Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының cараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет50/96
Дата25.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#126971
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   96
Байланысты:
Пайғамбарлар тарихы (Қалмақан Сейтұлы)

«Жақында сендер үшін Раббымнан кешірім
тілеймін. Өйткені адамдарға рақым етіп, күнəларды кешіретін Сол ғана»
?">[246]
?">, – дейді.
Жақыптың (а.с.) көзі жазылысымен, ол балаларымен Мысыр еліне һижрет етті. Оларды қала
сыртында хазірет Жүсіп жəне сол елдің патшасы Райян ибн Уəлид төрт мың əскермен күтіп
алды. Əкесін көрген хазірет Жүсіп бала күніндегідей атынан түсіп жүгіріп барып оны құшақтай
алды. Əкесі де баласын бауырына басып, көз жасын төгіп, маңдайынан иіскеді. Хазірет Жүсіп
нағашы əпкесінің де келгенін көріп қатты қуанып, Хаққа шүкіршілік етті. Ол бала күнінде анасы
қайтыс болғанда, соның қолында өсіп, ана орнына ана болып кеткен еді. Кейіннен хазірет
Жақып оны өзіне жар етіп, некесін қидырған болатын. Сосын хазірет Жүсіп: 
«Əке-шешесін
таққа көтерді. Барлығы Аллаһ үшін сəждеге жығылды. (Жүсіп): «Əкешім! Міне, бала кезде
көрген түсімнің жорамалы. Раббым маған көп игілік нəсіп етті: мені зынданнан құтқарды.
Шайтан туыстарым мен менің арамды бұзғаннан кейін, сахарадан сіздерді кезіктіріп маған
үлкен игілікке кенелдім. Күдіксіз, Раббым қалағанына өте мейірімді. Ол – толық білуші, хикмет
иесі»
?">[247]
?">, – дейді.
Осылайша əкелі-балалы кісілер бір-бірлеп көрісіп мауқын басты. Алайда бұл дүние қашанда
өткінші, жалған дүние ғой. Жалғанның жарын жағалап мың жыл ғұмыр кешсең де, күндердің бір
күні сол жардан құлайтының хақ. Ақиқат дүние ол – ақырет əлемі. Бірақ пенде сол жалғанның
қызығына алданса да, пайғамбарлар əсте алданбақ емес. Сондықтан сол əке мен баланың
осыншама көрген бейнеті де одан кейінгі зейнеті де олардың пайғамбарлық уазипаларына


қатысты. Демек Жаратқанның жазғанына қарай Мысыр халқын имандылыққа шақыру үшін
хазірет Жүсіптің қараңғы құдыққа тасталып, оның артынан болмашы ақшаға құлдыққа сатылып,
одан кейін зынданға түсуі қажет болды. Ол сол зынданда жатып жылдар бойы елдің бұзақылары
мен жаза басып жазықсыз түскен бейбақ жандарға имандылықты үйретті. Одан соң уəзір болып
елдің ақсүйектерін имандылыққа жетеледі. Бүкіл Мысыр елі тұрмақ бір адамның иманға келуі
үшін осындай бейнет көруі тиіс болса, олар осыған да дəн риза болар еді. Иə, көп ұзамай
уазипасы аяқталған кезде шамамен жиырма төрт жылдан кейін хазірет Жақып ақтық демі
үзілуге таяғанда, балаларын шақырып алып: «Перзенттерім! Менен кейін кімге құлшылық
қыласыңдар?», – деп сұрады. Олар: «Сенің Құдайыңа, аталарыңның Құдайына: Исмайыл,
Ысқақтың жалғыз Құдайына құлшылық қыламыз» десті. Хазірет Жақып бұрын екі рет сөз алып,
олар уағдаларын орындамаған еді. Олар əкелерінің алдында екі рет берген уəдеде тұрмай, жерге
қараған еді. Сондықтан олар бұдан кейін берген уағдаларына өте сақтықпен қарап, пайғамбарға
берген серттің қандай екендігін аңғаратын болды. Көп ұзамай хазірет Жақып қайтыс болып,
əкесі Ысқақтың Шам жақтағы қабірінің қасына жерленді.
Жылдар зулап өтіп, күндердің бір күні хазірет Жүсіп пайғамбардың да уазипасы аяқталып,
əкесіне келген ажал мұның да есігін қақты. Ол қос қолын жайып: 
«Уа, Раббым! Сен маған күш
дарыттың, билік бердің. Қасиетті мəтіндерді түсіндіру мен түс жору ілімін үйреттің. Уа,
көк пен жердің жаратушысы! Дүниеде де, ақыретте де ием, көмекшім бір Өзіңсің. Саған
шынайы мойынсұнған құл ретінде жанымды алып, мені қайырлы, дұрыс адамдардың
қатарына қосқайсың»
?">[248]
?">, – деп дұға жасайды. Деректерде ол қайтыс болған кезде жүз
жиырма жаста екені айтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет