Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының cараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет88/96
Дата25.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#126971
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   96
Хайбар шайқасы
Құрайыштармен «Хұдайбия» келісіміне қол қойғаннан кейін олардың тұтқиылдан
шабуылдамайтынына көзі жеткен Пайғамбарымыз (сол 628 жылы) бірден Хайбарға жорыққа
дайындалады. Хайбарлықтар да қарап жатпаған болатын. Ғатафан тайпасымен күш біріктіріп
Мəдинаға шабуылдауды ойластырады. Күтпеген жерден Хайбарлықтар мұсылман қолын
көргенде абыржып қалады.
Іле қамал жан-жағынан қоршауға алынды. Мұсылмандар оларға «соғыссыз беріліңдер» деп
талап қояды. Алайда, олар мұсылмандардың бұл талабына құлақ аспайды. Хайбарлықтар ықтар
қамалдарының мықтылығына, азық-түліктің жеткіліктігіне сеніп ақырына дейін соғысуға бел
буады.
Шайқас бірнеше күнге созылады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Əбу Бəкір мен Омарды (р.а.)
қолбасшы етіп қойса да қамалды ала алмады. Екі жақтың да мəмілеге келер түрі көрінбеді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) қас қарайып шайқас саябырсыған бір сəтте былай дейді: «Ертең мен
байрақты Аллаһ пен елшісін жақсы көретін, Аллаһ пен елшісі де оны жақсы көретін бір адамға
тапсырамын» дейді. Отырғандардың барлығы байрақты кім ұстайтындығын өздерінше
жорамалдайды. Сөйтсе де байрақты ұстау мəртебесіне ие болуды іштей қаламаған, үміттенбеген
адам кемде кем еді. Таңертеңгісін Пайғамбарымыз сахабалардың арасынан іздеген адамын
таппай, «Əли қайда?» деп сұрады.
– Уа, Аллаһтың елшісі! Əли ауырып қалды.
Алайда Пайғамбарымыз сөзін тағы қайталады. Əлден уақытта Əлидің (р.а.) төбесі көрінді.
Жанына батқан дерттен жанары тантып, төңірегін ажыратудан қалған еді. Пайғамбарымыз оның
көзін қасиетті түкірігімен сулады мұң екен, жанары шаттай ашылып, ауруынан құлан-таза
айығып сала берді. Əлиге (р.а.) туды ұстатып тұрып жауды əуелі Исламға шақыруын тапсырады.
Хазірет Əли аттанып бара жатып Пайғамбарымыздың: «Сен арқылы бір адамның болса да,
Исламды қабылдауы дүниедегі барлық жақсылықтан абзал» деген өсиетін естиді.
Хазірет Əли (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бұйрығын екі етпей, алдымен Хайбардың
халқын Исламға шақырады. Осы сəт мүшріктер де қаймықпаған мінез танытады. Ержүректігімен
аты шыққан қамал басшысы Мəрхаб бекіністің қақпасын ашып, қамалдан шығады да
сарбаздарын сапқа тұрғызады.
Мəрхаб өзін дəріптейтін өлеңді оқып, сарбаздардың рухын жаниды. Ол Əлимен жекпе-жекке
шығады. Алайда, бұл оның ақтық шайқасы болды. Əрі бұл жағдай Хайбар халқының сағын
сындырды. Сол күні мұсылмандар толық жеңіске жетті. Хайбар бірнеше мықты бекінісімен қоса
толығымен 
мұсылмандардың 
қолына 
өтті. 
Алайда, 
Мекке 
мүшріктері 
Хайбардың
мұсылмандардың қолына өткеніне сене алмай əрі-сəрі күй кешті.
Умра
629 жылы Пайғамбарымыз (с.а.с) сахабаларымен екінші умра жасауға жолға шығады.
Қылыштан басқа қару алмайды.
Меккеліктер Пайғамбарымыздың келе жатқанын естіп, келісім бойынша қаланы босатады.
Мұсылмандар Қағбаны тауап етеді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) осы кезде Халид ибн Уəлидке


мұсылмандыққа шақырып елші жіберді. Елші Халидті үйінен таба алмай, хатты қалдырып
кетеді.
Үш күннен кейін мұсылмандар Мəдинаға кері оралады. Халид ибн Уəлид, Осман ибн Талха
жəне Амр ибн Ас Мəдинада Пайғамбарымызға арнайы келіп мұсылмандықты қабылдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет