Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының cараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет58/96
Дата25.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#126971
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   96
«Ей, елім! Егер
Аллаһқа иман келтірсеңдер, сондай-ақ мұсылман болсаңдар, онда Аллаһқа тəуекел қылыңдар», –
деді. Олар да: «Біз Аллаһқа тəуекел қылдық. Раббымыз, бізді залым елмен сынама», – деді».
Сондай-ақ бізге рақым етіп кəпір елден құтқара гөр»
?">[286]
, – деп дұға етті.
Хазірет Мұса бұдан кейін Хақтың əмірімен үйлер салып, сол үйлерде намаз оқып, уағыз-
насихат жүргізіп, халықты дінге шақырды. Бұл үйлер мешіт болмағанмен, мешіт пен медресенің
қызметін атқарды. Қала халқы сол үйлерге бірден, екіден шақырылып, хақ дінді үйренді. Көп
ұзамай қалада намаз оқитын үйлер біртіндеп көбейіп, мұсылмандардың саны барған сайын арта
түсті.
Перғауын хазірет Мұсаның бұл іс-əрекеттерін əр түрлі жолдармен қадағалап отырды. Ол
əліптің артын бағып, хазірет Мұса мен оған иман келтіргендерді жою жоспарларын жасап
жатты. Оның үстіне «бұларды тоқтатпасақ көп ұзамай бізді қаладан қуып шығады» деп, ойлаған
қаланың шонжарлары қайта-қайта келіп, бұлардың мазасын ала берді. Əйтсе де қала халқының
арасында ғана емес сарайда да жасырын мұсылмандар бар еді. Солардың бірі – перғауынның
немере ағасы Хаман болатын. Ол хазірет Мұсаға қарсы ұйымдастырылған жоспарлардың
көпшілігін бұзып, мұсылмандарға істеген зұлымдығын тежеп отырды. Ол сондай-ақ сарай
ішінде перғауынға да, өзгелерге де: «Бұл адамның айтқаны өтірік болып шықса, бізге ешбір
зияны тимейді. Ал егер рас болып шықса, онда біздің құрығанымыз. Көне халықтар ұшыраған
апат біздің де басымызға келері айдан анық. Бір кездері осы елге пайғамбар болып келген Жүсіп
те тура осыған ұқсас сөздер айтқан жоқ па еді?», – деп солардың арасында жүріп имандылыққа
шақырд?">ы
?">[287]
?">.
Бір күні осыған қатты ашуланған перғауын уəзірі Хаманды шақыртып алып: 
«Ей, Хаман! Мен
үшін балшыққа от жағып, кірпіш күйдіріп, көп кірпіштен бір мұнара жаса. Шамасы, соның
үстіне шығып, Мұсаның тəңірін көрермін. Расында, мен оны өтірікші деп ойлаймын»
?">[288]
?">, –
дейді.
Көптеген ғалымдар бұл мұнараның Мысырдағы пирамида болғандығын айтады. Перғауын
сол Пирамиданың үстіне шығып, ғаламзаттың Жаратушысын көрмек болады.
Сарайда мұсылман болғандардың бірі – хазірет Əсия. Ол хазірет Мұсаға сəби күнінен
қамқорлық көрсетіп келген. Мұса пайғамбар сарайға келіп дінге шақырған сəтте-ақ, мұсылман
болған еді. Бірақ Хаман сияқты емес, иман еткенін ашық жария етті. Уағыз жүргізе бастағанда,


Перғауын оған өзінің жары болғандықтан, жай ғана тойтарыс беретін. Хазірет Əсия оның бұл
тойтарысына құлақ түрмеді. Кейіннен перғауын қатты ашуланып, оны əбден азаптап,
көрсетпеген қорлығы қалмайды. Сонда да Əсия өз дегенінен қайтпады. Қатты қиналған Əсия бір
күні Хақ тағалаға: 
«Раббым! Өз жаныңнан маған пейіште бір үй жаса, əрі мені Перғауыннан
жəне оның істегендерінен сақта. Сондай-ақ залым елден де құтқар»
?">[289]
?">, – деп дұға етеді.
Ол шейіт болар алдында жаннаттағы рахатқа толы орны көрсетіліп, бұл өмірмен күлімсіреп
қоштасты.
Хазірет Əсияның Ислам дінінде алар орны ерекше. Ол бес үлкен пайғамбардың біреуін
жастайынан өз баласындай, шын ықыласымен тəрбиелеп өсірді. Кейіннен хазірет Мұса
пайғамбар болғанда, ең алғаш иман келтіргендердің қатарынан орын алып, оған сүйеу болып,
хақ дінді халыққа жаюда ерен еңбек көрсетті. Мысыр елінің көптеген ер жігіттері перғауынның
қаһарынан қорқып иман келтіре алмай бұқпантайлап жүргенде, бұл қаһарман əйел сарайда
жүріп-ақ өзінің иман келтіргенін перғауынның алдында жария етіп, оның көрсеткен барлық
қорлығына төзімділік таныта білді. Бəзбіреулер балалық шағынан Жақып пайғамбар мен Жүсіп
пайғамбар туралы ақиқаттарды естіп өссе де, əрі өздері солардың ұрпағы бола тұра, хазірет
Мұсаның мұғжизаларын көре тұра «əлі де күмəндарым бар» деп, тілін кəлимаға келтіре алмай
жүргенде, бұл əйел хазірет Мұсаның бір ауыз сөзінен-ақ жүрегі жылып иманға келді.
Һəм хазірет Нұхтың, хазірет Лұттың жарлары пайғамбардың əйелі бола тұра иман
келтірмегенде, бұл əйел өзін тəңір санаған «шынжыр балақ, шұбар төс» асқан жауыз
перғауынның əйелі бола тұра бірден иманға келді. Сол себепті бұл əйелдің Исламдағы орны
биік.
Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
бірде: 
«Жаннат əйелдерінің бибілері – Хадиша, Фатима,
Мəриям жəне Əсия» – десе, басқа бір хадисте: «Əйелдердің ең ізгілері мына төрт əйел:
Мəриям, Əсия, Хадиша жəне Фатима»
?">[290]
?"> – дейді.
Хақ тағала перғауын мен оған табынушылар иманға келмеген соң, ескерту мақсатымен
Мысыр еліне қуаңшылық жіберді. Бірақ олар: «Бізді сиқырлау үшін қанша мұғжиза келтірсең де,
бəрібір саған иман келтірмейміз», – деп қасарыса түсті.
Осыдан барып Мысыр елін сел басты. Бір күні Ніл өзені аяқ астынан тасып қаланы су алып
кетті. Мысырлықтар қатты қорқып Мұса пайғамбарға келіп, Хақ тағаладан дұға тілеуін өтінді.
Егер алда-жалда осыдан дұға қабыл болып бəрі бұрынғы қалпына келетін болса, бірден иманға
келетіндерін айтып сөз берді. Хақ пайғамбар дұға етіп еді, Ніл арнасына түсіп, сахараға жауын
жауып, егін мол өнім берді. Алайда кəпірлер осыдан кейін де сөздерінен тайып кетеді.
Көп ұзамай Хақ тағала бұл елге шегіртке жібереді. Сансыз шегірткелер бүкіл қаланы басып
қана қоймай, егін даласы мен жайылымдарын түгелдей қырып жеп кетеді. Мысыр елі олардан
құтылудың жолын таппай шарасыз қалады. Ақыр соңында Мұса пайғамбарға келіп өлердегі
сөздерін айтып уағда қылады. Хазірет Мұса тағы да дұға қылып, шегірткелер жоғалады да, кəпір
ел тағы да баяғы əніне басады.
Мұнан соң Хақ тағала оларға биттерді жібереді. Биттер егін атаулы мен бүкіл бау-
бақшаларына құжынап қана қоймай, адамдардың өздеріне шабуылдап, өне бойларына қандалаша
қадалды. Халық қанша тырысса да, биттерден құтыла алмай, қайта Мұса пайғамбардың алдына
келуіне тура келеді. Алайда дұға қабыл болып, биттен құтылған кəпір ел қайта əуелгі əуеніне
басты.
Хақ тағаланың пəлесі мен нəубетінен құтылған жан болған ба дүниеде?! Сол пəлекеттің
артынша Мысыр еліне құрбақалар қаптады. Құрбақаның кірмеген есігі, ұяламаған төрі қалмады.
Олардың құрылдаған дауыстарынан мысырлықтар күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмеді. Ақырында


хазірет Мұсаға тағы да жалынып-жалпайып пəледен құтқарсаң, «иманға келеміз» деп ант-су
ішті. Алайда дұға қабыл болып, пəледен құтылғанда, олар тағы да екі жүзділікке басты.
Жаббар Ие бұдан соң оларға үлкен азап жіберіп, Ніл өзенін қанға айналдырды.
Мысырлықтардың негізгі су көзі осы Ніл еді. Бір күні олар таңертең тұрғанда, Ніл өзенінің қып-
қызыл қан болып ағып жатқанын көріп, ақыл-естен айырыла жаздады. Қаладан ішерге бір
тамшы су таба алмады. Сол күндері күн де қатты ысып, кəпір ел шөлден қаталап, су іздеп
шартарапты шарлады. Құдықтан алған сулары да қанға айналғанын көргенде, шарасыз қалды.
Бұл тек кəпірлер үшін ғана еді. Алайда Исрайылдықтар мұндай нəубетті көрген жоқ.
Мысырдың кəпір халқының төбесіне төнген осы пəлекеттер шамамен он жыл бойы бірінен-
соң бір айналып келіп тұрды. Əр пəлекет келгенде, хазірет Мұсаға жалынып, пəлекет кетісімен,
уəдеден тайып тұрды. Əрі исрайылдықтардың да Мұса пайғамбармен бірге елден кетулеріне
рұқсат бермеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет