14
СӘРЕСІГЕ ҚАТЫСТЫ
Сұрақ:
Сәресіге ұйықтап қалып, күні бойы ешнәрсе
ішіп-жемесе, ораза ұстаған болып санала ма?
Жауап:
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен
сәлемі болсын) «ашура» күні хабарлаушы кісіге: «Кім бір
нәрсе жеп қойған болса, аузын күннің соңына дейін берік
етіп тамамдасын. Ал ештеңе жемеген адам, сол күйінше
жемесін (ораза ұстасын)», – деп жар салуын бұйырды
(Бұхари)
. Демек, сәресіге ұйықтап қалған адам ұйқысынан
тұрғанда нәр тартпастан, ниет етіп оразасын жалғастырады.
Бастысы, таңертең еш нәрсе ішіп-жемеуі және түске дейін
ниет етіп үлгеруі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: