Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оразағА Қатысты 200 СҰРАҚ Нұр-Сұлтан 2022


Сұрақ:   Рамазан  оразасы  қаза  болған  жағдайда  оған



Pdf көрінісі
бет15/130
Дата06.04.2022
өлшемі1,03 Mb.
#30032
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   130
Сұрақ:

  Рамазан  оразасы  қаза  болған  жағдайда  оған 

қалай ниет етіледі?

Жауап: 

Мойнында бір күндік немесе одан артық рамазан 

оразасының  қазасы  бар  адам  бұл  оразалардың  қазасын 

өтегенде:  «Мойнымдағы  қазалардың  ең  алғашқысын 

(немесе  ең  соңғысын)  өтеуге»  деп  ниет  етеді.  Сондай-ақ: 

«Рамазан  айының  қаза  болған  оразасын  таңнан  кешке 

дейін өтеуге ниет еттім» деп айтуына да болады.

Сұрақ:

  Құбылмалы  яки  шартты  түрде  ниет  етуге  бола 

ма?

Жауап: 

Жоқ,  ниет  құбылмалы  және  шартты  болмауы 

керек.  Мысалы,  «ертең  қонаққа  шақыра  қалса,  аузымды 

ашуға, егер шақырмаса, ораза ұстауға ниет еттім» деп ниет 

етуге болмайды. Мұндай құбылмалы ниетпен ораза дұрыс 

болмайды.  Сонымен  қатар  екі  ойлы  болып,  «Алла  қаласа, 

ертең ораза ұстауға ниет еттім» деп ниет етуге де болмайды. 

Ал  «Алла  қаласа»  деген  сөзді  Алланы  еске  алу  үшін  ғана 

айтып, нақты ораза ұстау ниетінде болса, онда бұлай ниет 

етуінде сөкеттік жоқ.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет