ғұламаларының көзқарастарына үңілсек, олардан да бұрын жер бетінде өмір сүрген тіршілік
иелерінің болғандығын сеземіз. Расында, жер бетінде адамға
дейін болмысы бөлек тіршілік
иелері болған тəрізді.
Шамасы, Аллаһ тағала əуелі жындарды жаратқан. Жер бетін мекендеген жындар жанды-
жансыз тіршілік иелерінің барлығын бір өздері басқарған. Демек, жер бетіне басшылық
(халифалық) ету ісі əуелі жындарға тиесілі болған.
Құрандағы
«Мен жындар мен адам баласын «тек қана (мені танып) маған ғибадат етсін»
деп жараттым?">»
?">
[2]
деген аятта да алдымен жындар айтылғанын көреміз. Демек, бұл
жоғарыдағы ойымызды растай түседі. Бірақ жындар Хақ тағаланың ұлы аманатын орындай
алмаған. Өзін танып, құлшылық қылсын деп жаратқанымен, олар өзара жауласып, өздеріне
жүктелген осынау міндеттің үддесінен шыға алмады. Аллаһ тағалаға құлшылық қылудан бас
тартып, азғындыққа салынды. Осыдан кейін Хақ тағала жер бетіндегі күллі тіршіліктің
жауапкершілігін өз мойнына алатын жауапты іске оларды лайық көрмеді
?">
[3]
?">
. Осы себепті,
Аллаһ тағала жер бетін басқаратын өзгеше əрі ақылды жан иесін жаратуды қалады. Аллаһ
тағала жаратуды көздеген тіршілік иесі – адам нəсілі еді.
Хақ тағала адамды жаратпастан бұрын періштелеріне:
«Мен жер бетінде бір орынбасар
жаратамын», – деген кезде, (Періштелер): «Онда бұзақылық істеп, қан төгетін біреу
жаратасың ба? Негізінде, біз Сені дəріптеп, мақтауда жəне пəктеудеміз», – дейді»
?">
[4]
.
Кейбір ғалымдар адамзаттың бүлікке, қан төгіске бейім тұратынын періштелердің сезгенін
мына себептермен байланыстыра қараған:
1. Алдында айта кеткеніміздей, жер бетінде адамнан бұрын жындар тіршілік еткен. Олар да
адам тəрізді саналы болмыс еді. Алайда жындар Хақ
тағалаға лайық құлшылық қылмай, жер
бетінде бір-бірімен жауласып, көп қан төккен болатын. Періштелер Аллаһ тағаланың жын
тəрізді тағы бір саналы тіршілік иесін жарататынын естіген сəтте, Жаратушының көздеген
мақсаты мен хикметін білмегендіктен, «олар да жындар тəрізді қан төкпей ме?» деп күдіктерін
жасыра алмаған.
Сырттай қарағанда, періштелер адамның
жаратылуына наразылық танытып, қарсылық
білдіргендей көрінеді. Шынында, солай ма? Əлбетте, олай емес. Періштелер – Құдай тағаланың
нұрдан жаратқан құлдары. Олар пəк жаратылыс болғандықтан, Аллаһқа қарсы келмейді.
Олардың бойында адамдікі сияқты нəпсі жоқ. Тіпті адам мен жын тəрізді жынысқа да
бөлінбейді. Қашанда Жаратушының əмірлерін мүлтіксіз орындайды. Рухани дəрежесі тұрақты.
Олар – ғибадат барысында рухани лəззат алатын Аллаһтың таңғажайып жаратылысы. Сондықтан
да олар: «онда бұзақылық істеп, қан төгетін біреу жаратасың ба?» деп сұраған еді. Олардың бұл
əрекетін Аллаһқа білдірген қарсылығы деп емес, керісінше, адамды жарату сырына үңілгені деп
түсіну керек. Өйткені олар жындардың азғын жолға түсіп, қан төккенін көрген соң, дəл солар
сияқты біреуді жаратудың мəнісін алғашқыда түсіне алмаған болатын.
2. Періштелер өздеріне берілген ілім арқылы адам баласының да жер бетінде қан төгетінін
сезіп еді. Яғни «Лəухул-махфұздағы» (Сақтаулы тақта: бүкіл жаратылысқа тəн нəрселердің
негізгі жады) адамзат тағдырына қараған болуы мүмкін. Бірақ
олар сол адамдардың арасынан
пайғамбарлар мен əулиелердің жəне салиқалы кісілер мен тақуа жандардың қалай шығатынын
ұқпад?">ы
?">[5]
?">.
3. Адамға жүрек, ерік, ақыл, сана-сезім, ар-ождан секілді көптеген қасиеттермен бірге
күндестік, ашу-ыза секілді нəпсіні қоздыратын сезімдер де берілген еді. Осыған орай,
періштелер адамның жамандыққа бейім тұратынын байқап, «қан төгіп, бүлік шығармайды ма?»
деген қаупін білдіруі де мүмкін. Аллаһ тағала оларға:
«Мен сендердің білмегендеріңді жақсы
білемін»
?">
[6]
, – деген еді. Періштелер артынша Адам атаның ілімі өздерінің ілімінен əлдеқайда
терең екеніне көздері жеткен соң, оның аспанмен таласқан биіктерді бағындыра алатындығын
байқап, өздерінің аз білетіндіктерін мойындаған-ды.
4. Аллаһ тағаланың періштелермен ақылдасқандай болып, қандай тіршілік иесін
жарататыны жөнінде хабар беруі арқылы кеңесудің қаншалықты маңызды екендігін сездіріп тұр.
Нақтырақ айтсақ, адам баласын кез
келген істі өзара ақылдасып, кеңесіп шешуге шақырады.
Яғни, «Ей, адам баласы, Мен сені жаратарда періштелерге хабар бергенмін. Ендеше, сендер де
өзара ақылдасып тұрыңдар. Сонда адаспайсыңдар» дегендей. Осылайша Аллаһ тағала адам
баласын қоғам болып, бір-біріне қол ұшын беріп өмір сүруге үндеуд?">е
?">[7]
.
Аллаһ тағала – Ұлы Жаратушы. Оның кез келген əміріне пенделер тек мойынсұнуы тиіс.
Ендеше, адам баласы Хақ тағаладан пайғамбар арқылы келген əмірді талдамай, талғамай,
орындауы қажет. Яғни илаһи əмірлерді «мынау менің ақылыма сыймай тұр» деп қазбалау құлға
тəн қылық емес. Демек, Аллаһ тағала осы аят арқылы адам баласын Өзіне қарсы келмей, əмірін
қалтқысыз орындауға шақырған-ды.
Достарыңызбен бөлісу: