шешен кісі еді. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
бір хадисінде ол туралы
«Пайғамбарлардың
ең сөзге шешені?">»
?">
[251]
?">дейді. Шұғайып пайғамбар оларға жылы сөздермен дін уағыздады:
«Уа,
халқым! Аллаһ тағалаға құлшылық қылыңдар. Сендердің Одан өзге ешбір тəңірлерің жоқ.
Сондай-ақ өлшемнен, таразыдан жегенді қойыңдар. Расында, қазір молшылықтасыңдар. Бұлай
кете берсеңдер, азапқа ұшырайтын күннен қорқамын»
?">
[252]
?">.
Хақ пайғамбар оларды туралыққа
шақырып: «Уа, халқым! Өлшегенде, есептегенде, дəлдіктен таймаңдар, кісі ақысын жемеңдер!
Сондай-ақ жер жүзінде бүлік шығармаңдар. Егер мүмин болсаңдар, сендерге Аллаһ тағаланың
берген адал нəрсесі қайырлы. Мен тек сендердің жақсылықтарыңды ойлағандықтан насихат
айтамын. Əйтпесе сендерге күзетші емеспін?">»
?">
[253]
?">, – деді. Егер
осы жасаған істерінен бас
тартпайтын болса көп ұзамай бастарына ауыр азап келетінін һəм сол апат келген кезде, ешбір
адам өзін де, дүниесін де, тіпті бала-шағасын да құтқара алмайтындықтарын ескертіп айтты.
Алайда мəдияндықтарға, əсіресе, олардың басшылары мен байларына пайғамбардың бұл
сөздері ұнамады. Олар дереу: «Ей, Шұғайып! Сонда сен жылдар, тіпті ғасырлар бойы ұрпақтан
ұрпаққа жалғасып, ата-бабаларымыздан аманат боп қалған осы əдет-ғұрыптарды жəне олардың
діндерін аяқ асты етіп, бет бұруымызды қалап отырсың ба? Һəм сауданың негізі мен мақсаты
қандай жолмен болсын баю, пайда табу. Біз біреуді алдап, енді біреуден тартып алып, кейде кем
тарту арқылы осындай өркениетті де ауқатты қоғам құрдық. Байлығымыз бен мансабымызды
төрткүл дүние танып, шартараптан бізге күнде ағылып сауда керуендері келуде. Ендеше, сен
бізге бұдан өзге қандай бақытты ұсынбақсың. Бізді осының бəрінен бас тартсын деп кім айтты?
Əлде саған осылай ой салған намаз ба? Былай қарасаң ақылды, парасатты тəп-тəуір-ақ жансың»,
– деді.
Хақ пайғамбар халық арасында аса парасатты да, өресі биік өр тұлғалы, намаз оқитын адам
ретінде танылған. Осыны білген ел билеушілері оның намаз оқығаны мен пайғамбарлығын
əжуалап, кекетіп-мұқатып мазақ еткен еді. Алайда сөзге шешен хазірет Шұғайып үшін олардың
сөзіне төтеп беру тым жеңіл еді. «Уа, елім! Мен не айтсам да айқын дəлел
мен мұғжизаға
сүйеніп айтам. Мен тек Раббымның уахиымен жəне аянымен ғана сөйлеймін. Маған Раббым аса
ғажап, адал ризық нəсіп етті. Сондай-ақ маған пайғамбарлық міндет берді. Ендеше мен сендерді
Хақ тағалаға серік қосудан, адамдардың ақысын жеуден, бүлік шығарудан тыйып, тəухидке,
таразыдан жемеуге шақырамын. Менің міндетім шамамның жеткенінше тəблиғ етіп, сендерге
дінді қалтқысыз жеткізу. Табысты болып, діттеген мақсатыма жету Аллаһ тағаланың қалауы мен
көмегі арқылы болмақ. Алайда мен сəт сайын Аллаһқа тəуекел етем, түбі Соның алдына
қайтатыным да хақ. Мен сендерді күндіз-түні осындай ізгілік пен бақытқа шақырып, барша күш-
қуатымды осы жолда сарқудамын. Алайда осы үшін сендерден ешбір ақы да,
пайда да талап
етпеймін. Өйткені менің ақымды тек Аллаһ тағала өзі береді. Уа, халқым! Сендер тəубаға келіп,
туралыққа жүгінгенше, күйзелген көңілім, сыздаған жүрегім байыз таппақ емес. Сендердің күн
сайын кері кетіп бара жатқандарыңды байқап, Нұх, Һұд, Салих елдерінің басына келген нəубет
сендердің де бастарыңа келе ме деп ойлағанда көкірегім қарс айырылып, жанымның жарасы
асқына түсуде. Əсіресе Лұт елінің тағдыры өздеріңе жақсы таныс. Олардың бастарына келген
пəлекетті өте жақсы білесіңдер. Олай болса күні ертең-ақ мəңгібақи опынып опық жеп қалмай,
əлі де күн ұясына батпай тұрғанда, ес жиып, тəубаға, иманға келіңдер. Жаратқанның рақымы
шексіз. Күнəларың теңіздің көбігіндей болса да,
қол жайып, Одан кешірім тілейтін болсаңдар,
кешірімге ие болып, мəңгілік табысқа жетесіңдер»
?">[254]
.
Əйтсе де оған ешқайсысы көне қойған жоқ. Қайта қоқиланып: «Ей, Шұғайып! Сен не деп
шатып тұрсың? Қай-қайдағыны айтып біздің басымызды қатыра берме. Əттең, осы елде беделі
үстем ағайын-туыстарың болмағанда, біз сені баяғыда таспен атқылап өлтіріп, құлағымызға
тыныштық орнар еді»
?">[255]
?">, – деп, оны қорқытуға көшті. Хазірет Шұғайып олардың сөзіне тағы
да жауап тапты. «Мен сендерге ұлы Жаратқанға ғана арқа сүйеп, Оған тəуекел
еттім десем,
сендер маған «беделі үстем ағайының болмаса» деп, Хақ тағаланы елең ғұрлы көрмей,
қорқытпақ боласыңдар. Уа, халқым! Мынаны жадыларыңнан шығарушы болмаңдар! Құдіреті
күшті Құдай тағала сендердің жасаған һəм жасамаққа ниеттенген барша істеріңді тегіс біледі.
Ол жеті қабат жер астындағы тықыр еткен дыбысты да естиді»
?">[256]
, – деп дауыстайды.
Шұғайыпты райынан қайтара алмаған ел билеушілері ендігі жерде басқа тəсілге көшті.
Онымен кездеспекке ниеттенген адамдардың жолын кесіп, «оған сенген адамдар дуаланып,
бақытсыздыққа ұшырайды»
?">[257]
?"> деп, ел арасында пайғамбарға қарсы үгіт жүргізді. Осыны
білген хақ пайғамбар оларға: «Уа, халқым! Өздеріңнің ғана емес өзгелердің де жолдарын кесе
бастадыңдар ма? Ерікті жанды еркінен айырып, хақ жолға келуге бөгет жасамаңдар. Сендер неге
Жаратқаннан қашасыңдар? Бұрын сендер кім едіңдер? Ат төбеліндей ғана ел едіңдер. Ал қазір
етегін кеңге жайған елге айналып, ен дəулетке кенелдіңдер. Амал нешік? Араларыңнан біреуің
иман келтірсең, енді біреулерің туралықтан безсеңдер, онда Аллаһ араларыңа үкім жібергенге
дейін, сабыр сақтай тұрыңдар», – деді.
Осы кезде намысы қозып, ашу ызаға булыққан ел
ағалары: «Ей, Шұғайып жетер енді! «Бір елі ауызға екі елі қақпақ». Күннен күнге басынып
шектен шығып барасың. Дереу өзіңе иман келтірген бейшараларыңды жина да бұл елден
табаныңды жалтырат! Егер тентіреп, босып кеткілерің келмесе, есіңді жиып дінімізге кір» деп
қаһар төкті. Əйтсе де олардың қоқан-лоқы жасағанына зəредей сескенбеген хазірет Шұғайып:
«Райдан қайтқымыз келмесе діндеріңе қинап кіргізбексіңдер ме? Егер Аллаһ тағала бізді
қараңғылықтан құтқарып, нұрға бөлеген соң қайта өткенге оралсақ,
онда біздің кім
болғанымыз? Жаратқанның сөзін жоққа шығарған адам нағыз қарабет болмай ма? Қара басқан
соң екі өмірде оңа ма? Шыңыраудан шыға алмай шарқ ұрып қиналмай ма? Уа, жұртым!
Қолдарыңнан келгенін істеп қалыңдар. Мен де өз міндетімді қалтқысыз атқарамын. Ал азаптың
кімге келіп, кімнің өтірікші екендігін көп ұзамай білерсіңдер. Бұдан былай бастарыңа келетін
апатты күтіңдер. Мен де сендермен бірге күтуге дайынмын?">»
?">[258]
?">, – дейді.
Ақырында күткен азап та келіп жетті. Аспан айналып жерге түскендей аптап ыстық
болатын. Осы кезде ұзақтан қою қара бұлт көрінді. Барша кəпір қауым оны нөсер əкелетін бұлт
деп ойлап, көңілдеріне қуаныш ұялады. Аздан соң күткен бұлт жөңкіліп келіп, елдің төбесінде
тұрып алд?">ы
?">[259]
. Бірақ жауын жауғанның орнына бұлттан ыстығы жер қуырған жалын шықты.
Жұрт бытырап қашып үйлеріне тығылды. Алайда үйлері де пана болмаған адамдар бейне күннің
жанында тұрғандай денелері күйе бастады. Құрандағы «көлеңке күннің азабы»
?">[260]
?"> деген осы
азап, оларды жерден қазған ұраларға кірсе де, қинап, мазаларын əбден кетірді. Көп ұзамай қала
үстінде жан шошырлық ащы дауыс естіліп, оны естіген кəпірдің бəрі жан тəсілім болд?">ы
?">[261]
.
Хазірет Шұғайып пайғамбарды мазақ етіп, сөзін жоққа шығарғандар жер бетінен мүлде
жоғалып кетті. Пайғамбарға қарсы шыққандары үшін тозаққа құлап, мəңгілік
азапқа душар
болд?">ы
?">[262]
?">.
Олардың қарғысқа ұшыраған тастай мылқау жансыз денелеріне ғибратпен қараған Хақ
пайғамбар:
Достарыңызбен бөлісу: