Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының cараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет31/96
Дата25.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#126971
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   96
Ибраһимнің (а.с.) дүниеге келуі
Ибраһим (а.с.) дүниеге келместен бұрын, Нəмрұдқа сəуегейлер мен жұлдызға қарап бал
ашатындар келіп: «Патшамыз! Жұлдыздарға қарасақ, осы жылы бір күтпеген оқиға болайын деп
тұр. Осы бір жыл ішінде сенің еліңде бір бала дүниеге келеді. Ол бала халықтың дінін өзгертеді.
Өзгертіп қана қоймай, сенің патшалығыңды да жермен-жексен етеді. Бірақ ол баланың кімнің
отбасынан шығатынын білмейміз. Сондықтан осы жылы туатын барлық ұл балаларды өлтіруге
жарлық бер!» – дейді.
Өз сəуегейлеріне мүлтіксіз сенетін, əрі тікелей өз басына қатысты мəселе болғандықтан,
Нəмрұд дереу əр үйге бір күзетші қойып, ұл бала туылса, өлтіріп тастауға бұйрық берді.
Бұл маңда Азар есімді кісі өмір сүретін. Сол жылы оның əйелі жүкті еді. Бірақ оның


жүктілігін ешкім байқамайтын. Патшаның бұл əрекетінен сескенген Азар əйелін алып Басра мен
Куфа арасындағы бір ауылға жақын жердегі бір үңгірге жасырды. Көп ұзамай ұл бала дүниеге
келді. Ол Ибраһим пайғамбар еді. Кейбір деректерде Ибраһим пайғамбардың мұхаррам айының
оныншы күні дүние келгендігі айтылады.
Арада айлар жылжып өтіп жатты. Нəмрұдтың жүрегіндегі қорқынышы сейіліп, бірте-бірте
бір кездері сəуегейлерінің айтқан сөздерін де ұмыта бастады. Сөйтіп, ол «бұл сəуегейлердің
сандырағы» деп түсініп бұрынғы жарлығының күшін жойд?">ы
?">[169]
?">.
Ибраһим (а.с.) бір жасқа дейін үңгірді мекен етті. Бірақ сол кездің өзінде ол сырттай
қарағанда бір жастағы баладай емес, ересектерше мінез байқататын. Азар бір күні
замандастарына келіп: «Менің бір балам бар. Оны осы күнге дейін жасырып өсіріп келемін.
Егер оны сыртқа шығарсам Нəмрұдтың зияны тимей ме?» деп сұрап еді, олар: «Жоқ, Нəмрұдтың
оны ұмытқанына қай заман. Ол өзінің жеке басының шаруасымен əлек», – дейді. Осыдан кейін
Азар Ибраһимді үңгірден үйіне ертіп əкеле жатқанда, қараңғы үңгірден өзге еш нəрсе көрмеген
ұлы жол бойы көзіне көрінген жанды-жансыздың барлығының атын сұрап əкесінің есін
шығарды. Əкесі де оның сұрағына ерінбей жауап беріп келе жатты. Бір кезде үйіне жақындай
бере Азар баласының мына бір сөзін естіп жағасын ұстады. Бұл кезде бала «Бұлардың сөзсіз бір
Жаратқаны бар ғой», – деп күбірлеп келе жатқан еді.
Азар пұт жасап, оны базарға апарып сатып күнелтетін. Ибраһим пайғамбар асық ойнайтын
жасқа жеткенде, əкесі оған өзі жасаған бірнеше пұттарды базарға сатып келуді бұйырады. Бала
əкесіне қарсы келе алмай, амалсыз көнеді. Бірақ пұттарды құрметтемей, мойындарынан жіппен
байлап базарға сүйреп барады.
Жұрт жас баланың бұл қылығын ерсі қабылдайды. Олар болған жайтты дереу əкесіне
хабарлап, жайлап түсіндірді. Азар дереу базарға келіп баласының қылығын көріп, төбесінен жай
түскендей состиып тұрып қалды. Ибраһим (а.с.) пұттарды шетінен тізіп қойып, оларға ыдыспен
су ұсынып жатты. Бірақ олар қозғала қоймады. Əрі-бері əбігерге түсіп, ішкізе алмаған соң суды
олардың төбесінен бір-ақ құяды. Əкесі оған ашуланып:
– Балам! Бұл не қылғаның? – дейді. Бала Ибраһим:
– Əке, көрмейсіз бе? Пұттарға су беріп жатырмын, – дейді. Əкесі одан сайын ашуға булығып:
– Балам, олар су ішпейді ғой, – дейді. Сонда бала Ибраһим:
– Су іше алмайтын бұл неғылған тəңірлер, – деп жауап берді.
Бұл сөзі ұтымды еді. Сөйтіп бұл жолы əкесін де, айналадағы жұртты да уəжге жықты.
Алайда оны тыңдаған əкесі болмады.
Осылайша жылдар зулап өтіп жатты. Ибраһим (а.с.) ел-жұртқа пұттардың түкке тұрғысыз
екендігін дəлелдеп жүрді. Соңғы кездерде оған пайғамбарлық міндеті де жүктелген болатын.
Халық Азарға баласының пұттарды мазақ етіп жүргенін айтып ескерту жасай бастады. Əкесі
баласын шақырып алып, біраз насихат айтты. Айтқандарын үнсіз тыңдаған Ибраһим (а.с.) осы
мүмкіндікті пайдаланып, алғаш рет əкесін дінге ашық шақыра бастады. 
«Сол уақытта əкесіне:
«Əкешім! Естімейтін, көрмейтін, сондай-ақ өзіңізге ешбір пайдасы жоқ нəрсеге неге
табынасыз? Əкешім! Расында, сізге келмеген ілім маған келді. Ендеше маған ілесіп, мен
жүрген жолмен жүріңіз. Мен сізді тура жолға салайын»
?">[170]
?">, – дейді.
Аяттарға зер сала қарасақ, Ибраһим (а.с.) əкесін «сіз қараңғылықта қалып, жол таппай
адасқан жансыз» деп кінəламайды. Қайта Хақ тағаладан өзіне тура жол келгенін айтып жұмсақ
тілмен жеткізеді. Əрі əкесін тура жолға түсіңіз деп қыстамайды. Мен əкелген тура жолыма
кіргеніңіз мен үшін де, сіз үшін де пайдалы деп жылы сөзбен жеткізеді
?">[171]
.
Осыдан кейін баласы Ибраһим оған: 
«Əкешім! Шайтанға табынбаңыз! Өйткені шайтан –


Хақ тағалаға қарсы шыққан əзəзіл»
?">[172]
, – дейді. Яғни табынған пұттары шайтанның оларды
тұзаққа түсіріп, сонда мəңгілік азаптау үшін жасалған ойындары мен айла-тəсілдері екендігін,
сол себепті пұтқа табыну шайтанға табынумен бара-бар екендігін ұзақ түсіндірді. Тіпті соңында
шайтанға табынудың соңы оған дос болу, ал оған дос болған адам əсте Аллаһ тағаламен дос бола
алмайтындығын, сол себепті мəңгілік жаһаннам отында қалатындығын айтты. 
«Əкешім!
Пұттарға табынудың кесірінен Хақ тағаланың азабына ұшырайсыз ба деп əрі шайтанға
болысатыныңызды ойлап жүрегім сыздап қатты қайғырамын. Егер де сізге азап келетін
болса, онда мəңгі тозақта қалғаныңыз. Өйткені Аллаһтың қас дұшпанымен дос болу Аллаһ
тағаламен мəңгілік қас болғанмен тең»
?">[173]
?">.
Аяттарда «Уа, əкешім!» деген сөз бірнеше мəрте қайталанады. Бұл бір жағынан Ибраһим
пайғамбардың əкесіне деген құрметі болса, енді бір жағынан оның азаптан құтылуы үшін
соншалықты жалынышты үні, əкесін тура жолға салуға деген асқан құштарлығының белгісі.
Алайда Азар баласының айтқандарына құлақ аса қоймады. Қайта насихат айтып: 
«Əй,
Ибраһим! Сен тəңірлерімнен бет бұрасың ба? Егер мұндай қылығыңды қоймайтын болсаң,
əрине, сені тас боранның астына аламын. Əрі сен бұдан былай менен аулақ жүр»
?">[174]
?">, – деп
жауап берді.
Ибраһим пайғамбардың жүрегіне əкесінің мына сөзі инедей шаншылды. Қатты күйзеліп
жаны сыздаған ол əкесіне: «Əкешім! Сөзіме құлақ салып бір сəт болсын ойланып көрмедіңіз бе?
Сіз менің əкем болған соң, қатты айта алмаймын. Ендігі жерде өмірден өтіп көз жұмғанға дейін,
Хақ тағалаға қол жайып, дұға қылып өзіңіздің тура жолға келуіңізді тілеймін. Мен ғаламзатты
жаратқан ұлы Жаратушыға ғана мойынсұнып, Соған ғана қол жайып дұға тілеймін. Сіз үшін Хақ
тағаладан кешірім тілеп, истиғфар етемін. Мүмкін Ол менің дұғамды қабыл алып, күндердің
күні иманға келерсіз»
?">[175]
?"> деп одан үміт үзбейтіндігін білдіреді.
Хақ пайғамбардың (а.с.) адам жүрегін тебірентетін бұл сөзі, əсіресе, кешірім тілеймін деуі
əкесіне деген жанашырлығы мен иманға келсін деген көңіл қалауы ғана болатын.
Ибраһим (а.с.) сөзінде тұрып, əкесі көз жұмғанша иманға келер деп үміттеніп, дұға етумен
жүрді. Бірақ əкесі Азар өле-өлгенше пұт жасап, сол өзі жасаған пұттарға табынып, солар үшін
жанын құрбан етуге қашан да əзір еді. Ол өлген кезде, Хақ тағала Ибраһим пайғамбарға оның
кəпір күйінде кеткенін айтады. Осы сəттен соң Рақым пайғамбар əкесі үшін кешірім тілеуді,
дұға етуді тоқтатты. Бұл жайында «Тəубе» сүресінде Аллаһ тағала: 
«Ибраһимның əкесі үшін
жарылқау тілеуі, оған берген бір уағдадан аттап кете алмағандығынан ғана еді. Оған өз
əкесінің Аллаһтың дұшпаны екені белгілі болған кезде, ол дереу одан безді. Расында, Ибраһим
қажырлы əрі жұмсақ мінезді еді»
?">[176]
?">, – дейді.
Кейбір философтардың ойынша, адам – Аллаһ тағаланың жер-сахнасындағы ойыншық
қуыршақтары. Жалыққан кезде қабірге лақтырып тастайды. Бұл осы пікірге ұқсас. Алайда
адамның қуыршақ болмауының бірден-бір дəлелі оның ақылы мен еркінде жатыр. Адам өз еркі
арқылы жамандыққа да, жақсылыққа да бұрыла алады. Тіпті кəпірлердің жаратушы Жаппар
Иеге қарсы шығып, тіл тигізіп, Оны жоққа шығаруының өзі – пенденің қуыршақ емес, өз
қалауынша əрекет ете алатын кеудесінде жаны, басында миы бар ерікті жаратылыс екендігінің
айқын дəлелі.
Міне, Ибраһим де (а.с.) иманға келсін деп, əкесіне көп жыл дұға еткенімен, Азар өз
ықтиярымен иманға келуді қаламаған соң, Хақ тағала оған зəредей мейірімін төкпеді.
Пайғамбарымыздың бір хадисінде: «Қиямет күні Ибраһим əкесі Азармен кездеседі. Азардың
жүзі қап-қара, үсті-басы шаң-тозаңнан көрінбей тұрады. Ибраһим (а.с.) əкесіне:
– Мен сізге дүниеде «маған қарсы шықпаңыз, менің жүрген жолыммен жүріңіз, сізге тура


жолды көрсетейін деген жоқ па едім?» – дейді. Азар баласының айтқанын істемегеніне қатты
өкініп:
Бүгін саған əсте қарсы шықпаймын, – деп жауап береді. Осы кезде Ибраһим:
– Я, Раббым! Сен маған адамдар қайта тірілетін күнге дейін сені қор етпеймін деп уағда етіп
едің ғой. Енді мына əкемнің халіне қара? Мен үшін бұдан артық қорлық бар ма? – деп қолын
жайып жалбарынады. Аллаһ тағала:
– Ибраһим! Мен жаннатымды кəпірлерге харам еттім. Əкең кəпір болып өлді. Сен оның
кесірінен өзіңді қор санама. Ибраһим! Анау екі аяғыңның астындағы не нəрсе? – дейді.
Ибраһим аяғының астына үңіледі: қан-қан қорқау қасқырды көреді. Хақ тағала Азарды
күпірлігі үшін осындай кейіпке айналдырып жібереді.
Ибраһим əкесінің мына жан түршігерлік халін көріп, қатты күйзеледі. Азар сол сəтте
тозаққа тасталады».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет