдары;
2. Ғылым адамдарының кітаптары мен өнер адамдарының 
аспаптары;
3. Өзі және әйелі мен балаларына жететін бір айлық 
(басқа бір риуаятта бір жылдық) азық-түліктері;
4. Өзі және отбасының киетін киімдері;
5. Дәрі-дәрмектер;
6. Егістік және шаруашылықта қолданатын трактор, 
комбайн, мінетін көлік сияқты техника мен құрал-
Зекет


73
саймандарынан зекет алынбайды. Бірақ бұл құралдармен 
жалданып, ақша табатын болса тапқан ақшасынан зекет 
алынады. 
Сұрақ:
Зекет кімдерге берілуі тиіс?
Жауап: 
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен 
сәлемі болсын): «Маған зекет бер», – деген адамға былай 
дейді: «Ұлы Алла зекеттің берілетін орындары жайында 
пайғамбарының да, басқаның да үкіміне разы болмай, Өзі 
белгіледі. Оны сегіз топқа бөлді. Егер сол сегіз топтың 
ішінде болсаң, саған есеңді беремін» 
(Әбу Дәуід)
. Иә, зекеттің 
берілетін орындарын Алла Тағала «Тәубе» сүресінің 
60-аятында баяндап өткен. 
Осы тұста ескерте кететін жайт, ел мұсылмандары 
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет