Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының cараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет52/96
Дата25.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#126971
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   96
«Елім! Расында, мен сендерге Раббымның жарлығын жеткізіп, сендерге
туралықты насихаттадым. Ал енді қарсылық көрсетіп, қарғысқа ұшыраған бір ел үшін не деп
жылап, не деп қайғырмақпын??">»
?">[263]
?">, – дейді.
Барлық пайғамбар секілді Шұғайып пайғамбар да өз міндетін, тəблиғын толығымен
орындап, Хақ жарлығын халыққа айна-қатесіз жеткізді.
Шұғайып (а.с.) осыдан кейін өзіне иман келтірген мұсылмандарды ертіп, Меккеге көшті.
Кейбір деректерде өмірінің соңына дейін сонда тұрғаны айтылады.


МҰСА МЕН ХАРУН ПАЙҒАМБАР (А.С.)
Мұса пайғамбар (а.с.) туралы мəлімет Құранның көптеген сүрелерінде кездеседі. Кей
жерлерінде ұзын-сонар баяндалса, кей жерлерінде қысқаша ғана тоқталған. Ол – үлкен бес
пайғамбардың бірі. «Мəриям» сүресінде ол туралы Хақ тағала: 
«Кітапта Мұсаны есіңе ал!
Расында, ол таңдаулы еді. Расул əрі нəби еді»
?">[264]
?">, – дейді.
Мұса пайғамбар Исрайыл ұрпағына кітаппен жіберілген елші болатын. Сол кезде Жақып
пайғамбардың он екі баласынан тараған ұрпағы Мысырда өз алдына бір ел құрап отырды.
Мысыр елін ол уақытта патшалар емес перғауындар басқаратын. Жүсіп пайғамбардан кейін
Мысыр халқының жергілікті ұлтынан шыққан перғауын отбасы көтеріліс жасап, «амаликалық»
арабтарды қуып шығып, қайта таққа отырған еді. Олар билікке келген соң, көп ұзамай өздерін
«тəңір» деп жариялады. Сондай-ақ Ніл өзені жағасында жер жыртып, егін егіп, сонымен күн
көріп жүрді. Жылдар өте келе, соқаға жеккен өгіздерді «тəңірге» теліп, соған да табынатын
болд?">ы
?">[265]
?">.
Исрайыл халқы өздері Мысырда өмір сүргенмен, бұрынғыдай беделдері болмады.
Перғауындар оларды ұлдарын құл, қыздарын күң етіп езіп-қанап ең ауыр жұмыстарға салды.
Олар сол жерден қашып шығып, бұрынғы қасиетті жерлеріне баруға қаншама рет талпыныс
жасаса да, ойлағандары іске аспады. Сөйте тұра, олар дүниеге əбден құнығып, хазірет
Жақыптың əкелген дініне аса көңіл бөлмеді. Олар мысырлықтар сияқты өгізге табынып кетпесе
де, солардың сенімдері саналарына əсер ете бастады.
Бір күні перғауын түс көрді. Түсінде Құдыс жақтан лапылдап келген бір от мысырлықтарды
өртеп күлге айналдырса да, Исрайыл халқына титтей де əсер етпейді. Ол түсінен шошып оянып,
сəуегейлерін шақырып істің мəнісін сұрайды. Олар: «Жақында Исрайыл ұрпағынан бір ұл бала
дүниеге келеді. Ол сенің патшалығыңды күл-талқан етеді», – деп жориды. Перғауын осыдан
кейін дереу əр бір Исрайыл отбасында туылған ұл балаларды өлтіруге бұйрық шығарды.
Исрайыл елі бұл қатігездікке қарсы тұрар ешбір амал таба алмай қиналды.
Перғауын осылай жаңа туылған ұл балаларды өлтіртіп жатқанда, Имран деген бір кісінің
шаңырағында ұл бала дүниеге келді. Ол Мұса пайғамбар еді. Хақ тағала нəсіп етіп, оның
анасының жүкті болғанын, артынша босанып, ұл бала тапқанын ешкім білген жоқ. Хазірет
Мұсаның анасы «біреу-міреу көріп қояр ма екен» деп күні-түні мазасы қашты. Осы кезде Хақ
тағала оған: 
«Бір нəрсе болады деп қорықсаң, оны еміз де дарияға тастап жібер. Қорықпа да
күйінбе! Расында, оны саған қайтарамыз да пайғамбар қыламыз»
?">[266]
, – деп аян береді. Оның
анасы осы аяннан соң, баласын құндақтап, сандыққа салып, Ніл өзеніне қоя береді. Сандық
судың бетімен аққан бойы перғауынның сарайының алдынан өтіп бара жатқанда, оның
адамдары көріп қалып, сандықты сарайға алып барады. Перғауын оны өлтірмек болғанда, араға
өзінің əйелі Əсия түсіп: 
«Менің де, сенің де көз қарашығымыз, оны өлтірмеңдер! Бəлкім, бізге
пайдасы тиер. Немесе бала қып аламыз»
?">[267]
деп, баланы аман алып қалады. Алайда сəби сүт
іздеп шырылдап жылай берді. Əсия сүт аналарды алып келсе де, ешбірін ембеді. Сүт аналардың
арасында хазірет Мұсаның əпкесі Мəриям да бар еді. Ол: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет