Байланысты: Пайғамбарлар тарихы (Қалмақан Сейтұлы)
«Аллаһ тағалаға құлшылық қылыңдар да, Содан ғана қорқыңдар. Егер білсеңдер, осылай істегендерің сендерге əлдеқайда пайдалы. Аллаһтан өзге табынғандарың сендерге ризық бере алмайды. Оған құлшылық қылыңдар да, шүкіршілік етіңдер. Күндердің бір күні сөзсіз сол жаққа қайтарыласыңдар. Егер сендер өтіріксіп сенбесеңдер, обалдарың өздеріңе ғана. Расында, сендерден бұрынғы елдер де сенбеген. Пайғамбардың міндеті Аллаһтың аманатын орындап елге ақиқатты жеткізу ғана» ?">[181] ?">дейді. Елі оған жауап қайтарып:
– Ей, Ибраһим! Сен қашанға дейін осылай елде жоқ жаңалықты шығарып біздің басымызды
айналдыра бересің. Əлде де біз саған жанымыз ашып, түзелуге шақырып отырмыз. Отпен
ойнама! Отпен ойнасаң, қолың күйеді, пұтпен ойнасаң, тəтті ғұмырың күйеді. «Аңдамай
сөйлеген ауырмай өледі» деген. Өз басыңа өзің пəле тілеме. Бір күні мына тəңірлеріміздің киесі
ұрып, қаһарына ұшырайтын болсаң, ешқайсысымыз сені құтқара алмаймыз, – деп ескету жасап
қорқытқан болды. Хақ пайғамбар:
– «Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды» дегендей, мына пұттардың қолынан бір нəрсе келеді
деп ойлайсыңдар ма? Маған бір пəле келетін болса, Раббымнан ғана келеді. Өйткені маған пəле,
науқас жіберіп, одан соң айықтыратын сол Раббым ғана. Сендер ап-айқын ақиқатты көре тұрып,
одан көпе-көрнеу теріс айналудан қорықпағанда сасық қиялдарың ойлап тапқан мына
пұттарыңнан мен қорқуым керек пе?
?">[182]
?">деп уəж айтады.
Осыдан соң халық жаңа бір əдіске көшіп, хазірет Ибраһимді келемеждей бастады. Олар:
– Уа, Ибраһим! Сенің əкелген ақиқатың хақ па, əлде бізді ойыншық қылып келемеждеп
жүрсің бе? Мұндай батылдық сенің бойыңда қашаннан бері пайда болған? Соншама кіміңе сеніп
жүрсің! деп қытығына тиеді. Хақ пайғамбар:
– Жо-жоқ. Бұл ойларың дұрыс емес. Мен сендермен ойын ойнауға келген жоқпын. Өйткені
иман мəселесінде айла, ойынға орын жоқ. Мен өзіме толық сенімдімін. Мына жансыз
пұттарыңның сендерге əсте бақыт əкеле алмайтындығын, олардың тəңір де бола
алмайтындығын қисынды дəлелмен айтып отырмын.
«Раббыларың – көктер мен жердің Раббысы. Солардың барлығын Өзі жаратты» ?">[183] . Ол – жаратқан нəрсесіне Өзінің қалағанын
жасайды. Оның теңі де, серігі де болуы мүмкін емес, – деді.
Хақ пайғамбардың сөздеріне айтарға уəж таппай, мысы басылса да, халқы оның дініне
мойынсұнғысы келмеді. Түк болмағандай баяғыша күн кешті. Ибраһим (а.с.) осыдан кейін
бұлтартпайтын дəлелдермен пұттарының қауқарсыздығына олардың көзін жеткізбек болып,
жаңа жоспар құрды.