жүзіне абыржыған түрде жалтақтай қарады. Екінші күні ұйқыдан оянғанда, беттерінің қызарып
кеткенін көріп, үрейлене бастады. Үшінші күні тұтас елдің беттері қап-қара болып түтігіп кетті.
Салихтың
айтқаны шынға айналды деп, естері кете сасқалақтады. Сосын Салихтың (а.с.) көзін
жоймақшы болған əлгі топ түн жамыла оның үйіне басып кіргенде, үйінің қаңырап бос
тұрғанын көреді. Бастары қатып діңкелері əбден құрыды. Мұның алдында ғана Аллаһ
тағала
Жəбірейіл арқылы хабар жеткізіп, Салих пайғамбар (а.с.) мен үмбетін қаладан шығарып
жіберген болатын.
Ертесі күні қала халқы естерін жинай алмай улап-шулап жатқанда, көктен жан түршігерлік
қорқынышты
дауыс естіліп, Самуд халқын жермен-жексен етіп, қаланың астаң-кестеңін
шығард?">ы
?">[161]
.
Апаттың түйені өлтірген соң бірден келмей үш күннен соң келуі де
Хақ тағаланың оларға
деген рақымы еді. Өйткені олар осы үш күн ішінде əлі де тəубаға келіп, иман келтіргенде, Жүніс
пайғамбардың халқы секілді құтылар ма еді. Бірақ олар қанша үрейленсе де бойларындағы
шайтандары мен мұздай жүректері тəубаға келтірмеді.
Қала тып-типыл болып күлі көкке ұшқан кезде, Салих пайғамбар (а.с.) үмбетін ертіп, сол бір
қиян-кескі көрініске ғибратпен қарады. Ол жермен-жексен болған халыққа қарап: «Уа, халқым!
Сендерден ешбір ақы сұрамай тек қана Раббымның хабарын жеткіздім. Сендер осындай халге
душар болмасын деп, бүкіл ғұмырымды арнап, жанымды бəйгеге тіге сан-мəрте насихат айттым.
Бірақ сендер сөзіме бір сəт болса да құлақ аспадыңдар. Мінеки,
істің ақыры осындай адам
айтқысыз қасіретпен аяқталды?">»
?">[162]
?">, – дейді.
Бұл кезде Самудтың кəпір халқы əлдеқашан өте аянышты күйде жер құшқан болатын. Бірақ
олар бақида тұрып Пайғамбардың сөзін естіді.
«Əнбия» сүресінде айтылғандай, тарихта ешбір пайғамбар қайта айналып кеп өз елі жермен-
жексен болған өңірде өмір сүрмеген.
Абдуллаһ ибн Омардың бізге жеткізген бір хадисінде Аллаһ елшісі
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
Тəбук
ғазауатында Самуд халқының жермен-жексен болған өңірде қонақтағаны айтылады. Сонда ол
сахабаларына бұл жердің құдығынан бір тамшы су татып алмауды бұйырады. Сахабалар:
Пайғамбарым! Біз осы құдықтың суынан қамыр илеп қойдық, ыдыстарымызды да толтырып
алдық, – дейді. Аллаһ елшісі:
– Олай болса, қамырды түгелдей лақтырыңдар, ыдыстарыңдағы
суды да төгіп тастаңдар, –
деп бұйрық берді.
Кейбір деректерге қарағанда, Салих пайғамбар Самуд халқының өлімінен кейін үмбетімен
бірге жиырма жылдай өмір сүріп, жүз елу сегіз жасында ақыретке көшіп, Аллаһ
тағаланың
рақымына бөленеді.
Достарыңызбен бөлісу: